- •№1 Емтихан билеті
- •№2 Емтихан билеті
- •№3 Емтихан билеті
- •Арабский тип
- •Персидский тип
- •Османский тип
- •№4 Емтихан билеті
- •№5 Билет
- •2. Әлемнің сұлулығы туралы ойшылдар мен ақындардың жазуы (Омар Хайям, Саади).
- •3. Аббасид дәуіріндегі қала құрылысы. Бағдад – «Әлем қаласы».
- •№6 Билет
- •1,Мұхаммедтің көзқарастары. Мұхаммедтің бірінші уағыздары.
- •2. Көркем жазу (каллиграфия) өнері. Қалам – көркем жазушылардың басты құралы.
- •3. Мысыр сәулет өнерінің өзгешіліктері: Каирдегі Ибн Тулуна мешіті, Мамлюктер бейітіндегі кесене.
- •№7 Билет
- •1. Мұсылмандардың басты мейрамдары.
- •2. Сұлулықтан ләззат алу, эстетикалық пайымдауға адамзаттың ұмтылысы (теолог және әдебиетші Ибн Хазм, 994-1064).
- •3. Тебріз миниатюра мектебі.
- •№8 Билет
- •1.Мұхаммед өміріндегі хашимит тайпасынанан шыккан Абд аль-Мутталиб пен Абу Талибтің рөлі.
- •2. Мұсылман әліппесі. Бұған не жазамыыыыыын білмедім((
- •3. Мавритандық Испания сәулет өнерінің ерекшеліктері: Кордовадағы Омейядтар мешіті.
- •13 Билет
- •1.Бәдәуилер жыры
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •№17 Емтихан билеті
- •1. Сирия және Иран – халифаттағы жаратылыстану ғылымдарының даму орталығы.
- •№ 18 Емтихан билеті
- •2. Хадиша – Мұхаммедтің адал жары.
- •3. Ислам этикасы
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Араб-парсы жырларының классикалық жанры – рубай, газель, месневи.
- •1. Ислам елдеріндегі тарих ғылымының дамуы.
- •2. Рибат және дарбазалар – ислам сәулет өнеріндегі қорғаныс құрылыстар.
- •3. Шарап туралы өлеңдер – хамрият.
№ 18 Емтихан билеті
1. Медицинаның дамуы. Ибн Синаның «Дәрігерлік ғылым қағидасы». Хирургия, офтальмология, терапия, психиатрия, гигиена сұрақтарын жете зерттеу.
Әбуәли ибн Сина (Abū ‘Alī al-Ḥusayn ibn ‘Abd Allāh ibn Sīnā) - ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456 жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым жәнефармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.
Тәжік дәрігері әрі философы Әбу Әли ибн Синаның «Анатомия мен физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік ғылымның ережелері» («Канон врачебной науки») еңбектері өте құнды. Бүл еңбектерінде анатомия мен физиологияны жүйелеп, қосымша мәліметтермен толықтырған. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет кайта басылып шыққан.
, Ибн Синамен алға басты, ол өзінің медицина бойынша басты еңбегі «Китабуль- Канун фит - тыбб» (Дәрігерлік ғылымның ережесі) жазып шықты. Бес томдық энциклопедия «Дәрігерлік ғылымның ережесі» Ибн Синаға дүниежүзілік атақ әперді, медицина тарихында атағы жайылған кітап болды. Еңбек оның мазмұны мен дәл құрылымымен ерекшеленді.
«Дәрігерлік ғылымның ережесі» грек, үнді және ортаазиялық медицина білімін және тәжірибесін талдау және жүйелеуді ғана көрсеткен жоқ. Ибн Синаның қызметі дәрігерлік тактикаға жаңаша болып енгізілді.
Бұрын медицина ғылымына белгісіз жаңа мәліметтерді «Ереженің» әрбір бетінен кездестіретін болды. Ибн Сина көрінбейтін жұқпалы аурулардың қоздырушысы туралы ғылыми болжамды алға тартты, бұлар ауа және су арқылы тарайтын, 800 жыл өткеннен соң ғана француз Пастер ғалымның қоздырушы микроб туралы бұл жұмбағын дәлелдеді.
Ибн Сина тамыр туралы оқуды шығарды, оған әлі бір нәрсе қосу қиын болды. «Тамыр толқын тәріздес немесе ұршық тәріздес, екі соғу, ұзақ, дірілмен, қысқа, аз, баяу, құмырсқаның илеуіндей болуы мүмкін. Тамыр сонымен қоса жұмсақ, аласа, ара тәріздес, жуан, бос, қызу, күйгелек болады» - деп айтылған «Ережеде». Ибн Сина бірінші болып чума, холера, сары ауру туралы жазды, олардың шығу себептерін, нышандарын талдап шықты, мұндай ауыр ауруларды, менингит сияқты, асқазан жарасы, диабет және көптеген басқа аурулардың емдеу әдістерін талдап қарастырды.
Ол көздің бұлшық еттерінің құрылысын анық түсіндіріп берді. Бәрі оған дейін көз фонарик тәрізді, ерекше сәуле шығарады деп ойлайтын: бұл сәулелер затқа шағылысып, кері кетеді және кескін береді. Ибн Сина көздің бұлағы хрусталь деген пікірді теріске шығарды, заттың кескінделуі көз торы арқылы көрінеді. «Дәрігерлік ғылымның ережесінде» Ибн Сина ерекше назарды баланы тәрбиелеу мен тамақтандыруға, физикалық жаттығулар мен дұрыс тамақтануға аударады. Ибн Синаның еңбегінің соншалықты жоғары болғаны, ол «Ережені» жазып біткен соң, ол дүние жүзінің барлық елдерінде медицина энциклопедиясы болды. 12 ғасырдың өзінде араб тілінен латын тіліне аударылып, көптеген қолжазбамен тарады.
15 ғасырда кітап басып шығаруды ойлап тапқан соң, бірінші басылымның бірі болып «Ереже» басылып шықты. Еуропада жиі басылып шығуы жағынан Библиямен бәсекелесті, ал ол бар болғаны 40 рет басылып шықты.
17 ғасырдың соңына дейін «Дәрігерлік ғылымның ережесі» студент-дәрігерлер үшін және Еуропада дәрігер үшін жетекші болуда, Шығыс елдерінде де негізі оқулық болып қалды.
Орта Азияда осыдан мың жыл бұрын өмір сүрген, ұлы ғалым, дәрігер Ибн Сина адамның танымдық қабілетін, рухани өсуін көрсеткен, біздің заманымыздағы ерекше тұлға болып қалады.
