Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ризка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
75.42 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................4

1 ИНДУСТРИАЛДЫ-ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӨМІРЛІК ЦИКЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ...5

1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және өмірлік циклы............6

1.2 Инвестициялық жобаларды талдау және бағалау.........................................9

1.3 Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инвестициялық жобаларға тартылған инвестициялардың құрылымы..........................................................11

2 ИНДУСТРИАЛДЫ- ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ (««САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰӘАҚ» АҚ МЫСАЛЫНДА)............................................................11

2.1 Инвестициялық жобалар мен инновациялық экономиканың тиімділігін бағалау әдістемелерін сипаттау..........................................................................14

2.2 «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ-ның инвестициялық-инновациялық жобаларын талдау..................................................................................................18

2.3 «Самұрық- Қазына» АҚ инвестициялық жобаларының қаржылық жағдайын талдау......................................................................................................

3 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.....................................................................................25

3.1 Қазақстанда инвестициялық іс- әрекетті дамыту перспективалары.........28

3.2 Кәсіпорынның инвестициялық саясатын жетілдіру жолдар.......................31

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................35

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кезде кәсіпорынның шаруашылық және қаржы жағдайын тұрақтандыру үшін тиімділігі жоғары инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

Бүгінгі күні өнеркәсіп салаларының басты міндеті импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өнім өндірісінің көлемін арттыру, толық қуатын қамтамасыз ету болып табылады. Олар нарықтық қатынастарды дамыта отырып, мемлекеттің экономикасын дамытады және жандандырады.

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы экономикалық реформалардың жүргізілене басталуына байланысты, сонымен қатар реформалардың негізгілерінің бірі болып саналатын инвестициялық процесс барысын және инвестиция тиімділігін жоғарлатуының нігізгі бағытын анықтау қажеттіліктері нақтылығына түсуде.

Еліміздің нарықтық экономикаға өтуі кезеңінде, әсіресе халық шаруашылығының оның ішінде өнеркәсіп дамуының тиімділігіне, республика халқы мен табысының хал-ахуалы тәуелді және өнеркәсіп салаларында жалпы ұлттық өнімнің жартысына жуығы жасалады, сонымен бірге өнеркәсіптің материалдық өндіріс саласы ретіндегі басынқы рөлі- оның халық шаруашылығының басқа салаларын индустрияландырудың шешуші факторы екендігіне де байланысты, сондықтан өнеркәсіп секторының дамуының маңызы жоңғары.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорынның шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік алды.

Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, себебі болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты.

Бұл қазіргі уақытта кез-келген кәсіпорынның өмір сүруі мен оның нарықтағы тұрақтылығы, қаржылық ресурстары, тиімді пайдалану және инвестициялық жоба тиімділіктерін анықтау, инвестициялық қаржылық көздерін пайдалану болып табылады.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігін кепілмен даму сатыларының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражаттың еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процессін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, инвестициялық жобаларды талдау объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін оның қаржылық жағдайын талдауы қажет.

Дегенмен, бұл міндеттер, олардың қатарында стратегиялық жоспарлау Президенттің “Қазақстан-2030” жолдауы тұрғысынан алғанда, нарық жағдайында бірінші рет іске асыратын біздің көп деген кәсіпорындарымыз үшін елеулі қадам болып саналады.

Курстық жұмыстың мақсаты Индустриалды-инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырудағы кәсіпорынның инвестициялық саясатының рөлі.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

- инвестициялық жоба, оның құрылымы және өмірлік циклының экономикалық мәнін ашып талдау;

-инвестициялық жобалар – экономиканы дамыту құралы ретінде талдау(«Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ мысалында) қарастырдым;

- инвестициялық жобаның құрылымын жетілдіру жолдарын ұсындым.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ-ның инвестициялық-инновациялық жобаларын, қаржылық жағдайын талдау.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ-ның инвестициялық-инновациялық жобаларын талдау арқылы инвестициялық жобаны дамыту және іс жүзінде қолдану.

Курстық жұмыстың зерттелу тәжірибесі:Халықаралық тәжірибеде кәсіпорының даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныстар.

Курстық жұмыстың жаңашылдығы. Курстық жұмыста инвестициялық жобаны оның құрылымын зертеп, талдай отыра жетілдіру жолдары ұсынылды.

Зерттеу әдістері. Курстық жұмыстың тақырыбын зерттеуде жалпы диалектикалық, салыстырмалы, аналитикалық, тарихи, логикалық, жүйелік, функционалды талдау әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен құрылған.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні, зерттеу әдістері қарастырылған.

Бірінші бөлімде Инвестициялық жоба , оның құрылымы және өмірлік циклының экономикалық мәні қарастырылған.

Екінші бөлімде Инвестициялық жобалар – экономиканы дамыту құралы «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ мысалында жасалған.

Үшінші бөлімде Инвестициялық жобаны, оның құрылымын жетілдіру жолдары айтылған.

Курстық жұмыстағы зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.

1 Индустриалды-инвестициялық бағдарламаны, оның құрылымы және өмірлік циклының экономикалық мәні

1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және өмірлік циклы

Халықаралық тәжірибеде кәсіпорының даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі(жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.

Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие:

1.Жобаның тұжырымдалуы. Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді[1].

2.Жобаны дайындау. Жобаның бизнес- идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында–коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.

3.Жобаны сараптау. Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек.

Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасыныңкейбірбөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.

4.Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.

5.Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны қарастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.

Жобаны талдаудың алдан ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы нақты «торға» жататындығын білдіреді.

Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек және алдын ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді. Соған қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажетстратегиялық инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың пісіп-жетілуі мен кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады және бұған алдын ала дайындалу керек; егер кәсіпорынның басқарушылары талдауға назар аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін[2].

Жобаның көптүрлігіне қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қолданбайды» революциясы шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн. Шындығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.

Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:

1.жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;

2.жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;

3.жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.

Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.

Инвестициялық жобаның қаржылық талдау бөлімінде көлемді және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарастыруға жекелеген тауарлар арналады. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекке негізделген:

1.Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына

талдау жасау.

2.Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.

3.Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.

4.Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау.

5.Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы[3].