
- •№1 Емтихан билеті
- •№2 Емтихан билеті
- •№3 Емтихан билеті
- •Арабский тип
- •Персидский тип
- •Османский тип
- •№4 Емтихан билеті
- •№5 Билет
- •2. Әлемнің сұлулығы туралы ойшылдар мен ақындардың жазуы (Омар Хайям, Саади).
- •3. Аббасид дәуіріндегі қала құрылысы. Бағдад – «Әлем қаласы».
- •№6 Билет
- •1,Мұхаммедтің көзқарастары. Мұхаммедтің бірінші уағыздары.
- •2. Көркем жазу (каллиграфия) өнері. Қалам – көркем жазушылардың басты құралы.
- •3. Мысыр сәулет өнерінің өзгешіліктері: Каирдегі Ибн Тулуна мешіті, Мамлюктер бейітіндегі кесене.
- •№7 Билет
- •1. Мұсылмандардың басты мейрамдары.
- •2. Сұлулықтан ләззат алу, эстетикалық пайымдауға адамзаттың ұмтылысы (теолог және әдебиетші Ибн Хазм, 994-1064).
- •3. Тебріз миниатюра мектебі.
- •№8 Билет
- •1.Мұхаммед өміріндегі хашимит тайпасынанан шыккан Абд аль-Мутталиб пен Абу Талибтің рөлі.
- •2. Мұсылман әліппесі. Бұған не жазамыыыыыын білмедім((
- •3. Мавритандық Испания сәулет өнерінің ерекшеліктері: Кордовадағы Омейядтар мешіті.
- •13 Билет
- •1.Бәдәуилер жыры
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •№17 Емтихан билеті
- •1. Сирия және Иран – халифаттағы жаратылыстану ғылымдарының даму орталығы.
- •№ 18 Емтихан билеті
- •2. Хадиша – Мұхаммедтің адал жары.
- •3. Ислам этикасы
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Араб-парсы жырларының классикалық жанры – рубай, газель, месневи.
- •1. Ислам елдеріндегі тарих ғылымының дамуы.
- •2. Рибат және дарбазалар – ислам сәулет өнеріндегі қорғаныс құрылыстар.
- •3. Шарап туралы өлеңдер – хамрият.
№17 Емтихан билеті
1. Сирия және Иран – халифаттағы жаратылыстану ғылымдарының даму орталығы.
Сирия мен Иран екі мемлекетте мұсылман мемлекеттері болып саналады.Бұл мемлекеттерде ислам діні берік орныққаннан кейін ғылым да дами бастады. Негізінен ислам ғылымдары тек шариғат үкімдері туралы мәселелерімен шектелмейді. Ислам ғұламалары бүкіл ғылымның соның ішінде жаратылыстану ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан. Соның бірі Иранда дүниеге келген Жәбір ибн Хаййан жаратылыстану ғылымының ішіндегі химия ғылымының ғылыми ізденістермен шұғылданды. Ол металдарды алтынға айналдыру туралы « Ар Рахма» кітабын жазды. Сондай ақ адамға зиян келтіретін улы заттар туралы жазып, олардың зардаптарынан қалай арылу керектігін «Діфь әс- Сумум уа мадарриһа» атты кітабында баяндады. Абу Бәкір ар-рази Иранның Тегеран қаласының тумасы. Ол араб медицинасының негізін қалады. Түрлі дәрілік шөптерді зерттеп олардың адамға пайдасы зияны туралы өз жазбаларында маңызды деректер қалдырды. Сирия және Иранда ғылымдардың ішіндегі астрономия ғылымы да жақсы дамыды. Оған да белгілі ғалымдар атсалысты. Жұлдыздарды және басқа да аспан денелерін бақылау үшін арнайы обсерваториялар салына бастады.
2. Керуен сарайлардың Орталық Шығыс сәулет өнеріндегі рөлі.
Керуен Сарай (парсыша: کاروانسرا [kārwānsarā]) — Азия құрлығында, Оңтүстік Еуропада, Қазақстан мен Кавказ елдерінде қалалар мен керуен жолдарының бойында ежелгі дәуір мен орта ғасырларда, ішінара жаңа дәуірде салынған аялдама, дамылдау орны.
Керуен Сарай тұрғызу ерте заманнан белгілі. Үлкен керуен жолдарының бойында («Ұлы жібек жолы», т.б.) көптеп тұрғызылған. Керуен Сарайлар, әсіресе, 7 ғасыр мен 19 ғасырдың аралығында халықаралық байланыс пен сауда-саттықтың дамуы әсерінен маңызды орын алды. Керуен Сарайдың екі түрі: төбесі жабық тұйық аулалы және төбесі ашығы бар. Жабық түрі Кавказда (Арменияда) жиі кездеседі. Керуен Сарайдың ортасында мал суаты, айналасында жолаушылар жайғасатын қонақ бөлмелер болған. Екінші түрінде көлікті ортадағы тұйық алаңға жайғастырып, бір кейде бірнеше қабатты шағын бөлмелерге жолаушылар орналасатын болған. Кейбір жерлерде К. с. кешенді түрде (дамылдау, қонақ үйі, мешіт, асхана, т.б.) салынған.Керуен Сарайлар көп жағдайда қамал-қорғандармен қоршалып, немесе рабаттар мен ханакаларға жалғастырыла салынған. Ірі Керуен Сарайлар Қазақстандағы ежелгіОтырар, Тараз, Түркістан, Сауран, т.б. қ-ларында болған.
