Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OMKI_shpor_biletter.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.06 Mб
Скачать

3. Түймелігі ашық апаш жағаны құрастыру.

55 билет

1. Өңірді құрастыру ерекшеліктері және оған байланысты түймеліктің орналасуын көрсету.Киімнің сызбасында алдыңғы бойдың бір-біріне кіруі немесе түймеленуі өңір деп аталады. Алдыңғы бойдың ортаңғы сызығынан оңға қарай өңірдің ені болып табылады. Өңір шеті модель бойынша фигуралы немесе домаланған немесе үшкір болуы мүмкін. (сурет 1)

Сурет 1- Пиджактік жағаның конструктивті элементтерКонструктивные элементы пиджачного воротника

Өңірдің түрлері:

Қысқа – өңірдің ені болмайды (сыдырма немесе бау).

Бір өңірлі – жакет, пиджа, «Ә», «Е» - 3 см көйлек, жейделер - 2÷2,5 см

пальто – 4 см.

Екі өңірлі – пальто, «Ә», «Е», «Б» - 6÷8 см; жакет, пиджак – 6 см.

Ассиметриялық түймелік. Сызбада түймеліктің орналасуына, өңірдің еніне және түймеге байланысты болады.

Түймеліктің ұзындығы ... + 0,5 см = 3 + 0,5 = 3,5

Мойын ойындыны тереңдетеміз ↓А5А5' = 1÷1,5 см.

Бір өңірлі бұйымда түймеліктің орналасуы

Алдыңғы бойдың ортаңғы сызығынан 0,5 см оңға қарай жүргіземіз, сосын түймеліктің ұзындығын солға қарай түсіреміз. Түймеліктің ара-қашықтығы модельге байланысты.

Екі өңірлі бұйымдарда түймеліктің орналасуы

↓А5А51 = 1,5÷2 см.

Өңірдің шетінен = Rтүйме + 1 см

у = у'

Түймеліктің арақашықтығы модельге байланысты.

Қайырмалы жағалардың түймелігінде ашық түймеліктің орналасауы Л нүктеден 1 см төмен қарай орналасады.

Ашық түймеліктерде түймеліктің орналасуы

Ерлер жейделерінде және әйелдер блузкаларында вертикальді түймелік дәл алдыңғы бойдың ортаңғы сызығында орналасады.

Лацканның қайыру сызығы түзу және доғаланған пішінді болуы мүмкін. Түзу пішінді жоғарыланған түймелікке сәйкес болады, доғаланған –төмендетілген түймеліктерде болады.

2. Әйелдердің және ерлердің негізгі өлшем нышандары.

Негізгі өлшем нышандары.

Антропометриялық өлшеуді денеде негізгі антропометриялық нүктелерді белгілеуден бастайды. Негізгі нүктелер ол: мойындық, мойының негізгі нүктесі, иықтық, қолтық ойындысының артқы бұрышы, бел нүктелері.

Бел сызығын созылмалы таспамен беліне байлап белгілейді. Бұл таспа еденге көлденең болуы керек.

Негізгі нүктелерді белгілеп болғаннан кейін өлшенетін адам түзу тұрады. Өлшеуді жоғарғы жағынан бастайды. Жұп өлшемдерді адам денесінің оң жағынан өлшенеді. Антропометр тік орналасуын қадағалайды.

Сантиметр таспасын денеге тығыз тақап өлшейді, бірақ таспаны созбау қажет.Құрастыру кезiнде кездесетiн белгілеулер

Н - биiктiк (высота)

Т – тереңдiк (глубина)

Ұ – ұзындық (длина)

О - айналым (обхват)

С – жарты айналым (полуобхват)

Б – бой (рост)

Ц – ортасы (расстояние м/д центрами)

Е – енi (ширина)

Негізгі өлшемдер

1— Бой Б. Өңiрдiң жоғарғы тұсы нүктеге дейiнгi тiк ара қашықтықты өлшейдi.

