Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өзін тану және дамыту 20.12.2011 уч пос по ново...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.76 Mб
Скачать

4 Бөлім. Өзін тану және дамыту үрдістерінде психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету және жәрдемдесу

Өзінің практикалық іс-әрекетінде педагог кей кездері әр баланың мәселелерімен нақтылы ұшырасып, бетпе-бет қалып отырады, бұл мәселелерге, бір жағынан, өзіне адекватты, барабар қарамау себепкер болады және әлде сенімсіздік, үрейлілік, әлде өзіне сенімділік (басқаларды басып тастау, оларға басымдық көрсетуге дейін) феномендерін тудырады; екінші жағынан – осының әдеттегі көрінісі әртүрлі түрлерде және формаларда көрініс табатын ұйымдаспағандық болып табылатын, өзін-өзі реттеудің кемшіліктері себепкер болады. Өзін тану және дамытуға келер болсақ, көбіне көп мектеп оқушыларында мәселелер өзін тану және дамыту мақсаттарын анықтау, өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдерін таңдап алу саласында пайда болады, ал негізгісі – ойға алғанды жүзеге асыруда ерік-жігердің жетіспеу мәселесі. Теориялық бөлікте біз өзінің тұлғасын өз бетінше құру процестерінде көмекке зәру болып отырған балаларға педагог тарапынан берілуі мүмкін болатын көмектің кейбір жолдарын белгілеуге тырысып көреміз. Әрине, белгіленген мәселелерді шешу психологиялық-педагогикалық ілесе жүру тұрғысын жүзеге асырған кезде ең үйлесімді, орнықты іске асырылады. Бірақ, өкінішке орай, мұндай ілесе жүру біздің заманымызда қандай да бір себептермен (көптеген оқу орындарында алға қойылған міндеттерді шешу үшін өздеріне жауапкершілік арта алатын психологтар жоқ деген жағдайға сүйене отырып) мүмкін болмай отыр. Солай болса да, тіпті осындай күрделі жадайлардың өзінде де, оқушылар үшін өзін тану және дамыту үшін, нақтылы тұлғаның нақтылы мәселелерін шешу үшін жағдай жасауға болады.

Өзін танудың ықтимал мәселелерінің және дамытудағы кедергілердің бүкіл шеңберін баяндап шығу мүмкіндігіне ие бола алмай, олардың ең әдеттегілеріне тоқтала кетейік.

Тақырып бойынша тапсырмалар

1. Мектеп оқушыларында өзін тану және дамыту мақсаттарын анықтау, өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдерін таңдап алу саласында мәселелер пайда болады, ал негізгісі – ойға алғанды жүзеге асыруда ерік-жігердің жетіспеуіне қандай психотүзету жолдарын ұсынар едіңіз?

2. Күрделі жадаяттарда оқушылар үшін өзін тану және дамыту үшін, тұлғаның нақтылы мәселелерін шешу үшін қандай жағдай жасауға болады деп ойлайсыз? Қандай педагогикалық-психологиялық көмек көрсетуге болады?

Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар

  1. Психологиялық-педагогикалық ілесе жүру тұжырымдамасына сипаттама беріңіз?

  2. Көмекке зәру болып отырған балаларға педагог-психолог тарапынан берілуі мүмкін болатын көмектің қандай жолдарын атап бере аласыз?

§ 1. Сенімсіздік және оны жеңу жолдары

Адамның сана-сезімінің маңызды қыры өзін-өзі құрметтеудің, өз ар-намысы сезімінің негізінде жатқан, өзіне деген сенімділік болып табылады. Өзіне деген сенімсіздік, керісінше, өз күшіне және қабілетіне сенбеуден, іс-әрекетті орындаудан, өз ниеттері мен қажеттіліктерін қанағаттандырудан бас тартудан көрініс табады, жеке басының өсуі мен дамуы келешегінен айырады. Сенімсіздік кей кездері аса жоғары үрейлілікпен, өкпелеп қалушылықпен және қорғалмағандықпен, толыққанды еместік сезімімен ілесе жүреді.

Бала кезде сенімсіздік айтарлықтай ерте анықталады. Оның қалыптасу механизмі ретінде, табыссыздықтың өзіне қарағанда жүрекке қаттырақ тиетін, қоршаған адамдардың теріс бағалауларына, өзгелердің келеке етуіне көбеюі тарпынан табыссыздық көрініс табады. Сенімсіз баланы оның жүріс-тұрысының ерекше көріністерінен танып-білуге болады. Осындай көріністердің мысалдарын келтірейік:

  • іс-әрекеттің төмен мотивациясы, табысқа қол жеткізу әрекеттерінен бас тарту, жеңіл-желпі жұмысқа үміттену;

  • кез келген іс-әрекетті орындаған кездегі үрейліліктің жоғары деңгейі: «Менің қолымнан келмейді», «Мен істей алмаймын» (көрініс табу түрі – тәрбиеші немесе мұғалім сурет салу, жазу , кез келген өзге тапсырманы орындау барысын қарап көру мақсатымен жақындап келгенде, өз шығармашылығының нәтижелерін қолымен жаба қояды);

  • таңдау жағдайындағы табансыздық және жарысқа түсу жағдайларындағы теріс үміттер;

  • нашар әлеуметтік бейімделу, ұялшақтық, сынға деген жоғары сезімталдық;

  • мектеп жасына дейінгі мекемеге, мектепке, педагогтарға, құрбыларына қырын көзбен қарау;

  • бірқатар жағдайларда осы сенімсіздікпен қабылданатын, мақтау сөзге құлақ салуға қабілетсіздік және т.с.

