
- •1.Киімнің негізгі функциялары.
- •2.Антропометриялық нүктелердің түрлері.
- •3.Әйелдер иық бұйымының бКсын тұрғызу, артқы бойы тігіспен.
- •1.Костюм, гардероб және оларды құрайтын бұйымдар ассортименті туралы түсінік.
- •2.Тұлғадан өлшем нышандарын түсіру.
- •1.Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар.
- •2.Кендікке берілетін қосымшалардың түрлері.
- •2.Бұйымның силуэтін ескере отырып Пг қосымшаны бк ның учаскесіне бөлу(%).
- •2.Адам тұлғасының келбеттері мен және пропорциялардың түрлері.
- •3.Әйелдер иық бұйымында ортанғы тігісті құрастыру
- •2. Өлшеу аспаптардың түрлері.
- •1. Бұйымның ішкі өлшемдері мен адам денесінің беткі өлшемдерінің арақатынасы.
- •2. Артқы бойы тігіспен және тігіссіз иық бұйымдарда бел сызығындағы бүкпенің енін анықтау формуласы.
- •3. Әйелдер иық бұйымының торын құрастыру.
- •2.Екі тігісті қондырмалы жеңнің енін анықтау формуласы.
- •1Пішу тәсілдерінің даму тарихы
- •2 Әйелдердің шалбарын құрастыру.
- •2Сұрақ.Әйелдердің шалбарын Воронин тәсілі бойынша құрастыру.
- •3.«Годе» белдемшесінің конструкциясы
- •1. Жағалардың топтасу түрлері және оның мойын ойындысымен байланысы
- •2 Артқы бойдың иық тігісін сәндеу
- •1. Реглан пішімді жеңнің құрастыру ерекшеліктері.
- •3. Жейде пішіміндегі овалды жеңнің бКсын құрастыру.
- •2. Лекалдардың түрлері және оған қойылатын талаптар.
- •1. Жейде пішімді жеңнің құрастыру ерекшелігі.
- •2. Әйелдер тұлғасынан өлшем нышандарын түсіру.
- •1. Реглан пішімді жеңнің конструктивті безендіру түрлері.
- •2. Иық бұйымдарда түймеліктің орналасу амалы.
- •3.Тұтаспішілгенжағаны құрастыру
- •Тұтас пішілген жаға артқы және алдыңғы боймен тұтас пішіледі. Тіректің биіктігі артқы және алдыңғы бойдың киықтарынан көтеріледі.
- •1. Өнеркәсіптің әр түрлі шарттарына байланысты лекалдарды дайындау және ескд талаптарына сәйкес безендіру.
- •2. Бұйымды құрастыру барысында форма беретін элементтердің түрлері.
- •3. Тік белдемшенің бКсын құрастыру.
- •2. Бұйымды құрастыру барысында форма беретін элементтердің түрлері.
- •3Сұрақ. Тік белдемшенің конструкциясын құрастыру.
- •1. Кеуде бүкпесінің өзгерту бағыттарын көрсету.
- •2. Үлгілі тұлғада түзу белдемшенің бел бүкпесін ʃв аймақ бойынша бөлу.
- •3. Сызбадан тыс капюшонды құрастыру.
- •2. Үлгілі тұлғада түзу белдемшенің бел бүкпесін ʃв аймақ бойынша бөлу.
- •3. Сызбадан тыс капюшонды құрастыру.
- •1. Әйелдердің және ерлердің негізгі өлшем нышандары.
- •2. Конусты белдемшелерді құрастыру үшін қолданылатын коэффициенттер.
- •3. Түймелігі ашық апаш жағаны құрастыру.
- •2. Конусты белдемшелерді құрастыру үшін қолданылатын коэффициенттер.
- •1. Қондырмалы жеңнің қолтық ойындысымен байланысы және қолданылатын өлшемдерімен, қосымшылардың түрлері.
- •1. Реглан пішімді жеңнің конструкциясын құрастыру үшін керекті мәліметтер.
- •2. Әйелдер иық бұйымында тордың алдын ала есебін орындау.
- •3. Тік жағаны құрастыру.
- •1. Кеуде бүкпесінің өзгерту бағыттарын көрсету.
