Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OMKI_shpor_biletter.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.06 Mб
Скачать

2. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар

Тұрмыстық киімге қойылатын барлық бар талаптар тұтынушылық және өндірістік талаптардың жиынтығынан тұрады.

Киімнің тұтынушылық талаптары социалды, функционалды, эргономикалық, эстетикалық және эксплуатациялық талаптаға бөлінеді.

Социалды талаптар берілген ассортимент бойынша киімді шығаруда сатып алушылардың сұранысына байланысты анықталады.

Функционалды талаптар киімнің белгілі бір тағайындалуға сәйкестілігімен (композициялық тұрғызылу, конструкцияға және мата, жастық ерекшеліктері, сыртқы келбеті және психологиялық даму бойынша) сипатталады.

Эргономикалық талаптар антропометриялық, гигиеналық және психофизиоогиялық талаптар кешенінен тұрады.

Антропометриялық талаптар киімнің өлшемге, дене формасына, әр түрлі жастық топтарға байланысты фигураның тұрғызыу ерекшеліктеріне, атқаратын қозғалыс мінездемесі бойынша сәйкес келуімен бекітіледі. Киім конструкциясы қозғалыстың максималды еркіндігін қамтамасыз етуі қажет.

Гигиеналық талаптар ағзадағы қажетті жылуды және климаттың жағымсыз әсерлерінен, ластанудан және жарақаттардан денені қорғайтын оған оптималды микроклимат жасау жолымен қамтамасыз етіеді.

Психофизиологиялық талаптар адамның сезімі арқылы қасиеттерінен байқалады. Киім теріс реакция мен жағымсыз белгілерді шақырмауы тиіс. Ағзаға және денеген тиетін теріс әсер бұйымның артық салмағының, матаның тікенектігі, тігістердің дөрекі өңделуі, сонымен қатар кию және шешу кезіндегі ыңғайлылық және жеке элементтерін қолданудағы ыңғайлылық болып табылады.

Эстетикалық талаптар модельдердің композициялық және түстік шешімімен, гармониялылығымен, бүтін және бөлшектердің өлшемдестігімен, форманың пластикалылығының анықтылығымен, оның тектоникасымен, заттық әлемнің стилистикалық байланысымен, модельдің және конструкциясының жаңалығымен, тауарлық түрінің жетіктілігімен анықталады.

Эксплуатациялық талаптар киімге өте маңызды және киімнің үйкелуге, мыжылуға, үзілуге, иілуге, сәулелік ауа-райының әсеріне, химиялық тазалауға және жууға төзімдіігімен сипатталады.

Өндірістік талаптарды конструкторлы-технологиялық және экономикалық деп бөледі.

Конструкторлы-технологиялық талаптар тігін бұйымының конструкциясының технологиялылығымен, еңбек шығыны және моделдің дайындалу уақытымен анықталады.

Экономикалық талаптарда өндірістің үнемділігінің (киім моделін дайындаудағы шығындар) және бұйымды эксплуатациялаудағы өндірістік шығындар (химиялық тазалауға, жууға және қалпына келтіруге кететін шығындар) көрсеткіштерін есепке алады

3. Әйелдер иық бұйымының бКсында мойын ойындысын құрастыру

33 билет

1. Киім туралы жалпы түсінік. Киімнің атқаратын қызметтері.

Киім - дәуірдің, адамның жеке индивидуалдылығын көрсететін және қоршаған ортаның әсерлерінен қорғайтын адам денесінің жасанды жабындысы, материалды қабаттар жүйесі.

Киімнің құрастырылуы – киім моделін құрастыруды дайындау, яғни бір бұйымның конфигурация бөліктерінін (бөлшектерінін) келісімді орналастырып тұрғызу. Құрастырудың нәтижесі ретінде сызбалар, суреттер, есептерді жатқызуға болады.

Адам қоғамының дамуымен бірге киімнің түрлері және формасының өзгеруі болды. Ерлер мен әйелдердің, қыздардың және тұрмыстағы қыздардың киімдері пайда болды; күнделікті, салтанатты, үйлену тойына жерлеу рәсіміне арналған және тағайындалуына байланысты оның басқа да түрлері шықты. Еңбектің бөлінуң әр түрлі кәсіби киімдерді шығаруға әкелді.

Өнеркәсіп өндірісінің, ғылымның және техниканың дамуы ең алдымен атқаратын функциясына байланысты ажыратылатын жаңа киім түрлерінің шығуына әсер етті. Киімнің алғашқы кезде денені жағымсыз климаттық және атмосфералық әсерден қорғау ретінде шыққан, бірақ түрлі тарихи және экономикалық жағдайлардың, ұлттық ерекшеіктердің ықпалынан көптеген өзгерістерге ұшырады, түрлерінің және формаларының ауан түріне жетті. Қазіргі таңда ол көркемөнердің сабағына айналды және оның кейінгі дамуы әр түрлі көркем стильдердің дамуымен бірге жүретін болды.

Осылайша, киім — бұл климаттық және өндірістік ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғау мақсатында және утилитарлы ғана емес, сонымен қатар эстетикалық функцияны да атқаратын адамның киетін бүйымдардың жиынтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]