2- Мойынның жарты айналымы Сш. Мойынның толық айналымын өлшейдi. Сантиментрлiк таспаның төменгi шетiн мойын нүктесi үстiнен орналастырады (жетiншi мойын омыртқасының остистiк өсiндiсiнiң биiгi), ол таспаны жанынан және алдынан бұғана нүктесiнiң төменгi шетiн жанай мойының басталу негiзiмен орналастырады. Өлшемнiң жартысын жазып алады.

Өлшеу барысында мойын формасына, орналасуына және ерекшелiктерiне: қысқа, ұзын, цилиндрлiк, бүйiрiнан майыстыра немесе алды және арты майысуына, жетiншi мойын омыртқасы төңiрегiн май басуына, алға немесе артқа еңкеюiне назар аудару қажет. Жаға фасонын таңдау барысында, мойын ұзындығы ескерiледi, ал конструкциялау барысында мойын ойындысының енi мен тереңдiгiн анықтауда мойын формасы мен май басу сипаты ескерiледi. Мойын негiзiмен түскен мойын ойындысы ойығы бар бұйымдардағы мойын ойындысының төменгi бөлiгiне мойын орналасуы әсер етедi.

3 - Бiрiншi кеуде жартылай айналымы Сг1. Бiрiншi кеуденiң айналамын толық (әйелдерде) өлшейдi. Арқаға сантиметрлiк таспаны көлденеңiнен жайғастырады, өлшеу көлемiнiң жартысы қолтық асты ойындысының жоғарғы шетiн жанай өтуi тиiс. Жартысын жазып алады.

4 - Екiншi кеуде жартылай айналымы Сг2. Екiншi кеуде айналымын толық өлшейдi. Арқаға сантиметрлiк таспаны көлденеңiнен қолтық асты ойындысының артқы бұрышына тиетiндей, қолтық асты ойындысымен қисық қиылысты тегiстiктен өтетiндей етiп жайғастырады. Еркектерде сантимертлiк таспаны емiзiктi нүктелер арқылы, ал әйелдерде кеуде бездерiнiн шығыңқы нүктелерiмен жүргiзедi. Соған орай бiрiншi, екiншi кеуде айналамын сантиметрлiк таспаны арқада жылжытпай бiрiнен кейiн бiрiн өлшейдi. Бюстi төмен түскен әйелдер денебiтiмiн сантиметрлiк таспаны кеуде шығыңқысына қосымша берудi ескере отырып алдынан қатаң қолденеңдiкте жайғастырады. Өлшемнiң жартысын жазып алады.

5 – Кеуденiң үшiншi жартылай айналымы Сг3. Кеуденiң толық үшiншi айналымын өлшейдi. Сантиметрлiк таспаны еркектерде тұлғаны айналдыра емiзiктiк нүктелерi арқылы, әйелдерде кеуде бездерiнiң шығыңқы нүктелерi арқылы көлденеңiнен орналастрады. Таспаны алдынан кеуденiң оң жағына қарай аяқтайды. Өлшемнiң жартысын жазып алады.

6 – Жартылай бел айналымы Ст. Белдiң толық айналымын өлшейдi. Таспаны тұлғаны айналдыра бел сызық деңгейiнде жайғастырады. Өлшемнiң жартысын жазып алады.

Өлшеу барысында бел формасына көңiл аударады және паспортқа оның ерекшелiктерiн жазып отырады: мәнерленбеген, цилиндрлiк, бiрден мәнерленген, арқа тұстан өте майысқан, қарны шығыңқы.

Жартылай бөксе айналымы Сб. Бөксенің толық айналымын өлшейдi. Таспаны тұлғаны айналдыра шығыңқы нүктелерге: артынан –жамбастарға, алдынан – қарынға жайғастырады. Өлшеу жартысын жазып алады.

Өлшеу барасында бөксе формасын және орналасу деңгейiн жазып алады: сопақ, дөңгелек, арқа жағынан тегiс, жамбастардың өте шығыңқылығы, бүйiрлер шұңқырларын, сандардың сырт жағына май басуын, жоғары, төмен орналасуы.