- •2. Антропометриялық нүктелердің түрлері. (астындағы үлкен кесте)
- •3. Өңірлердің түрлерін құрастыру және түймелікті көрсету.
- •1. Былғары және үлбір бұйымдарының классификациясы.
- •2.Үлбір бұйымдарының классификациясы және ассортименті
- •2. Әйелдер иық бұйымының бКсында қынамалы және белі кесілген силуэтті безендіру.
- •3. Әйелдер иық бұйымының бКсында кеуде бүкпесін құрастыру.
- •1. Техникалық үлгілеудің тәсілдерінің ерекшеліктері.
- •2. Әйелдер шалбарының құрастыру ерекшеліктері.
- •3. Тірегі кесінді қайырмалы жағаны құрастыру.
- •1. Костюм, гардероб және оларды құрайтын бұйымдар ассортименті туралы түсінік.
- •3. Әйелдер иық бұйымының бКсын тұрғызу, артқы бойы тігіспен
- •1. Кендікке берілетін қосымшалардың түрлері.
- •2. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар
- •3. Әйелдер иық бұйымының бКсында мойын ойындысын құрастыру
- •1. Киім туралы жалпы түсінік. Киімнің атқаратын қызметтері.
- •2. Пішіндер мен конструкциялардың бөліктену түрлері
- •3. Әйелдер иық бұйымының бКсын тұрғызу, артқы бойы тігіссіз
- •2. Киімнің негізгі функциялары.
- •1. Адам денесiнiң морфологиялық белгiлерiне сипаттама
- •1. Келбеттердің түрлері және оны анықтау формуласы.
- •2. Киімді топтастыру және оның классификациясына түсініктеме.
- •3. Әйелдер иық бұйымының бКсында бел сызығын безендіру..
- •3 Сұрақ. Әйелдер иық бұйымының бк сын құрастыру
- •1. Адам тұлғасының келбеттері мен және пропорциялардың түрлері.
- •2. Көлемді пішін жасау үшін қолданылатын құралдарды талдау.
- •3. Әйелдер иық бұйымында ортанғы тігісті құрастыру.
- •1. Бұйымның ішкі өлшемдері мен адам денесінің беткі өлшемдерінің арақатынасы.
- •2. Келбеттердің түрлері және оны анықтау формуласы.
- •3. Әйелдер иық бұйымының бКсында етек сызығын безендіру.
- •2.Жартылай және қынама силуэттер
- •1. Пішіндер мен конструкциялардың бөліктену түрлері
- •2. Киімді құрастыру әдістерінің түрлері және сипаттамасы.
- •3. Екі тігісті қондырмалы жеңді құрастыру.
- •2. Бұйымның ішкі өлшемдері мен адам денесінің беткі өлшемдерінің арақатынасы.
- •3. Әйелдер иық бұйымының бКсында жартылай қынамалы силуэтті құрастыру. Жартылай және қынама силуэттер
- •1. Өлшеу аспаптардың түрлері.
- •1. Әйелдер иық бұйымында кеуде бүкпесін анықтау формуласы.
- •3. «Годе» белдемшесін құрастыру.
- •1. Қосымшалар және оның түрлері
- •3. Күн белдемшесін құрастыру.
- •1. Пішу тәсілдерінің даму тарихы
- •2. Қосымшалар және оның түрлері.
- •2. Иық бұйымдарда түймеліктің орналасу амалы .
- •3.Белдемшенің торын құрастыру.
- •2. Қондырмалы жеңнің қолтық ойындысымен байланысы және қолданылатын өлшемдерімен, қосымшылардың түрлері.
- •1. Реглан пішімді жеңнің құрастыру ерекшеліктері.
- •1. Реглан пішімді жеңнің конструктивті безендіру түрлері.
- •2. Иық бұйымдарда түймеліктің орналасу амалы.
- •1. Бұйымды құрастыру барысында форма беретін элементтердің түрлері.
- •3. Тік белдемшенің бКсын құрастыру.
- •2.Тұтас пішілген жеңді конструктивті безендіру варианттары.
- •1. Кеуде бүкпесінің өзгерту бағыттарын көрсету.
- •3. Түймелігі ашық апаш жағаны құрастыру.
- •2. Әйелдердің және ерлердің негізгі өлшем нышандары.
