Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы араб мус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.33 Кб
Скачать

14 Билет

1.Араб әдебиетінің даму тарихындағы джахилия кезеңі

Джахилия дегеніміз ертедегі Арабиядағы Исламға дейінгі надандық пен зұлымдық кезеңі. Джахилия дәуірінде арабтар бір Құдайға сенгенімен пұтқа табынды. Джахилия дәуірінің зұлымдық,опасыздық,қанаушылық көріністері араб әдебиеттерінде көп жазылған.

2.Нәсіп-махаббат лирикасы

Жалпы нәсіп дегеніміз Алланың адамға буйыртқаны. Мысалға «Ей,Аллам жақсылықты нәсіп ете көр» Сол сияқты махаббат сезімі де Алладан адамға нәсіп етілетін ұлы сезім

Махаббат... Бұл әлемді өзіне бағындырған ұлы күш. Адамды ақылға сиғысыз әрекетке апаратын құдырет иесі. Махаббатты бастан өткізудің өзі бір бақыт. Алайда ыстығы мен суығы, ащысы мен тұщысы, қуанышы мен қайғысы бір мезгілде ұштасқан махаббаты бағалай алу керек. Махаббат адамды барлығына да үйретеді.Мейрімділікке,қайрымдылыққа,игі істер жасауға ,ғажайыпқа сенуге ,қызғаншақтыққа ,құмарлыққа ,әділдікке,әдепсіздікке,сыйластыққа батыл болуға немесе керсінше жек көрушілікке,қызғаныштан жауыз әрекетке,бітпес дауға әкелуі мүмкін. Махаббаттың шынайылығы-адам қашан кімге ғашық болатынын біліп болмайды.

3.Суфийлік прозашы және ақын Абд аль-Гани ан- Наблусидің шығармашылығы

Атақты Ибн Арабидің шәкірті. Оның әр түрлі сұрақтар аясында 144 шығармашылық еңбегі бар.Және көптеген комментарийлер жазған соның ішінде Ибн Аль-Фаридтің еңбектеріне. Ол суфийлік бағыттың бірден екі тариқатында мойындаған олар мевлеви,накшбанди. Ибн Арабидің шәкірті болғандығынан теомонизмді зерттеуге көп уақытын бөлген. Яғни теомонизм транциденттік бірлік болып табылады. Сонымен қоса экзистенцияныда зерттеген.

