Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы араб мус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.33 Кб
Скачать

2. Мұсылман әліппесі. Бұған не жазамыыыыыын білмедім((

3. Мавритандық Испания сәулет өнерінің ерекшеліктері: Кордовадағы Омейядтар мешіті.

Кордовадағы (Испания) Собор мешіті, Дамаскідегі Омейядтар мешіті ислам мәдениетінің ұлы көрнекті туындылары, ислам мәдениетінің рухани ұлылығын тікелей көрсетеді. Бұл ғимараттар өзінің шамаластық, бейбіт үйлесімділігі және тыныштығы жағынан адамдарға исламдық жолдаудың маңызды ерекшелігін нақтылы көрсетіп отырады.  Бұл өнер бұл өмірдің күйрегіштігін және келесі өмірдің мәңгілігі туралы айтады. Ол адамдардың күнделікті өмірі мен көркемдіктің арасында мызғымас байланыс орнатқысы келеді. Дұрысын айтқанда, өнер сөзін түсіндіретін («санаа», «фанн»), араб тілінде ең көп тараған сөздер, Батыстағыдай өнерді ғана айтып қоймайды, сонымен бірге дұрыс орындалған әрбір істі, шеберліклікті түсіндіреді. Дамаскідегі Омейядтар мешітіне келктін болсақ әлемдегі ең әдемі мешіттердің бірі саналады. Ол Омейядтар әулетінің алтыншы билеушісі әл-Валиданың бұйрығымен түрғызылған. Құрылыс жұмыстары 709-715 жылдар аралығында жүргізілген екен. Мешіттің біршама бөлігі алтынмен жалатылған және түрлі-түсті мәрмармен қапталған

13 Билет

1.Бәдәуилер жыры

Бәдәуилер (араб ғөjBL - шөл дала тұрғындары) - Алдыңғы Азия мен Солтүстік Африкада көшпелі тұрмыс кешкен малшы арабтар. Араб тілінде сөйлейді, араб графикасымен жазады. Мұсылмандар (сүнниттер, абадиттер немесе ибадиттер), уақапшылдар). Ежелгі тайпалық байланыстары сақталған. Дәстүрлі кәсібі: көшпелі мал шаруашылығы (негізінен, түйе өсіру), суармалы егіншілікпен (бидай, қара бидай, арпа, дурра, сұлы, ірі бұршақ) айналысады. Мұнай, алтын (Медина ауданы) өндірісінде, порттарда жұмыс істейді. Көшпелі, жартылай көшпелі бәдәуилер төрт бұрышты киіз шатырларда, отырықшылары каркасты-бағаналы үйлерде тұрады. Кең ақ көйлек, түйе жүнінен тоқылған шекпен аба, аяқтарына ниаль киеді, бастарына орамал (куфия, сумада) салады. Материалдық жағдайына байланысты әйелдері шыныдан, темірден жасалған сақина, алқа, мұрындарына әшекей тағады. Қыздары маңдайларын, иектерін, кейде беттерін, еріндерін, кеуделерін, аяқтары мен табанын көк бояумен бояп жүреді. Қалалық жерлерде еуропалық киім үлгісі кең тараған. Ұлттық тағамы: бидай, қарабидай, арпа ұнынан илеп пешке пісірген таба нан, бургуль; сусындары - кофе. Тамақты қолмен жейді. Ауыз әдебиеті өте бай. Әнді раба (әрбаба) аспабының сүйемелдеуімен айтады."Ол кезде Басрада ғашық жастар Башшар жырын қоспай ән айтпайтын, ал жоқтау айтатын әйелдер мен әнші қыздар осы шайырдың шығармаларымен күн көріп, дәулетті, текті кісілер ақынның сын сырығының ұшына ілігіп кетуден сақтанысып жүрер еді" .Башшар ақын Басрадан ұзақ шығып, Бағдадқа да барған, әл- Маһди халифаның алдында қасында толғаған, сонда айтқан жырының ұзын саны 12 мың еді дейтін әңгіме бар .Жырды құдды бағзының шайыры сияқты саф араб әуезімен айтқан; Басра маңында көшіп-қонып жүретін Каис Ғайлан бәдәуи тайпасына барып қасида толғаған және ана тілінің тереңіне емін-еркін бойлай білгені сонша, кейінгі ғалымдар талантына бас иіп, сілтеме жасаумен болады. Бірақ Башшар қайтсе де ескінің ақыры еді. Бұл дәуірдің ақындары назым жыр құрастырған кезде дала гүлінің орнына бақша гүлін әкеліп , болмаса атақты Ибн Йусуфтың бауыры әл-Касим сықылды әлгі есекті қолға үйретілген ешкіге ауыстырса да , тіпті Ибн әл-Ғаллаф (318-930 ж. қ. б.) құсап үй мысығын құлағынан сүйреп әкеп жатса да , ешкім жаңа түр, соны мазмұн таба алмады, табуы да неғайбыл еді. Жалғыз құбылыс— "айтқыштық" — мәдениеттің құлдырау, сему дәуіріне тән осынау айшықты белгі ғана біршама жаңа болатын. Бұл белгі араб поэзиясына үлкен шаһарлардағы алақұйын тірлік әбден орныққан шақта опырып-сындыра кірді. Насыр сөздегі сияқты бұл жолы да қызық атаулыға көз жұмбай елігу көне жыраулар поэзиясына тән талғам-тұшымды жөргегінде тұншықтырды.