Кеуде енi Шг. Еркектерде қолтық ойындысының ара қашықтығы алдыңғы бұрышы өлшенедi. Таспа өзiнiң төменгi шетiмен қолтық ойындысын жанап өтуi тиiс.

Әйелдерде кеуде бездерiнiң негiздерінің үстiмен қолтық ойындысының алдыңғы бұрыштарынан биiкке дейiн көлденеңiнен ойша өткiзiлген өлшейдi.Жарты өлшеудi жазып алады.

Өлшеу барысында кеуде клеткасының формасына және иық қалпының бұрылысына көңiл бөледi. Кеуденi шығыңқы, түсiңкi, өте шығыңқы бұғаналарымен белгiлейдi.

Иық бұрылысының жайылғанын немесе тарылғанын анықтайды. Жiңiшке қапсырма сызығының жоғарғы бөлiгiн құру барысында кеуде клеткасының және иық қалпы құрылымы ескерiледi.

9 Артқы бел сызығынан мойын негiзделуiндегi жобаланатын иық тiгiсiнiң жоғарғы нүктесiне дейiнгi ара қашықтық Дтс 2. Артқы бел сызығынан мойын негiзделуiндегi жобаланатын иықтық тiгiстiң жоғарғы нүктесiне негiзгi қашықтықты омыртқаға параллель өлшейдi. Иық жапсырмасы бар болған жағдайда иық жапсырмасы иық тiгiсiнiң жоғарғы нүктесiнен омыртқаға параллель белдегi көлдеңеңдiкке дейiн өлшейдi.

10 және 11 мойын негiзіндегi жобаланатын иық тiгiсiнiң жоғарғы нүктесiнен алдыңғы бел сызығына Дтп2 және кеуде биiктiгiне Вг2 дейінгі ара қашықтық (әйелдер үшiн). Ерлерде – мойын негiзiндегi жобаланатын иық тiгiстiң жоғарғы нүктесiнен иық жапсырмасының жобаланатын иық тiгiсiнен емiзiктер арқылы белдiң көлдененiне дейiнгi арақашықтықты, әйелдерде – оның жайласуын белгiлеумен уақытша кеуде бездерiнiң шығыңқы нүктелерi арқылы өлшейдi.

Өлшеу барысында мойынның пiшiнiне назар аудару қажет. Мойынның иықтың белдiкке өтуi оның байқалмайтын дене бiтiмдерде сантиметрлiк таспа мойын негiзiнде жатуы тиiс.

12 – Мойын негiзiнен жобаланатын иық тiгiсінiң жоғарғы нүктесiнен қолтық артқы бұрышына дейiнгi Впрз2 ара қашықтық. Көлденең жағдай екi тәсiлмен қолданылады: өлшенетiн жағындағы қолтық ойындысының артқы бұрышына тиiп өтетiндей сантиметрлiк таспа арқылы немесе дөңгелек резеңкенi бойымен қолтық ойындысына тиiп өтетiндей және артынан колденең бойымен жабатындай орналастыруы арқылы өлшенеді.

13 – Қиғаш иықтың биiктiгi Впк2. Өмыртқаның бел сызығының нүктесiнен жобаланатын иық тiгiсінiң соңғы нүктесiне дейiн (сантиметрлiк таспаны соза түседi) ара қашықтықта өлшенедi.

Өлшеу барысында иық деңгейiн анықтайды, биiк немесе құлама.

14 – Арқа енi Шс жауырын бойымен қолтық ойындысының артқы бұрыштары арасындағы ара-қашықтықты өлшейдi. Өлшеудiң жартысын жазып алады. Өлшеу барысында жауырынның шығыңқылығы мен арқаның қисаюына назар аударылады.

15 – Бұйым ұзындығы Ди. Шартты қабылданған типтiк қалыптағы денебiтiмдегi жағаны қондырып тiгу сызығынан қалаған ұзындығына дейiнгi ара қашықты арқа ортасымен өлшейдi.