15 Билет

1.Араб- парсы әдебиетіндегі жанрлық алуан түрлілік Парсы әдебиеті, екімыңжылдық тарихты қамтиды. Парсы әдебиеті тарихын шартты түрде 4 дәуірге топтастыруға болады: 1) ежелгі әдебиет (алғашқы қоғамдық құрылыстан б.з. 3 ғ-ына дейін); 2) орта ғасырдағы сөз өнері (4 ғ-дан 17 ғ-дың ортасына дейін); 3) жаңа дәуір әдебиеті (17 ғасырдан 20 ғасырдың басына дейінгі кезең); 4) ояну ғасыры немесе “машрутият” – конституциялық кезең (1906 жылдан қазіргі уақытқа дейін). Ежелгі әдебиет нұсқаларына көне пеһлеви тілінде жазылған “Динкерд”, “Бәндәхшан”, “Эрдовирноме”, “Ардошир Бобеконның ісі”, “Тонсер хаты” және “Құдайнама” сияқты әдебиет нұсқалар жатады. Сондай-ақ б.з.б. 6 – 4 ғ-ларда сына жазуы үлгісінде Ахемен әулетінің патшасы Дарийдің бұйрығымен жазылған Бехистун сына жазуы да осы дәуірдің еншісінде. Соның ішінде қайта өрлеу дәуіріне тоқталып өтсек.Қайта өркендеу дәуіріндегі (10 – 15 ғасырлар) парсы әдебиеті ең гүлденген әдебиет саналды. Қыпшақ даласынан шыққан Әбу Насыр әл-Фараби (870 – 950), Хорезмдік Әбу Райхан әл-Бируни (973 – 1048/50), Бұхарада туған Әбу Әли ибн Сина (980 – 1037), т.б. энциклопедист ғалымдардың парсы тілдерінде жазылған құнды еңбектері парсы әдебиетін дамытты. “Ақындардың атасы” атанған Ә.Рудакидің (860 – 941) дидакт. жырлары, Ә.Фирдаусидің (940 – 1020/30 ж.ш.) “Шахнамасы” (994 – 1010 ж.ш.), Омар һайямның рубайлары (10 – 12 ғасырлар), Мәуләуидің “Мәснәуиі”, А.Ансари (1002 – 1088), Санаи (1048 – 1126/93/94) сынды сопылық поэзия өкілдерінің жырлары, Ф.Аттардың (1141 – 1229 ж.ш.) “Мантақатут таиыры”, Г.Низамидің (1141 – 1209) “Хамсасы”, Ж.Руми (1207 – 1279), Сағди (13 ғасыр), Хафиздердің сырға тұнған өлеңдері (14 ғасыр), Ә.Жәмидің (1414 – 1492) “Бәһористаны” (1487), т.б. шығармалар, бірнеше поэзиялық топтамалар дүниеге келді. Мұндай туындыларда адами құндылықтар мен Жаратушыға деген ұлы махаббат жырланды. Олардың қаламынан туған құнды еңбектер әлем әдебиетінің алтын қорына қосылды. Көптеген қаламгерлердің шығармаларына әсер етті. Соның ішінде Рудакидің адамдық қасиеттерді жырлаған гуманистік сарындағы өлеңдері Абай поэзиясына ықпал етті. Фирдаусидің классик. туындысы “Шахнаманы” қазақ тіліне аудару ісінде Ораз молда (1856 – 70), Сердәлі ақын (1888), М.Сералин (1914 – 15), М.Дәулетбаев (1934), Т.Ізтілеуов (1934, кітап болып 1961, 2004 ж. шықты) есімдерін ерекше атауға болады. Ораз молда туындыны қара сөз бен өлең араластыра кең ауқымда тәржімалады, бірақ оның еңбегі басылып шықпады. Ал Тұрмағамбет ақын Фирдаусидің 1000 жылдық мерейтойы қарсаңында 11 ай көлемінде қайта жырлап шыққан “Рүстем – Дастанды” М.Әуезов аударма емес, төл туынды ретінде бағалады. Әлемдік классикада жоғары бағаға ие “Шахнаманы” А.Тәжібаева Ташкентте басылған шағатай нұсқасынан (1908), І.Әбдіқадыров әзербайжан тіліндегі нұсқаға сүйене келе проза үлгісінде, сондай-ақ Б.Алдамжаров (“Мәнушәһір”, 1973; “Кей Хосрау”, 1976) тәржімалады. Омар һайям рубайларын қазақ оқырманына І.Шаңғытбаев (325 рубай, 1965), Ө.Күмісбаев (2004) танытса, Низами дастандары ерте кезден-ақ қазақ арасына ауызша әрі жазбаша тарады, оның негізінде Абай “Ескендір” поэмасын жазды, Шәкерім сюжеттік желілерін шығармаларында пайдаланды. Жәмидің “Жүсіп – Зылиқа” (1483), “Ләйлі – Мәжнүн” (1484), т.б. туындылары қазақ арасына кең тарады. Сондай-ақ Зийа әд-Дин Нахшабидің “Тотынамасы” мен Кей-Қаустың “Кабуснаме” (1082 – 83) секілді прозалық шығармалары да осы дәуірдің еншісіне тиді. “Кабуснаменің” кей тарауларын Ы.Алтынсарин аударды, Абайдың қара сөздерінің жанрлық, стильдік табиғаты осы шығармамен өзектес болды. Орта ғасырдың соңғы кезеңінде (16 ғасыр мен 17 ғасырдың ортасы) Иранда кітап басу ісі қолға алына бастады, 1641 жылы алдымен христиан әдебиеттері басылып шықты. Парсы әдебиетінің бұл кезеңінде туындаған С.Табризидің (1607 – 77) лирикалық жырларын, өмірінің соңында ғана лайықты бағасын алған Н.Герати (1601 – 1671) шығармаларын атап айтуға болады.

