Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы араб мус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.33 Кб
Скачать

3. Ислам этикасы

Ислам этикасы

өзімізге байланысты міндеттеріміз

Адамның Аллаһқа байланысты міндеттері

Пайғамбарымызға байланысты міндеттіріміз

Жанұяға байланысты міндеттеріміз

Адамдардың бір-біріне байланысты міндеттері

Адамдардың қоршаған ортасына байланысты міндеттері

Отанымызға байланысты міндеттеріміз

Ахлақ “мінез-құлық ”, “адамгершілік” деген мағыналарды білдіреді. Ахлақ адамның жаратылысынан қалыптасқан немесе тәрбие арқылы қабылдаған қасиеті. Ахлақтың келетін қайнары бірі жаратылыстан келетін мінез, ал екіншісі дін. Егер адамның мінезі бір дінге сүйенбесе, оның бақытқа, кемелдікке жетуі қиын. өйткені адамға туралық пен азғындықты, пайда мен зиянды ажыратып білуге көрсететін дін болып табылады. Сондықтан діні жоқ халықтардың болашағы жоқ.

Ислам ахлағы Құранда және Сүннетте белгіленгендей, адамның өзіне, жаратушысына, туыстарына, өмір сүрген ортаға байланысты міндеттер мен жауапкершіліктерден тұрады.

Ислам ахлағының мақсаты адамды дүние мен ахиретте бақытты қылу, тыныш өмір сүрумен қамтамасыз ету болып табылады.

Құран Кәрімде ұлы Аллаһ иман, ғибадат негіздерін белгіленгеніндей, ахлақ негіздерін де белгілеген, яғни адамға пайдалы, зиянды, жақсы, жаман мінездерді белгілеп көрсеткен.

Ал ардақты Пайғамбарымыз, өзінің мінез-құлық жағынан адамзаттың ең кемелі, бүкіл адам баласының үлгі тұтатын ұлы тұлғасы. Бұл туралы өзінің бір хадисінде: “мен жақсы мінезді (ахлақты) толықтыру (тәмәмдау) үшін жіберілдім”, - деген. Тағы бір хадисінде: “мүміндердің иман тұрғысынан ең жақсылары мінезі жақсы болғандар”, - деп бұйырған. Демек ислам діні адамның мінезіне де көңіл бөлетін дін.

Ислам діні адамның өзіне және қоршаған ортасына байланысты біршама міндеттерін көрсетіп белгілеген, яғни исламда адамның әр нәрсеге байланысты міндеттері бар. Олар адамның өзіне байланысты міндеттері, ұлы Аллаһқа, ардақты Пайғамбарымызға байланысты міндеттері, жанұяға байланысты міндеттері, қоғамға байланысты міндеттері, адамның ұлты мен отанына байланысты міндеттері және адамзатқа байланысты міндеттері болып бөлінеді.

1. ­Өзімізге байланысты міндеттеріміз

Әрбір мұсылманның өзіне байланысты біршама міндеттері мен жауапкершіліктері бар. Адам өз рухы мен денесіне қажетті нәрселер мен өз дәрежесінде қамтамасыз етуге, ғылым, білім үйренуге, өзін-өзі жетілдіруге, денсаулығын сақтауға, еңбек етіп адал жолмен ризығын табуға, жақсы амалдар істеп, жамандықтан аулақ болуға, қоғамға пайдалы, адал адам болуға міндетті, яғни ақыл-есі түзу, өз еркі өзінде болған адамның жоғарыдағыларды орындауға жауапкер.

Адамның Аллаға байланысты міндеттері

Олар:

  1. Адам алдымен адамзатқа денсаулық, бақыт, дәулет, жар, жора-жолдас, бала-шаға, атақ-даңқ берген Аллаһқа сенуі керек;

  2. Адам өміріндегі жақсы-жаман жағдайларда тек Аллаһты паналау керек;

  3. Адам өміріндегі пендешілігіне байланысты бірсыпыра қателер істеуі мүмкін. Міне осындай жағдайларда Аллаһтан кешірім сұрап, тәубе етуі керек;

  4. Аллаһ кейде адамға жамандық-жақсылық көрсетіп сынауы мүмкін. Осындай жағдайларда Аллаһқа қарсы келмей, оны ұмытпау керек;

  5. Адам Аллаһтың берген нығметіне (игілік) байланысты құлшылық, әрі адамға көмектесу арқылы Аллаһқа әрдайым шүкіршілік етуі керек;

  6. Адам Аллаһтан ешқашан үміт үзбей, әрдайым дұға жасап (жалбарынып), оның рақымдылығын тілеу керек;

  7. Аллаһтың белгілеген жолымен жүріп, халал-харамды (адал-арам) әрдайым еске ұстау керек;

  8. Күмәнсіз Аллаһтың бір екенін мойындап, оған ешқашан серік қоспау керек;

  9. Аллаһқа берген сөздерді әрдайым орындау керек;

  10. Аллаһты ешқашан ұмытпай, әрдайым еске ұстау керек.

  11. Пайғамбарымызға байланысты міндеттеріміз

    Ал ардақты Пайғамбарымызға деген міндеттеріміздің бастысы - оның әкелген дінінің тура екендігіне және оның пайғамбарлығына иман ету. Аллаһ Тағала құлдарының тек өзіне ғана табынуды бұйырумен бірге, пайғамбарына да бағынуды бұйырады. өйткені, адамзаттың пайғамбарды танымай Аллаһты тануы және әмірлері мен бұйрықтарын орындауы мүмкін емес. Біз пайғамбарымызды сүйеміз, оны құрметтейміз. өйткені адам баласының ішінде құрметтеуге лайық тек хз. Мұхаммед пайғамбарымыз

    19 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. Негізгі араб қаріптері: «құрғақ жазу өнері» - куфи және «дымқыл», «жұмсақ» қаріп – қазіргі заман қаріптеріне негіз.

