
- •1.Киімнің негізгі функциялары.
- •2.Антропометриялық нүктелердің түрлері.
- •3.Әйелдер иық бұйымының бКсын тұрғызу, артқы бойы тігіспен.
- •1.Костюм, гардероб және оларды құрайтын бұйымдар ассортименті туралы түсінік.
- •2.Тұлғадан өлшем нышандарын түсіру.
- •1.Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар.
- •2.Кендікке берілетін қосымшалардың түрлері.
- •2.Бұйымның силуэтін ескере отырып Пг қосымшаны бк ның учаскесіне бөлу(%).
- •2.Адам тұлғасының келбеттері мен және пропорциялардың түрлері.
- •3.Әйелдер иық бұйымында ортанғы тігісті құрастыру
- •2. Өлшеу аспаптардың түрлері.
- •1. Бұйымның ішкі өлшемдері мен адам денесінің беткі өлшемдерінің арақатынасы.
- •2. Артқы бойы тігіспен және тігіссіз иық бұйымдарда бел сызығындағы бүкпенің енін анықтау формуласы.
- •3. Әйелдер иық бұйымының торын құрастыру.
- •2.Екі тігісті қондырмалы жеңнің енін анықтау формуласы.
- •1Пішу тәсілдерінің даму тарихы
- •2 Әйелдердің шалбарын құрастыру.
- •2Сұрақ.Әйелдердің шалбарын Воронин тәсілі бойынша құрастыру.
- •3.«Годе» белдемшесінің конструкциясы
- •1. Жағалардың топтасу түрлері және оның мойын ойындысымен байланысы
- •2 Артқы бойдың иық тігісін сәндеу
- •1. Реглан пішімді жеңнің құрастыру ерекшеліктері.
- •3. Жейде пішіміндегі овалды жеңнің бКсын құрастыру.
- •2. Лекалдардың түрлері және оған қойылатын талаптар.
- •1. Жейде пішімді жеңнің құрастыру ерекшелігі.
- •2. Әйелдер тұлғасынан өлшем нышандарын түсіру.
- •1. Реглан пішімді жеңнің конструктивті безендіру түрлері.
- •2. Иық бұйымдарда түймеліктің орналасу амалы.
- •3.Тұтаспішілгенжағаны құрастыру
- •Тұтас пішілген жаға артқы және алдыңғы боймен тұтас пішіледі. Тіректің биіктігі артқы және алдыңғы бойдың киықтарынан көтеріледі.
- •1. Өнеркәсіптің әр түрлі шарттарына байланысты лекалдарды дайындау және ескд талаптарына сәйкес безендіру.
- •2. Бұйымды құрастыру барысында форма беретін элементтердің түрлері.
- •3. Тік белдемшенің бКсын құрастыру.
- •2. Бұйымды құрастыру барысында форма беретін элементтердің түрлері.
- •3Сұрақ. Тік белдемшенің конструкциясын құрастыру.
- •1. Кеуде бүкпесінің өзгерту бағыттарын көрсету.
- •2. Үлгілі тұлғада түзу белдемшенің бел бүкпесін ʃв аймақ бойынша бөлу.
- •3. Сызбадан тыс капюшонды құрастыру.
- •2. Үлгілі тұлғада түзу белдемшенің бел бүкпесін ʃв аймақ бойынша бөлу.
- •3. Сызбадан тыс капюшонды құрастыру.
- •1. Әйелдердің және ерлердің негізгі өлшем нышандары.
- •2. Конусты белдемшелерді құрастыру үшін қолданылатын коэффициенттер.
- •3. Түймелігі ашық апаш жағаны құрастыру.
- •2. Конусты белдемшелерді құрастыру үшін қолданылатын коэффициенттер.
- •1. Қондырмалы жеңнің қолтық ойындысымен байланысы және қолданылатын өлшемдерімен, қосымшылардың түрлері.
- •1. Реглан пішімді жеңнің конструкциясын құрастыру үшін керекті мәліметтер.
- •2. Әйелдер иық бұйымында тордың алдын ала есебін орындау.
- •3. Тік жағаны құрастыру.
- •1. Кеуде бүкпесінің өзгерту бағыттарын көрсету.
- •2. Антропометриялық нүктелердің түрлері. (астындағы үлкен кесте)
- •3. Өңірлердің түрлерін құрастыру және түймелікті көрсету.
