Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OMKI_shpor_biletter.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.06 Mб
Скачать

2.Адам тұлғасының келбеттері мен және пропорциялардың түрлері.

Жалпы морфологиялық белгiлiрге дене ұзындығы немесе бойы, кеуде айналымы мен массасы жатады. Бiрiншi екi көрсеткiштi сантиметрмен өлшейдi

Дене пропорциялары. Пропорция деп адам денесiнiң бөлек бөлiктерi өлшемдерiнiң ара қатынасын атайды. Адам денесiнiң пропорциясы оның ұлттық ерекшелiгiмен, тұратын жерiнiң, географиялық-климаттық жағдайларымен, мұрагерлiк факторларымен анықталады.

Адамның дене пiшiмiне спорттың, яғни бұлшықет пен май басудың даму дәрежесi әсер етедi. Аяқ-қол ұзындығы мен иық енiнiң жалпы дененiң ұзындығына қатасына қарай дене пропорциясының үш негiзгi типiн ажыратады:

долихоморфтық – тар кеудемен ұзын аяқ-қолдарды салыстырғанда;

брахиморфтық – қысқа аяқ-қолдармен ұзын кең кеуденi салыстырғанда;

мезоморфтық – бір қалыпты долихоморфтық және брахиморфтық тұлғалардың аралық орнын иемденедi.

Әртүрлi жастағы және жыныстағы адамдардың пропорциялары қатты өзгередi. Өзгерiстер бас және тұлғаның салыстырмалық өлшемдерiнiң кiшiреюi және салыстырмалық өлшемiнiң артуымен өзгередi. Адам фигурасының теориялық прапорционалды қатынасын ежелгі грек мүсіншісі Поликлетпен (б.д.д.) қарастырған. Ол бастың биіктігі модуль ретінде алынып, фигураның ұзындығы бойынша 8 рет өлшенетін канонды ойлап тапты

Келбет Осанка (Тұлға)Жоғарыда айтылған белгіері, адам денесінің сыртқы формасын келбет те анықтайды. Келбет – бұл адам денесінің тұрып тұрғандағы қалыпты, бос күйдегі орны. Ол келесі негізгі факторламен: иықтың иілуі және омыртқа бөлімінің иілу деңгейімен сипатталады.Кеуденің жоғарғы бөлігінің иілу деңгейіне байланысты киім конструкциясында келбеттің негізгі үш типін бөліп көрсетеді: шалқақ, қалыпты және енкіш. 1 тип – шалқақ фигура, арқаның түзулігімен, арқаның бел деңгейінде иілуімен сипатталады. 11 тип – қалыпты немесе шартты типтік (жиі кездесетіні), кеуденің жоғарғы бөлігінің орташа иілгендігімен сипатталады.111 тип – фигураның енкіш келбеті, дөңгеленген арқамен , жазық кеуде клеткасымен сипатталады. Иықтың иілуіне байланысты төмен иықты, қалыпты және жоғарғы иықты фигураларды бөліп көрсетуге болады. Фигураның келбет типі екі өлшем арқылы: Пк корпусының және Вп иық биіктігінің орнымен анықталады. Корпустың және иықтың биіктігінің орнымен фигураның келбет типін анықтау схемасы 5 суретте көрсетілген. Барлық атап көрсетілген дене бітім белгілерін визуалды (көзбен) анықтайды.Осы белгілердің түрлі қатынастары адам денесінің сыртқы формасын құрайды. Гармониялық киімді жобалау мақсатында киімді конструкциялау кезінде прапорция, дене бітім және адамның фигурасының келбеті туралы мәліметтермен ойнауға болмайды.

3.Әйелдер иық бұйымында ортанғы тігісті құрастыру

Вертикальды пішін беретін сызықтар – артқы бойдың ортаңғы тігісі, вертикальды бүкпелер, жан тігісі, бедерлі тігістер, өңірдің сызығы. Артқы бой тігіссіз болса, онда ол артқы бойдың ортаңғы сызығы деп аталады. Артқы бойдың ортаңғы тігісінің сәнделуі силуэтке байланысты.

Түзу және кенейтілген сұлбаларда, артқы бойы тігіссіз бұйымдарда ТТ 1= 1,5. . .3,0 см. Ао и Т1нүктелерін түзу сызықпен қосады және бөксе сызығына дейін жалғыстырады, қилысқан нүктені Б1белгілейді (сурет 6а). Егер артқы бой тігіспен болса, онда Ао нүктеден →Ао А’о=0,5 см, ал ТТ1 =1,0 см; Ао, У, Т1 нүктелерін қиғаш сызықтармен қосады және Т1нүктені төмен қарай жалғастырыда, бөксе сызығында Б1 табылады (сурет 6 б).

Қынама және жартылай қынама сұлбаларда қосымша Т11нүктесін анықтайды:АоА’о =0,5 см; ТТ1=1,0.. .2,5 см; Т1Т11 = 1,0...2,0см.Артқы бойдың ортаңғы тігісі мына нүктелерден өтеді А’о, У, Т11, содан кейін Т1Т11 кесіндіні екіге бөледі, табылған нүктені Б1нүктемен түзу сызықпен қосып төмен қарай жалғастырады (сурет 6 в).

.

9 билет

Киімді құрастыру әдістерінің түрлері және сипаттамасы.