16. Иық енi Шп. Мойын негiзде жобаланатын иықтың тиiстi нүктесiнен оның соңғы нүктесiне дейiнгi ара қашықтық. Тар иықты және үлкен май басуынан дене бiтiмiнiң қолдың жоғарғы бөлiгiнiң сыртқы үстiнiң өлшемiн алу барысында дене бiтiмiнiң пропорциялығын көзбен қабылдау үшiн Шп өлшемiн көбейтедi және керiсiнше кең иықты тар арқаны және нормалды қол айналымы бар дене киiм үлгiде өлшеудi қысқартады.

17. Жең ұзындығы Др. Иықтың және иық алды үстiнiң бойлай түсiп жобалайтын иықтың тiгiсiнiң соңғы нүктесiнен бос түсiрiлген қол жеңiнiң қалаған ұзындығы денгейiне дейiнгi ара қашықтық.

Өлшемдi бiр уақытта иық ылдиынiң енiн өлшеу және сантиметрмен таспаны сол қолдың саусағымен иықтың тiгiстiң соңғы нүктесiне бекiту арқылы өлшейдi.

18. Иық айналымы Оп. Айналымды иық осiне перпендикуляр өлшейдi. Сантиметрмен таспа қолтық астының артқы бұрышын жанап өтіп қолдың сыртқы бетiне тұйықталуы тиiс.

Егер қол өте толық болса, оның толықтығын, тегiстiгiн немесе қолдың жоғарғы бөлiгiнiң май басу дәрежесiн анықтау қажет. Осындай ерекшклiктер жеңнiң конструктивтiк иiлiмдерiн таңдау және оның қонымдылығын тарату барысында ескерiледi.

19.20 – Бел сызығының жанынан еденге дейiн Дсб, жанғы тiзесiне дейiн Дт.к.б және шалбар ұзындығына Дб дейiнгi ара қашықтық. Ара қашықтықты иықтың ең шығыңқы бөлiгi арқылы жанғы иықты бетiмен бел сызығынан және әрi қарай тiк түсiре қалаған ұзындық денгейiнен және тiзе денгейiнен еденге дейiн өлшейдi.

Қосымша өлшемдер.

8а – Екiншi кеуде енi Шг2. Әйелдерде ойша қолтықтың алдыңғы бұрышына төменгі өткiзiлген кеуде бездерiнiң шығыңқы нүктесi бойымен көлденеңнен тiгiне дейiн өлшейдi.

Өлшеу көлемiнiң жартысын жазып алады. Өлшеу иықтың белдiктi иiлген дене бiтiмiн бұрылысты және кеуде бездерiнiң үлкен шығыңқылығы бар толық дене бiтiмдерiне бұйымдарды құрастыру барысында бүкпе ерiтiндiсiн және кеуде енiн өлшеу деңгейiндегi конструкция белгiлерiнiң көлемiн анықтауға қызмет етедi.

9а – Мойын негiзiндегi жобаланатын иық тiгiстiң жоғарғы нүктесiнен артқы тiк бойымен бел сызығы деңгейiне дейiнгi ара қашықтық.

Ара қашықтықты мойын негiзiндегi иық жапсырмасының жобаланатын иық тiгiсiнiң жоғарғы нүктесiнен паралель омыртқаға жауырынның көбiрек шығыңқы нүктесi арқылы әрi қарай тiгiнен төменге қарай бел сызығына дейiн өлшенедi. Осындай өлшеу бел деңгейiндегi арқасы үлкен тiгiстi дене бiтiмге түзу силуэттi бұйымдарды конструкциялау үшiн қажет.

13а – Алдынан қиғаш иық биiктiгi Вп.к.п.2.

Ерлерде - иық тiгiстiң соңғы нүктесiнен алдыңғы орташа датальды сызықты бел сызығының қиылысына дейiнгi әйелдерде – кеуде безiнiң шығыңқы нүктесiнен жобаланатын иық тiгiстiң соңғы нүктесiне дейiнгi қысқа қашықтық өлшенедi.

