- •№1 Емтихан билеті
- •№2 Емтихан билеті
- •№3 Емтихан билеті
- •Арабский тип
- •Персидский тип
- •Османский тип
- •№4 Емтихан билеті
- •№5 Билет
- •2. Әлемнің сұлулығы туралы ойшылдар мен ақындардың жазуы (Омар Хайям, Саади).
- •3. Аббасид дәуіріндегі қала құрылысы. Бағдад – «Әлем қаласы».
- •№6 Билет
- •1,Мұхаммедтің көзқарастары. Мұхаммедтің бірінші уағыздары.
- •2. Көркем жазу (каллиграфия) өнері. Қалам – көркем жазушылардың басты құралы.
- •3. Мысыр сәулет өнерінің өзгешіліктері: Каирдегі Ибн Тулуна мешіті, Мамлюктер бейітіндегі кесене.
- •№7 Билет
- •1. Мұсылмандардың басты мейрамдары.
- •2. Сұлулықтан ләззат алу, эстетикалық пайымдауға адамзаттың ұмтылысы (теолог және әдебиетші Ибн Хазм, 994-1064).
- •3. Тебріз миниатюра мектебі.
- •№8 Билет
- •1.Мұхаммед өміріндегі хашимит тайпасынанан шыккан Абд аль-Мутталиб пен Абу Талибтің рөлі.
- •2. Мұсылман әліппесі. Бұған не жазамыыыыыын білмедім((
- •3. Мавритандық Испания сәулет өнерінің ерекшеліктері: Кордовадағы Омейядтар мешіті.
- •13 Билет
- •1.Бәдәуилер жыры
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •№17 Емтихан билеті
- •1. Сирия және Иран – халифаттағы жаратылыстану ғылымдарының даму орталығы.
- •№ 18 Емтихан билеті
- •2. Хадиша – Мұхаммедтің адал жары.
- •3. Ислам этикасы
- •1. Өзімізге байланысты міндеттеріміз
- •2. Араб-парсы жырларының классикалық жанры – рубай, газель, месневи.
- •1. Ислам елдеріндегі тарих ғылымының дамуы.
- •2. Рибат және дарбазалар – ислам сәулет өнеріндегі қорғаныс құрылыстар.
- •3. Шарап туралы өлеңдер – хамрият.
16 Билет
1.Обсерватория (лат. observatіo – бақылаушы) – астрономиялық, физикалық, метеорологиялық, т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми мекеме. Обсерватория астрономиялық бақылау жүргізуге және оның нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеуге арналған аспаптармен, арнаулы лабораториялық құралдармен жабдықталады; мұнаралар мен павильондардан тұрады. Мұнара үстінде цилиндр немесе көпбұрыш пішіндес күмбез, павильонда астрономиялық аспаптарға арналған ысырылмалы қақпақ болады. Оптикалық астрономия аспаптардан үлкен радиотелескоптар ашық далада, ал бақылау аспаптары көбінесе қаладан тыс, теңіз деңгейінен едәуір биік тауларда орнатылады. Обсерваториялар адам баласының уақытты есептеу, құрлық пен теңізде жол табу қажеттілігіне байланысты ежелгі заманда пайда болған. Ежелгі обсерваториялар құрылыстарының қалдықтары Армения мен Өзбекстанда (Ұлықбек обсерваториясы), Вавилонда, Мексикада, Перуде, Англияда, т.б. жерлерде сақталған. Қазіргі заманғы обсерваториялардағы көру түтігі (Г.Галилей жасаған телескоптан кейін) 17 ғасырдың басында Еуропада жасала бастады. Астрономдар Т.Браге, В.Гевелиж, В.Гершель ашқан О-лардан кейін Еуропада Париж (1667), Гринвич, т.б. жерлерде жаңа обсерваториялар ұйымдастырылды. 20 ғ-дың ортасында дүние жүзінде обсерваториялардың саны 500-ге жетті, олардың 90%-ы Жердің Солтүстік жарты шарында орналасқан. Елімізде Қазақстан ҒА Астрофизика институтына қарасты Асы-Түрген обсерваториясы, Күн обсерваториясы бар. Күн обсерваториясы Іле Алатауындағы Үлкен Алматы көлі маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3000 м биіктікте, Алматы қаласынан 30 км жерде орналасқан. Обсерватория әр түрлі типтегі күн телескоптарымен, лабораториялық жабдықтармен, бақыланған материалдарды өлшейтін және өңдейтін есептеу техникасымен жабдықталған. Негізгі аспаптары: айнасының диаметрі 50 см-лік көлденең күн телескопы және ажыратқыштық күші жоғары спектрограф, Б.Лио жүйесіндегі 53 см-лік және 20 см-лік коронографтар; объективінің диаметрі 20 см-лік фотогелиограф. Бұл обсерваторияда Күн дақтарының физикасы, Күн оталысы мен Күн тәжінің физ. құрылымы жөніндегі жұмыстар орындалды.
