Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы араб мус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.33 Кб
Скачать

3. Мысыр сәулет өнерінің өзгешіліктері: Каирдегі Ибн Тулуна мешіті, Мамлюктер бейітіндегі кесене.

Мысырдың ғажайып сәулет өнері әлемдегі басқа мәдени ескерткіштерге қарағанда өзіндік сипатымен, көнелігімен ерекшеленеді. Бұл шамамен IV-VII ғғ қамтиды. Әсіресе Каирдегі XI ғасырдың 70-жылдары салынған ибн-Тулун мешітін ерекше атап өтуге болады. Осы жайлы қысқаша: IX ғасыры Египет Бағдад халифатынан бөлініп шығып, билікке арғы тегі түркілерден тараған Тулун әулеті келді. Осы кезде аса ірі ибн Тулун мешіті салынды. Мысырдағы билік Фатима әулетіне (969 - 1171) ауысқан тұста Ислам архитектурасы одан әрі өркендеп, ел астанасы Каир қаласына көшірілді. Кейін билеуші әулеттер - Аби әулеті (1171 - 1250) мен мәмлүктер (1250-1517) тұсында да Мысыр Ислам архетиктураның негізгі орталығын айналып, аса ірі мешіттер мен сарайлар тұрғызылды (СамарраФустат,Султан Хасан мешіттері).

№7 Билет

1. Мұсылмандардың басты мейрамдары.

Айт - мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ислам дінінде екі айт мейрамы бар. Ол ораза айт, Құрбан Айт деп аталады. Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының 1-3 күндері өтеді. Ораза аяқталған соң мұсылман қауымы таңертең мешітте айт намазын оқуы парыз. Ораза айын рамазан айы деп те айтады. Пітір садақасы осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке апарып береді. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар Алла тағаланың сөзін осы рамазан айында естіген.

Құрбан айт Ораза айттан 70 күннен кейін басталып, үш күнге созылады. Бұл Меккеге қажылықка бару кезінің аяқталуына сәйкес келеді. Қажылыққа баратын ай зұлхижа деп аталады. Құрбан айтта таңертеңгі айт намазынан кейін әр мұсылман мал сойып, құрбан шалады. Ауру, ақсақ, соқыр, жаралы, қотыр малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандық еті көпшілікке беріледі. Құрбан шалушыға жұрт «Құрбандық қабыл болсын!» дейді. Айт күндері әр үйде дастарқан жайылып, таза киінген адамдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып, құттыктайды, «айттық» сұрайды. Ашу-араздық болса татуласады, қателігін кешіреді. Айт күндері, ораза кезінде қайтыс болғандар жақсы, иманды адамдар деп саналады.

Арафа күні (Зилхижжаның 9-шы күні). Қажылар арафа күні таң намазын Минада оқып, күн шыққаннан кейін Арафат тауына қарай бет алады. Түске дейін Арафатқа бару - сүннет. Арафатта түске дейін шатырларда ғибадат жасап, дем алады. Түстен кейін мүмкіншілікке қарай дәрет алады. Бесін және намаздыгер намаздарын бесін уақытында бірге қосып, Намира мешітінде немесе шатырда оқиды. Намаздан кейін Арафа тауының «Жәбалул-рахма» деген жерінде немесе Арафа тауының кез келген жерінде уакфа (ғибадат мақсатымен арафат тауында тұру) жасайды. Күні бойы күн батқанға дейін тәлбия, тәкбір, таһлил, зікір айтып, дұға жасап, Аллаһ Тағаладан күнәларының кешірілуін сұрап, жалбарыныш тілек тілейді. Қажылар күн батқаннан кейін ақшам намазын оқымастан Муздәлифәға қарай бет алады. Ақшам және құптан намаздарын құптан уақыты кіргеннен кейін Муздэлифэда бірге қосып оқиды. Құрбан айтқа қараған түн Муздәлифәда тәлбия, тәкбір, таһлил, зікір және истиғфар айтып, ғибадатпен және дем алып, тыныгумен өткізуді. Шайтанға тас лақтыруда қолдану үшін Муздәлифәдан 70 дана тас жинап алу абзал. Тасты басқа жерден жинауға да болады.

Ақиқа — араб тілінде «кесу, қию» мағынасын беретін «иқ» сөзінен шыққан және негізінде жаңа туған нәрестенің шашына қолданылады. Шариғатта: нәресте туғаннан кейін оның шашы қиылғанда мал сойып, құрбан шалу. Және бұл баланың ата-анасындағы ақысы саналады. Бірнеше хадистерге сәйкес ақиқа бекітілген сүннет саналады. Мысалы: «Әрбір бала ақиқасымен кепілге алынған, оған жетісінде мал сойылады, есімі қойылып, шашы қиылады». Ақиқаны бала туған соң жеті күннен бастап балиғат жасына жеткенге шейін орындауға болады. Сүннет бойынша ер балаға екі қой, қыз балаға бір қой сойылу керек. Және осы күні балаға ат қойылу керек. Есім таңдағанда жақсы мағыналысын таңдап, жаман мағына беретіндерімен атаға болмайды. Ибн Омардан келген хадиске сәйкес ең жақсы аттар: Абдуллаһ пен Әбдуррахман. Сүннет бойынша баланың ата-анасы ақиқа күні қиылған шашты өлшеп, сол мөлшердегі күміспен садақа ету керек. Пайғамбар(с.ғ.с) немересі Хасанға ақиқа жасағанда айтқан: «Йә, Фатима, оның шашын қи да сол мөлшердегі күміспен садақа бер».

Мәулид мейрамы — пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.c ) тұған күнін тойлау рәсімі. Бұл мереке Рабиғ әл-әууәл айының 12-күні тойланады.

Уәлима — үйлену тойына немесе кез келген жиынға арналып жасалған тағам. Уәлима жасау мұсылмандар неке қиғаннан кейін жасалатын дәстүрлі шара боп табылады. Уәлима жаңа құрылған жанұядағы ішкі татуластықты білдіретін белгі ретінде қарастырылады. Мұсылман ғалымдары уәлиманың қай уақыттары туралы бірнеше пікір ұстанады: Неке қиылып жатқан кезде;Үйлену шараларының кезінде;Үйленгеннен кейін. Уәлима сөзі тек қана мұсылмандарға қатысты термин емес. Мысалға уәлима неке қиюға байланысты болса — «үйлену тойы» мағынасын береді, жаңа туылған нәрестеге арналса — «шілдехана» мағынасын білдіреді.