Өлшеу иiлген ең кiшi дене бiтiмiне киiм конструкциялау барысында қолтық ойындысының алдыңғы бөлiгiнiң биiктiгiн анықтау үшiн қызмет етедi.

13б – Емшек нүктелерi арасындағы ара қашықтықтың Цг. кеуде бездерiнiң шығыңқы нүктелерi арасындағы ара қашықтықты көлденеңнен тек қана әйелдерде өлшенедi.

15а – Бел сызығынан алдыңғы жағынан еденге дейнгi ара қашықтық Дс.п. Әйелдерде – бел сызығынан қарынның ең шығыңқы нүктесi арқылы және әрi қарай тiгiнен еденге дейiнгi арақашықтық өлшенедi.

Iшкi бетiмен аяқ ұзындығы Д.н (сурутте берiлмеген).

Аяқтарды жеңiн алып тұрған қалпында оның iшкi бетiмен еденге дейiнгi аралық өлшенедi.

Қарын шығынқысы деңгейiндегi алдыңғы енi Ш.к. (сурет). Қарынның көбiрек шығыңқы нүктесi деңгейiндегi доғамен көлденең қолтық астының жоғарғы бұрыштарынан жүргiзiлген вертикальдар арасындағы ара қашықтық. Өлшеудiң жарты өлшемдерiн жазып алады. Вертикальдарды анықтау үшiн жүк – салбырауын оны қолтық астының алдынғы бұрыштарынан түсiре отырып пайдалануы мүмкiн.

Өлшеу барысында қарынның формасына қарай аудару қажет: тегiс iсiңкi, тегiс, орташа сызық деңгейiндегi қалыптасқан ең шығынқы нүктесі.

Iштiң (қарынның) шығыңқы деңгейi Ув.ж. Бел сызығынан iштiң көбiрек шығыңқы нүктесiне дейiнгi ара қашықтықтың тiгiнен өлшенедi. «+» және «-» белгiлерi бел сызығына қатысты iштiң ең шығыңқы нүктелерiнiң жағдайын көрсетедi: Ув.ж. «+» белгiсiмен ең шығыңқы нүктенiң бел сызығымен жоғары, «-» белгiсiмен бел сызығынан төмен орналасатындығын көрсетедi.

Тiзе деңгейiндегi аяқтың қыйсықтығы К н.к. Тізе деңгейiндегi ара қашықтық денгейiндегi аяқтар аралығындағы қашықтықта өлшенедi. Өлшем – бейнесiндегi формалы аяқтары бар дене бiтiмдер үшiн шалбардың бүгiлу сызықтарын жүргiзу орындарын анықтауға арналып пайдаланылады.

Толарсақ деңгейiндегi аяқтың қисықтығы Кн.ш.

Толарсақ деңгейiндегi аяқтар арасының ара қашықтығын өлшеу. Осы кесiндідегi формалы өлшем X- бейнесiндегi формалы аяқты дене бiтiмдер үшiн шалбардың бүгiлу сызығын жүргiзу орнын анықтауға арналып қолданылады.

21. Бiлезiк айналымы О.зап.

Бөксе айналымы О.бед. Сан асты қатпарларын сантиметрлiк таспаның көмегімен бөксені айналдыра өлшейді; таспа таяқтың сыртқы бетiне тұйықталуы тиiс. Толық және жiңiшке аяқтар түрi белгiленедi.

Балтыр айналымы О.и. Балтырлы бұлшықетi тұсында максималды аяқ айналымы өлшенедi. Сантиметрлiк таспаны аяқты айналдыра орналастырады және сирақтың (жiлiншек) сыртқы бетiмен тұйықталады.

Тiзе айналымы О.к. Өлшеу барысында сантиметрлiк таспаны тiзе тоқпағы деңгейiнде аяқты айналдыра көлденеңнен орналастырады, аяқтың сыртқы бетiне тұйықталады.

