
- •1 Индустриалды-инвестициялық бағдарламаны, оның құрылымы және өмірлік циклының экономикалық мәні
- •1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және өмірлік циклы
- •1.2 Инвестициялық жобаларды талдау және бағалау
- •1.3 Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инвестициялық жобаларға тартылған инвестициялардың құрылымы
- •2 Индустриалды- инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырудағы – экономиканы дамыту құралы (самұрық-қазына» ұәақ» ақ мысалында)
- •2.1 Инвестициялық жобалар мен инновациялық экономиканың тиімділігін бағалау әдістемелерін сипаттау
- •2.2 «Самұрық-Қазына» ұәақ» ақ-ның инвестициялық-инновациялық жобаларын талдау
- •2.3 «Самұрық- Қазына» ақ инвестициялық жобаларының қаржылық жағдайын талдау
- •3 Инвестициялық жобаны, оның құрылымын жетілдіру жолдары
- •3.1 Қазақстанда инвестициялық іс- әрекетті дамыту перспективалары
- •3.2 Кәсіпорынның инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары
3 Инвестициялық жобаны, оның құрылымын жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстанда инвестициялық іс- әрекетті дамыту перспективалары
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк стратегиясы 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.
Стратегияның басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс[22].
Экономиканың шикiзаттық секторын дамыту Үкiметтiң салалық және секторлық стратегиялары бойынша жүзеге асырылады.
Стратегияның мiндеті:
өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2005 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру;
ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру;
сапаның әлемдiк стандарттарына көшу;
дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы әлемдiк шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды үдету болып табылады.
Стратегия мынадай қағидаттарға негiзделедi:
жеке сектормен серiктестiк;
инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы;
өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау көрсету;
қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;
тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас тарту;
индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы.
Аталған қағидаттар сақталғанда және экономика құрылымында түбегейлi сапалық өзгерiстер болғанда, ол әртараптандырылған кезде алға қойылған мақсаттар мен мiндеттердi шешу Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет[24].
Бұл көзқарас экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпкерлер үшiн жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетiлдiруге және экспорттық бағыттағы өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруға кедергi жасамайды[23].
Нақты ұсыныстар жеке секторда туындауы тиiс, ал екiншi деңгейдегi банктер және құрылатын инвестициялық мемлекеттiк даму институттары осындай ұсыныстарды жеке сектормен әрiптестiктiк қарым-қатынаста ықтимал iске асыру мақсатында арнайы әдiстемелер негiзiнде оларға талдау жасайды. Нарықтық экономикалы елдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдары бюджет қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және инвестициялық қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке компанияларға қаржылық қолдау көрсету мемлекеттiк сыбайлас жемқорлықтың көрiнiсi ретiнде бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың дұрыстығын көрсеттi.