3. Әл-Хорезмидің араб тіліндегі арифметика бойынша бірінші трактаты
Әл-Хорезми (араб.: محمد بن موسی خوارزمی) (толық есімі - Әбу Абдулла (немесе Әбу Жафар) Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми) - Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы. Бұл ғалымның өмірі туралы мәліметтер өте аз сақталған. Әл-Хорезми есімі оның туған елін көрсетеді – ортаазиялық Хорезм мемлекеті, ал ғалымның тағы бір лақап аты - әл-Маджуси – оның ата-тегінде зороастриялық абыз-жәдігөйлер (арабша «маджус») бар екендігін көрсетеді.
Әл-Мамұн (813—833) халифінің кезеңінде Әл-Хорезми Бағдаттағы Академия іспеттес «Даналық үйі» кітапханасын басқарды. Әл-Васике (842—847) тұсында Әл-Хорезми хазарларға экспедицияны басқарды. Әл-Хорезми жайында сақталған соңғы мәлімет 847 жылға сәйкес келеді.
Оларға арифметика бойынша ең алғаш позициялық қағидаларға негізделген нұсқау жазылды. Сонымен қатар, оның алгебра және күнтізбе жайында трактаттары сақталды. Мұхаммед әйгілі «әл-жебр уәл-мұқабала кітабы» — «Қалпына келтіру және қарсы қою туралы кітап» кітабын (сызықты және квадратты теңдеулерді шешуге арналған) жазды, оның атынан “алгебра ” атауы шықты. Оның алгебра бойынша трактатында геометрия, тригонометриялық кестелер және қалалардың ені мен ұзындығы жайында тараулар бар.
Әл-Хорезми нұсқауы арифметиканың дамуына өте маңызды рөл атқарды. Автордың есімі латындалған түрінде Algorismus және Algorithmus ортағасырлық Еуропада бүкіл ондықарифметика жүйесін білдіретін болды. 1983 жылы Әлем жұртшылығы Ұлы Ұстаздың туғанына 1200 толғанын халықаралық деңгейде атап өтті.
Еңбектері
Адамзат өркениетінің дамуына және қалыптасуны өлшеусіз үлес қосқан, көне өркениеттер тағылымының тал бесіктерінің бірі Ежелгі Хорезм еліндегі Хиуа қаласында дүниеге келген. Ол - әйгілі «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі, әлемдік қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде белгілі. Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы. Деректер бойынша арғы аталары бұл аймақта, Соғды әлемінде кең таралған зороастризм дінінің қасиетті абыздарынан болған. Ғалымның латынша есімі «Алгоризми», «Алгоритми» түрінде айтылған. Әл-Хорезми – жан-жақты энциклопедист ғалым болған тарихи ерекше тұлға Оның есімі негізінен әлемге, кейінгі ұрпақтарға математика саласындағы зерттеулермен танымал болды. Сондықтан, қазіргі математика ғылымдарының, алгебра ғылымының атасы болып саналады. Қазіргі "алгебра", "алгол" және "алгоритм" сөздері соған байланысты. Яғни бұл ғұламаның есімінен (Алгоритми) тікелей шыққан... Әлемге танымал ғалымның негізгі ғылыми өмірі негізінен Араб халифатының Орталығы болған Бағдад қаласындағы "Даналық үйінде" өткен. Бұл ғылыми Академияға халифаттың түкіпір-түкпірінен данышпан ғалымдар жиналған және аса ірі обсерватория және ғылыми-тарихи қолжазбалар қоры мол кітапхана бар еді. Ғалымды замандастары "Әл Мажуси" деп мадақтаған. Бұл араб тілінен алғанда "Ғажайыптар иесі" деген мағынадағы сөз. Әл-Хорезми өзінің ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған төмендегідей 9 ірі көлемді шығармалардың авторы болып саналады:
Үндістан арифметикасы туралы кітап - Көне Үндістан есептерінің және амалдарының талдануына арналған;
Алгебра (Ал-джабр) және алмукабаланың есептеулері туралы қысқаша кітап - Алгебра ғылымының негізгі қағидалары мен амалдарын жинақтауға арналған;
Астрономиялық таблицалар (зидж) – Жұлдызнамалық еңбек, яғни аспан денелерінің, ғаламшарлардың қозғалысын зерттеуге арналған ;
Жер шары бейнесінің кітабы - Планетамыздың жағрапиясы, яғни Жер бедерін, елдер мен өзен, көлдерді, таулар мен шөлдердің орналасуын анықтап, картаға түсіруге бағытталған;
Астролябияның көмегімен жасалатын зерттеу әдістері туралы кітап;
Күн сағаттары туралы кітап;
Еврейлер дәуірінің (пайғамбарлар дәуірі) сипаты және оның мейрамдары туралы трактат;
Тарих кітабы – адамзат тарихына арналған туынды.