
- •Өзін тану және дамыту
- •Өзін тану және дамыту
- •Тақырып. Өзін танудың адам өміріндегі мағынасы
- •2 Тарау. Өзін-өзі тану адамның өзін-өзі тануының құрылымдық компоненті ретінде
- •§ 2. Сана-сезімнің құрылымы
- •3 Тарау. Өзін-өзі тану үрдіс ретінде: мақсаттары, мотивтері, тәсілдері, нәтижелері
- •§ 1. Үрдіс ретіндегі өзін-өзі танудың жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Өзін-өзі танудың мақсаттары мен мотивтері
- •§ 3. Өзін-өзі тану тәсілдері мен амалдары
- •§ 4. Өзін-өзі тану нәтижелері
- •4 Тарау. Сәйкестендіру мен рефлексия өзін-өзі тану механизмдері ретінде
- •§ 1. Сәйкестендіру
- •§ 2. Рефлексия
- •2 Бөлім. Өзін -өзі дамыту психологиясы
- •1 Тарау. Өзін тану және дамыту дың жалпы сипаттамасы
- •§ 1. Даму туралы түсінік
- •§ 2. Психологиядағы тұлғаның өзін тану және дамыту мәселесін алға тартудың алғышарттары
- •§ 3. Өзін тану және дамыту дың мәнісі және оның негізгі сипаттамалары
- •2 Тарау.
- •§ 1. Адамның ішкі әлемі
- •§ 2. Субъективтік нақтылықты дамыту
- •§ 3. Өзін тану және дамыту және тұлғаның өмірлік жолы
- •3 Тарау. Өзін тану және дамыту үрдіс ретінде
- •§ 3. Өзін-өзі таныту
- •4 Тарау. Өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі болжау өзін тану және дамыту механизмдері ретінде
- •§ 1. Тұлғаның өзін-өзі қабылдауы
- •§ 2. Тұлғаның өзін-өзі болжауы
- •5 Тарау. Өзін тану және дамыту дың кедергілері
- •Бөлім 3. Өзін-өзі тану мен өзін тану және дамытуға педагогикалық жәрдем беру
- •1 Тарау. Онтогенездің әртүрлі сатыларындағы өзін тану
- •§ 1. Мектепке дейінгі жастағы өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту
- •§ 2. Мектеп жасындағы өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту
- •§ 3. Ересек адамның өзін-өзі тануы және өзін тану және дамыту ы
- •§ 4. Өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту дың әдеттегі қиындықтары
- •2 Тарау. Өзін-өзі тану мен өзін тану және дамытуға психологиялық ілесе жүру және педагогикалық қолдау жасау
- •3 Тарау. Тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін тану және дамыту ына бағытталған педагогикалық технологиялар
- •§ 1. К. Роджерстің тұлғалық-бағытталған «технологиясы»
- •§ 2. Жәбірлемеу педагогикасы идеясы негізінде өңделген өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту ды қолдау технологиясы
- •Өзін тану және дамытудың негіздері
- •§ 3. Мектеп оқушысының өзін тану және дамыту технологиясы
- •4 Бөлім. Өзін тану және дамыту үрдістерінде психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету және жәрдемдесу
- •§ 1. Сенімсіздік және оны жеңу жолдары
- •§ 2. Өзіне сенімді балалармен жұмыс істеудің өзгешелігі
- •§ 3. Үрейлі балалармен жұмыс істеу
- •§ 4. Ұйымдаспаған балалармен жұмыс істеу
- •§ 5. Балаларға олардың тұлғасын дамыту барысындағы көмек
- •§ 6. Мектеп оқушыларына кәсіптік өзін-өзі анықтау кезеңдерінде
- •§1. Өзін - өзі тәрбиелеу өзін тану және дамыту амалы ретінде
- •§ 2. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті
- •§3. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру
- •2 Бөлім. Педагогтың өзін-өзі тануы мен өзін тану және дамытуының ерекшеліктері
- •§ 1. Педагогтың кәсіптік сана-сезімінің жалпы сипаттамасы
- •§2. Педагогтың кәсіптік өзін тануының психологиялық ерекшеліктері
- •§3. Педагогтың кәсіптік өзін тану және дамытуының психологиялық ерекшеліктері
- •§4. Өзін тану және дамытудың кедергілері
- •1 Тарау. Өзін-өзі тану бойынша практикум
- •Өзін тану және дамытудың түсіндірмелі сөздік
- •2 Бөлім. Педагогтың өзін тануы және
- •II бөлім. Өзін тану және дамыту бойынша практикум.......184
- •1 Тарау. Өзін-өзі тану бойынша практикум.................................185
4 Тарау. Өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі болжау өзін тану және дамыту механизмдері ретінде
Біз өзін-өзі тану механизмдері туралы сөз қозғағанда, сәйкестендірудің өзіңдегі бір нәрсемен ұқсастыруға мүмкіндік беретіндігін, ал рефлексияның – бойды аулақ ұстап, өзіңе сырттай бақылағандай болуға мүмкіндік беретіндігін атап көрсеткен болатынбыз. Ал енді өзін тану және дамыту механизмдерін талдаған жағдайда олар өзіне әртүрлі уақыт кеңістіктерінде қарау қағидаі бойынша бөліп көрсетілген, бұл ретте өзін-өзі болжау адамның өзін және өзінің жекелеген жеке бас қасиеттерін өзіндік қабылдау дәрежесіне, деңгейіне және өзіндік келбетіне тәуелді болып келеді.
Сондықтан 1 тарауда айтқанымызды тағы бір қайталап шығайық: өзін-өзі қабылдау бір мезгілде өзін-өзі тану актісі де, өзін тану және дамыту актісі де болып табылады. Егер өзін-өзі тану актілерінде өзін-өзі қабылдау сана-сезім жұмысының қорытындылаушы буындарының бірі болып табылса, онда бұдан әрі дамумен байланысты келетін, тұлғаның өзін-өзі құру актілерінде ол өзін-өзі реттеу жөніндегі барлық одан кейінгі жұмысты іске қосатын, тұлғаның өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі таныту тенденцияларын анықтайтын бастапқы буын ретінде көрініс табады.
§ 1. Тұлғаның өзін-өзі қабылдауы
Өзін-өзі қабылдау мәселесі туралы біз 1 тарауда айтарлықтай көп нәрсе айттық, бұл жерде тек айтылғанды еске салып, өзін тану және дамыту механизмі ретіндегі өзін-өзі қабылдау туралы біздің түсініктерімізді кеңейтетін кейбір жаңа түсініктерді енгіземіз.
Өзін-өзі қабылдау – бұл жалпы алғанда тұлға секілді, өз тұлғасының барлық аспекттерінің тіршілік етуге құқығын танып, мойындау. Күшті жақтар секілді, әлсіз жақтар да, оңды жақтар секілді, теріс жақтар да – осылардың барлығы да, осы әлсіз жақтар, теріс ерекшеліктер бізде қандай теріс эмоциялар мен уайымдаулар тудырғанымен де, тіршілік етуге, қызмет атқаруға тең құқыққа ие.
Психологияда мынандай факт баяғыдан белгілі және дәлелденген: адам өзін, өз қасиеттерін (тіптен негативті эмоциялар тудыратындарын да) неғұрлым көбірек шамада қабылдауға қабілетті болса, олд соғұрлым көбірек шамада гармониялы тұлға болып табылады және алға жылжитын өзін алға жылжытатын өзін тану және дамыту ға көбірек дәрежеде қабілетті.