2.Араб кітаби мәдениетінің пайда болуы. Ибрахим ал- Байхаки және оның кітаптарға ғажайып сипаттамасы.

Адамзаттың барлық жетістіктері адамдардан қалған жазба деректерде сақталған. Осы жазбаларда илаһи тағылымдар мен білім бар. Адамның соны білмейінше бақытқа жетуі мүмкін емес. Өмір сыйлаушы ұлы әлеммен, яғни кітаппен байланысы жоқ кісінің ең бағалы адами жетістік пен аспандық танымның үлкен көлемінен кенде қалатыны сөзсіз. Ілімнің адам өміріне ықпалы күннен күнге ұлғайып, істердің ілімге деген тәуелділігі тереңірек болып жатқан әлемде кітап пен кітап оқуға көңіл бөлудің қажеттілігін көбірек сезінеміз. Кітап – мәңгілік мұра, салтанатты әрі бағалы құбылыс және адамзат өміріндегі өсіп жетілдіруші әрі анықтағыш элемент болып табылады. Ілім үйренудің, сезім мен ойды баяндаудың ең оңай әрі ең арзан жолы және адамзаттың рухани байланысының ең көне құралы – кітап. Дамыған жаңа бұқаралық ақпарат құралдарының пайда болып, өрістеуіне қарамастан әлі де болса кітап әсерлі, тартымды әрі орны толмас қолжетімді құрал болып табылады. Кітап дамудың, ілім мен мәдениетті өрістетудің және әлем халықтары арасында достық пен түсіністік орнатудың ең үлкен факторы бола алады. Адамзаттың барлық жетістіктері адамдардан қалған жазба деректерде сақталған. Осы жазбаларда илаһи тағылымдар мен білім бар. Адамның соны білмейінше бақытқа жетуі мүмкін емес. Өмір сыйлаушы ұлы әлеммен, яғни кітаппен байланысы жоқ кісінің ең бағалы адами жетістік пен аспандық танымның үлкен көлемінен кенде қалатыны сөзсіз. Кітап – тарихи өркениеттер жетістіктерінің басым бөлігін көрсете алатын айна іспеттес. Кітап сөзі –адамзаттың даналыққа жету жолында жасаған талпыныстарының белгісі. Кітап оқу кісінің өзі мен қоғамның тағдырына саналы түрде араласуының кіріспесі болып табылады. Кітап оқу мәдениеті бастамашылдық пен жасампаздық күші мен бостандық сүйгіштік және ұлылық рухты күшейтеді. Егер қоғамда кітаптың құны төмендеп кетсе, сөзсіз сол ұрпақтың ой мен мәдениет мұрасы кейінгі буындарға жетпей, сол қоғамның мәдениеті мен өркениеті дамудан кенде қалады. Кітап – ең үздік илаһи нығметтердің бірі. Кітаптың арқасында адамзат надандық иірімінен шығып, білім мен танымның шыңына жетеді; қапылдық қараңғылығынан даналықтың жарығына аяқ басады. Мұсылмандардың мақтанышы мынада: қасиетті ислам діні көзқарас пен білімді және кітап пен жазуды қадірлеуге негізделген. Құдай Тағала өзінің ең соңғы әрі ең сүйікті елшісінің мәңгілік мұғжизасы бір "кітап", яғни Құран болуын қалаған. Мұсылмандардың мәдениеті, тарихы мен исламдық өркениеттің гүлденуі ғасырындағы кітаптар мен кітапханалар саны және исламдық әрі ирандық данышпандардың әлемдік құнды туындыларды мұраға қалдырудағы еңбегі ислам дініндегі кітап пен кітап оқудың маңызын дәлелдейді.

Арабтың танымал құқықтанушысы, хадистанушысы Аль-Байхаки. Ол әлемді саяхаттаумен 30 жылын өткізіп,еліне оралып қалам,құқық,хадистен өте көп кітаптар жазған.

3. 7ғ.- Сүлейманның Басрадан Қытайға сапары. Басрадан шыққан әлдебір ақын, Үбайдаллах ибн Сүлейман Ташкенттен Александрияға дейін сапар шегіп одан Қытайға сапар шеккен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]