
- •Өзін тану және дамыту
- •Өзін тану және дамыту
- •Тақырып. Өзін танудың адам өміріндегі мағынасы
- •2 Тарау. Өзін-өзі тану адамның өзін-өзі тануының құрылымдық компоненті ретінде
- •§ 2. Сана-сезімнің құрылымы
- •3 Тарау. Өзін-өзі тану үрдіс ретінде: мақсаттары, мотивтері, тәсілдері, нәтижелері
- •§ 1. Үрдіс ретіндегі өзін-өзі танудың жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Өзін-өзі танудың мақсаттары мен мотивтері
- •§ 3. Өзін-өзі тану тәсілдері мен амалдары
- •§ 4. Өзін-өзі тану нәтижелері
- •4 Тарау. Сәйкестендіру мен рефлексия өзін-өзі тану механизмдері ретінде
- •§ 1. Сәйкестендіру
- •§ 2. Рефлексия
- •2 Бөлім. Өзін -өзі дамыту психологиясы
- •1 Тарау. Өзін тану және дамыту дың жалпы сипаттамасы
- •§ 1. Даму туралы түсінік
- •§ 2. Психологиядағы тұлғаның өзін тану және дамыту мәселесін алға тартудың алғышарттары
- •§ 3. Өзін тану және дамыту дың мәнісі және оның негізгі сипаттамалары
- •2 Тарау.
- •§ 1. Адамның ішкі әлемі
- •§ 2. Субъективтік нақтылықты дамыту
- •§ 3. Өзін тану және дамыту және тұлғаның өмірлік жолы
- •3 Тарау. Өзін тану және дамыту үрдіс ретінде
- •§ 3. Өзін-өзі таныту
- •4 Тарау. Өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі болжау өзін тану және дамыту механизмдері ретінде
- •§ 1. Тұлғаның өзін-өзі қабылдауы
- •§ 2. Тұлғаның өзін-өзі болжауы
- •5 Тарау. Өзін тану және дамыту дың кедергілері
- •Бөлім 3. Өзін-өзі тану мен өзін тану және дамытуға педагогикалық жәрдем беру
- •1 Тарау. Онтогенездің әртүрлі сатыларындағы өзін тану
- •§ 1. Мектепке дейінгі жастағы өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту
- •§ 2. Мектеп жасындағы өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту
- •§ 3. Ересек адамның өзін-өзі тануы және өзін тану және дамыту ы
- •§ 4. Өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту дың әдеттегі қиындықтары
- •2 Тарау. Өзін-өзі тану мен өзін тану және дамытуға психологиялық ілесе жүру және педагогикалық қолдау жасау
- •3 Тарау. Тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін тану және дамыту ына бағытталған педагогикалық технологиялар
- •§ 1. К. Роджерстің тұлғалық-бағытталған «технологиясы»
- •§ 2. Жәбірлемеу педагогикасы идеясы негізінде өңделген өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту ды қолдау технологиясы
- •Өзін тану және дамытудың негіздері
- •§ 3. Мектеп оқушысының өзін тану және дамыту технологиясы
- •4 Бөлім. Өзін тану және дамыту үрдістерінде психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету және жәрдемдесу
- •§ 1. Сенімсіздік және оны жеңу жолдары
- •§ 2. Өзіне сенімді балалармен жұмыс істеудің өзгешелігі
- •§ 3. Үрейлі балалармен жұмыс істеу
- •§ 4. Ұйымдаспаған балалармен жұмыс істеу
- •§ 5. Балаларға олардың тұлғасын дамыту барысындағы көмек
- •§ 6. Мектеп оқушыларына кәсіптік өзін-өзі анықтау кезеңдерінде
- •§1. Өзін - өзі тәрбиелеу өзін тану және дамыту амалы ретінде
- •§ 2. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті
- •§3. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру
- •2 Бөлім. Педагогтың өзін-өзі тануы мен өзін тану және дамытуының ерекшеліктері
- •§ 1. Педагогтың кәсіптік сана-сезімінің жалпы сипаттамасы
- •§2. Педагогтың кәсіптік өзін тануының психологиялық ерекшеліктері
- •§3. Педагогтың кәсіптік өзін тану және дамытуының психологиялық ерекшеліктері
- •§4. Өзін тану және дамытудың кедергілері
- •1 Тарау. Өзін-өзі тану бойынша практикум
- •Өзін тану және дамытудың түсіндірмелі сөздік
- •2 Бөлім. Педагогтың өзін тануы және
- •II бөлім. Өзін тану және дамыту бойынша практикум.......184
- •1 Тарау. Өзін-өзі тану бойынша практикум.................................185
§ 2. Мектеп жасындағы өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту
В.И. Слободчиковтың кезеңдеуіне сәйкес, аталған кезең персоналдану кезеңіне жатады. Бірақ оның өзі, сөз жоқ – тұтас дәуір. Бірінші сынып оқушысы мен он бірінші сынып оқушысын қатар қойыңыз – айырмашылық жер мен көктей; бірі - әлі бала, екіншісі – іс жүзінде ересек адам. Біріншісі де, екіншісі де мектеп оқушылары болып табылатындығына қарамастан, олардың дүниетаным деңгейлері, объективтік тұлғалық даму деңгейлері айтарлықтай ерекшеленеді. Дәл осы персоналдану сатысында тұлға болу өнерін игеруде айтарлықтай өзгерістер жүреді, өзінің Менін, өзінің ішкі әлемін жаңадан ашулар жүреді.