- •1. Былғары және үлбір бұйымдарының классификациясы.
- •2.Үлбір бұйымдарының классификациясы және ассортименті
- •2. Әйелдер иық бұйымының бКсында қынамалы және белі кесілген силуэтті безендіру.
- •3. Әйелдер иық бұйымының бКсында кеуде бүкпесін құрастыру.
- •1. Техникалық үлгілеудің тәсілдерінің ерекшеліктері.
- •2. Әйелдер шалбарының құрастыру ерекшеліктері.
- •3. Тірегі кесінді қайырмалы жағаны құрастыру.
- •1. Костюм, гардероб және оларды құрайтын бұйымдар ассортименті туралы түсінік.
- •3. Әйелдер иық бұйымының бКсын тұрғызу, артқы бойы тігіспен
- •1. Кендікке берілетін қосымшалардың түрлері.
- •2. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар
- •3. Әйелдер иық бұйымының бКсында мойын ойындысын құрастыру
- •1. Киім туралы жалпы түсінік. Киімнің атқаратын қызметтері.
- •2. Пішіндер мен конструкциялардың бөліктену түрлері
- •3. Әйелдер иық бұйымының бКсын тұрғызу, артқы бойы тігіссіз
- •2. Киімнің негізгі функциялары.
- •1. Адам денесiнiң морфологиялық белгiлерiне сипаттама
- •1. Келбеттердің түрлері және оны анықтау формуласы.
- •2. Киімді топтастыру және оның классификациясына түсініктеме.
- •3. Әйелдер иық бұйымының бКсында бел сызығын безендіру..
- •3 Сұрақ. Әйелдер иық бұйымының бк сын құрастыру
- •1. Адам тұлғасының келбеттері мен және пропорциялардың түрлері.
- •2. Көлемді пішін жасау үшін қолданылатын құралдарды талдау.
- •3. Әйелдер иық бұйымында ортанғы тігісті құрастыру.
- •1. Бұйымның ішкі өлшемдері мен адам денесінің беткі өлшемдерінің арақатынасы.
- •2. Келбеттердің түрлері және оны анықтау формуласы.
- •3. Әйелдер иық бұйымының бКсында етек сызығын безендіру.
- •2.Жартылай және қынама силуэттер
- •1. Пішіндер мен конструкциялардың бөліктену түрлері
- •2. Киімді құрастыру әдістерінің түрлері және сипаттамасы.
- •3. Екі тігісті қондырмалы жеңді құрастыру.
- •2. Бұйымның ішкі өлшемдері мен адам денесінің беткі өлшемдерінің арақатынасы.
- •3. Әйелдер иық бұйымының бКсында жартылай қынамалы силуэтті құрастыру. Жартылай және қынама силуэттер
- •1. Өлшеу аспаптардың түрлері.
- •1. Әйелдер иық бұйымында кеуде бүкпесін анықтау формуласы.
- •3. «Годе» белдемшесін құрастыру.
- •1. Қосымшалар және оның түрлері
- •3. Күн белдемшесін құрастыру.
- •1. Пішу тәсілдерінің даму тарихы
- •2. Қосымшалар және оның түрлері.
- •2. Иық бұйымдарда түймеліктің орналасу амалы .
- •3.Белдемшенің торын құрастыру.
- •2. Қондырмалы жеңнің қолтық ойындысымен байланысы және қолданылатын өлшемдерімен, қосымшылардың түрлері.
- •1. Реглан пішімді жеңнің құрастыру ерекшеліктері.
- •1. Реглан пішімді жеңнің конструктивті безендіру түрлері.
- •2. Иық бұйымдарда түймеліктің орналасу амалы.
- •1. Бұйымды құрастыру барысында форма беретін элементтердің түрлері.
- •3. Тік белдемшенің бКсын құрастыру.
- •2.Тұтас пішілген жеңді конструктивті безендіру варианттары.
- •1. Кеуде бүкпесінің өзгерту бағыттарын көрсету.
- •3. Түймелігі ашық апаш жағаны құрастыру.
- •2. Әйелдердің және ерлердің негізгі өлшем нышандары.
- •1. Конусты белдемшелерді құрастыру үшін қолданылатын коэффициенттер
- •3. Жейде пішіміндегі щелевидті жеңнің бКсын құрастыру
- •1. Былғары және үлбір бұйымдарының классификациясы.
