Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ. Общий курс технолог. трансп..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
412.67 Кб
Скачать

Общий курс технологии транспортной техники (модуль 2)

Тестілер

1. Көлік дегеніміз:

A) арнайы жолдары бар жол қатынасы;

В) жылжымалы құрам;

С) құралдар жиынтығы, жол қатынасы, сонымен қоса техникалық

құрылғылар және құрылыстар немесе ғимараттар;

D) адамдарды және жүктерді тасымалдауды қамтамасыз ететін көліктің

әртүрлі түрлері;

Е) тиеу-түсіру жұмыстарында, станцияларда, жөндеу шеберханаларында

және тағы басқа да техникалық құрылғылар.

2. Көліктік тарам немесе желі мыналарға бөлінеді:

А) бөлек маршрут қозғалыстарына (метро, трамвай, автобус және т.б.);

В) магистралды және төменгі желілерге;

С) көліктің әр түрлерінің кешеніне;

D) өндірістік көліктің бөлек түрлеріне;

Е) адамдарды және жүктерді тасымалдауға арналған жергілікті желілер.

3. Көліктік тарамның тығыздығы:

А) әртүрлі жол қатарлары орналасқан аудандар;

В) темір жолдары құрылған аудандар қатынасы, бірақ барлық аудандарға

тұрғын орындарының құрылыстары салынған;

С) бір километр желіге келетін тонна километр саны;

D) 1000 квадраттық километр желіге келетін желі километрінің саны;

Е) барлық келтірілген жауаптар дұрыс.

4. Көліктің бірлік жүйесі нені білдіреді:

А) әртүрлі көлік кешені, олар өзара байланыста;

В) тұрғын орындарын байланыстыратын барлық жол қатынастарының

жиынтығы;

С) рельстік жолдар, автомобиль жолы, әуә желілері және басқалары;

D) өндірістік кәсіпорын көліктері және қалалық көлік;

Е) барлық жауаптар дұрыс.

5. Көліктік-экспедициялық операцияларға нелер жатады:

А) жүктерді қабылдау, қаптау және мөрлеу;

В) әртүрлі алымдарды және құжаттарды толтыру;

С) бір көлік түрінен басқа көлік түріне жүктерді өткізу;

D) жүктерді жеткізу және қысқа мерзімде сақтау;

Е) барлық берілген операциялар дұрыс.

6. Берілген жауаптардағы тасымалға жатпайтындары:

А) жергілікті;

В) тікелей қатынас;

С) аралас қатынас;

D) бір көлік түрінен басқа көлік түріне жүкті өткізу;

Е) халықаралық қатынас.

7. Берілген жауаптардан “ортақ қолданыстағы емес” көлік түрін белгілеңіз:

А) мұнай және газ құбырлары, пневмо және гидрокөлік;

В) темір жол және автомобильді;

С) әуә, көлдік және өзенді;

D) қызмет көрсету және басқару салалары бар көліктер;

Е) жоғары вольтті желілі өткізгіштер.

8. «Ортақ қолдану» көлігі келесі топтардан тұрады:

А) универсалды және арнайы;

В) ішкі және сыртқы;

С) жыл бойғы және маусымды;

D) мамандандырылған;

Е) барлық келтірілген топтар.

9. Салалардағы көліктің бірлік жүйесінің бірлігін анықтамайтын жауапты

таңдаңыз:

А) техникалық және технологиялық;

В) пайдалану және экологиялық;

С) информациялық және ұйымдастыру;

D) құқықтық;

Е) экономикалық.

10. Көліктік бірлік кейбір жағдайларда мыналарға рұқсат береді:

А) жол қатынастарындағы тасымал қабілетін нәтижелі қолдану;

В) халыққа қызмет көрсету орындарының санын азайту;

С) желілерде пайдалану маневрлігін жоғарлату;

D) жылжымалы құрамның айналымын көбейту;

Е) барлық жауаптар дұрыс.

11. Барлық объектердегі көліктің өткізу қабілеті:

А) белгілі уақытта тасымалданған жүктердің максималды саны;

В) белгілі уақытта жолда өткізілген жылжымалы бірліктің максималды саны;

С) белгілі уақытта қолданылған көлік түрінің максималды саны;

D) берілген аралықта қолданылған жылжымалы құрамның максималды саны;

Е) барлық берілген жауаптар.

12. Көліктік ұйымның құқығы мен жауапкершілігін, өзара қатынасын

ережелейтін негізгі құжаттар:

А) темір жолдың, автокөліктің және де басқа көлік түрлерінің жарғылары;

В) сатуға арналған теңізде жүзу кодекстері;

С) тасымал ережелері және тарифтер жинақтамалары;

D) көлік бірліктерінің қозғалысының түйіспе керегендері;

Е) барлық берілген құжаттар.

13. Жауаптардың ішінен жылжымалы құрамның жол қозғалысының

сипаттамасына жатпайтындарды белгіле:

А) қозғалыс сипатының теңсіздігі;

B) көтерме және сырғудың ауыспалы бұрыштары;

C) жоспардағы және пішіндегі бұрылыс желілері;

D) тартылыстың және тармақталудың мәні;

E) жолдың түзу болмауы.

14. Көліктік машиналарға келетін жүктемелер дегеніміз:

A) статистикалық және динамикалық;

B) үздіксіз және тосынды;

C) дұрыс және бұрыс;

D) тұрақты және тұрақсыз;

C) барлық берілгендер.

15. Даналық жүктерге жатпайтындарды белгіле:

A) ыдыспен және ыдыссыз;

B) дұрыс және ауыр салмақты;

C) үлкен аумақты және дұрыс пішінді;

D) шаңды және майда дән қалдықты;

C) майда даналы.

16. Тасымал жүйесіне кірмейтін элементтерді анықта:

A) жөнелту орындарындағы бастапқы операциялар;

B) жүкті дайындау, оны сұрыптау және жөнелту орнына өткізу;

C) жөнелту орнынан баратын орынға көлік бөлімдерін жылжыту;

D) жөнелту орындарындағы соңғы операциялар;

C) барлық операциялар тасымал жүйесін анықтайды.

17. Тасымал жиілігінің анықтамасы:

A) белгілі уақытта тасымалданған жүк көлемі;

B) жұмыстың тонна-километрде орындалуы;

C) белгілі уақытта тасымалданған жолаушылар саны;

D) жолаушыларайналымының көрсеткіштері;

E) істелінген жұмыс көлемінің желінің пайдалану ұзындығына қатынасы.