- •1 Лекция.Автоматтандыру тұрғысынан өндірістегі үрдістер жайлы жалпы мәліметтер
- •Бақылау сұрақтары мен есептері
- •1.3 Пп типтері
- •Бақылау сұрақтары
- •1.4 Пп, тп типтік микроқұрылымдар
- •1.5 Технологиялық жабдықтың принципиалды схемалары
- •Бақылау сұрақтары және тапсырмалар.
- •1.6 Жұмыс операцияларының параметрлері және көрсеткіштері пп(тп).
- •1.7 Iшкi бап әдiстер және жүзеге асырудың негiзгi шарттары және
- •2.2 Процесс және олардың қасиетiндегi үздiксiз реттейтiн әсердiң құрастыруы үшiн бағдарлаушы органдар.
- •2.3 Басқарушы органдар дискретті әсердің құралымы үшін үдеріс және оның сипаттамалары
- •2.5 Тс басқарушы органының үдемелі (динамикалық) мінездемелері
- •2.4 Сурет- «а» басқару органы
- •2.6 Сурет- “в” басқару органы
- •2.7Бағдарлаушы органдардың ең оңай жүйелерiнiң қосу әдiстерi
- •2.8 Күрделі технологиялық байланыстардың конфигурациясы
- •9.1 Дискретті логикалық басқарудың ішкі жүйесі жайлы жалпы ақпарат
- •9.2 Автоматың құрылымы және олардың топтастырылуы
- •9.3 Уақытша автоматты синтездеу (ва)
- •9.4 Біртактылы автоматтың синтезі
- •9.5 Тiзбектелген автоматты синтез(та)
- •1 Қадам
- •10.1 Тқ ішкі жүйесінің тағайындалуы мен құрамы
Бақылау сұрақтары мен есептері
1.2.1 ПП-ның қандай құраушы технологиялық элементтері бар?
1.2.2 ПП, ТП, ТО-ның басты мақсаты неде?
1.2.3 ПП-ны автоматтандыру кезеңінен бастап иерархияландыру қандай мақсатта орындалады?
1.2.4 1.2 суреттегі 1-6 элементтер ТП болса, суреттің технологиялық сызбасында басқарудың қанша иерархиялық деңгейі болады?
1.2.5 Алынған мәліметтер мен 1.3 суретті қолданып, ПП мәліметтерін оперативті-диспетчерлік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құрыңыз.
1.3 Пп типтері
ПП-ның, яғни өндірістік кәсіпорын типі ерекшеленген ТП типтерімен анықталады.
ТП-ның типі оның уақыт бойынша жүрісі сипатымен анықталады.
ТП-ның (өндірістің) үш типі бар: үздіксіз, дискретті және үздіксіз-дискретті.
Үздіксіз процесс үшін мынадай белгілер сәйкес келеді:
бастапқы жұмыс ортасын беру мен дайын өнімнің шығарылуы үрдіс барысында үздіксіз жүріп отырады.
бастапқы жұмыс ортасының кіріс ағыны мен дайын өнімнің шығыс ағынының өзгерісі және қайта өңдеу үрдісінің математикалық сипаты үздіксіз уақыттық функциялармен анықталады.
үрдістің үздіксіздігі бастапқы жұмыс ортасын қайта өңдеу немесе энергияны өндіру мен жұмсау технологиясымен бақыланады.
дайын өнім сипатының номиналды жағдайында үрдістің жүруі ұзақ уақыт аралығын қамтиды.
Үздіксіз үрдістерге парогенерация ТП-сы және кейбір өзге жылуэнергиялық үрдістер, табиғи газ бен мұнайды қайта өңдеу үрдістері, бір қатар металлургиялық үрдістер және т.б..
Дискреттік (периодты) үрдістер үшін келесідей белгілер анықталған:
материалдар мен бастапқы жұмыс ортасын беру және дайын өнімді шығару бөлек порциялармен орындалады.
бастапқы жұмыс ортасы ағынының, өнімнің және қайта өңдеу үрдісінің өзгерістері дискретті функциялармен бейнеледі.
Дискретті үрдістерге материалдарды өңдеу, даналанып шығарылатын өнімдер (мысалы, құрылыс материалдары) және ЖЭС-те қатты отынмен жабдықтау ТП-сы жатады.
Үздіксіз-дискретті үрдістер жоғарыда айтылған екі үрдістің де сипаттарына ие.
Технологиялық ішкіжүйе ретінде қарастырылып отырған ПП, ТП типтері туралы түсінік басқарушы ішкіжүйелердің техникалық құрылғылары көмегімен уақыт бойынша кіріс-шығыс сигналдарының өзгеру және оларды өңдеу алгоритмінің айрықша формасын алдын-ала анықтайды:
үздіксіз немесе аналогтық форма;
дискретті (сатылы немесе импульсті) форма және т.б..
Мысалы, заманауи микропроцессорлық контроллерлердің мынадай үш модификациясы немесе моделі шығарылады: үздіксіз, дискретті және үздіксіз-дискретті.
Олай болса, үрдіс типін біле отыра басқару алгоритмінің түрін және оны орындайтын автоматтандырудың техникалық құрылғыларын алдын-ала таңдауға болады.
