Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OMKI_shpor_biletter.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.06 Mб
Скачать

3 Сұрақ. Әйелдер иық бұйымының бк сын құрастыру

Үлгілі фигура өлшемінде 164-92-100. Пальто тік силуэт артқы бойы тігіссіз.

Өлшемдер

Р – 164 ВnрзІІ – 21,2

Сш – 18,1 ВnкІІ – 42,9

СгI – 44,4 Шс – 17,8

СгІІ – 48,4 Шп – 13,2

СгІІІ – 46 Дрзап – 55,4

Ст – 35,9 Оn – 28,9

Сб – 50 Озап – 16,2

Шг – 16,9

ДтсІІ – 42,8

ДтnІІ – 43,8

ВгІІ – 26,2

Керекті қосымшалар

Пг – 10 1. Пдтс – 1

Пт – 5 2. Пспр – 3

Пб – 6 4. Пшгс – 1

6. Поn – 8

37 билет

1. Адам тұлғасының келбеттері мен және пропорциялардың түрлері.

2. Көлемді пішін жасау үшін қолданылатын құралдарды талдау.

3. Әйелдер иық бұйымында ортанғы тігісті құрастыру.

Жауабы:

келбет Осанка (Тұлға)

Жоғарыда айтылған белгіері, адам денесінің сыртқы формасын келбет те анықтайды.

Келбет – бұл адам денесінің тұрып тұрғандағы қалыпты, бос күйдегі орны. Ол келесі негізгі факторламен: иықтың иілуі және омыртқа бөлімінің иілу деңгейімен сипатталады.

Кеуденің жоғарғы бөлігінің иілу деңгейіне байланысты киім конструкциясында келбеттің негізгі үш типін бөліп көрсетеді: шалқақ, қалыпты және енкіш.

1 тип – шалқақ фигура, арқаның түзулігімен, арқаның бел деңгейінде иілуімен сипатталады.

11 тип – қалыпты немесе шартты типтік (жиі кездесетіні), кеуденің жоғарғы бөлігінің орташа иілгендігімен сипатталады.

111 тип – фигураның енкіш келбеті, дөңгеленген арқамен , жазық кеуде клеткасымен сипатталады.

Иықтың иілуіне байланысты төмен иықты, қалыпты және жоғарғы иықты фигураларды бөліп көрсетуге болады.

Фигураның келбет типі екі өлшем арқылы: Пк корпусының және Вп иық биіктігінің орнымен анықталады. Корпустың және иықтың биіктігінің орнымен фигураның келбет типін анықтау схемасы 5 суретте көрсетілген.

Барлық атап көрсетілген дене бітім белгілерін визуалды (көзбен) анықтайды.Осы белгілердің түрлі қатынастары адам денесінің сыртқы формасын құрайды. Гармониялық киімді жобалау мақсатында киімді конструкциялау кезінде прапорция, дене бітім және адамның фигурасының келбеті туралы мәліметтермен ойнауға болмайды.

Дене пропорциялары. Пропорция деп адам денесiнiң бөлек бөлiктерi өлшемдерiнiң ара қатынасын атайды. Адам денесiнiң пропорциясы оның ұлттық ерекшелiгiмен, тұратын жерiнiң, географиялық-климаттық жағдайларымен, мұрагерлiк факторларымен анықталады.

Адамның дене пiшiмiне спорттың, яғни бұлшықет пен май басудың даму дәрежесi әсер етедi.

Аяқ-қол ұзындығы мен иық енiнiң жалпы дененiң ұзындығына қатасына қарай дене пропорциясының үш негiзгi типiн ажыратады:

долихоморфтық – тар кеудемен ұзын аяқ-қолдарды салыстырғанда;

брахиморфтық – қысқа аяқ-қолдармен ұзын кең кеуденi салыстырғанда;

мезоморфтық – бір қалыпты долихоморфтық және брахиморфтық тұлғалардың аралық орнын иемденедi.

Әртүрлi жастағы және жыныстағы адамдардың пропорциялары қатты өзгередi. Өзгерiстер бас және тұлғаның салыстырмалық өлшемдерiнiң кiшiреюi және салыстырмалық өлшемiнiң артуымен өзгередi. Адам фигурасының теориялық прапорционалды қатынасын ежелгі грек мүсіншісі Поликлетпен (б.д.д.) қарастырған. Ол бастың биіктігі модуль ретінде алынып, фигураның ұзындығы бойынша 8 рет өлшенетін канонды ойлап тапты.

