- •Емтихан билеті №15
- •Әлеуметтік әріптестіктің ұғымы
- •Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
- •Емтихан билеті №16
- •Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.
- •18 Жасқа толмаған қызметкерлердің жұмысының ұзақтығы
- •Емтихан билеті №17
- •Кәмелетке толмаған қызметкерлермен еңбек шартына отырудың ерекшеліктері
- •Емтихан билеті №18
- •Емтихан билеті №19
- •Емтихан билеті №20
Емтихан билеті №19
1.Тынығу уақытының түсінігі мен түрлері
Тынығу уақыты - қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;
Тынығу уақытының түрлері Тынығу уақытының түрлері: 1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер - тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс; ауысымішілік және арнаулы үзілістер; 2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу; 3) демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз тынығу); 4) мереке күндері; 5) демалыстар болып табылады.
2.Жұмыс уақытына кіретін үзілістер
Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс 1. Қызметкерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде тынығуға және тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс берілуге тиіс. 2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде үш сағат өткеннен кейін және төрт сағаттан кешіктірілмей белгіленуге тиіс. 3. Ұзақтығы 8 сағаттан асатын күнделікті жұмыста (жұмыс ауысымында) жұмыс уақытының икемді жиынтық есебі режимі кезінде тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде төрт сағат өткеннен кейін белгіленуі мүмкін. 4. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс беру уақыты, оның ұзақтығы еңбек тәртіптемесі ережелерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленеді. 5. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін болмайтын жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерді жұмыс уақытында арнаулы жабдықталған орында тынығу және тамақтану мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі, тынығудың және тамақтанудың тәртібі мен орны ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып шығарылған актілерінде белгіленеді. Ауысымішілік және арнаулы үзілістер 1. Жұмыстың жекелеген түрлерінде қызметкерлерге технологияға және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына қосылатын ауысымішілік үзілістер беріледі. Бұл жұмыс түрлері, мұндай үзілістер берудің ұзақтығы мен тәртібі ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып қабылданған актілерінде белгіленеді. 2. Жылдың суық мезгілінде ашық ауада немесе жылытылмайтын жабық үй-жайларда жұмыс істейтін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін қызметкерлерге жылыну және тынығу үшін жұмыс уақытына қосылатын арнаулы үзілістер беріледі. Жұмыс беруші қызметкерлердің жылынуы мен тынығуына арналған үй-жайлардың жабдықталуын қамтамасыз етуге міндетті. 3. Бір жарым жасқа толмаған балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге тынығуға және тамақтануға арналған үзілістен бөлек, осы Кодекстің 188-бабына сәйкес баланы тамақтандыруға арналған қосымша үзілістер беріледі.
Емтихан билеті №20
1.Арнайы демалыстар.
Демалыс түрлері 1. Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлері: 1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары; 2) әлеуметтік демалыстар беріледі. 2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердің өзге де жеке қажеттіктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі. 3. Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі. 4. Қызметкерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері: 1) жалақы сақталмайтын демалыс; 2) оқу демалысы; 3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар беріледі.
2.Үстеме жұмыстар
Үстеме жұмыс - қызметкер жұмыс берушінің бастамасы бойынша орындайтын, жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс жұмыс;
Үстеме жұмысқа тартуды шектеу 1. Үстеме жұмыстарға: 1) жүкті әйелдер; 2) он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер жіберілмейді. 2. Осы Кодекстің 90-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Үстеме жұмыстардың шекті саны 1. Үстеме жұмыстар әрбір қызметкер үшін тәулік ішінде - екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс. 2. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс. 3. Үстеме жұмыстардың шекті санын шектеу осы Кодекстің 90-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайлардағы жұмыстарға қолданылмайды.