Мектепке дейінгі жастың аяғына қарай-ақ балада өзі алып отырған орынға, өзі игерген іс-әрекет түрлеріне, өзінде ересектермен және құрбыларымен қалыптасып отырған қатынастарға деген қанағаттанбау сезімі пайда болады. Жаңа, ересектеу орын алуға деген ұмтылыс пайда болады, «мектеп оқушысы юолу» ішкі ұстанымы қалыптасады. Жеті жас дағдарысы осылай пайда болады, бұл дағдарыс баланың мектепке бару сәтінен бастап (жаңа мәртебе алуынан бастап) шешімін табады.
Төменгі мектеп жасында баланың әлеуметтік байланыстары ғана кеңейіп қоймайды, оған ересектер мен құрбылары тарапынан қатынас өзгереді, жаңа іс-әрекет, бала үшін жетекші болатын іс-әрекет – оқу пайда болады. Оқу өзін-өзі тануға арналған мүмкіндіктерді айтарлықтай кеңейтеді. Пәндерді оқи отырып, бавла өзінің танымдық қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, басқа мектеп оқушыларымен, қоғамдағы ересек адам ретіндегі мұғаліммен жаңа қатынастарға түседі. Басқалардың бағалауларына арқа сүйей отырып, ол өзін, өз қабілеттерін және мүмкіндіктерін бағалауға, тек қана оқудағы іс-әрекетіндегі ғана емес, өмірдің басқа салаларындағы да іс-әрекетіндегі жетістіктері мен сәтсіздіктеріне қатысты өз уайымдауларын талдауға; мұғалімдермен, ата-аналарымен, құрбыларымен әрекеттестіктерін бағалауға үйренеді. Төменгі мектеп жасының аяғына қарай, іс-әрекет пен жүріс-тұрыстың еркіндігімен қатар, индивидтің өзін-өзі тануын қамтамасыз ететін екінші механизм болып табылатын рефлексия пайда болады.
Осылайша, балада мектепке дейінгі жаста пайда болатын идентификацияға рефлексияға деген қабілет келіп қосылады, бұл қабілет өзін-өзі тану үшін мүмкіндіктерді айтарлықтай кеңейтеді және жасөспірім жаста өзін, өзінің ішкі әлемін жаңадан ашуға тірек дайындайды. Өзін-өзі бағалау мүмкіндігі кеңейе түседі, бастапқы Мен бейнесі құралады. Бұрынғыдан мақсатты бағытталған өзін-өзі реттеу үшін мүмкіндік пайда болады, оқуда, қатынаста, бос уақытты өткізуде жаңа бастамаларды көрсетуге (немесе тежеуге) өзінің басымдықтары, қызығушылықтары қалыптасады және ұғынылады, яғни өзін тану және дамыту және оның түрі ретінде өзін-өзі бекіту үшін қосымша мүмкіндіктер пайда болады.
Өзін жаңадан ашу жасөспірім жаста ең күшті дағдарыстардың бірін – жасөспірім шақ дағдарысын жеңіп шығудың нәтижесінде жүреді. Жыныстық жетілудің (ересек болудың объективтік белгісі), балалық нормалардан ересек нормаларға бағыт алудың, орталық жаңадан түзілім ретіндегі ересектік сезімінің (ересек болуға және болып көрінуге ұмтылыс) пайда болуының әсерімен ішкі әлемді ашу жүреді. Осыған орай өзіне, өзінің ішкі қасиеттеріне және сыртқы келбетіне, қоршаған адамдармен қарым-қатынастарға деген қызығушылық артады. Құрбыларымен қарым-қатынас жасау алдыңғы қатарға жылжиды және объективті түрде жетекші іс-әрекет бола бастайды. «Мен кіммін?». «Мен қандаймын?», «Басқалардан неммен ерекшеленемін?» - жасөспірімдер өздеріне үнемі қоятын және оларға жауап беруге тырысатын сұрақтардың бір бөлігі осындай. Дәл сол кезде, көптеген психологтардың атап өтуінше, қазіргі уақытпен байланысты өзін тану көбіне-көп жекелеген қасиеттер мен сапаларды танумен және практикалық тексерумен шектеледі.