Араб әдебиеті — араб елдерінің, арабтар мен араб тілін ана тілі есебінде пайдаланған халықтардың әдебиеті. Халифат заманында (7-9 ғ.) қалыптасқан мәдени-тарихи ортақтастық, тілдік бірлік, ортақ дәстүр араб-мұсылман мәдениетін қалыптастырды. А. ә. сол жиынтық мәдениеттің маңызды бір саласы. Араб әдебиеті тарихы төрт дәуірге бөлінеді:классикалық араб әдебиеті (6-14 ғ.).15-18 ғасырлардағы араб әдебиеті.жаңа араб әдебиеті (19-20 ғ.).қазіргі заманғы араб әдебиеті (20 ғ.). Классикалық араб әдебиеті (6-14 ғ.) өзінің бастауын исламға дейінгі Арабия түбегіндегі көшпенді бәдәуилердің ауыз әдебиетінен алады. Сол дәуірде өз тайпаларының мүддесін қорғап жыр жазған жүзге жуық ақындардың есімі белгілі. Классикалық А. ә-ні исламға дейінгі кезеңін осы поэзия құрайды. Қоғамдық өмірде поэзияның атқарған рөлі зор болды. Халық жиналыстарында, алаңдарда ақындар жиі өлең оқып, арнайы жарыстарда сынға түсетін. Олар, сондай-ақ, өлеңдерінде сарай салтанатын, жарылқаушыларды жырлап, жауларын күлкіге айналдырды. Осы кезеңде бірқатар жанрлардың басын қосқан дәстүрлі қасида пайда болды, элегия мен сатира өз алдына дербес жанр ретінде қалыптасты. Ескі араб өлеңінің бір түрі қыта пайда болды. Араб әдебиетінің төл басы — “ақындар атасы” аталған Имру-л-Қайс (500 — 540) болып есептеледі. Ол өз заманының шынайы суретін жасаған шығармалар туғызды, араб поэзиясының негізгі заңдарын белгіледі. Оның ізін баса шыққан Тарафа (543 — 569), әл-Харсис ибн Халлиза (т.ж.б. — 570), Зухайр ибн Аби Сулма (530 — 627), Антара ибн Шаддат әл-Әбси (525 — 615) т.б.Араб әдебиетінің даму тарихында елеулі рөл атқарды. Араб жазба әдебиетінің ең алғашқы туындысы Құран ислам дінінің негізін салушы Мұхаммедтің өсиет, насихат сөздері мен діни әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылады. Құран діни кітап болғанымен, әдеби тілді қалыптастыру, проза стилін бір ізге түсіру саласында айтарлықтай қызмет етті. Ислам дінінің, Құранның шығуымен байланысты А. ә. жаңа түр, жаңа сипат алды. А. ә-нің дамуына діни күрес қайшылықты сипат берді. Діни бағытты жақтаушы топпен бірге, оған қарсы бағыттағы әдебиет те өрістеді. Бұл реттегі ең елеулі ақындар Хағб ибн Зуайр (т.ж.б. — 662), Хассан ибн Сабит (т.ж.б. — 674), Әбу Зуайб әл-биға әл-Жаъди (т.ж.б. — 699) болды. Ислам дәуірлеп, Араб халифаты өрлеу кезеңінде тұрса да қоғамдағы әр түрлі саяси топтардың, діни ағымдардың ықпалымен саяси лирика өрістеді. Бұл бағыттағы ең елеулі ақындар әл-Ахтал (640 — 710), әл-Фараздақ (641 — 732), Жарир (653 — 733) болды. 8-9 ғ-да көп ұлтты Араб халифаты өзінің гүлдену дәуіріне жетті. А. ә-нің көркемдік түріне, жанрлық сипатына өзгерістер енді. Осы “жаңару кезеңінің” ірі өкілі Башшар ибн Бурд (714 — 783) болды. Араб сөз өнеріндегі жаңалықты “ақындар патшасы” Әбу Нуас (762 — 815) дамытты. Классик. А. ә. осының негізінде толық қалыптасты. Араб халифаты ыдырап, бірнеше мемл-ке, әулеттерге бөлінген шақта А. ә. Мысырдың, Сирияның, Ливанның, Ирактың, Иранның т.б. мемл-тердің ұлттық әдебиеті болып бөлшектеніп бөліне дамыды.

