
- •Өзін тану және дамыту
- •Өзін тану және дамыту
- •Тақырып. Өзін танудың адам өміріндегі мағынасы
- •2 Тарау. Өзін-өзі тану адамның өзін-өзі тануының құрылымдық компоненті ретінде
- •§ 2. Сана-сезімнің құрылымы
- •3 Тарау. Өзін-өзі тану үрдіс ретінде: мақсаттары, мотивтері, тәсілдері, нәтижелері
- •§ 1. Үрдіс ретіндегі өзін-өзі танудың жалпы сипаттамасы
- •§ 2. Өзін-өзі танудың мақсаттары мен мотивтері
- •§ 3. Өзін-өзі тану тәсілдері мен амалдары
- •§ 4. Өзін-өзі тану нәтижелері
- •4 Тарау. Сәйкестендіру мен рефлексия өзін-өзі тану механизмдері ретінде
- •§ 1. Сәйкестендіру
- •§ 2. Рефлексия
- •2 Бөлім. Өзін -өзі дамыту психологиясы
- •1 Тарау. Өзін тану және дамыту дың жалпы сипаттамасы
- •§ 1. Даму туралы түсінік
- •§ 2. Психологиядағы тұлғаның өзін тану және дамыту мәселесін алға тартудың алғышарттары
- •§ 3. Өзін тану және дамыту дың мәнісі және оның негізгі сипаттамалары
- •2 Тарау.
- •§ 1. Адамның ішкі әлемі
- •§ 2. Субъективтік нақтылықты дамыту
- •§ 3. Өзін тану және дамыту және тұлғаның өмірлік жолы
- •3 Тарау. Өзін тану және дамыту үрдіс ретінде
- •§ 3. Өзін-өзі таныту
- •4 Тарау. Өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі болжау өзін тану және дамыту механизмдері ретінде
- •§ 1. Тұлғаның өзін-өзі қабылдауы
- •§ 2. Тұлғаның өзін-өзі болжауы
- •5 Тарау. Өзін тану және дамыту дың кедергілері
- •Бөлім 3. Өзін-өзі тану мен өзін тану және дамытуға педагогикалық жәрдем беру
- •1 Тарау. Онтогенездің әртүрлі сатыларындағы өзін тану
- •§ 1. Мектепке дейінгі жастағы өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту
- •§ 2. Мектеп жасындағы өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту
- •§ 3. Ересек адамның өзін-өзі тануы және өзін тану және дамыту ы
- •§ 4. Өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту дың әдеттегі қиындықтары
- •2 Тарау. Өзін-өзі тану мен өзін тану және дамытуға психологиялық ілесе жүру және педагогикалық қолдау жасау
- •3 Тарау. Тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін тану және дамыту ына бағытталған педагогикалық технологиялар
- •§ 1. К. Роджерстің тұлғалық-бағытталған «технологиясы»
- •§ 2. Жәбірлемеу педагогикасы идеясы негізінде өңделген өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту ды қолдау технологиясы
- •Өзін тану және дамытудың негіздері
- •§ 3. Мектеп оқушысының өзін тану және дамыту технологиясы
- •4 Бөлім. Өзін тану және дамыту үрдістерінде психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету және жәрдемдесу
- •§ 1. Сенімсіздік және оны жеңу жолдары
- •§ 2. Өзіне сенімді балалармен жұмыс істеудің өзгешелігі
- •§ 3. Үрейлі балалармен жұмыс істеу
- •§ 4. Ұйымдаспаған балалармен жұмыс істеу
- •§ 5. Балаларға олардың тұлғасын дамыту барысындағы көмек
- •§ 6. Мектеп оқушыларына кәсіптік өзін-өзі анықтау кезеңдерінде
- •§1. Өзін - өзі тәрбиелеу өзін тану және дамыту амалы ретінде
- •§ 2. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті
- •§3. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру
- •2 Бөлім. Педагогтың өзін-өзі тануы мен өзін тану және дамытуының ерекшеліктері
- •§ 1. Педагогтың кәсіптік сана-сезімінің жалпы сипаттамасы
- •§2. Педагогтың кәсіптік өзін тануының психологиялық ерекшеліктері
- •§3. Педагогтың кәсіптік өзін тану және дамытуының психологиялық ерекшеліктері
- •§4. Өзін тану және дамытудың кедергілері
- •1 Тарау. Өзін-өзі тану бойынша практикум
- •Өзін тану және дамытудың түсіндірмелі сөздік
- •2 Бөлім. Педагогтың өзін тануы және