- •1. Конусты белдемшелерді құрастыру үшін қолданылатын коэффициенттер
- •3. Жейде пішіміндегі щелевидті жеңнің бКсын құрастыру
- •1. Былғары және үлбір бұйымдарының классификациясы.
- •3. Тірегі кесінді қайырмалы жағаны құрастыру.
- •1.Әйелдер иық бұйымында тордың алдын ала есебін орындау
- •3. Тік жағаны құрастыру
- •1. Антропометриялық нүктелердің түрлері.
- •3. Өңірлердің түрлерін құрастыру және түймелікті көрсету
№ 1 билет
Киім туралы жалпы түсінік. Киімнің атқаратын қызметтері.
Киім - дәуірдің, адамның жеке индивидуалдылығын көрсететін және қоршаған ортаның әсерлерінен қорғайтын адам денесінің жасанды жабындысы, материалды қабаттар жүйесі.
Киімнің құрастырылуы – киім моделін құрастыруды дайындау, яғни бір бұйымның конфигурация бөліктерінін (бөлшектерінін) келісімді орналастырып тұрғызу. Құрастырудың нәтижесі ретінде сызбалар, суреттер, есептерді жатқызуға болады.
Адам қоғамының дамуымен бірге киімнің түрлері және формасының өзгеруі болды. Ерлер мен әйелдердің, қыздардың және тұрмыстағы қыздардың киімдері пайда болды; күнделікті, салтанатты, үйлену тойына жерлеу рәсіміне арналған және тағайындалуына байланысты оның басқа да түрлері шықты. Еңбектің бөлінуң әр түрлі кәсіби киімдерді шығаруға әкелді.
Өнеркәсіп өндірісінің, ғылымның және техниканың дамуы ең алдымен атқаратын функциясына байланысты ажыратылатын жаңа киім түрлерінің шығуына әсер етті. Киімнің алғашқы кезде денені жағымсыз климаттық және атмосфералық әсерден қорғау ретінде шыққан, бірақ түрлі тарихи және экономикалық жағдайлардың, ұлттық ерекшеіктердің ықпалынан көптеген өзгерістерге ұшырады, түрлерінің және формаларының ауан түріне жетті. Қазіргі таңда ол көркемөнердің сабағына айналды және оның кейінгі дамуы әр түрлі көркем стильдердің дамуымен бірге жүретін болды.
Шартты белгiлер |
Атаулар |
Орналасуы |
А |
Жоғары тұсы |
Көздiк–құлақтық көлденең жағдайдағы басты өлшеудiң жоғары нүктесi |
Б |
Мойын |
Жетiншi мойын омыртқа остi өсiндiнiң төбесi |
В |
Мойынның негiзделу нүктесi |
Мойын айналымының иық ылди сызығымен қиылысуы |
Г |
Бұғаналық |
Бұғананың төс ұшының жоғарғы нүктесi |
Д |
Жоғары төстiк |
Кеуденiң жармалық сызығында бөлiндiнiң орталығы |
Е |
Орта кеуделiк |
Кеудемен бiрге төртiншi қабырға шемiршегiнiң жоғарғы шетiнен жiктелу деңгейiндегi кеуденiң орта сызығында |
Ж |
Акромиальдық иықтық |
Жауырынның акромиальды өсiндiсi жанғы шетi жағындағы бiраз шығыңқылық нүктесi |
З |
Иықтық |
Иықтық буындарды теңдей бөлетiн тiк жазықтықты жауырыннын акромиальдық өсiндiсiнiң жоғарғы сыртқы шетiнiң қиылысындағы |
И |
Кәрi жiлiктiк |
Кәрi жiлiк басының жоғарғы нүктесi |
К |
Емiзiктiк |
Емiзiк орталығында |
Л |
Остисттiк – мықын алды |
Мықын сүйегiнiң жоғарғы алдыңғы бiраз шығыңқы түскен нүкте алды |
М |
Тiзе |
Тiзе тостағаншасының орталығы |
Н |
Қолтық астының орта бұрышы |
Қолдың қалпындағы қолтық ойындысының алдыңғы шетпен қалыптасқан доғаның жорғарғы нүктесi. Доға биiктiгiн дәл анықтау үшiн түзеуге қажеттi, қалыңырақ ет астында жасырын жатқан нүкте |
О |
Қолтық астының артқы бұрышы |
Қол түсiру қалпында қолтық ойындының артқы шетпен қалыптасқан доғасының жоғары нүкте |
П |
Жамбасты |
Жамбастың көбiрек шығыңқы нүктесi |
Р |
Бел сызығының биiктiк нүктесi |
Тұлғаның көбiрек жаншылған бөлiмiнде төменгi қабырға мен мықын сүйегiнiң арақашықтығының ортасында |
“Киім” түсінігімен “костюм” түсінігі тығыз байланысты – айтарлықтай кең және терең. Костюм тарихта болған және киімді ғана емес, аяқ-киім, бас киім, аксессуарлар (сөмке, қолшатыр және т.б.), сонымен қатар шаш үлгісі, гримді қосатын, жалпы адамның сырт келбетін құрайтын, оған ерекше стиль беретін үнемі даму үстінде болатын белгілі бір түрмен таңдалып алынған заттардың кешені. Костюмдегі заттар мен элементтер адамның социалды, ұлтқа, аумаққа жататындығын, оның жынысын, жасын, кәсібін көрсететін белгілі бір оймен және тағайындалумен біріккен.