- •3. Тірегі кесінді қайырмалы жағаны құрастыру.
- •1.Әйелдер иық бұйымында тордың алдын ала есебін орындау
- •3. Тік жағаны құрастыру
- •1. Антропометриялық нүктелердің түрлері.
- •3. Өңірлердің түрлерін құрастыру және түймелікті көрсету
1.Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар.
Тұрмыстық киімге қойылатын барлық бар талаптар тұтынушылық және өндірістік талаптардың жиынтығынан тұрады.
Киімнің тұтынушылық талаптары социалды, функционалды, эргономикалық, эстетикалық және эксплуатациялық талаптаға бөлінеді.
Социалды талаптар берілген ассортимент бойынша киімді шығаруда сатып алушылардың сұранысына байланысты анықталады.
Функционалды талаптар киімнің белгілі бір тағайындалуға сәйкестілігімен (композициялық тұрғызылу, конструкцияға және мата, жастық ерекшеліктері, сыртқы келбеті және психологиялық даму бойынша) сипатталады.
Эргономикалық талаптар антропометриялық, гигиеналық және психофизиоогиялық талаптар кешенінен тұрады.
Антропометриялық талаптар киімнің өлшемге, дене формасына, әр түрлі жастық топтарға байланысты фигураның тұрғызыу ерекшеліктеріне, атқаратын қозғалыс мінездемесі бойынша сәйкес келуімен бекітіледі. Киім конструкциясы қозғалыстың максималды еркіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Гигиеналық талаптар ағзадағы қажетті жылуды және климаттың жағымсыз әсерлерінен, ластанудан және жарақаттардан денені қорғайтын оған оптималды микроклимат жасау жолымен қамтамасыз етіеді.
Психофизиологиялық талаптар адамның сезімі арқылы қасиеттерінен байқалады. Киім теріс реакция мен жағымсыз белгілерді шақырмауы тиіс. Ағзаға және денеген тиетін теріс әсер бұйымның артық салмағының, матаның тікенектігі, тігістердің дөрекі өңделуі, сонымен қатар кию және шешу кезіндегі ыңғайлылық және жеке элементтерін қолданудағы ыңғайлылық болып табылады.
Эстетикалық талаптар модельдердің композициялық және түстік шешімімен, гармониялылығымен, бүтін және бөлшектердің өлшемдестігімен, форманың пластикалылығының анықтылығымен, оның тектоникасымен, заттық әлемнің стилистикалық байланысымен, модельдің және конструкциясының жаңалығымен, тауарлық түрінің жетіктілігімен анықталады.
Эксплуатациялық талаптар киімге өте маңызды және киімнің үйкелуге, мыжылуға, үзілуге, иілуге, сәулелік ауа-райының әсеріне, химиялық тазалауға және жууға төзімдіігімен сипатталады.
Өндірістік талаптарды конструкторлы-технологиялық және экономикалық деп бөледі.
Конструкторлы-технологиялық талаптар тігін бұйымының конструкциясының технологиялылығымен, еңбек шығыны және моделдің дайындалу уақытымен анықталады.
Экономикалық талаптарда өндірістің үнемділігінің (киім моделін дайындаудағы шығындар) және бұйымды эксплуатациялаудағы өндірістік шығындар (химиялық тазалауға, жууға және қалпына келтіруге кететін шығындар) көрсеткіштерін есепке алады.
2.Кендікке берілетін қосымшалардың түрлері.
Киiмнiң жобаланатын пiшiнiн құру қосымшаларға да байланысты болады. Олар жалпы қолданылуға – бұйымның барлық енiне немесе жеке қолдануға бөлiктерге (бөлшектерге) беріледі.
Бұйымның берілетін негізгі қосымшалары:
Пг - кеуде деңгейiнде;
Пт – бел деңгейiнде;
Пб—бөксе деңгейiнде.
Бұйым бөлшектерiне (бөлшектерге) берілетін қосымшалар:
Пш.с – артқы бой енiне;
Пш.п – алдыңғы (алды) бой енiне;
Пд.т.с – артқы бой бел ұзындығына;
Пс.пр – қолтық ойындысы (еркiн) тереңдiгiне;
Пш.горл – мойын ойындысы енiне;
Пг.горл – алдыңғы бой мойын ойындысы тереңдiгiне;
Пв.горл.с – артқы бой мойын ойындысына (тереңдiгi);
По.п – иық айналымына;
П. бед - бөксе айналымына;
Еркiн қынамалыққа берілетін техникалық, қимылды, еркiн демалуды қамтамасыз ететін, жылу алмастыруды және ауа қабатының тепе-теңдігін реттейтін қосымшалар деп аталады. Киiмдi декоративтiк, конструктивтiк сәндеуге берiлетiн қосымшалар (сәндiк-конструктивтiк қосымшалар) деп аталады.