- •II бөлім. Өзін тану және дамыту бойынша практикум.......184
- •1 Тарау. Өзін-өзі тану бойынша практикум.................................185
§ 2. Психологиядағы тұлғаның өзін тану және дамыту мәселесін алға тартудың алғышарттары
Отандық психолог Г.А. Цукерманның айтуы бойынша, «өзін тану және дамыту мәселесі бөтелкеден шығарылып жіберілген джин секілді (дана қожайыны басқара алмайтын, дәл осындай босатылған джин секілді) қазіргі педагогикалық санаға бар екпінімен кіріп,ойлардың (дербестіктің жалпыға бірдейден басымдығын жариялайтын идеялардың) жаңа әміршілері үшін сарайлар тұрғыза және бұрынғы әміршілердің (дербес сананы қоғамдық санадан шығаратын идеялардың) сарайларын бұза бастады...». Сірә, бұл үшін белгілі бір алғышарттар пісіп-жетілген болса керек. Ескі идеяларда тұлғаның қалыптасуы мен дамуы туралы түсініктер құру үшін, объективтік үрдіс ретінде дамуды түсіну жеткіліксіз болып шықты. Тіптен белгілі отандық психолог С.Л.Рубинштейннің – «сыртқы себептер ішкі жағдайлар арқылы әрекет жасайды» деген формуласын ескере отырып та, оқыту мен тәрбиелеу процесін жүзеге асыру мүмкін емес болып шықты. Міне, дәл сондықтан өзін тану және дамыту идеясы тек кәсіпқой-психологтар мен педагогтар арасында ғана емес, кәдімгі адамдардың арасында да соншама танымал болып отыр. Соңғы он жылдықта психологияға және өз тұлғасына деген қызығушылықтың арта түскені құпия емес.
Бұған себептер айтарлықтай көп. Осыларды өзін тану және дамыту проблемасының алғышарттары ретінде белгілеп алып, тек кейбіреуіне ғана тоқталайық (біз отандық ғылым туралы сөз қозғайтын боламыз).
Психологияға деген қызығушылықтың арта түсуіне біздің қоғамымызда орын алған оң өзгерістер ықпал етті. Тоталитаризм дәуірі келмеске кетті. Шынайы демократияның ауылы әлі де алыс, бірақ солай болғанымен де, оған қарай қозғалу тенденциясы айтарлықтай анық белгіленген: адамдар өздерінің жоспарларын, мақсаттарын, ниеттерін анықтауда өздерін еркінірек сезіне бастады, интуитивтік тұрғыда өздерін өз тіршілік әрекетінің субъекттері ретінде түсінуге жақындады.
Адам туралы ғылымның өзінде субъективтік тұрғы маңыздырақ орын ала бастады. Соңғы уақытта тұлға психологиясы мен оның қалыптасуының әртүрлі аспекттері бойынша талай қызықты жарияланымдар пайда болды, бұларда дәл осы субьективтілік мәселесі қақ ортаға қойылуда. Тұлғаны психикалық процестердің, қасиеттердің және сапалардың бытыраңқы жүйесі ретінде зерттеу біртіндеп артта қалуда.
Психологтарды, педагогтарды, философтарды: Адам өзін қалай құрады? Ол өзінің белсенділігін қалай ұйымдастырады? Өмірлік мақсаттарды таңдап алуға не себепші болады? Қазіргі адам қандай құндылықтарды көздейді? Қандай себептердің нәтижесінде өзін-өзі оңды дамыту процесі бұзылады? Толыққанды өмір мен іс-әрекеттің орнына наркоманияны, алкогольді ұната отырып, тұлға неліктен өзінің сәйкестігін жоғалтады? деген және өзге де көптеген мәселелер көбірек қызықтыруда. Бірақ өзіміз осыдан бастаған оңды нотаға оралайық. Мажорлы нота айтарлықтай оптимистік түрде естілуде және сенім мен үміт отын ұялатуда: «Адам өз өмір тіршілігінің, өз тағдыры мен өз биографиясының авторы, субъекті болып табылады». Осы фактіні ұғыну психологияда төңкеріс жасады, бірқатар бірегей зерттеулерді туындатты, практикаға тікелей шығатын жол тапты. Дәл сол кезде ештеме де тақыр жерде пайда болмайды. Біздің белгілі психологтарымыз жаңа көзқарастар үшін баяғыдан бері негіз дайындап келген болатын. Субъективтілік идеяларын С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев тілге тиек етті.