Канон (гректің. Kanon – шама, ереже) — қазіргі кезде бастыорында болатын шамалар және ережелердің жүйесі.

Біздің қазіргі кездегі антропологтардың белгіленіп алынған адам фигурасының типтерінің долихоморфты бой типі осындай 8 модульге, мезоморфты тип — 7,5 модулге, брахиморфты тип — 7 модулге тең болады.

Сурет 1, а дан адам фигурасының канонын тұрғызу үшін модуль ретінде фигураның мезоморфты типінің бас биіктігі қызмет атқарады. Суретте көрсетілгендей иық ені 1,5 модулге, кеуде арасының ара-қашықтығы — 1 модулге, бөксе ені — 1,5 модулге, белдің ені — 1 модулге, белдің орналасу орны — 3 модулге, қолда шынтақтың бүгілу орны — 3 модулге, лобка орны— 4 модулге, тізенің төменгі буын орны - 6 модулге, тобықтың төменгі орны — 7 модулге, табан орны— 7,5 модулге.

1 Кесте Ересек топтың дене прапорциясының мінездемесі

Дененің орналасу типі

Дене бөлшектерінің өлшемі

Бас

Кеуде

қол

Аяқ

Долихоморфты

үлкен емес

қысқа

ұзын

Ұзын

Мезоморфты

орташа

орташа

орташа

Орташа

Брахиморфты

үлкен

ұзын

қысқа

Қысқа

2. Көлемді пішін жасау үшін қолданылатын құралдарды талдау.

Киiмнiң сыртқы формасы оның негiзгi элементтерiнiң бiрi болып табылады. Киiмнiң сыртқы формасына матаның фактурасы, түрі, түсі, декор, сызықтар, әрлеулер, көрiнетiн тiгiстер сияқты факторлар әсер етеді:

- әр түрлi нүктелердегi дене бiтiмге киiмнiң қонымдылық дәрежесiн мәнерлейтін, оның еркiндiк дәрежесi;

-құрылым тiгiннiң геометриялық iшкi сипаттамасы

-адам дене бiтiмiнiң пластикалық тiгiнi.

Iшкi тiгiнiнiң сипаттамасы . Киiмнiң iшкi түрiн силуэт және формамен сипаттайды.

Киiм силуэтi, оның жазықтық бейнелеуi және кескiнi көп жерлерде силуэттiк, құрастыру және сәндiк сызықтармен анықталады.

Силуэттiк сызықтар (бұйымның иығы, кеудесi,белi және етегi ) киiмнiң көлемдiк пiшiнiн, прапорциясын және оның iшкi кескiнiн сипаттайды.

Киiмдi үлгілеуде әр түрлi жастағы, өлшемдiк және толықтық топтардағы сұраныстарға жауап беретiн бiрқатар жетекшi силуэттер қабылданған:

-түзу, бел сызықтарынын қатысынсыз иық сызығының кеңеюімен сипатталады;

-жартылай қынамалы, кеуде сызығы бойынша кiшiлеу көлемдi бөксе және бел сызықтары бойынша аз қынамалығымен бұйым етегi сызығы бойынша азырақ кеңейтiлуiмен сипатталады;

- трапеция негiзде етегi тарылған немесе кеңейтiлген.

Конструктивті сызықтары (тiгiстер) киiм бетiн бөлек бөлiктерге бөледi. Аса көбiрек кездесетiндерi болып бетiнiң мынандай бөлшектерге бөлiнуi саналады: артқы бой, алдыңғы бой, жең, жаға, белдемшенiң алдыңғы жаймасы, белдемшенiң артқы жаймасы, шалбардың алдыңғы жаймасы, шалбардың артқы жаймасы.

Киiмнiң негiзгi бөлшектерiнiң тiгiстерiн өзара қосады. Сызықтан да, құрастыру сызықтары көп жағдайларда киiм тiгiстерiнiң орналасуымен сәйкес келедi. Киiмдегi құрастыру сәндiк форма құрушы сызықтарға бүкпенi жатқызады.

Бүкпе- бұйымның барлық ұзындығы немесе енiне жүргiзiлмейтiн тiгiс.

Кейбiр тiгiстер, мысалы рельефтiк,иiнiш тiгiстерi, екi қызметтi атқарады: құрастырушылық және сәндiлiк.

Сәндiк тiгiстерiне әр түрлi әрлеуіш сызықтарды, сондай-ақ бөлшек шеттерiнiң контур сызықтарын (жаға,лацкан,өңiр және т.б) атайды.

3. Әйелдер иық бұйымында ортанғы тігісті құрастыру.

38 билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]