Алайда мәселе адамның өзінің бойындағы бір нәрсені қабылдамайтындығында емес, өз кезегінде қалыптасқан жағдайға байланысты болып келетін, тиісті қабілеттерге ие болмай, осыны жасай алмайтындығынан, қабылданбаған нәрсенің, психология заңдары бойынша, санасыздық облысына, Көлеңке жағына кететіндіктен және табыла алмайтындықтан, өзінің бойындағы көп нәрсені таба алмайтындығынан тұрады. Басқа жағдайларда адамдар өз бойында қандай да бір ерекшеліктерді, сипаттамаларды ашуға қабілетті, алайда олар адамда оңды эмоциялар тудырмайды, осыған орай оларға «соғыс» жарияланады, күрестің, өзінің бойынан машақат келтіретіндерді және өте қанағаттанбаушылық тудыратындарды жоюдың стратегиясы жасап шығарылады.
Өзін тану және дамыту механизмі ретіндегі қарастырылып отырған өзін-өзі қабылдау мәселесінің контекстінде ерекше өзектілікке мәселелердің келесі топтары ие бола бастайды.
Біріншіден, мынаны анықтап алған маңызды: адам өз бойынан нені сөзсіз қабылдайды, таниды, мойындайды және неге оңды қарайды; өзінің бойынан нені негативті, теріс уайымдаулар тудыратындай етіп ұғынады (қандай да бір қасиеттер немесе сапалар қабылданбайды да, оларды жою бойынша күрес басталып кетеді); өзінің бойынан не нәрсені мұның қабылдауға болмайтындай болып, санасыздыққа ығыстырылғандықтан, сондықтан қабылдана алмайтындығына орай ұғына алмайды.
Екіншіден, «нашар» қондырғысының қызмет етуіне орай толық қабылдамау ретінде, адамда өз өзін теріс бағалау қалыптасатын жағдайлар ерекше талқылауға лайық болып келеді. Өз өзіне және басқаларға әртүрлі қараудың осы жағдайларын Э.Берн (американдық ғалым) суреттеп берген, ол индивидтің: «Мен жақсымын, Сен - жамансың», «Мен жақсымын – Сен жақсысың», «Мен жаманмын – сен жақсысың», «Мен жаманмын – сен жамансың» секілді әртүрлі өмірлік позицияларын бөліп көрсетеді. Соңғы екі жағдайда «Мен нашармын» деген қондырғы басым болып келеді. Алайда соңғы жағдайда ол әлемге деген мүлдем теріс көзқарасты көрсетеді: «Барлығы нашар адамдар, оның ішінде мен де жаманмын». Бұл позиция - өзін-өзі төмендету жәнебір мезгілде оңды қасиетке ие ретінде қабылданатындардың және бағаланатындардың барлығына деген қызғаныш.
Осындай өзін-өзі қабылдамау әлде өзіне өзі қол жұмсауға дейінгі де шаттықсыз және пессимистік ойларға алып келеді, әлде, керісінше, оны тұлға өзі үшін белгілі бір материалдық игіліктер мен басымдықтарға ие болу үшін «толықтай шамада» пайдаланып қалады (яғни, басқалармен манипуляция жасаудың элементарлы процесі жүзеге асырылады).
Үшіншіден, неліктен тұлғаның дәл бір қасиеттерін және ерекшеліктерін адамдар әртүрлі қабылдайды немесе қабылдамайды? деген сұрақ түпкілікті маңызға ие бола бастайды.
Мысал. Бір адам мейірімділік – оның күшті жағы және ол мұны толығымен қабылдаймын деп есептейді. Екінші біреу, керісінше, мейірімділікті теріс сипаттамасы деп есептеп, одан арылуға ниет етеді. Істің мәнісі – тұлғаның әу бастағы әртүрлі мақсаттарында және оның басқа адамдармен өзара әрекеттесуінің әртүрлі иәжірибесінде. Егер ол риясыз қабылданса, яғни қоршаған адамдар тарапынан «сыйлық алуға» деген мақсат болмаса, мейірімділік, сөз жоқ, оңды қасиет ретінде қабылданатын болады, мақтаныш аясы болып табылады. Мейірімділік үшін сыйлық күтілетін (жауап қайырымдылығы немесе мейірімділігі түрінде болса да) болса, бірақ индивид оны алмаса, өзінің қайырымдылығы және мейірімділігі осыдан арылу жақсырақ болатын нәрсе ретінде бағаланатын және қабылданатын болады. Ал мейірімділікпен, жақсылықпен күресі қажет пе? Көптеген адамдар бұл ақылға сыймайтын нәрсе деп жауап қайыратын шығар? Бірақ адамдар мұнымен күреседі ғой!