Өзі туралы тұтас түсінік, қандай да бір аяқталған Мен-концепциясы біршама кейінірек қалыптасады.
Қолайлы жағдайлар кезінде дәл осы жаста, өзінің Менін жаңа деңгейде аша отырып, жасөспірім алғаш рет тек тіршілік әрекетінің ғана емес, өзін тану және дамыту дың да субъектісі, өз өмірбаянының авторы және жасаушысы бола бастайды. Бұл ашқан жаңалығын ол, өзін-өзі бекітудің алуан түрлерін, бұл ретте әрқашан әлеуметтік жарамды түрлерін ғана емес қолдана отырып, тексеруге, «экспериментпен» растауға тырысады, әрі осы үшін ол тәуекелге барады. Қазіргі психологияда өзінің Менін бекіту үшін жасөспірімдер өздерін қиятын тәуекелдің түрлері айтарлықтай егжей-тегжейлі суреттелген. Отандық психолог Б.М.Мастеров ұсынған тәуекел түрлерінің жіктемесін келтірейік:
физикалық тәуекел – жасөспірімдердің: екінші қабаттан секіріп түсу, кең өзеннен жүзіп өту, түнде орманды кесіп өту және т.с., яғни ересек адамдардың шашын мүлдем тік тұрғызатын (мұны не үшін жасайды? Жөн-жосықсық тәуекелге барудың қажеті қанша?) «ерліктері» баршамызға жақсы мәлім. Жасөспірім үшін өзінің Менінің нақтылығын сезіну сезімін беретін физикалық тәуекелдің мәні: «Егер мен өле алсам, демек, Мен бармын», әбден түсіндіруге келеді;
әлеуметтік тәуекел – топтық құндылықтарды басшылыққа алу немесе оларды қабылдамау (әрбір нақтылы жағдайда) жасөспірімді ересектер тарапынан да, құрбылары тарапынан да бағалаудың критерийі болып табылады, бұл осы сыртқы бағалауды өзін-өзі бағалауға айналдырады; түр тармақтары – сәйкессіздік тәуекелі және таңдау тәуекелі. Топтық құндылықтарды өзінің идеалды Менінің құрамдас бөлігі және өзін-өзі бағалау критерийі ретінде қабылдай отырып, жасөспірім оларға сәйкес келмейтін болып шығуға тәуекел етеді. Сәйкессіздік тәуекелі жағдайының «ішкі» салдарлары болып сана-сезімді белсенді ету және өзінің менін осы құндылықтарға сәйкестікке «келтіру» жөніндегі жұмыс, өзін-өзі бағалауды төмендету немесе арттыру табылады. Сәйкестіктің немесе сәйкессіздіктің «ішкі» салдарлары топтағы мәртебесінің нығаюы, артуы немесе төмендеуі (топтан ығыстырылып шығарылуға дейін) болады. Таңдау тәуекелі жасөспірімнің кей кездері әртүрлі құндылықтар арасынан таңдау жасауды жүзеге асыруы тиіс болатын жағдайларға түсетіндігінен тұрады. Осындай таңдауды жасай отырып, жасөспірім тұлғалық әрекет жасайды, бұл әрекеттің зардаптары, нәтижелері әлде оның өзіне деген сенімділігін нығайтуы, әлде дұрыс жасалмаған таңдауды жан азабымен уайымдауды тудыруы мүмкін;
өзін-өзі ашу тәуекелі – көп жағдайда жасөспірімдерден: «Олар мені түсінбейді» дегенді естуге болады. Әсіресе бұл айтылған сөздердің мұғалімдерге, ата-аналарға, кей кездері құрбыларына да қатысы бар. Егер де жауап ретінде одан: «Ал өзіңді түсінулері үшін не істедің?» деп сұраса, кей кездері үнсіздік орнай қалады. «Басқаның алдында өзін-өзі ашу» деген тәуекелге бару, сені күлкіге айналдыратын болады деген қауіптің алдында тұру дегенді білдіреді; ашылмау – дұрыс түсінілмеу немесе мүлдем түсінілмеу деген екінші қауіп. Жасөспірім жаста тереңде жатқан «Мен», жақсы болсын, жаман болсын, басқалардан өзгеше, сөзсіз «өзінікі» ретінде, құндылық ретінде қабылданады. Басқалар үшін ашық немесе жабық боласың ба, әлде біреулер үшін ішінара ашық, ал біреулер үшін ішінара жабық боласың ба – ерте ме, кеш пе, осыны әр адамға шешуге және жасауға тура келеді. Мұнда, өзіміздің есімізде қалғанындай, өзін-өзі тану актісінің ақырғы сатыларының бірі болып табылатын өзін-өзі қабылдаудың дәрежесіне, сипатына және ерекшеліктеріне байланысты болады. Өзіңді қабылда – ақылға сыйымды етіп өзіңді ашу тәуекеліне бару жеңілірек болады. Толығымен өзін-өзі ашу, сірә, мүмкін емес, адам өзі үшін оның жанының мәнін, оның дербестігін көрсететін өз «құпиясын» қалдыруға тиіс.