Адам денесiнiң морфологиялық белгiлерiне сипаттама.
Жалпы морфологиялық белгiлiрге дене ұзындығы немесе бойы, кеуде айналымы мен массасы жатады. Бiрiншi екi көрсеткiштi сантиметрмен өлшейдi.
Бой сүйек қанқа өлшемiне байланысты болады. Адам өмiрiнiң iшiнде бой өзгередi: туылғаннан 18-20 жасқа дейiн дене ұзындығы барынша көп мөлшерге дейiн үлкейдi; 45 жасқа дейiн өсу шегi тұрақты болады; 45 жастан кейiн - кейбiр дене ұзындығы қысқарады. Бұдан басқа да дене ұзындығы бiр күн iшiнде өзгеруi мүмкiн. Кешке қарай адам шаршағанда дене ұзындығы әдеттегiден 1,5 – 3,0 см қысқарады. Таңертең дене ұзындығы ұзарады. Орта мөлшердегi дене ұзындығың үлкенiне Солтүстiк Европа және Скандинавия елдерi (шотландтар, норвеждер, шведтер, Балқан түбегiнiң (албандар, гректер)), сонымен қатар Солтүстiк Америка елдерi (тұрғылықты халық емес) ие болған.
125 см-ден төмен және 200 см жоғары дене ұзындығын көп жағдайларда патологиялық категорияға жатқызады.
Кеуде айналымы өлшемiне кеуде клеткасынын бұлшық еттердiң даму дәрежесi және май жиналу көлемiне байланысты. Кеуде айналымы адам туылғаннан бастап, үздiксiз өсiп отырады да, ал 20 – 26 жас шамасында тұрақтанады. 40 жастан кейiн терi асты майлы қабатының байланысты төс құлаш кеуде айналымының қарқынды өсуi байқалады. Бiрақ, 60 жастан кейiн кеуде клеткасының периметрi қарттық инволюциялық кезең басталуына байланысты бiршама кiшiрейедi.
Дене пропорциялары. Пропорция деп адам денесiнiң бөлек бөлiктерi өлшемдерiнiң ара қатынасын атайды. Адам денесiнiң пропорциясы оның ұлттық ерекшелiгiмен, тұратын жерiнiң, географиялық-климаттық жағдайларымен, мұрагерлiк факторларымен анықталады.
Дене бiтiм. Дене бiтiмi бұлшық ет дамуы дәрежесiне және терi асты майлы қабатына, адам жасына, қаңқаның формасы мен өлшемiне байланысты болады.
Бұлшық ет дамуы әлсiз, орташа ,күштi болады. Май басу дәрежесiнiң дамуы әлсiз,күштi және мықты болуы мүмкiн. Сонымен қатар дене бiтiмдi анықтайтын категория белгiлерiне кеуде клеткасының формасы (жалпақ, цилиндрлiк және конустық), қарын формасы (қабысыңқы, түзу, дөнгелек-шығыңқы) және арқа формасы (әдеттегiдей, бүкiр және түзу) жатады
Келбет – бұл адам денесінің тұрып тұрғандағы қалыпты, бос күйдегі орны. Ол келесі негізгі факторламен: иықтың иілуі және омыртқа бөлімінің иілу деңгейімен сипатталады.
