
- •2. Геологияның даму тарихы туралы
- •3. Геологиялық зерттеу әдістері және оның түрлері
- •4. Геологияның халық шаруашылығындағы
- •11.2 Күн жүйесінің басты ерекшеліктері
- •6.Ғарыш әлемінің құрамы мен құрылымы
- •11.Жер пішіні және оның өлшемдері
- •13.Жердің сыртқы қабаттары
- •17. Жердің ішкі құрылысы
- •4. 1. Жер қыртысы
- •20. Тау жыныстарының шығу тегі
- •18. Желдің геологиялық әрекеті
- •21. Жер бетіндегі ағын сулардың геологиялық әрекеті
- •22. Мұздықтар геологиялық әрекеті
- •36. Көлдердің геологиялық әрекеті
- •41. Геохронологиялық кестеге сипаттама
- •42. Тынық мұхиттағы отты белдеу
- •43. Таулар және олардың генетикалық жіктелуі
- •44. Мезозой орогенезі және оның көрінісі
- •45. Магмалық тау жыныстары және олардың түрлері
- •47. Жердің пайда болуы туралы болжамдар
- •48. Экзогендік процестер,
- •49. Альпі-Гималай орогенезі
- •50. Жер туралы оқып-үйренудің геологиялық әдістері
- •51. Минералдар және физикалық қасеттері
- •52. Жер асты суларының геологиялық әрекеті
- •53. Каледондық тау жасалу процесі
- •54. Пайдалы қазбалар және олардың жер қойнауында таралуы
- •55. Тектоникалық қозғалыстар, олардың түрлері
- •56. Карсты жер бюедертлері және оларды қалыптастырушы факторлар
- •57. Жер сілкіну. Оның себептері
- •58. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар
- •66. Жер бетінде адамның пайда болуы
- •67. Эффузивті магмалық тау жыныстар
- •68. Желдің геологиялық әрекеті
- •18Желдердің геологиялық әрекеттері
- •23. Палеозой эрасы
- •25Экзогендік геологияоық процестер
- •48. Экзогендік геологиялық процестер
- •52. Жер асты суларының геологиялық қызметі
47. Жердің пайда болуы туралы болжамдар
Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша, Жер осыдан төрт жарым миллиард жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталардың тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген.
48. Экзогендік процестер,
Экзогендік процестердің негізгі энергия көзі, жоғарыда айтылғандай, Күннің жылу энергиясы және гравитациялықкүштер болып саналады. Олар төрт топқа: 1) үгілу; 2) үгілу өнімдерінің жаңа орынға тасымалданып көшуі, яғни
орын ауыстыруы; 3) аккумуляция (шоғырланып жиналу); 4) диагенез (шөгінділердін, тасқа айналуы болып
ажыратылады.
Үгілу (выветривание — немісше “веттер” — ауа райы деген мағынада) процесі деп, жер қыртысын құрайтын алғашқы заттардың (магмалық, метаморфтық және шөгінді жыныстардың) жер бетінде табиғи жағдайда үздіксіз жүріп жататын (физикалық, химиялық және биохимиялық) әр түрлі әрекеттердің нәтижесінде (ыстық ауа мен салқын ауаның кезек алмасуы, жауын-шашын, су мен жел, ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газының және әр түрлі қышқылдардьщ химиялық әсері, күн радиациясы, тірі организмдер мен өсімдіктердін, әрекеттері) байқалатын өзгерістердін, жиынтығын айтады. Денудациялық (латынша “денудацио” — ашылу) процесс — үгілу заттарыньщ денудациялық агенттердің
(гравитациялық күштер, мұхиттар мен теңіз сулары және атмосфералық сулар мен құрлық сулары, мұздықтар мен соққан жел әрекеттері) күшімен жаңа орынға тасымалданған тау жыныстарының орын ауыстыру әрекет-терін қамтиды. Бұл әрекеттердің нәтижесінде жер беті тегістеліп, тегіс пішінді бедер түрлері калыптасады.
Аккумуляциялык, (шөгінді қабаттардың жиналуы) процестердің нәтижесінде, алғашқы жыныстардың (магмалық, метаморфтық) үгілу заттары жер бедерініқ ойыс немесе шұңғыл аудандарында (өзен аңғарларында, көлдер мен батпақтарда, мұхиттар мен теңіздерде) тұнбалар түрінде шөгінді қабаттар түзіледі.
Диагенез — борпылдақ шөгінді қабаттардың цементтеліп, шөгінді тау жыныстарына айналуына әсерін тигізетін термодинамикалық күрделі процесс. Мысалы, құмнан — құмтас, жұмырланған малта тастан — конгломерат, су жәндіктерінің қалдықтарынан — қабыршақтас (ракушняк), өсімдіктер қалдықтарынан — торф, тас көмір қабаттары пайда болады, ал құмға араласқан ізбесті лайдан ізбестас түзіледі.
Экзогендік геологиялық процестердің барлығы да бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұл әрекеттердің
қарқындылығы әр түрлі геологиялық, физикалық-географиялық және т. б. көптеген факторларға тәуелді.
Олардың ішінде жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары, климаттық жағдайы мен геологиялық құрылыс ерекшеліктері, бедер пішіндері және уақыт мерзімдері маңызды роль атқарады. Экзогендік процестердің арқасында жер қыртысының топырақ қабаты және әр түрлі пайдалы қазбалар құралады. Пайдалы қазбалардың дүниежүзілік мөлшерінің ~60%-і экзогендік процестерге байланысты түзілген кен-орындарынан өндіріледі.
Сонымен қатар өзен, көл және теңіз жағалауларының бұзылуы, құлама жарқабақтардың опырылып құлауы
немесе сырғып-жылжуы, қар көшкіндері, тау беткейлерінің бұзылып-шайылуы, терең сайлардың ұлғаюы және кейбір аудандардың батпаққа айналуы секілді қолайсыз жағдайлар экзогендік геологиялық процестердің нәтижесі болып саналады. Әрине, мұндай күтпеген оқиғалардың халық шаруашылығына тигізетін зияны орасан зор.