Нәтижесінде сенімсіздік қорғаныс жүріс-тұрысының әртүрлі типтеріне себепкер болатын, тереңде жатқан инстанция болып табылады. Дәл сол кезде сенімсіздік-тұрақсыз, қарама-қайшылықты Мен-концепциясының, ұғынылмауы да мүмкін өзін-өзі төмен бағалаудың нәтижесі екендігін де атай кеткеніміз жөн болады. Бұл жерде сенімсіздіктің негізгі себептерін іздеу керек.

Сенімсіздіктің алдын алу мен оны жеңудің жолдары қандай екен? Оларға үш стратегиялық бағытты жатқызуға болады.

1.Нақтылы жетістіктерді арттыру, яғни объективті табысқа жету.

2.Маңызы бар өзге адамдардың (адамдардың, балалардың, сыныптастарының) балаға деген көзқарасын өзгерту.

  1. Баланың өзіне деген көзқарасын өзгерту.

Сенімсіз балалармен жұмыс істеудің нақтылы бағыттарын тізіп өтейік:

  • педагог табыс жағдайын мақсатты бағыттай отырып жасауға, яғни балаға әдейі оның қолынан келетін тапсырма беруге, оны жетістіктерге кепілдік берілген жағдайларға қоюға ұмтылуға тиіс;

  • сондай-ақ іс-әрекеттің әр түрлерінде және мәселелік жағдайларда балалардың алдына белгілі бір күш салуларды қажет ететін, бірақ шын мәніндегі мүмкіндіктерінен артып кетпейтін нақтылы мақсаттар қойған да пайдалы;

  • баланың жүріс-тұрысындағы шамалы ғана оңды өзгерістерді атап өткен және оларды ынталандырып, марапаттаған жөн, бұл кезде оның жетістіктерінің басқа балалардың жетістіктерімен салыстырмалы сипаттаудан аулақ болған маңызды (әрине, ілгері басуды атап өте отырып, салыстыруды баланың өзінің жетістіктерімен, оның жуырдағы өткенімен жасау керек);

  • баламен жұмыс нәтижесі теріс болған жағдайда оның нақтылы әрекеттерін бағалау керек, нәтижесі оңды болғанда – жалпы алғанда баланы мақтап қоюға болады;

  • балаларды сәтсіздікті ұстамдылықпен, сабырлылықпен бағалауға үйреткен, бірақ міндетті түрде болашақ табыстардың келешегін ашқан пайдалы;

  • өз түсіндірмелеріңізде оңды сәттерді өзін-өзі бағалау нәтижелері ретінде де, оған деген қабілеттіліктің өзі ретінде де баса көрсете отырып, балаларды өзін-өзі бағалауға тартқан мақсатқа лайықты, көкейге қонымды болмақ;

  • оның нәтижелеріндегі және іс-әрекет тәсілдеріндегі, амалдарындағы оңды сәттерді табуға нұсқау бере отырып, нақтылы баланы бағалауға басқа балаларды жұмылдырған жақсы амал-тәсіл болып табылады;

  • одан кейін, осы тапсырмалар барлық балаларға берілген кезде ол басқалардан кем түспей орындап шығуы үшін, баламен алдын ала сабақтар өткізу қажет. Бұл өзін-өзі оңды қабылдауды ынталандырады, баланы қанаттандырады және өзіне деген сенімділікті арттырады.

Тақырып бойынша тапсырмалар

1. Сенімсіз баланы, оның жүріс-тұрысының қандай ерекшеліктерінен танып-білуге болады? Оған мысал келтіріңіз?

2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың өзіне сенімсіздігін психотүзету жолдары және тұлғаның дамуының мәселелері жайлы не айта аласыз?

3. Сенімсіз балалармен жұмыс істеудің нақтылы педагогикалық-психологиялық бағыттарын атап өтіңіз?

Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар

  1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың сенімсіздігі туралы ғалымдардың көзқарастарына тоқталыңыз?

  2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың бойындағы сенімсіздігін жеңудің психологиялық-педагогикалық жолдары қандай?

  3. Мектепке дейінгі жастағы балаларда пайда болатын сенімсіздік, оның қалыптасу механизмдерін атап келтіріңіз?