Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геоморфология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
324.64 Кб
Скачать

11.Жер пішіні және оның өлшемдері

Жердің сыртқы түр-пішіні туралы алғашқы көзқарастар біздің эрамызға дейінгі уақыттан көп бұрын қалыптасты.

Оның шар тәрізді екендігі туралы алғашқы ойлар Пифагор (біздің эрамызға дейін 530 ж.) мен Аристотельдің

(біздің эрамызға дейінгі IV ғ.) еңбектерінде жазылған. Аристотель Айдың тұтылуын байқау кезінде Жердің Айға

түсірген көлеңкесі доға тәрізді болып шектелетіндігіне көңіл аударған.

Геодезиялық өлшеу жұмыстарының нәтижесі Жердің сыртқы пішіні үш осьті эллипсоидқа (сфероид) жақын

екендігін көрсетеді. Жердің полярлық радиусы (Кп) — 6356,8 км, экваториалдық радиусы (Кэ) —6378,2 км, ал

полярлық сығым мөлшері а=(Кэ—Кп): Кэ—1/298,2 (Ф. Н. Красовский, А. А. Изотов). Жердің орташа радиусы 6371,11

км шамасында деп есептеледі.

Жердің шын мәніндегі бейнесі өте күрделі. Ол ешқандай да геометриялық фигураға ұқсамайды. Сондықтан неміс

ғалымы — физик И. Люстихтың (1873 ж.) ұсынысы бойынша Жер геоид (жерге ғана тән өзіндік пішін) пішінді деп

саналады.

Геоид және сфероид пішіндері бір-біріне сәйкес келмейді (III. 1-сурет). Олардың беткі қабаттарынық аралық

қашықтығының айырмашылықтары ұ160 м; ТМД территориясындаұ 100 м. Геоид және сфероид аралығындағы

айырмашылықты анықтау гравиметриялық және ғарыштық өлшеулер арқылы жүргізіледі. Ең соңғы жүргізілген

дәл өлшемдер бойынша Жер алмұрт пішінді не-месе жүрек секілді (кардиоид) деп саналады (Г. Н. Каттерфельд).

Оңтүстік полюс солтүстік полюспен салыстырғанда, экваторға 242 м жақын. Жердің массасы 5,977-1021 т, көлемі

1,083 млрд. км3, ауданы 510 млн. км2, орташа тығыздығы 5,517 г/см3. Жердің ішкі қабат-тарын құрайтын заттардың

тығыздығы терендеген сайын ұлғая береді.

. Сфероид пен геоидтың бет бедерлері.

Осыған байланысты Жердіа ядросындағы заттардық тығыздығы 12,5 г/см3 болуға тиіс. Жердің жоғарғы қабатын

құрайтьш тау жыныстарының орташа тығыздығы 2,8 г/см3.

ЖЕР БЕТІНІҢ БЕДЕРІ

Жер бетінін, бедер пішіндері геоидтан да күрделі. Өйткені оның қалыптасуына геалогиялық процестер зор әсерін

тигізеді. Жер бетінің көпшілік бөлігін (70,8%) су, ал қалған (29,2%) бөлігін ғана құрлық алып жатыр. Дүниежүзілік

мұхит сулары негізінен бір-бірімен байланысқан, тек төрт мұхит ғана материктермен бөлінген. Оларға: Тынық,

Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттар жатады. Құрлық алты материктен (Евразия, Солтүстік Америка,

Оңтүстік Америка, Африка, Австралия және Антарктида), сонымен бірге мұхиттық аралдардан құралған. Тынық

мұхиттын, акваториясы (алаңы) барлық континенттерді қосып есептегендегі олардың жалпы ауданьшан асып

түседі.

Құрлықтың ең биік нүктесі (Гималай тауы, Джомолунгма шыңы) 8848 м биіктікте орналасқан, ал еңтөменгі нүктесі

11022 м (Тынық мұхит, Мариан шұңрымасы) болып саналады. Олардың арасындағы айырмашы-лық~20 км.

. Жер беті бедерінің гипсографиялық қисық сызығы.

Материктердің орташа биіктігі —875 м. Ұзыннан-ұзақ созылып жатқан тау-жоталары мен биіктаулы аймақтар

•әдетте континенттің шеткі жиектік бөліктеріне қарай орналасқан. Жер бетінде меридианалдық бағытта созыла

орналасқан екі (Шығыс және Батыс Тынык, мұхиттық) таулы белдеу және батыстан шығысқа қарай Же-рорта

теңіздік белдеулер ажыратылады. Құрлықтың орташа 200 м-лік деңгейде орналасқан тегіс аудандары жазықтық

деп аталады. Олар құрлықтың 20%-ін алып жатыр. Жазықтықтар материктердің шеткі және орталық бөліктерінде

де орналасқан. Құрлықтьщ көтерінкі (1000 м-ге дейін) жоталы аудандары түгелдей таулы аймақтар деп аталады.

Олар құрлықтың 53%-ін алып жатады.

Мұхиттың орташа тереңдігі ~3800 м. Мұхит түбі бедерінің құрылымы: шельф, басқаша айтқанда, материктердің

таяз сулы шеткі бөліктері 200 м-ге дейінгі тереңдік (жер бетінің 5,5%-і матеріктік (континентальдық ) беткей немесе

материк табан 2500-3000м-ге

26

дейін (жер бетінін, 34,7%-і); мұхнт түбі — 6000 м; терең-сулы шұңғымалар (желобтар) —>1І км; мұхиторталық тау

жоталары болып бөлінеді.

Континенттік бедердің мұхиттық бедерге ауысу барысында, шекаралық зонаның өзіндік ерекшеліктеріне қарай,

олар атлантикальііқ және тынық мұхиттық болып ажыратылады.

Атлантикалық Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттардың континенттермен шекаралық зоналарында жақсы

байқалады. Бұл типке жазық бедерлі құрлықтың мұхитқа қарай кең көлемде шельфті зоналар арқылы біртіндеп

ауысуы тән қасиет. Ал Тынық мұхиттық-қа құрлықтың шеткі биіктаулы жоталары, өте тар шельф-тер, шеткі

теңіздер, аралдық доғалар және тереңсулы шұңғымалар арқылы тереңсулы мұхиттық ойпаттарға ауысуы жатады.