Кеуденің жоғарғы бөлігінің иілу деңгейіне байланысты киім конструкциясында келбеттің негізгі үш типін бөліп көрсетеді: шалқақ, қалыпты және енкіш.
Әйелдер иық бұйымының БКсын тұрғызу, артқы бойы тігіссіз.
Үлгілі фигура өлшемінде 164-92-100. Пальто тік силуэт артқы бойы тігіссіз.
Өлшемдер
Р – 164 ВnрзІІ – 21,2
Сш – 18,1 ВnкІІ – 42,9
СгI – 44,4 Шс – 17,8
СгІІ – 48,4 Шп – 13,2
СгІІІ – 46 Дрзап – 55,4
Ст – 35,9 Оn – 28,9
Сб – 50 Озап – 16,2
Шг – 16,9
ДтсІІ – 42,8
ДтnІІ – 43,8
ВгІІ – 26,2
Керекті қосымшалар
Пг – 10 1. Пдтс – 1
Пт – 5 2. Пспр – 3
Пб – 6 4. Пшгс – 1
5. Пвгс – 0,4
6. Поn – 8
Сызбаның алдын-ала есебі
Аймақтың аталуы |
Шартты белгілер |
СгІІІ аймақ бойынша |
Пг аймақ бойынша |
СгІІІ ± Пг |
Артқы бой |
→ А0 а |
Шс – 17,8 |
3 – 30% |
20,8 |
Қолтық ойындысы |
а а2 |
А0а – (А0а+а1а2 )= 9 |
5 – 50% |
14 |
Алдыңғы бой |
← а1а2 |
0,9Шг+( СгІІ – СгІІ) =19,2 |
2 – 20% |
21,2 |
Барлығы |
А0а1 |
46 |
10 |
56 |
а1а2 = 0,9Шг + (СгІІ – СгІІ) = 0,9 + (48,4 – 44,4) = 19,2
аа2 = А0а1 – (А0а + а1а2) = 46 – (17,8 + 19,2) = 46 – 37 = 9
№ 2 билет
1.Киімнің негізгі функциялары.
Киім – дәуірдің, адамның жеке индивидуалдылығын көрсететін және қоршаған ортаның әсерлерінен қорғай-тын адам денесінің жасанды жабындысы, материалдар қабаттар жүйесі. Киімнің құрастырылуы киім моделін құрастыруды дайындау, яғни бір бұйымның конфигурация бөліктерін келісімді орналас-тырып тұрғызу. Құрастыру-дың нәтижесі ретінде сызба-лар, суреттер, есептерді жат-қызуға болады. Адам қоғамы-ның дамуымен бірге киімнің түрлері және формасының өзгеруі болды. Ерлер мен әйелдердің, қыздардың және тұрмыстағы қыздардың киім-дері пайда болды, күнделікті, салтанатты, үйлену тойына жерлеу рәсіміне арналған және тағайындалуына байла-нысты оның да басқа түрлері шықты. Еңбектің бөлінуі әр түрлі кәсіби киімдерді шығаруға әкелді. Өнеркәсіп өндірісінің, ғылымның және техниканың дамуы ең алды-мен атқаратын функциясына байланысты ажыратылатын жаңа киім түрлерінің шығуына әсер етті. Киімнің алғашқы кезде денені жағымсыз климаттық және атмосфералық әсерден қорғау ретінде шыққан, бірақ түрлі тарихи және экономикалық жағдайлардың, ұлттық ерек-шеліктердің ықпалынан көптеген өзгерістерге ұшыра-ды. Қазіргі таңда ол көркем-өнердің сабағына айналды және оның кейінгі дамуы әр түрлі көркем стильдердің дамуымен бірге жүретін бол-ды. Осылайша, киім бұл климаттық және өндірістік ортаның жағымсыз әсерлері-нен қорғау мақсатында және утилитарлы емес, сонымен қатар эстетикалық функцияны да атқаратын адамның киетін бұйымдардың жиынтығы.
2.Антропометриялық нүктелердің түрлері.