Осылайша, тұлғалық тәуекел даму мен өзін тану және дамыту дың қажетті шарттарының бірі болып табылады. Тәуекел жағдайында болып, жасөспірім өзіне тұлғаның өзін-өзі құру процестерінде қажетті тікелей тәжірибе үшін «материалды» қамтамасыз етеді. Онымен қоймай, тәуекел жағдайы өзін-өзі танудың мектеп оқушысына өз тұлғасын мақсатты бағыттай отырып құруға, өз әрекеттері, жалпы алғанда өз өмірі үшін жауапкершілікті өзіне ала білумен бірге шын мәніндегі дербестік және автономия қасиеттерін алуға мүмкіндік беретін рефлекстік процестерін белсенді етеді.
Жасөспірім жаста басталған өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту процестері ерте жастық кезеңінде бекітіледі, тұрақтанады, жаңа вектор алады. Жастық – персоналданудың аяқтаушы сатысы. Осы жастың аса маңызды жаңа түзілімдері болып: дамып отырған дүниетаным, өзі немесе Мен-концепциясы туралы тұтас түсінік құру, өмірлік жоспарларды қалыптастыру, тұлғалық және кәсіптік өзін-өзі анықтау процестерін алға жылжыту табылады.
Егер жасөспірім кезеңде тек қана өзін жаңа қырынан ашу, өз мінезінің жекелеген ерекшеліктері мен қасиеттерін тану, олардың бар екендігіне көз жеткізу үшін олармен эксперимент жүрсе, онда ерте жастық кезеңінде осының нәтижесінде өз тұлғасының, өзінің ішкі әлемінің өз өзіне ұқсастығы, тұтастығы және бірегейлігі сезімі туындайтын біріктіруші процесс жүреді. Ал болашаққа бағыт-бағдар алу қазіргіні қайтадан ой елегінен өткізуге алып келеді және өзін тану және дамыту дың басты векторын анықтайды: «Менің неге қол жеткізгім келеді?», «Қандай кәсіпті таңдап аламын», «Бұл үшін мен қандай мүмкіндіктерге және тұлғалық таланттарға иемін». Нәтижесінде өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту дың барлық механизмдері іске қосылған болып шығады.
Өзін тану және дамыту тек өзін-өзі бекіту тұрғысынан ғана емес, одан да жиірек, болашақтың әсерімен қазіргі қайтадан ой елегінен өткізілетін және өзін-өзі жетілдіру бойынша мақсаттар қойылатын өзін-өзі жетілдіру тұрғысынан да жүзеге асырылады. Бұл мақсаттарға қол жеткізу қарқындылығы бойынша әртүрлі өздігіне ұқсастық, өздігіне сәйкестік және өзін-өзі құрметтеу сезімдерін тудырады. Шындығында, мұнда да «өндіріс» шығындары бар – ерте жастық кезеңі үшін романтизмнен және болашақты идеалдандырудан көрініс таба отырып, өзінің болашағын да, өзінің тұлғасын да адекватты емес болжауға алып келетін жастық максимализм, шамадан тыс талаптанулар мен өзін-өзі бағалаулар тән. Дәл сол кезде бұл өзін-өзі ұқсастырудың бұзылуын, өзін-өзі құрметтеу деңгейінің төмендеуін сипаттайтын пессимизмге, болашаққа және өз өзіне сенбеуге қарағанда жақсырақ
Тақырып бойынша тапсырмалар
Жеті жастағы дағдарыс қалай пайда болады және одан шығудың психологиялық-педагогикалық жолдары қандай? Оның мазмұнын ашып көрсетіңіз?
Төменгі мектеп жасындағы балалардың іс-әркетіндегі жетістіктері мен сәтсіздіктеріне қатысты сезімдеріне көңіл бөліудің маңыздылығы туралы өз көзқарасыңызды танытыңыз? Мысал келтіріп дәлелдеңіз.
Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тасырмалар
Жасөспірім жастағы дағдарыста өзін-өзі тану арқылы және оны жеңіп шығудың жолдары қандай?
Өзін жаңадан ашу, өзін-өзі тану жасөспірім шақтағы пубертантты кезеңде қалай жүзеге асады?
Жасөспірім шақта орын алатын өзін-өзі ашу тәуекелін өз өміріңізде байқап көрдіңіз бе? Мысал келтіріңіз?