2.Ибн-Фадлан араб саяхатшысы

10 ғасырдағы араб саяхатшысы және жазушысы. Шығыс Еуропаны түгелімен саяхаттап шыққан. Жүрген сапарларынан жол бағыттауыш естеліктер қалдырған. Және ол оғыз,башқұрт,русьтар.хазарлардың арасындағы саяси байланысты жазып қалдырған. Саяхатшылығымен қоса ол Египетте жаулап аулаған әскербасы Мұхаммед ибн Сулейманның қарамағындағы беделді жазушы-шенеунік болған. Сонымен миссионерлік елші қызметін талай жылдар атқарған. Ол оғыздар мекенін көп тұрақтап,зерттеген,бұл мекен Қазіргі Батыс Қазақстан аймағы болып табылады.Ибн Фадлан бастаған елшілік миссионерлік топ мақсаттарында саяхатшылдық пен қатар Ислам дінің тарату болды.Бірақ бұл дипломатиялық мақсаттары жүзеге аспай, аман-есен елдеріне оралғандарына қуанды. Фадлан Бағдадқа оралғанында жазған басты шығармасы «Рисале» болды. Онда ол мекендеген аймақтарының бағытын,тарихын түсірген. Ең құндысы орта ғасырлық тарихтағы Орталық азия туралы деректер болды. Бірақ саяхатшының бұл құнды еңбегінің соңғы жақтары жоғалған. 3. Араб мұсылман шығысындағы қозғалыс заңдары ілімінің механика,химия ілімдерін дамуы.

Араб мұсылмандарда 8-9ғ.ғылымға деген бетбұрыстарынан араб химиктері пайда бола бастады. Алғашқыда арабтар химияға алхимия деген атау берген. Жалпы химияның бастауы алхимиядан басталған. Оған басты дәлел 670 жылы Араб флотының қарсыластары христиандық Константинополь араб флотын гректік отпен яғни бір химиялық қоспаның салдарынан өртеп жіберген. Бұл ғасырларда алхимия гректер мен шығыс мұсылмандарда қарқынды дамыды. Ең танымал араб алхимигі Джабир ибн Хайян болды.Ол еуропалықтар арасында Гебер деген атпен өте танымал болды. Джабир көптеген уксустар мен қышқылдардан қоспа дайындаған. Металлдардың трансмутациялануын дәлелдеген,ал кейін бұл ашылу кейінгі алхимиктер көп пайдасын тигізді. Ол металлдардан алтын алу әдісін меңгерген.Ол күкірт пен сынапты өте жоғары бағалап,алтын алудың тәсілдерін тапқан.Және басты алхимияның мақсаты эликсир порошогын дайындау болған. Бұл эликсир ауруларды емдеп, мәңгі өмір сыйлайды деген.

Ар-Рази ол медицина мен алхимиямен айналысқан. Ол да өте танымал болды ол гипсті дайындау методикасын ойлап тапты. Ал ең беделді медицинада өз қолтаңбасын қалдырған Ибн- Сина, еуропада Авиценна деген атқа ие. Оның еңбектері,ашылулары әлі күнге дейін медиктердің басты сүйенетін құралы болып келеді. Және ол өзге металлдардан алтын алу болатындығын құптамаған.

Механика саласында Альгацинни танымал болды. Басты жаңалығы атмосфераның жоғары температурасын өлшеу әдісін ұсынуы. Оның басты шығармасы «салмақтың даналығы» атты кітабы. Аты айтып тұрғандай бұл шығармада таразыға қойылған салмақтың яғни металл болса, онда ол сол екі металлдардың таза металл мен жасанды металлдан айырмашылығын басымдылығымен көрсететінін және т.б біз түсіне қоймайтын формулалармен келтірген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]