Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OMKI_shpor_biletter.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.06 Mб
Скачать

2.Жартылай және қынама силуэттер

Осы силуэттерге бүкпенің қосынды саны 2 тәсілмен есептелінеді.

∑В – бүкпенің қосынды саны болып белгіленеді.

В = (СгІІІ + Пг) – (Ст + Пт) – ТТ1 – тігіссіз

В = Т1118 – (Ст + Пт) – тігіспен

Шыққан бүкпенің қосынды санын бөлеміз:

Артқы бой 0,15 · ∑В;

Жан тігісі 0,5 · ∑В;

Алдыңғы бой 0,35 · ∑В

Бүкпелердің ені тұлғаның ерекшеліктеріне байланысты өзгереді. Бүкпенің ұзындығы кеуде және бөксе сызығына 2-3 см жетпей сызылады. Осьтік сызықтар жартылай қынама силуэтте түзу силуэттегі сияқты жүргізіледі. Осьтік сызықтарын анықтап болған соң, бүкпенің енін бөлеміз.

Алдыңғы бойда кеуде бүкпесі бедерлі тігіске өтеді. Егерде артқы бойда вертикальды бедерлі тігістер болатын болса, онда артқы бойды тігіссіз жасаған дұрыс. Алдыңғы бедерлі тігіс Г7 нүктесіне дейін 1-2 см болуы мүмкін. (сурет 7)

сурет 7

Трапеция силуэттте – біріншіден осьтік сызықтар сызылады, содан кейін жан тігісі 15 см-ге кеңейтіледі.

Түзу силуэттің осьтік сызықтары

Артқы осьтік сызығы ортаңғы тігіске параллельді болады және жауырынның деңгейінде орналасады.

У нүктесін табу:Цл = 0,4 · Шс (Шс – өлшем емес, ол бөліктің ені)

Бұл формула тек қана артқы бойы тігіссіз бұйымдарда қолданылады, ал егер тігіспен болса онда осьтік сызық иық бүкпеден түсіріледі.

Жан тігістің бүкпесі тек қана бел сызыққа дейін сәнделеді. Содан кейін бөксенің ені және П6 анықталады.

∑В = (Сб + Пб) – Б1Б3; ← Б2Б5 = В/2

→ Б2Б4 = В/2

Жан тігістің осьтік сызығы: → ББ2 = ГГ5 (ГГ2) + (ББ1 –ГГ0 )/2;

Жан тігіс доғаланған сызықпен сәнделеді.

Қынама силуэт: 4 осьтік сызық түсіреміз:

а) ↓Г6 нүктесінен в) Г5 нүктесінен → Г1Г5 = 3-4

б) ↓а2 нүктесінен г) Цл немесе иық бүкпесінен Цл = 0,4·Шс

ІІ-ші формуланы қолданамыз:

∑В = Т1(Т11)Т8 – (Ст + Пт);

∑В/4

Бүкпенің ұзындығы ≈ 10 см ↑↓ бел сызығынан.

Жан тігістің осьтік сызығы:

→ББ2 = ГГ5 (ГГ2) + (ББ1 –ГГ0 )/2;

Бел сызығы кесілген:

Бүкпелер жартылай қынама силуэттегідей, үш осьтік сызықтармен сәнделеді.

Артқы бой 0,25 х ∑В;

Алдыңғы бой 0,35 х ∑В;

Жан тігісі 0,4 х ∑В;

Жан тігістің осьтік сызығы:

→ББ2 = ГГ5 (ГГ2) + (ББ1 –ГГ0 )/2;

Бөксенің ені: ∑В = (Сб + Пб) – Б1Б3;

Белі кесілген сызық макетті әдіспен орындалады, жан тігісі алдын-ала сәнделеді.

40 билет

1. Пішіндер мен конструкциялардың бөліктену түрлері

2. Киімді құрастыру әдістерінің түрлері және сипаттамасы.

3. Екі тігісті қондырмалы жеңді құрастыру.

Пішіндер мен конструкциялардың бөліктену түрлері.

Пiшiм деп киiмнiң конструктивтiк құрылымының жалпы сипаттамасы түсiндiрiледi. Киiм пiшiнi жеңдi қондырып тiгу сызықтарымен және алдыңғы бойдың және артқы бойдың вертикальды сызықтарымен немесе горизонтальды бөлiндiмен сипатталады (сурет1).

Негiзгi пiшiмдер болып:

-қондырмалы Қ;

-реглан Р;

-тұтас пiшiлген ТП;

-қиыстырылған пiшiм ҚП.

