Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өзін тану және дамыту 20.12.2011 уч пос по ново...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.76 Mб
Скачать

2 Тарау. Өзін-өзі тану адамның өзін-өзі тануының құрылымдық компоненті ретінде

Тақырып - 3. Сана және сана-сезім

Енді негізгі сұраққа жүгінейік: адам өзін қалай таниды? (өзін-өзі танудың механизмдері қандай?). Бұл үшін бізге мәселені кеңірек позициядан қарап шығу, атап айтқанда, өзін-өзі тануды жалпы алғанда тұлғаның өзін-өзі тануының құрылымдық компоненті ретінде қарап шығу қажет болады. Ежелгі заманнан бері адамдарды: адам деген кім? Ол жануарлардан несімен ерекшеленеді? деген сұрақтар қызықтырып келген болатын. Бұл жайында талай-талай ғылыми еңбектер жазылды, көптеген ғылыми конференциялар өткізілді. Ғалымдардың осы саладағы іздестірулерін талдап қорытуға әрекет жасап көрсек, философия, психология, педагогика жөнінідегі көптеген оқулықтарда келтірілетін келесі анықтаманы беруге болады: адам – бұл санаға, тілге ие, еңбек құралдарын жасап шығаратын және пайдаланатын тірі организм. Көріп отырғанымыздай, бірінші орында сана тұр. Дәл осы сана адамның жануарлардан негізгі айырмашылығы болып табылады. Дәл сол кезде «адам» түсінігіне анықтама беруге қарағанда, «сана» түсінігіне анықтама беру күрделірек іс болып шықты. Әдетте арнайы сөздіктерде сана «психиканың дамуының жоғарғы, адамға ғана тән деңгейі» ретінде түсіндіріледі, бірақ мұндай анықтама аталған түсініктің бүкіл алуан түрлілігін және ерекшелігін көрсете бермейді. Осыларда солай бола тұрса да, сананың ең елеулі белгілерін бөліп көрсетуге әрекеттер жасалатын, күрделірек, есте сақтау үшін қиын анықтамалар да бар. Мысал үшін отандық философ және психолог А.ГШ.Спиркин берген олардың біреуін ғана келтіре кетейік. Оның пікірінше, «сана – бұл мидың болмысты талдай қорыта, бағалай және мақсатты бағыттай көрсетуден және конструктивті-шығармашылық түрлендіруден, әрекеттерді алдын ала оймен құрудан және олардың нәтижелерін алдын ала білуден, адамның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын ақылға сыйымды реттеуден және өздігінен өзі бақылаудан тұратын, жоғарғы, адамға ғана тән және тілмен, сөйлеумен байланысты функциясы». «Сана» түсінігін анықтау туралы жоғарыда айтылғандардың бәрін жинақтай отырып, келесіні констатациялауымызға болады:

- сана адамның қоршаған болмыстан өзін бөліп көрсетуге деген қабілетімен сипатталады, көптеген жануарларға бұл қол жеткізбес нәрсе, басқаша айтар болсақ, адам үшін қоршаған әлем объективтік (яғни оған байланысты емес) нақтылық ретінде көріне бастайды, осының нәтижесінде «Мен – Мен емес» түрі бойынша шектеуге деген қабілет пайда болады;

- адам қоршаған болмысты жалпылама бейнелейді және, сөзді пайдалана отырып, осы бейнелеулерді буыннан буынға беруге қабілетті өз білімдерінде бекітеді;

- адамдар өз жүріс-тұрысын, мінез-құлқын бұрынырақ біліп қоюға және жоспарлауға, өмірлік мақсаттар қоюға және оған қол жеткізуге қабілетті;

- біз әлемге құштарлықпен қараймыз, өзіміздің құштарлығымызды эмоцияларда, сезімдерде, уайымдауларда және т.с. көрсетеміз.

Біздің санамыз «Мен Мен емес» жүйесінде қызмет атқаратындықтан, оның орталығында Мен тұрады, осы мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың, алуан түрлі қарым-қатынастың бүкіл жиынтығының бастамашысы ретінде алға шығады. Біздің әрқайсымыз өзіміздің Меніміз не екенін білеміз, бірақ бұған ғылыми анықтама беру де қиын. Егер айтарлықтай қарапайым сөзбен білдіретін болсақ, онда Мен – бұл ішкі жағынан қарастырылып отырған тұлға, адамның өз өзін қоршаған ортадан бөліп алуға және өз іс-әрекеті мен жүріс-тұрысының субъекті (бастамашысы) ретінде көрініс табуға деген қабілеттілігі.

Осылайша, адам болу – демек санаға ие болу, яғни өзін-өзі қоршаған сыртқы әлемнен бөліп көрсете, осы әлемге белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыра, онымен өзара әрекеттесе, оған мақсатты бағытталған өзгерістер енгізе білуге ие болу деген сөз. Егер де сыртқы әлемнің «Мен емесінің» орнына Менді қойса, «Мен – Мен» жүйесі құрылады және біз сана-сезім деп аталатын мүлдем өзге психикалық болмысты аламыз. Басқаша айтар болсақ, санаға ие бола отырып, адам міндетті түрде сана-сезімге, яғни өзін-өзі тануға, өзіне эмоциялық-құндылық тұрғысынан қарауға қабілетке, өзін-өзі бақылауға және өзін-өзі реттеуге қабілетке ие болады.

Тақырып бойынша тапсырмалар

  1. Сана түсінігіне анықтама беріңіз:

    • педагогика аумағында;

    • психология аумағында;

    • философия аумағында.

  1. Жетекші психологияда өзіндік сана-сезімді сана дауының ең жоғары деңгейі деп неге сипаттайды? Мен тұжырымдамасын қалай түсіңесіз?

  2. Өзбеттілік қандай рөл атқарады және қосымша қандай критерийлерді енгізе аласыз:

    • ынталылық;

    • сыншылдық;

    • тұрақты өзін-өзі бағалау.

Өзіндік жұмысты орындауға арналған жұмыстар

  1. Тұлға құрылымының ортасы болып табылатын, К. Юнгтың теориясындағы архетип «Самость», түсініктеріне психологиялық талдау жасаңыз?

  2. Р. Ассоджоли бойынша «Самость» ең жоғарғы, оның түсінігінші, «Ішкі құдай», оны қаалй түсіндіруге болады?