2.Солтүстік Африка сәулет өнерінің ерекшеліктері. Кайруандағы Сиди-Укба мешіті. Кайруандағы ең тамаша сәулет құрылысы- ол әйгілі Джамаа аль-Кебир,бірақ ол көбінде Сиди-Укба деген атпен танымал. Бұл мешітті 670 жылы Укба ибн Нафи қалады. Магрибтегі ең көне мешіт болып табылады. Бұл мешіт үлкен қала ретінде көрінеді. Сыртқы қабырғалары массивті сақау қабырғалардан, алпауыт минарет мұнарасындай 40 м биіктігі. Ол 724-728 жылдары салып,ең ежелгі минарет болып саналынады. Өте кең ішкі сарайы бұл сәулет өнерінің басты орталығы деп айтсақта болады.Барлық төрт жағынан екі қатрамен тұрған колонналарды көреміз. Сарайдың ортасында мрамормен қапталған бұлақ орналасқан. Сарайдың қоршап тқрған колонналар, бұл сарайға Антикалық қалаларда қиратылған храмдардан әкелінген. Ол қалалар Карфаген,Кирен және Утики. Ғибадат ету залы өте бай безендірілген. Керемет декоративті ескерткіші ол платандық ағаштан жасалған минбар,ол 863 жылы құрылған. Минбар әр түрлі өрнектермен безендірілген. Минбар өрнегі михрабпен үйлесімділікте орналасқан.Михраб аркасы және оның айналасындағы қабырғалары Бағдадтан әкелінген ромбтық жазбалармен қапталынған. Михрабты қаптауда сонымен қоса мрамор плиталарыда қолданылған. Сиди-Укба мешітінің басты ерекшелігі; мұсылман еместерді де кіргізуінде.
3.Абу-л- Валид Мұхаммед ибн Ахмед Рушд: жан туралы ілімі және оның тәнмен байланысы. Әбул-Уәлид Мұхаммед ибн Ахмад ибн Рушд ( араб.: ابو الوليد محمد ابن أحمد ابن رشد, лат. Averroës ; 1126—1198) — Кордова халифаты кезеңінде Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб философы. Әбул-Уәлид Мұхаммед ибн Рушд материялар мен қозғалыстардың мәңгіліктілігін және олардың жаратылмағанын (құдаймен «мәңгі бірлігін») дәлелдеді, жеке адам жанының өлмейтіндігі мен о дүниелік өмірді жоққа шығарды. Әбул-Уәлид Мұхаммед ибн Рушд қос ақиқаттылық ілімінің негізін қалады. Оның Аристотель шығармаларына жазған түсініктемелері еуропалық философтардың ежелгі грек философиясымен танысуына елеулі ықпал етті. Ибн Рушдтың (еуропада «Аверроэс») ілімі (аверроизм) мұсылмандық және христиандық қасаң қағидаларды өзгертпей сақтауға тырысушылар қуғынға ұшырады. Ибн Рушдтың негізгі шығармалары: «Терістеулерді терістеу», «Философия мен діннің арасындағы байланыстарға қатысты қорытынды жасайтын пікір».Ибн Рушдтің әйелдердің жағдайы туралы ой-тұжырымдары қоғамдағы адамдардың тең дәрежелілігі туралы ұғымның дамуына қосқан елеулі үлесі болып табылады. Ол бұл мәселеде өз заманындағы қоғамдық құрылымды сынға алды. Ол былай деп атап өтеді:«біздәң әлеуметтік құрылымымыз әйелдерге өз қабілеттерін танытуға мүмкіндік бермейді; біздіңше ол бала тууға және оны тамақтандыруға жаралған сияқты және оның құлдық (күңдік) жағдайы ондағы қандай да бір парасатылыққа деген мүмкіндігін жойып жіберген»
