Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OMKI_shpor_biletter.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.06 Mб
Скачать

2. Киімнің негізгі функциялары.

Киім - дәуірдің, адамның жеке индивидуалдылығын көрсететін және қоршаған ортаның әсерлерінен қорғайтын адам денесінің жасанды жабындысы, материалды қабаттар жүйесі.

Киімнің құрастырылуы – киім моделін құрастыруды дайындау, яғни бір бұйымның конфигурация бөліктерінін (бөлшектерінін) келісімді орналастырып тұрғызу. Құрастырудың нәтижесі ретінде сызбалар, суреттер, есептерді жатқызуға болады.

Адам қоғамының дамуымен бірге киімнің түрлері және формасының өзгеруі болды. Ерлер мен әйелдердің, қыздардың және тұрмыстағы қыздардың киімдері пайда болды; күнделікті, салтанатты, үйлену тойына жерлеу рәсіміне арналған және тағайындалуына байланысты оның басқа да түрлері шықты. Еңбектің бөлінуң әр түрлі кәсіби киімдерді шығаруға әкелді.

Өнеркәсіп өндірісінің, ғылымның және техниканың дамуы ең алдымен атқаратын функциясына байланысты ажыратылатын жаңа киім түрлерінің шығуына әсер етті. Киімнің алғашқы кезде денені жағымсыз климаттық және атмосфералық әсерден қорғау ретінде шыққан, бірақ түрлі тарихи және экономикалық жағдайлардың, ұлттық ерекшеіктердің ықпалынан көптеген өзгерістерге ұшырады, түрлерінің және формаларының ауан түріне жетті. Қазіргі таңда ол көркемөнердің сабағына айналды және оның кейінгі дамуы әр түрлі көркем стильдердің дамуымен бірге жүретін болды.

Осылайша, киім — бұл климаттық және өндірістік ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғау мақсатында және утилитарлы ғана емес, сонымен қатар эстетикалық функцияны да атқаратын адамның киетін бүйымдардың жиынтығы.

“Киім” түсінігімен “костюм” түсінігі тығыз байланысты – айтарлықтай кең және терең. Костюм тарихта болған және киімді ғана емес, аяқ-киім, бас киім, аксессуарлар (сөмке, қолшатыр және т.б.), сонымен қатар шаш үлгісі, гримді қосатын, жалпы адамның сырт келбетін құрайтын, оған ерекше стиль беретін үнемі даму үстінде болатын белгілі бір түрмен таңдалып алынған заттардың кешені. Костюмдегі заттар мен элементтер адамның социалды, ұлтқа, аумаққа жататындығын, оның жынысын, жасын, кәсібін көрсететін белгілі бір оймен және тағайындалумен біріккен.

Костюм – басты көңіл адамға ауатын, ойша шешілген ансамбль, ансамбль киімді, аяқ-киімді, шаш үлгісін, гримді, аксессуарларды біріктіреді және белгілі бір утилитарлы-эстетикаық функцияны атқарады.

Аксессуарлар – костюмге қосымша (шарф, косынка, орамал, бас киім, қоғаптар, сөмкелер, амиян, белдік, қошатыр, шұлықтар және т.б.). Сөмкені, белдіктерді, амиян, қолғап және т.б галантерея деп атайды. Бөлшектерді түймелеу, бекіту үшін, оларды тығыздау, бұйымды сәндеу үшін фурнитура жұмыс атқарады.

Киім моделін құрастыру практикада: модельдердің жиынтығы, комплект, ансамбль, модельдер топтамасы сияқты спецификалық терминдер қолданылады.

Комплект (Жиынтық) – бұл стильдік шешімнің бірлігімен бірлескен және матасы, тағайындалуы, түсі сияқты анықталған белгілері бар костюм элементтерінің жиынтығы. Комплекттің ансамбльден ерекшелеп тұратын бұл комплектті құрайтын заттардың құрайтын заттардың тең мағыналы, бірлесіп ауысып отыратындығы.

Ансамбль – бұл өзімен белгілі бір көркемдік ойды алып жүретін, ойдағы мазмұнын, құрылымын, тағайындалумен бекітілген көркем шешілген костюм. Заттық ансамбль – бұл сыртқы кеңістікті байланысы жоқ, бірақ ортақ көркемдік оймен біріккен, мәдениет жүйесіндегі бүтін үлгілеуші кешеннің бар екендігін көрсететін заттар жиынтығы.

Топтама (Коллекция) – бұл бірыңғай стильдік шешім негізінде тұрғызыған, құрастыру байланыстары, базалық формасы және мата құрылымы ақылдасылған, белгілі бір немесе әр-түрлі жағдайға тағайындалған модельдер сериясы.

Ассортимент – бұл кәсіпорын өніміне, өндіріске немесе басқа бір тауарлар тобына жататын бұйымның жеке түрлерінің қатынасы және құрамы. Бұны немесе белгілі бір қасиеттеріне байланысты өзіндік топтарға біріккен бұйымдар ретінде белгілеуге болады. Ассортимент – өндіріс өндіретін өнім номенклатурасы ретінде шығарылатын және қажеттілік құрылымының негізінде ғылыми бекітілген және табылған кешенді құрылған өндіріс бұйымының қатары; түрлеріне, тағайындалуына, сортына және қолданылған шикізатқа байланысты тауарлар жиынтығы немесе тізімі.

Гардероб – бір адамның немесе жанұяның қолданысындағы барлық киімдердің жиынтығы.

Киім моделінің тобы (Семейство моделей одежды) – жаппай өндірістік өнеркәсіп жағдайында үлгілеу және құрастырудың унификациялау талаптарына байланысты бір конструкция негізінде дайындалған бұйымдар сериясы.

3. Әйелдер иық бұйымының БКсында бел сызығын безендіру

35 билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]