Жеңнiң негiзгi пiшiмдерiнiң әр түрлi үйлесуi қиыстырылып пiшiлген ҚП деген қосымша пiшiмдi құрайды.

Киiмнiң омыраушаның белдемшемен қосылуына байланысты мынадай түрлерi болуы мүмкiн:

-қиылған (О+Б)

-Бел сызығы бойынша қиылмаған.

Алдынғы бой немесе артқы бойдың жоғарғы бөлiгiнiң кесiлуi пiшiн деп аталады

2.Киім - дәуірдің, адамның жеке индивидуалдылығын көрсететін және қоршаған ортаның әсерлерінен қорғайтын адам денесінің жасанды жабындысы, материалды қабаттар жүйесі.

Киімнің құрастырылуы – киім моделін құрастыруды дайындау, яғни бір бұйымның конфигурация бөліктерінін (бөлшектерінін) келісімді орналастырып тұрғызу. Құрастырудың нәтижесі ретінде сызбалар, суреттер, есептерді жатқызуға болады.

Адам қоғамының дамуымен бірге киімнің түрлері және формасының өзгеруі болды. Ерлер мен әйелдердің, қыздардың және тұрмыстағы қыздардың киімдері пайда болды; күнделікті, салтанатты, үйлену тойына жерлеу рәсіміне арналған және тағайындалуына байланысты оның басқа да түрлері шықты. Еңбектің бөлінуң әр түрлі кәсіби киімдерді шығаруға әкелді.

Өнеркәсіп өндірісінің, ғылымның және техниканың дамуы ең алдымен атқаратын функциясына байланысты ажыратылатын жаңа киім түрлерінің шығуына әсер етті. Киімнің алғашқы кезде денені жағымсыз климаттық және атмосфералық әсерден қорғау ретінде шыққан, бірақ түрлі тарихи және экономикалық жағдайлардың, ұлттық ерекшеіктердің ықпалынан көптеген өзгерістерге ұшырады, түрлерінің және формаларының ауан түріне жетті. Қазіргі таңда ол көркемөнердің сабағына айналды және оның кейінгі дамуы әр түрлі көркем стильдердің дамуымен бірге жүретін болды.

Осылайша, киім — бұл климаттық және өндірістік ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғау мақсатында және утилитарлы ғана емес, сонымен қатар эстетикалық функцияны да атқаратын адамның киетін бүйымдардың жиынтығы.

“Киім” түсінігімен “костюм” түсінігі тығыз байланысты – айтарлықтай кең және терең. Костюм тарихта болған және киімді ғана емес, аяқ-киім, бас киім, аксессуарлар (сөмке, қолшатыр және т.б.), сонымен қатар шаш үлгісі, гримді қосатын, жалпы адамның сырт келбетін құрайтын, оған ерекше стиль беретін үнемі даму үстінде болатын белгілі бір түрмен таңдалып алынған заттардың кешені. Костюмдегі заттар мен элементтер адамның социалды, ұлтқа, аумаққа жататындығын, оның жынысын, жасын, кәсібін көрсететін белгілі бір оймен және тағайындалумен біріккен.

Костюм – басты көңіл адамға ауатын, ойша шешілген ансамбль, ансамбль киімді, аяқ-киімді, шаш үлгісін, гримді, аксессуарларды біріктіреді және белгілі бір утилитарлы-эстетикаық функцияны атқарады.

Аксессуарлар – костюмге қосымша (шарф, косынка, орамал, бас киім, қоғаптар, сөмкелер, амиян, белдік, қошатыр, шұлықтар және т.б.). Сөмкені, белдіктерді, амиян, қолғап және т.б галантерея деп атайды. Бөлшектерді түймелеу, бекіту үшін, оларды тығыздау, бұйымды сәндеу үшін фурнитура жұмыс атқарады.

Киім моделін құрастыру практикада: модельдердің жиынтығы, комплект, ансамбль, модельдер топтамасы сияқты спецификалық терминдер қолданылады.

Комплект (Жиынтық) – бұл стильдік шешімнің бірлігімен бірлескен және матасы, тағайындалуы, түсі сияқты анықталған белгілері бар костюм элементтерінің жиынтығы. Комплекттің ансамбльден ерекшелеп тұратын бұл комплектті құрайтын заттардың құрайтын заттардың тең мағыналы, бірлесіп ауысып отыратындығы.