Бүгінгі күні тігін бұйымдарын құрастыру үшін көптеген әдістерді қолданады: СЭВ (ЕМКО СЭВ) одақ-елдердің киімді құрастырудың бірыңғай әдістемесі, жеке Орталық тәжірибелі-техникалық тігін лабороториясының (ЕМКО ЦОТШЛ) мамандарымен дайындалған тапсырыстар бойынша киім құрастырудың бірыңғай әдістемесі, Мәскеу технология және дизайн университетінің (МГУДТ) әдістемесі, «Мюллер и сын» әдістемесі, ЦНИИШП әдістемесі және т.б.

Әр түрлі әдістемелердегі артқы және алдыңғы бойдың БОК сызбаның базалық торының тұрғызылу есебі мен тәртібінің өзіндік ерекшеліктері болады.Фигураның сырты туралы бастапқы ақпарат есебінде аталған құрастыру әдістемелері өлшем белгілерінің әр түрлі сандары қолданылады.Конструкция параметрлерін анықтау үшін әдістемелердегі өлшемдік белгілерден басқа негізгі учаске арасында әр түрлі бөлу арқылы кеуде еніне Пг (артқы бой еніне Пшс, қолтық ойындысының еніне Пшпр, алдыңғы бой еніне Пшп), қолтық ойындысының тереңдігіне Пспр, иық айналымына Поп конструкторлық қосымшалар қолданылады.

Еуропалық мектептің тігін ісінің негізі, шет елде бастапқы орынды сақтап тұрған «М.Мюллер и сын» әдістемесі. «М.Мюллер и сын» әдістемесінде шартты-прапорционалдықтан ауытқулары бар фигураларға жеке тапсырыс бойынша үлгілеу және құрастыруға ерекше көңіл бөлінеді.ЕМКО СЭВ жүйесі типтік фигураларға массалы өндіріске есептелеген. Ол киім конструкциясының барлық түрлерінде қайталанып отыратын конструкторлық кесіктерден тұрады. Басқалардан айырмашылығы ЕМКО СЭВ и «М. Мюллер и сын» әдістемесінде толық айналым мен ендердің мағынасын қолданады. МГУДТ әдістемесі аралас түрге жатады, өйткені антропологиялық өлшем белгілердің сандық мағынасына ғана негізделмей, чебышев торында киім бөлшектерінің разверткаларының инжинерлі құрастыру әдістерін қолдану арқылы алынған типтік дене бітім фигураларының макет сыртынан жабынды бөлшектерінің разверткаларын және типтік төсеумен де қолданылады.

БОК тұрғызу үшін практикалық қолданысты ЦОТШЛ әдісі тапты. Бұл әдіс кәсіпорындарда 1975 жылдан бастап қолданылып келеді,өзінің қарапайымдылығымен және әсерлігінің арқасында, қазіргі уақытта да өз үстемділігін сақтап отыр. Әдістеме жеке тапсырыс бойынша құрастыруда да, типтік фигураларда массалы өндірісте де қолданылуы мүмкін. Бұйым конструкциясын тұрғызу үшін 19 өлшемдік белгі қолданылады. ЦОТШЛда құрастыру сызбасын дайындау құрылымы жаңа пішімді игеруге кететін жаңа сәннің ұсыныстарына қосымша шығынсыз жылдам қозғалуға, модельдік ерекшеліктерді, пішім формасын жасаумен байланысты өзінің бірыңғай шешімінде кез келген бұйымды тұрғызу үшін конструкция негізін бөлуге мүмкіндік береді.Бұйым бөлшектерінің сызбаларын тұрғызу тәсілі киім құрастырудың есептік-аналитикалық әдісінде негізделеді. Ол жерде қолданылатын есептік формулалар киім формасы, адам фигурасының құрылысы туралы антропометриялық мәліметтердің математикалық анализ нәтижесінде бекітілген. Бөлшектер сызбасының тұрғызылуы декоративті безендіруге және еркін қынамаға қажетті қосымшаларды есепке ала отырып фигура контурының графикалық разверткалар жолымен жүзеге асырылады. Әдістемедегі ыңғайлы және ең дұрысы кеуде бүкпесінің (мойын ойындысының жоғарғы бөлігі) орны болып отыр, өйткені ол қосымша иық, бүйір және басқа қиықтарда оның орналасу орнын анықтау үшін қосымша тұрғызуларды қажет етпейді.

Қарастырып отырған әдістеменің артықшылығы әр түрлі пішімдердің және формалардың әр түрлі тағайындалған және барлық түрдегі киім конструкциясының негізінің сызбасын тұрғызудың құрылымдық схемасы әмбебап және тұрғызуда графикалық тәсілдер мен есептік формулалардың түгелдей өзгеруін қажет етпейді.

Бірақ авторлар ұсынған барлық әдістемелер әр қайсысы өз елдерінің (Ресей Федерациясы, Германия) халқының фигура прапорцияларының, дене бітім туралы мәліметтерді қолдануға негізделеді. Осы орайда әр елдің халқының прапорциялары,дене бітім ерекшеліктері бар екендігін айта кеткен жөн.

Әйелдер, ерлер және бабалар ассортиментінің киімдерін құрастырудың көп жылдық практикасы бізге этнотерриториалды факторларды ескере отырып, шартты-прапорционалдық конструкция тұрғызғанда да, тапсырыс бойынша жеке фигураға да тиімді болатын өзіндік есептеу жүйемізді шығаруға мүмкіндік берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]