Мұсылман каллиграфиясы – бейнелеу өнерінің жоғары жетістігі ретінде қабылданып, көркем сурет жанрында ерекше орын алды. Ерте заманнан бері мұсылмандар каллиграфияны «көркем өнердің ең озығы» деп таныған. Каллиграфия немесе әсемдеп хат жазу үлгісі Ислам діні дамытқан өнер түрлерінің арасында ерекше орын алды. Каллиграфияға көңіл бөлу Құран аяттарына деген құрметтен туындаған. Құран Кәрімді көшіріп жазу – қажетті шара болса, аяттарды барынша әсемдеп жазу Аллаһтың разылығына бөлейтін сауапты амал болып саналған. Дініміз тірі жаратылысты салуға тыйым салғандықтан, мұсылмандардың көркем өнерге деген құштарлығы жансыз әрі пішінсіз бейнелеу өнерімен шұғылдану арқылы шешім тапты. Бұл өз кезегінде діни талаптарға сай болумен қатар, адам бойындағы сұлулыққа, әсемдікке деген әуестік пен құштарлықты да қанағаттандыра алды. Исламға тән абстрактілі ойлау каллиграфия өнерін-де өз көрінісін тапты деуге болады. Араб әріптерімен әдемі жазу үлгісі «хат» немесе «хутут» деп аталады. Тарихи бастауы негізінен VI және X ғасырларға тән арабша «хат» деген сөз «сызық» деген мағынаны білдірді. Араб каллиграфиясы пайда болған тұста 6 түрлі жазу түрі болған. «Ситта» (алты) деп аталған олар «Куфи», «Тауқи», «Сулус», «Райхани», «Насих», «Риқа» деп бөлінген. Бұлардың біразы бұрышты, біразы дөңгелек жазулар. Куфи бұрыштыға жатады. Нәсих, сулус, риқа, тәуқи, томар, мухаққақ, ғубарилар дөңгелек жазуларға жатады. Аймақтарға негізделген жазуларға Мағриби (Кайреуани, Андулуси, Фаси, Мағриби, Судани), Талик (Талик, Нәсталик, Дивани, Шикесте, Дивани Жели), Қиыр шығыс (Сини, Жави) жатады. Ирандықтар ойлап тапқан таликтан басқа көптеген жазу түрлері бар. Бұлардың бірқатары кең тарамаған, бірқатары белгілі салаларда қолданылған. Мәселен, түріктер дамытқан дивани жазу түрі тек қана Диваны Хумаюнжа жазылған маңызды құжаттарда, ал жазылуы мен оқылуы арнайы білімді талап ететін «Сияқат» болса іс қағаздарда пайдаланылған. Жеңіл жазылатындықтан күнделікті тұрмыста кең тараған «Риқа» болса XXI ғасырда көркем жазу үлгісіне айналған. Бұл Риқа мен алты жазу түрінің біріне жататын Риқаны бір бірімен шатастыруға болмайды. Жазулар көлемінің ірілі ұсақтығына қарай түрлі атауларға ие. Қабырғаларға ілінетін тақталар мен кілемшелерде, мешіт, мазар секілді діни кесенелер мен күмбез жазуларында, кесенелерде және алыстан оқылатын жазулар «жәли» (ірі жазу) деп аталды. Көбіне көп сүліс пен талик жазуының жәлисі қолданылады. Әдепкіде ұсақ жазулар «Хүррә», көзге түсуі тіптен қиын жазулар «ғубари» (шаң) деп аталады. Жазу өнерінде қолданылатын құрал қалам. Каллиграфия өнерінде қалам ретінде көбіне қамыс қолданылған. Қамыстың ұшы жазатын жазудың қалыңдығына қарай арнайы бәкімен ұшталады. Ірі (жәли) жазулар болса ағаштан жасалған қалың ұшты қаламдармен жазылады. Өте жіңішке жазуларға темір ұштар да қолданылған. Жазу өнерінде қолданылған сиясауыт та арнайы әзірленеді. Сұйық әрі майлы заттан тұратын бұл сия құйып жазатындықтан қате жазып қойған тұста өшіру оңай. Каллиграфия өнерінде қолданылатын қағаздар да ерекше. Сияны тым сорып алып жайып жібермеу үшін қағаз бетіне қаламның тез жүруін жеңілдететін ахар деп аталатын зат жағылады. Мұсылман калиграфиясы аяттарды жазумен шектеліп қалмай, кейіннен сәулет өнеріне де сіңді. Ескерткіш, ғимараттардың қабырғаларын мағыналы өлең жолдарымен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерімен сәндеген бұл жазулар шығыс сәулет өнерінің өзіндік ерекшелігіне айналды. Араб каллиграфиясы орнаментке жанаса отырып, ерекше әсер береді. Каллиграфия өнері, бір жағынан қасиеттілігі үшін, екінші жағынан аса көркемділігі, яғни эстетикалылығы үшін өте жоғары бағаланды. Каллиграфтар келе келе жазудың небір жаңа әдістерін ойлап таба берді. Каллиграфия исламдағы қасиетті визуалды өнер әсемдік әрі сәндік рөл атқарды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]