Осы идея үшін негіздемелер қарапайым: егер адам белсенділік танытса, ол мұның бастамашысы болып табылады, өзінің өмірлік мақсаттарын, жоспарларын анықтаудағы басымдылық оған тиесілі, ол таңдау еркіндігіне ие. Л.С.Выготскийдің өзі-ақ 1926 жылы жазылған педагогикалық психологиясында адамды тәрбиелеуге болмайтынын, оның өзін-өзі тәрбиелейтіндігін, ал қоршаған адамдардың адамға өз тұлғасын құру үшін қажет болып қалуы ықтимал материал ғана болып табылатындығын жазған болатын.
Гуманистік психология идеяларын қоғамдық санаға, психологияға және педагогикаға енгізу үлкен рөль ойнап шықты. Гуманист-психологтарға сәйкес (Г. Олпорт, А. Маслоу, К. Роджерс және т.б.), адам өзінің өмірлік жолын өз бетінше құруға, өзінің жоғары рухани дамуында алға жылжуға қабілетті тұтас және бірегей тұлға болып келеді. Гуманистік идея адамға, оның жоғарғы реттік құндылықтарды құруға және жүзеге асыруға деген потенциалды және өзекті мүмкіндіктеріне деген сенімге толы. Дәл осы гуманистік психология тұлға өзін-өзі құрады, осы процеске араласу дамуға ықпал етпей, оны тежейді деген фактіні постулаттады. Адам өзі жасағаны үшін, өз дамуы үшін жауапкершіліктің белгілі бір шамасын өзіне қабылдауға, күрделі жағдайлардан шығар жолды өзі табуға, жалпы алғанда өз өмірінің мәнін анықтауға тиіс. Осының бәрін таңу немесе қалыптастыру мүмкін емес, сондықтан тек қана өзін тану және дамыту үшін жағдайлар жасап, осы процесте тұлғаға қолдау мен көмек көрсету керек, бірақ еш жағдайда оған, тіптен бұл жолдар біреулер үшін тиімді болып шықса да, құндылықтар мен қандай да бір трафареттелген жолдарды таңуға болмайды.
Адамның ішкі әлемін зерттеулер айтарлықтай рөль ойнап шықты, бұл зерттеулерге бастаманы И.С. Конның, В.В. Столиннің, А.Г. Спиркиннің, Б.Г. Ананьевтің, И.И. Чеснокованың және басқа да көптеген ғалымдардың жұмыстары салып берді. Тұлғаның өзін-өзі тануын және оның 7-тұжырымдамасын (бұл термин көпшілік жағдайда шетелдік психологияда қолданылады) айтарлықтай жемісті және егжей-тегжейлі талдау, В.И. Слободчиков пен Е.И. Исаевтың субъективтік нақтылықтың құрылымы мен дамуын зерттеу жөннідегі, Т.Н. Березинаның адамның ішкі кеңістігін және уақытын, ішкі диалогын зерттеу жөніндегі жұмыстарында көрініс тапқан жаңа тұрғыларды, амал-тәсілдерді тудырды.
Практикалық психология, оның ішінде білім беру саласындағы жетістіктерді атай кеткіміз келеді, мұнда ілесе жүру идеясы алға тартылды және практикада жүзеге асырылды (Г. Бардиердің, И. Ромазанның, Т. Чередникованың, М.Р. Битянованың, Т.И. Чиркованың жұмыстары).
Ілесе жүру – бұл өзара әрекеттесудің барлық субъекттерінің іс-әрекетіндегі өзін тану және дамыту , өзін-өзі қозғалту үшін жағдайлар жасау мақсатында ересек адамды оқу-тәрбиелеу процесіне қосу тәсілі. Аталған мәселеге біз кейініректе тоқталамыз, мұнда мектеп жасына дейінгі балалардың және мектеп оқушыларының өзін-өзі тануы мен өзін тану және дамыту ына ілесе жүру мәселелерін талқылайтын боламыз.
Тақырып бойынша тапсырмалар
Өзін тану және дамыту мәселесінің көрінуіне қандай алғы шарттары қамтамасыз етіледі?
С.Л. Рубинштейннің сыртқы себептер ішкі жағдайлар арқылы әрекет етеді деген пікірін қалай түсінер едіңіз?
Қазіргі кездегі адамдарды не толғандырады?
Өмірлік мақсаттарын таңдау немен қамтасыз етілген?
Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар
Оқу –тәрбие үрдісінде «жетекші» болудың негізгі сипаттмалары қандай?
Қазіргі кездегі психологиядағы қандай зерттеушілер адамның ішкі әлемі мәселесін қарастырған.
А.Н. Леонтьевтың көзқарасы бойынша, жетекші іс-әрекет түсінігіне сипаттама беріңіз?
Психологиялық жаңашылдық терминін қалай түсінесіз?