Ансамбль – бұл өзімен белгілі бір көркемдік ойды алып жүретін, ойдағы мазмұнын, құрылымын, тағайындалумен бекітілген көркем шешілген костюм. Заттық ансамбль – бұл сыртқы кеңістікті байланысы жоқ, бірақ ортақ көркемдік оймен біріккен, мәдениет жүйесіндегі бүтін үлгілеуші кешеннің бар екендігін көрсететін заттар жиынтығы.

Топтама (Коллекция) – бұл бірыңғай стильдік шешім негізінде тұрғызыған, құрастыру байланыстары, базалық формасы және мата құрылымы ақылдасылған, белгілі бір немесе әр-түрлі жағдайға тағайындалған модельдер сериясы.

Ассортимент – бұл кәсіпорын өніміне, өндіріске немесе басқа бір тауарлар тобына жататын бұйымның жеке түрлерінің қатынасы және құрамы. Бұны немесе белгілі бір қасиеттеріне байланысты өзіндік топтарға біріккен бұйымдар ретінде белгілеуге болады. Ассортимент – өндіріс өндіретін өнім номенклатурасы ретінде шығарылатын және қажеттілік құрылымының негізінде ғылыми бекітілген және табылған кешенді құрылған өндіріс бұйымының қатары; түрлеріне, тағайындалуына, сортына және қолданылған шикізатқа байланысты тауарлар жиынтығы немесе тізімі.

Гардероб – бір адамның немесе жанұяның қолданысындағы барлық киімдердің жиынтығы.

Киім моделінің тобы (Семейство моделей одежды) – жаппай өндірістік өнеркәсіп жағдайында үлгілеу және құрастырудың унификациялау талаптарына байланысты бір конструкция негізінде дайындалған бұйымдар сериясы.

3.Екі тігісті жеңді құрастыру

← Рп Р5 = Л1Л5 = ММ5 = 3-4 см;

Р5; Л5 және М5 доғамен қосамыз.

Түптің төменгі бөлігімен қиылысқан нүкте Р51 және етекпен М51 нүктелері болып табылады.

Р51 ; Л5; М51 – жеңнің төменгі бөлігінің алдыңғы тігісі

→ Рп Р1 = Рп Р5 ;

→ Л1Л11 = Л1Л5;

→ ММ3 = ММ5.

Р1; Л11 және М3 нүктелерін қосамыз.

↑ Р1 Р11 = Р5 Р51;

↓ М3М31 = М5М51.

Р11 ; Л11 және М31 – жеңнің үстіңгі бөлігінің алдыңғы тігісі

Р п 8' = Р п 8; ┴ 6-7 = 4 – 5 = 1 ÷ 2 см ; Р п 8' = Р п 8 = 3,3.

Шынтақ аударылымының ені → Рл Р4 = 4 см;

Үстіңгі жағында жеңнің пішініне қарай 1÷6 см болады.

Аударылымның ені → М2М4 = 0...2 см

М4 және Р4 нүктлерін түзу сызықпен қосамыз, шынтақ сызығымен қиылысқан жерін Л4 нүктесімен белгілейміз.

Жеңнің төменгі бөлігінің шынтақ тігісінің нүктесі ←Л4Л41 = Л2Л3 = 1....1,5 см.

М4414 нүктелерін қиғаш сызықпен қосып, жоғары қарай жалғастырамыз, осы сызықтың қиылысын Р41 деп белгілейміз.

Шынтақ тігіспен түптің төменгі бөлігімен қиылысқан нүктесі Р41 болып табылады.

Р41; Л41; М4 – жеңнің төменгі бөлігінің шынтақ тігісі.

Үстіңгі бөліктің шынтақ тігісінің құрастырылуы

← Рл Р2 = Рл Р4

← Л3Л42 = Л3Л41

← М2М41 = М2М4

Р2; Л42; М41 доғалданған сызықпен қосамыз.

↑Р2Р21 = Р4Р41

Р3' Р21 – доғаланған сызықпен қосамыз.

Р21; Л42; М41 – жеңнің үстіңгі бөлігінің шынтақ тігісі.

41 билет

1. Қондырмалы жеңнің қолтық ойындысымен байланысы және қолданылатын өлшемдерімен, қосымшылардың түрлері. 1 сұрақ. Қондырма жең үш түрге бөлінеді:

Бір тігісті

Екі тігісті (жоғарғы және төменгі бөліктен, алдыңғы және артқы бөліктен)

Үш тігісті

Жеңді құрастыру үшін керекті өлшемдер: Оп, Друк, Озап

Керекті қосымшалар: Поп, Позап

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]