Ескерту. Тапсырушының дене бiтiмi келбетiн типтiк денебiтiмiнiң аттас өлшемдерiнiң айырмашылығымен салыстырғанда Д.т.с.2 және Д.т.п.2 өлшеулерiнiң айырмашылығы анықталады. Егер алынған көлем ± 1 см, асып түссе, дене бiтiм нормалды келбетке ие екендiгiн көрсетедi, ал 1 см артық болса (оң көлем) – ең кiшi, 1 см аз (керi көлем).

3. Әйелдер иық бұйымының БКсында жан тігісті құрастыру.Үлгілі фигура өлшемінде 164-92-100. Пальто тік силуэт артқы бойы тігіссіз.

Өлшемдер

Р – 164 ВnрзІІ – 21,2

Сш – 18,1 ВnкІІ – 42,9

СгI – 44,4 Шс – 17,8

СгІІ – 48,4 Шп – 13,2

СгІІІ – 46 Дрзап – 55,4

Ст – 35,9 Оn – 28,9

Сб – 50 Озап – 16,2

Шг – 16,9

ДтсІІ – 42,8

ДтnІІ – 43,8

ВгІІ – 26,2

Керекті қосымшалар

Пг – 10 1. Пдтс – 1

Пт – 5 2. Пспр – 3

Пб – 6 4. Пшгс – 1

5. Пвгс – 0,4

6. Поn – 8

Сызбаның алдын-ала есебі

Аймақтың аталуы

Шартты белгілер

СгІІІ аймақ бойынша

Пг аймақ бойынша

СгІІІ ± Пг

Артқы бой

А0 а

Шс – 17,8

3 – 30%

20,8

Қолтық ойындысы

а а2

А0а – (А0а+а1а2 )= 9

5 – 50%

14

Алдыңғы бой

а1а2

0,9Шг+( СгІІ – СгІІ) =19,2

2 – 20%

21,2

Барлығы

А0а1

46

10

56

а1а2 = 0,9Шг + (СгІІ – СгІІ) = 0,9 + (48,4 – 44,4) = 19,2

аа2 = А0а1 – (А0а + а1а2) = 46 – (17,8 + 19,2) = 46 – 37 = 9

100% – 10 см

30% – х см, х = 30·10/100 = 5 см

100% – 10 см

50% – х см, х = 500/100 = 5 см

100% – 10 см

50% – х см, х = 200/100 = 2 см

Шартты белгілер және символикалар

ОК – конструкцияның негізі болып есептеледі (основа конструкции). Бұл жерде тұлғаға минимальді қосымшалар беріледі. Дұрыс дем алу үшін, ғылыми зерттеуде қолданылады.

БК – базалық конструкция. Осы конструкцияда нақты силуэтке қосымшалар беріледі. Сызбада жан және етек сызықтары болмайды.

ИМК – алғашқы модельдік конструкция (исходная модельная конструкция), бел сызықтарымен, бел бүкпелерімен болады. Бірақ модельдік ерекшеліктерсіз.

МК – модельдік конструкция. Бұл конструкция ИМК негізінен жобаланады, әртүрлі модельдік ерекшеліктермен (иініш, рельефтер) болады.

Тордың енін табу үшін 2 тәсіл қолданылады.

А0а = СгІІ + Пг = 46 + 10 = 56

А0а = Шс + Пс = 17,8 + 2,4 = 20,2

а1а2 = 0,9 Шг + (СгІІ – СгІ) + Пn = 19,2 + 1,8 = 21

Артқы бойды құрастыру

↓А0У – жауырынның орналасуы ; ↓А0У= 0,4* ДтсІІ = 0,4·42,8 = 17,1

↓А0Г – кеуденің орналасуы ;↓А0Г = ВnрзІІ + Псnр + 0,5*Пдтс = 21,2 + 3 + 0,51 = 24,7 = 25

↓А0Т – белдің орналасуы; ↓А0Т= ДтсІІ + Пдтс = 42,8 + 1 = 43,8

↓А0Б – бөксенің орналасуы;ТБ = 0,5 ДтсІІ - 2 = 0,5·42,8 – 2 = 19,4

ГТ → горизонталь сызықтар жүргізіп, алдыңғы бойдың ортаңғы сызығында Г3, Т3, Б3 нүктелерін табамыз.