3.Әйелдер иық бұйымының БКсында иық нүктелерін П1 ж П5 құрастыру.
№ 5 билет
Киімді топтастыру және оның классификациясына түсініктеме
Киім |
||||||||||
Класстары |
Тұрмыстық |
Спор ттық |
Өндірістік |
|||||||
Под Класстар |
Сыртқы киім |
Костюмді-көйлекті бұйымдар |
Ақжайма бұйымдар |
Корсеттік бұйымдар
|
|
Арнайы |
Ведом стволық |
Техно логиялық |
||
Түрлері |
Пальто, курткалар плащтар және т.б |
Пиджактар,жакеттер, жилеттер және т.б. |
Пижамаларраспашон- калар, купальник-тер және т.б. |
Бюстгаль-терлер, белдіктер, грациялар |
|
Курткалар, шалбарлар, плащтар және т.б |
Шинель, пальто, китель және т.б |
Санитарлы-гигиеналық киімдердің барлық түрлері |
||
Топтары |
Ерлер, әйелдер, балалар |
|||||||||
Топшалары |
Көктемдік-күздік, жаздық, қыстық, барлық маусымға арналған |
1) тұрмыстық
2) өндірістік
3) спорттық.
Тұрмыстық киім адам денесін климаттық жағдайлардың жағымсыз әсерлерінен (жаңбыр, қар, жел және т.б) қорғауға арналған.
Өндірістік киім адам денесін өндірістік ортаның зиянды факторларынан қорғайды. Мысалы, мұнай өңдеу өнімдерінен, уран өңдейтін зауыттың агрессивті орта әсерінен.
Спорттық киім – спортшының денесін жарақаттардан қорғап және оның жоғары спорттық нәтижелерге жетуге көмектесуі қажет.
Қазіргі заманның киімінің алуан түрлілігі қасиеттерінің түрлі белгілері арқылы классификацияланады. Тағайындалуына байланысты (жалпы тігін классификациясы және өнімнің оныншы классификаторы), жыныстық-жастық белгілері, тірек бетінің мінездемесі, пішімі бойынша классификациялар бар.
Эксплуатациялау жағдайына және тар тағайындалуына байланысты киімнің әр классы ең алдымен подкласстарға, түрлерге, топтарға және топшаларға бөлінеді.
Жыныстық-жастық белгілеріне байланысты қазіргі кездің киімі топтарға бөлінеді: ерлер, әйелдер және балалар. Балалар киімі келесі түрлерге ие: жаңа туылған сәбилерге, балабақша жасындағы, мектепке дейінгі, бастауыш сынып және жоғарғы сынып балалары және жасөспірімдерге арналған киімдер.
Жастық белгісі бойынша ересектердің үш тобын бөледі: кіші (19-29 жас), орта (30-44 жас) және үлкен (45-тен жоғары). Балалар киімін өндіру үшін келесі топтарды бөледі: балабақша (9 ай.- 3 жас), мектепке дейінгі (3 - 6,5 жас), бастауыш сынып (6,5-12 жас), жоғарғы сынып (12-15,5 жас) және жасөспірімдер (15,5-18 жас) топтары.
Жыл мезгіліне және климаттық аймаққа байланысты киім топтары төрт топшаларға бөлінеді: К/К – көктемдік-күздік; Ж – жаздық; Қ – қыстық; В/С – барлық маусымға лайықты (всесезонная);
Киімнің тағайындалуына және арнайы бір жағдайда қолданылуына байланысты классификацияны жалғастыруға болады. Мысалы, әйелдер костюмы күнделікті киюге, үйде қодануға, салтанатты кездерге және т.б. арналуы мүмкін.
Ең көп кездесеті және өзінің құрамында келесі топшалардан тұратыны тұрмыстық киім болып табылады: (1 кесте):
- сыртқы киім,
- костюмді-көйлекті бұйымдар,
- ақ жайма бұйымдар,
- корсеттік бұйымдар