- •№1 Емтихан билеті
- •№2 Емтихан билеті
- •№3 Емтихан билеті
- •Арабский тип
- •Персидский тип
- •Османский тип
- •№4 Емтихан билеті
- •№5 Билет
- •2. Әлемнің сұлулығы туралы ойшылдар мен ақындардың жазуы (Омар Хайям, Саади).
- •3. Аббасид дәуіріндегі қала құрылысы. Бағдад – «Әлем қаласы».
- •№6 Билет
- •1,Мұхаммедтің көзқарастары. Мұхаммедтің бірінші уағыздары.
- •2. Көркем жазу (каллиграфия) өнері. Қалам – көркем жазушылардың басты құралы.
- •3. Мысыр сәулет өнерінің өзгешіліктері: Каирдегі Ибн Тулуна мешіті, Мамлюктер бейітіндегі кесене.
- •№7 Билет
- •1. Мұсылмандардың басты мейрамдары.
- •2. Сұлулықтан ләззат алу, эстетикалық пайымдауға адамзаттың ұмтылысы (теолог және әдебиетші Ибн Хазм, 994-1064).
- •3. Тебріз миниатюра мектебі.
- •№8 Билет
- •1.Мұхаммед өміріндегі хашимит тайпасынанан шыккан Абд аль-Мутталиб пен Абу Талибтің рөлі.
- •2. Мұсылман әліппесі. Бұған не жазамыыыыыын білмедім((
- •3. Мавритандық Испания сәулет өнерінің ерекшеліктері: Кордовадағы Омейядтар мешіті.
- •13 Билет
- •1.Бәдәуилер жыры
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •№17 Емтихан билеті
- •1. Сирия және Иран – халифаттағы жаратылыстану ғылымдарының даму орталығы.
- •№ 18 Емтихан билеті
- •2. Хадиша – Мұхаммедтің адал жары.
- •3. Ислам этикасы
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Араб-парсы жырларының классикалық жанры – рубай, газель, месневи.
- •1. Ислам елдеріндегі тарих ғылымының дамуы.
- •2. Рибат және дарбазалар – ислам сәулет өнеріндегі қорғаныс құрылыстар.
- •3. Шарап туралы өлеңдер – хамрият.
№8 Билет
1.Мұхаммед өміріндегі хашимит тайпасынанан шыккан Абд аль-Мутталиб пен Абу Талибтің рөлі.
Мұхаммед алейһиссалам - Аллаһу та’аланың сүйікті құлы, жаратылған барлық адамдар мен басқа жаратылыстардың барлық тұрғыдан ең үстемі, ең көркемі жəне ең қадірлісі. Аллаһу та’ала мадақтаған, бүкіл адамзат баласы мен жындарға пайғамбар ретінде таңдап жіберген соңғы жəне ең үстем пайғамбары болып табылады. Ол əлемдерге рақымдылық ретінде жіберілген, барлық нəрсе оның құрметіне жаратылған. «Қайта-қайта мадақталған», «өте көп мақталған» деген мағынаны беретін Мұхаммед алейһиссаламның Ахмед, Махмуд, Мұстафа сияқты есімдері де бар. Əкесінің аты Абдуллаһ. Өзі хижреттен 53 жыл бұрын рəбиул-əууəл айының 12-жұлдызында дүйсенбі күні түнде, таңға жақын Мекке-и Мукаррамада дүниеге келді. Тарихшылар бұл күннің милади жыл санағы бойынша 571 жылдың сəуір айының 20-сына дəл келетінін айтады. Дүниеге келуінен бірнеше ай бұрын əкесі Абдуллаһ, алты жасында анасы Əмина қайтыс болды. Сол себептен де пайғамбарымызға Дүрр-и йетим (жетімдердің гауһары) деген лақап тағылған. Сегіз жасына дейін атасы Абдулмутталибтің, ол қайтыс болған соң көкесі Əбу Тəліптің қасында болды. Жиырма бес жасында Хадиша Кубра анамызға үйленді. Одан туған тұңғыш баласының аты Қасым болатын. Арабтарда кісінің атын тұңғыш ұлының атымен қосып атайтын. Сондықтан пайғамбарымыз Əбул Қасым, яғни Қасымның əкесі деп аталды. Қырық жасында оған бүкіл адамзатқа жəне жындарға пайғамбар болғандығы Аллаһу та’ала тарапынан білдірілді. Үш жылдан кейін барлық адамдарды иманға шақыра бастады. Елу екі жасында Миғраж оқиғасы орын алды. Милади 622 жылы, 53 жасында Меккеден Мəдинаға көшті. 27 рет соғыс өткізді. Хижри 11 (м. 632) жылы рəбиул-əууəл айының 12-сінде дүйсенбі күні сəскеде 63 жасында Мəдина-и Мунаууарада қайтыс болды. Аллаһу та’ала барлық пайғамбарларды есімдерімен атаса, Оны хабибім (сүйіктім) деп атаған. Хақ та’ала бір аятта: «Сені əлемдерге рақымдылық етіп жібердік» (Əнбия сүресі, 107) жəне бір хадис құдсиде: «Сен болмағанда, сен болмағанда еш нəрсені жаратпас едім» деген. Əрбір пайғамбар өз заманында, өз мекенінде, өз қауымынан барлық тұрғыдан жоғары тұрады. Ал, пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам болса, дүние жаратылған күннен қияметке дейін барлық кезеңде, барлық жерде, келген-кеткен жəне келетін барлық қауымдардың ең қадірлісі, ең үстемі болады. Ешкім ешқандай тұрғыдан одан жоғары бола алмайды. Хақ та’ала оны солай жаратқан.
Пайғамбарымыз бір хадис шəрифінде былай дейді: «Мен - Абдуллаһ, Абдулмутталиб, Хашим (Амр), Абду Мəнаф (Муғира), Қусай (Зəйд), Килаб, Мүррə, Ка’б, Лүуəй, Ғалиб, Фихр, Малик, Надр, Кинанə, Хузəйма, Мудрикə (Амир), Ильяс, Мудар, Низар, Мə’ад, Аднанұлы Мұхаммедпін. Араларында мен болған жамағат қай кезде екіге бөлінсе, Аллаһу та’ала мені міндетті түрде олардың ең қайырлысында ұстайтын...» Тағы бір хадис шəрифте: «Аллаһу та’ала Ибраһим ұлдарынан Исмаилды таңдады. Исмаил ұлдарынан Кинанə ұлдарын таңдады. Кинанə ұлдарынан Құрайышты таңдады. Құрайыштан Хашим ұлдарын таңдады. Хашим ұлдарынан Абдулмутталиб ұлдарын таңдады. Абдулмутталиб ұлдарынан мені таңдады» деген.