Т3 нүктеден төмен қарай ассортиментке байланысты түсіреміз ↓Т3Т8 көйлекте – 0; пальто, плащта – 1см; жакет, күртешеде Т3Т8 – 1см аламыз.

аа2 нүктелерінен кеуденің сызығына вертикаль түсіреміз, Г1Г4 нүктелерін табамыз.

Артқы бойдың ортаңғы бөлігін сәндеу.

→ А0А2 = Сш/3 + Пшгс = 18,1/3 + 1 = 7;

→ ТТ1 = 1 см

↓А2А1 = А0А2 /3 + Пвгс = 7/3 + 0,4 = 2,7

А нүктесінде жетінші мойын омыртқасы орналасқан. Осы нүктеден бұйымның ұзындығын өлшеп аламыз.

↓А0Н = Дбұй + Пур = 100 + 1 = 101

Н → горизонталь жүргіземіз, Н3 табамыз.

Артқы бойдың

−А; Г; Т1 ; Б1 ; Н1 нүктелерінен өтеді.

Төменгі баланс

↓Н3Н4 = 1,5 ерлер, әйелдер, балалар бұйымында

Алдыңғы бойды құрастыру

А3 = жоғарғы баланс нүктесі.

↑Т8А3 = ДтnІІ + Пдmn = 43,8 + 3 = 46,8

Пдтn = Пдтс + Птнт = 1 + 2 = 3 см

Птнт – матаның төмен қалыңдығына қосымша.

Птнт – көйлекте 0,5 – 0,7 см, жакетте – 1-1,5см, пальто, күздік пальтода, плащта – 2 см, түймелігі жоғарыға дейін қыстық пальто Птнт – 2,5 см. Түймелігі ашық қыстық пальтода Птнт – 3 см.

Әйелдердің ассортиментінде алдыңғы бойдың мойын ойындысы артқы бойдың мойын ойындысына тең болады.

А3 нүктесінен солға қарай А4 нүктесін табамыз. А3А4 = А0А2 (сызбадан).

Алдыңғы бойдың мойын ойындысының тереңдігі:

↓А3А5 = А3А4 + 1= 7 + 1 = 8 (сызбадан).

Кеуденің ортаңғы нүктесін ассортиментке байланысты үш формуламен табамыз:

←Г3Г6 = Г3Г4/3 – 1 көйлек

← Г3Г6 = Г3Г4/2 – 0,5 күздік пальто

← Г3Г6= Г3Г4/2 қыстық пальто

← Г3Г6 = Г3Г4/2 – 0,5 (сызбадан) = 21/2 – 0,5 = 10,3

∩↓А4Г7 = ВгІІ = 26,2

А4Г7 түзу сызықпен қосамыз, осы сызық кеуде бүкпесінің бірінші жағы болып саналады.

А9 нүктесін екі доға арқылы табамыз.

∩R1 = А4А9 = 2(СгІІ – СгІ) + 2 = 2(48,4 – 44,4) + 2 = 10

∩R2 = Г7А4

↑Г4П4 = Г1П2 – Г1П'1 = 22 – 0,5 = 21,5

↑Г4П6 = Г4П4/3 (сызбадан) = 7,1

Г42 = 0,2Г1Г4 = 0,214 = 2,8

→ П6 П61 = 0,6

П61 нүктесінен П4 арқылы солға қарай доға жүргіземіз.

А9 нүктеден ← төмен қарай доға жүргіземіз, ол доға бізде мынаған тең болады: ↓А9П5 = Шп = 13,2

А9П5 нүктелерді түзу сызықпен қосамыз, бұл алдыңғы бойдың иық тігісі болып саналады.

Артқы бойдың иық тігісін сәндеу

Артқы бойдың иық тігісін сәндеу модельге және иық көрмесіне байланысты. Иық көтермесі иықтың сызығын және арқаның пішінін түзейді.