Адам денесi мен оның (антропометриялық) бөлiктерiн өлшеудiн үш тәсiлi бар:
бiрiншi тәсiл арқылы тiк немесе көлденен жазықтықтағы кез келген нүктелер арасының ара қашықтық проекциясын өлшейдi;
екiншi тәсiл арқылы екi нүкте аралығының ең қысқа ара қашықтығын өлшейдi;
үшiншi тәсiл арқылы дене бiтiмiнiң үстiн өлшейдi.
Антропометриялық өлшем бағдарламасы киiмдi конструкциялау мақсатына арналған (60-70) сандарына өлшемдiк белгiлердiң үлкен сандар қамтиды.
Антропометриялық нүктелер сипаттамасы
Антропометриялық өлшеуді денеде негізгі антропометриялық нүктелерді белгілеуден бастайды. Негізгі нүктелер ол: мойындық, мойының негізгі нүктесі, иықтық, қолтық ойындысының артқы бұрышы, бел нүктелері
3.Әйелдер иық бұйымының бКсын тұрғызу, артқы бойы тігіспен.
№ 3 билет
1.Костюм, гардероб және оларды құрайтын бұйымдар ассортименті туралы түсінік.
Костюм – басты көңіл адамға ауатын, ойша шешілген ансамбль, ансамбль киімді, аяқ-киімді, шаш үлгісін, гримді, аксессуарларды біріктіреді және белгілі бір утилитарлы-эстетикаық функцияны атқарады.
Аксессуарлар – костюмге қосымша (шарф, косынка, орамал, бас киім, қоғаптар, сөмкелер, амиян, белдік, қошатыр, шұлықтар және т.б.). Сөмкені, белдіктерді, амиян, қолғап және т.б галантерея деп атайды. Бөлшектерді түймелеу, бекіту үшін, оларды тығыздау, бұйымды сәндеу үшін фурнитура жұмыс атқарады.
Киім моделін құрастыру практикада: модельдердің жиынтығы, комплект, ансамбль, модельдер топтамасы сияқты спецификалық терминдер қолданылады.
Комплект (Жиынтық) – бұл стильдік шешімнің бірлігімен бірлескен және матасы, тағайындалуы, түсі сияқты анықталған белгілері бар костюм элементтерінің жиынтығы. Комплекттің ансамбльден ерекшелеп тұратын бұл комплектті құрайтын заттардың құрайтын заттардың тең мағыналы, бірлесіп ауысып отыратындығы.
Ансамбль – бұл өзімен белгілі бір көркемдік ойды алып жүретін, ойдағы мазмұнын, құрылымын, тағайындалумен бекітілген көркем шешілген костюм. Заттық ансамбль – бұл сыртқы кеңістікті байланысы жоқ, бірақ ортақ көркемдік оймен біріккен, мәдениет жүйесіндегі бүтін үлгілеуші кешеннің бар екендігін көрсететін заттар жиынтығы.
Топтама (Коллекция) – бұл бірыңғай стильдік шешім негізінде тұрғызыған, құрастыру байланыстары, базалық формасы және мата құрылымы ақылдасылған, белгілі бір немесе әр-түрлі жағдайға тағайындалған модельдер сериясы.
Ассортимент – бұл кәсіпорын өніміне, өндіріске немесе басқа бір тауарлар тобына жататын бұйымның жеке түрлерінің қатынасы және құрамы. Бұны немесе белгілі бір қасиеттеріне байланысты өзіндік топтарға біріккен бұйымдар ретінде белгілеуге болады. Ассортимент – өндіріс өндіретін өнім номенклатурасы ретінде шығарылатын және қажеттілік құрылымының негізінде ғылыми бекітілген және табылған кешенді құрылған өндіріс бұйымының қатары; түрлеріне, тағайындалуына, сортына және қолданылған шикізатқа байланысты тауарлар жиынтығы немесе тізімі.
Гардероб – бір адамның немесе жанұяның қолданысындағы барлық киімдердің жиынтығы.
Киім моделінің тобы (Семейство моделей одежды) – жаппай өндірістік өнеркәсіп жағдайында үлгілеу және құрастырудың унификациялау талаптарына байланысты бір конструкция негізінде дайындалған бұйымдар сериясы.