Бақылау сұрақтары
1.3.1 Үрдіс типі немен анықталады, үрдістің қандай типтері бар?
1.3.2 Автоматтандыру сатысында үрдіс типін не анықтайды?
1.4 Пп, тп типтік микроқұрылымдар
1.2 суреттен ПП немесе ТП микроқұрылымдары (ұйымдастырушы құрылыммен шатастыруға болмайды) ТП немесе ТО орындалуының реті мен құрамын көрсететінін байқауға болады.
Егер ТП мен ТО түсініктерін ПП-ның жұмыс операциялары түсінігімен біріктірсек, онда ПП немесе ТП микроқұрылымы олардың құрамын, орындалу ретін әрі ТС құрамы мен конфигурациясын бейнелейді.
ПП-ны детальдау немесе иерархиялау деңгейінің қажеттілігіне қарай оның микроқұрылымы ТП-ның немесе ТО-ның орындалу ретін көрсетеді.
ПП, ТП микроқұрылымдарының бірнеше түрі бар. Соның ішінен жұмыс операцияларын орындайтын кейбір типтік микроқұрылымдарды ерекшелеуге болады [1].
Тізбектелген микроқұрылым 1.4.1 суретте көрсетілген.
1.4.1-сурет. Үрдістің тізбектелген микроқұрылымы.
Берілген құрылым бір бастапқы жұмыс ортасынан өнім алатын үрдістердің түрлі типтеріне сәйкес келеді. Мысалы, бірнеше біртипті немесе түрлі ТО-ны, мысалы, жылыту, сүзу және т.б., тізбектеп орындау арқылы жұмыс ортасының параметрлерін сатылы өзгерту үшін үздіксіз процестерде қолданылады. Өңделетін жұмыс ортасының санын өсіру қажетті жағдайда немесе резервтендіру кезінде ...
Қиыстырылатын микроструктура, 1.4.2. суретінде келтірілген. Структураның бұл түрі ПП өнім алу үшін бірнеше шығыс жұмыс ортасы немесе өнімдерден. Мысалы, ТЭС-тен жылытылған пара алу кезіндегі бірнеше жылу фракцияларын жағу процесі немесе құрылыс- машина заводтағы жинастыру процесі. 1.4.2 сурет қарастырылып отырған микроструктура отын- қоспаны жағу камерасына беру алдындағы дайындауды көрсетеді. Процесті іске асыру үшін төрт кіріс ТС( отынның екі түрі, бірінші және екінші ауа ) қолданылады. Шығыс ТС отын- ауа қоспа ағымымен сипатталады. Кіріс элементтердің бірінші группасы ТО шығыс жұмыс ортасының берілісін көрсетеді Тізбектей жалғанған элементтердің екінші группасы ТО араласуын көрсетеді. Көрсетілген микроструктураға сәйкес шығыс жұмыс орта берілісін белгілі бір қатынаста араластыру алдында қамтамасыз ету керек.
1.4.2- сурет. Процестің жинастырылған микроструктурасы
Шашыраушы микроструктура 1.4.3 суретінде көрсетілген. Бұл структура мұнай өңдеу өндірісінде мұнайды әртүрлі фракцияларға бөлу немесе дайын өнім түрі үшін арналған.
1.4.3- сурет. Процестің шашыраушы микроструктурасы
Реверспен немесе рециклмен микроструктурасы 1.4.4 суретінде келтірілген.
Бұл структура, өнім немесе қосалқы өнімді жетілдіру немесе қайта қолдану үшін қайтарылған кезде орындалатын процестерге қолданылады.
Мысалы, ТЭС- ке нәрлі суды дайындау үшін пайдаланылған пар конденсатының қайтарылуы; өнеркәсіптік мұнайды құрғату және тұзсыздандыру процесіндегі тауарлы мұнайды жетілдіруге қайтару және т.б.
1.4.4- сурет. Процестің реверсті микроструктурасы
Қазіргі заманғы ПП,ТП көбісі құрамында бірнеше типтік микроструктураларға немесе айнымалы структураларға сәйкес. жұмыс операциялары болады.
Құрылымы және шарты, сонымен қатар ПП,ТП орындалу процедурасын нақты өнім түрін алу үшін ғылыми- зерттеу орталықтарында және тәжірибе- эксперименталды өндірістерде жасалады. Дайындалған процестерді өндірісте қолдану үшін арнайы технологиялық жабдықтарды істеу іске асырылды.
Қорытынды сұрақтар және есептер
1.4.1 1.2-суреті қандай типтік құрылымға сәйкес келетін процесс ?
1.4.2 Технологиялық дисциплина курсынан мәліметтерді ТП және ТО туралы түсінікті қолдана отырып, құрастыру:
- ТЭС-ке әртүрлі отын түрлерін жағу арқылы электр энергиясын алу ПП микраструктурасы.
- ТЭС-ке әртүрлі отын түрлерін жағу арқылы электр энергиясын және жылу энергиясын алу ПП микраструктурасы.
- ТЭС-ке шығыс суды химялық өңдеу ТП микроструктурасы.