Ппл – модельге байланысты 1 – 2,5 см дейін алынады. Үлгілі тұлғада 1,5 см.

Бұым түрi

88

92

96

100

104

108

112

116

120

124

128

132

136

Көйлек

11,5

12,1

12,7

13,3

13,9

14,2

14,7

15,23

15,7

15,9

16,4

16,9

17,4

Жакет

12,2

12,8

13,4

14

14,6

14,9

15,4

15,9

16,4

16,6

17,1

17,6

18,1

Маусымдық және жазғы пальто

12,9

13,5

14,1

14,7

15,3

15,6

16,1

16,6

17,1

17,3

17,8

18,3

18,8

Қысқы пальто

жылыту iштiгi бiр қабатты

жылыту iштiгi екi қабатты

13,7

14,5

14,3

15,1

14,9

15,7

15,5

16,3

16,1

16,9

16,4

17,2

16,9

17,7

17,4

18,2

17,9

18,7

18,1

18,9

18,6

19,4

19,1

19,9

19,6

20,4

Иық көтермесіне байланысты артқы бойдың иық тігісі бүкпемен немесе бүкпесіз болуы мүмкін. Егер иық тігісі бүкпесіз болса, онда отыру алынады. Артқы бойдың иық тігісі бүкпемен. Иық тігісінің ұшы П1 нүкте екі доғаның қиылысы арқылы табылады. Н – отырудың нормасы. Пальтолық мата Н = 0,1 мм; костюмдік мата Н = 0,07 - 0,08.

∩R1 = А2П1 = Шn + бүкпені (Ппос) = 13,2 + 2 = 15,2

∩R2 = Т1П1 = ВnкІІ + Пдтс + Ппл = 42,9 + 1 + 1,5 = 45,4

Бүкпенің ені өлшемге байланысты: 42 – 46 ө. 2 см; 48 – 52 ө. 2,5 см; 52 өлшемнен жоғары 3 см. 3 см –ден көп алынбайды.

Бүкпенің ұзындығы бойға байланысты 7 – 10 см алынады. Бүкпенің бірінші жағы артқы бойдың тігісіне параллельді бүкпелердің ұштарын теңестіреміз.

↑П1П'1 = 0,5·Псут = 0,5·1 = 0,5

Псут – жеңіл ассортиментте 0,5 – 1 см беріледі. Сырт бұйымда 1 – 1,5 см.

А2П'1 түзу сызықпен қосамыз. Бұл сызық артқы бойдың иық тігісі болып саналады.

Артқы бойдың қолтық ойындысын сәндеуші көмекші нүктелер.

П'1 – ден солға қарай вертикаль жүргіземіз. П2тз.

↑Г1П3 = П2Г1 /3 + 2 = 9,3 (сызбадан)

П3 нүкте арқылы бойдың қолтық бұрышына сәйкес.

Г2 – қолтық ойындының ортаңғы нүктесі болып саналады.

→Г1 Г2 = 0,2·Г1Г4 + 0,5 = 0,2·14 + 0,5 = 3,3 (сызбадан).

Қолтық ойындысы мына нүктелерде өтеді: П'1, П3, 1, Г2.

Алдыңғы бойдың қолтық ойындысының нүктелері мына нүктелерден өтеді: П5, П6, 2, Г2.

Бұйымның бел сызығы және етегі қиғаш болып сызылады.

Сурет 1 Иық бұйымында конструкцияның негізгі сызбасы

Қондырмалы пiшiмдi әйелдер бұйымдарына арналған кеуде айналымына байланысты қолтық ойындысының минимальдық енiнiң абсолюттiк мөлшерi

Ескерту 1. 1 ші толықтықтың үлгілі тұлғасына кестеде берілген қолтық ойындының енін 0,2 см азайтады және З ші толықтыққы 0,2 см, 4 ші толықтықтың үлгілі тұлғасына 0,4см көбейтеді

56-билет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]