Өзін тану және дамыту ға өзін-өзі қабылдау механизмінің қалай жұмыс істейтіндігін біз басқа механизмді - өзін-өзі болжауды сипаттап шығып білетін боламыз.
Адамның іргелі қабілеттерінің бірі болып болжауға деген қабілеттілік табылады. Шынында да, адамдарға күн сайын және сағат сайын алдын ала білуге, яғни оқиғалардың өрбуін болжауға, нәтижелерді дөп басып айтуға тура келеді, мұнсыз өмірді, іс-әрекетті және осымен байланыстының бәрін жоспарлау мүмкін болмас еді. Болжау деп психологияда әдетте болашақты жорамалдау, алдын ала білу, күн ілгері болжау түсініледі. Мұндай болжау әрқашан да ықтималдық сипатқа ие болып келеді. Бұл түсінікті де – қандай да бір оқиғаны дәл және біржақты алдын ала білу немесе жорамалдау аса күрделі және проблемалы болып келеді.
Көбіне көп адамдар қандай да оқиғалардың дамуын, басқа адамдардың жүріс-тұрысын болжайды: мысалы, педагог осылар балалардың білімдарлық және тәрбиелілік деңгейі түрінде көрініс табатын, өз еңбегінің нәтижелерін міндетті түрде болжайды. Тұлға өзін жүзеге асырылатын болжаудың ортасына қойғанда, тек өзінің іс-әрекетінің нәтижесін ғана емес, өзін де жаңа және жаңартылған қасиетте күні бұрын көрген кезде, біз өзін-өзі болжаумен –сыртқы және ішкі өмірдің алдағы іс-әрекеттің және өзін тану және дамыту дың міндеттерін шешумен байланысты оқиғаларын күн ілгері білу қабілетімен істес боламыз. Өзін-өзі танумен үйлесе отырып, өзін-өзі болжау тұлғалық дамудың келешектерін анықтауға, тұлға жақын немесе алыстағылау уақытта осыларға ұмтылатын болатын және осыларға бағыт-бағдар алатын талаптар жүйесін, сол идеалды Мен бейнесін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Тұлғаның өзін тану және дамыту механизмі ретіндегі өзін-өзі болжаудың кейбір сипаттамаларына көңіл аударайық. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
Өзін-өзі болжаулардың мазмұны мен бағытталғандығы үш позициядан қарастырылуы мүмкін:
1) өмірлік жолдың белгілі бір оқиғаларына (ішкі өмірдің, ортаның әрекеттері, оқиғалары);
2) өзін-өзі болжау бағыттылығы аладын ала болатын дүниенің, оқиғалардың ішінен өзінің жүріс -тұрысын, ішкі өмірінде болып жатқан дүние ретінде көрініс тауып, қызық қозғалыстың ішінде өзін сол мзетте көріп машықтанып отырады.
3) өзіндік болжау арқылы өмірлік жолдың әр кезеңдеріндегі оқиғаларда өзін көрсетумен қатар, іс әркетімен тұлғалық қасиеттері қалыптасады. Келешекте аладын ала болжау арқылы оның даму жолын және жүзеге асырылуын анық көре алады, сонымен қатар өзі туралы ой туындайды. Өзін танудың мазмұнына орай: бейнелі және таңымдық компоненттеп екіге бөледі: адам өзінің бейнесін көз алдына алдын ала елестету арқылы, өзін болашақта болжап көре алады және өзінің өмірбаяны картасы болады.
Тақырып бойынша тапсырмалар
Өзін-өзі қабылдау түсінігіне өз анықтамаңызды білдіріңіз?
Өзін-өзі болжау түсінгінеанықтамалар беріңіз?
Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар
1. Өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі болжау мысалында өзін тану және дамыту ың негізгі механизмдері қызмет етеді.