
- •2. Геологияның даму тарихы туралы
- •3. Геологиялық зерттеу әдістері және оның түрлері
- •4. Геологияның халық шаруашылығындағы
- •11.2 Күн жүйесінің басты ерекшеліктері
- •6.Ғарыш әлемінің құрамы мен құрылымы
- •11.Жер пішіні және оның өлшемдері
- •13.Жердің сыртқы қабаттары
- •17. Жердің ішкі құрылысы
- •4. 1. Жер қыртысы
- •20. Тау жыныстарының шығу тегі
- •18. Желдің геологиялық әрекеті
- •21. Жер бетіндегі ағын сулардың геологиялық әрекеті
- •22. Мұздықтар геологиялық әрекеті
- •36. Көлдердің геологиялық әрекеті
- •41. Геохронологиялық кестеге сипаттама
- •42. Тынық мұхиттағы отты белдеу
- •43. Таулар және олардың генетикалық жіктелуі
- •44. Мезозой орогенезі және оның көрінісі
- •45. Магмалық тау жыныстары және олардың түрлері
- •47. Жердің пайда болуы туралы болжамдар
- •48. Экзогендік процестер,
- •49. Альпі-Гималай орогенезі
- •50. Жер туралы оқып-үйренудің геологиялық әдістері
- •51. Минералдар және физикалық қасеттері
- •52. Жер асты суларының геологиялық әрекеті
- •53. Каледондық тау жасалу процесі
- •54. Пайдалы қазбалар және олардың жер қойнауында таралуы
- •55. Тектоникалық қозғалыстар, олардың түрлері
- •56. Карсты жер бюедертлері және оларды қалыптастырушы факторлар
- •57. Жер сілкіну. Оның себептері
- •58. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар
- •66. Жер бетінде адамның пайда болуы
- •67. Эффузивті магмалық тау жыныстар
- •68. Желдің геологиялық әрекеті
- •18Желдердің геологиялық әрекеттері
- •23. Палеозой эрасы
- •25Экзогендік геологияоық процестер
- •48. Экзогендік геологиялық процестер
- •52. Жер асты суларының геологиялық қызметі
22. Мұздықтар геологиялық әрекеті
Мұздарға гидросфера мен литосфераның жоғарғы бөлігінде кездесетін мұздықтар, ұзақ жылдар бойы қабатталып
жиналған қар, су беті, жер асты мұздары, шельфтік мұздар, мұхиттарда кездесетін қалқыма-ықпа мұздар
(айсбергтер) жатады. Олар жербетілік, теңіздік және жерастылық болып бөлінеді. Жер бетінде кездесетін мұздар
құрлықта, теңіз жағалауларында (шельфтерде) ондаған, жүздеген мың жылдар бойы қалыптасады; қардың қайта
кристалдануынан, еріген судың қатуына байланысты пайда болған атмосфералық фирндер мен мұздардың
табиғи жиынтығы болып саналады.
Жербетілік мұздардың қүралуына ғасырлық орташа температураның 5—7°С-ка төмендеуі және осыған сәйкес климат ылғалдылығының артуы себепші болады. Температураның осындай ауытқуларына байланысты
полярлық және қоңыржай ендіктерде мұзды аймақтар қалыптасады.
Жербетілік мұздар кұрлықтарда атмосфералық ылғалдықтың артуына, дүниежүзілік мұхит деңгейінің төмендеуіне
(120 м-ге дейін) әсерін тигізеді.
Жербетілік мұздар жамылғы мұздықтар және таулық мұздықтар болып ажыратылады.
Теңіздік мұздар ұзақ жылдар бойы жүзіп жүретін қалқыма мүздықтардан (айсбергтерден) қүралады. Олар
өздігінен де және құрлықтағы мұздармен де байланысты дамиды. Мысалы, Солтүстік мұзды мұхиттың мұз
жамылғысы, Оңтүстік жарты шардың ықпа мүздары, шельф мұздары, айсбергтер.
Жерастылық мұздар көп жылдар бойы қатып, тоң болып жатқан тау жыныстарын қамтиды. Жердің даму
тарихында мұз басу дәуірлері протерозой, палеозой, кайнозой эраларын қамтиды. Төменгі антропогенде березин,
ока, ортаңғы антропогенде днепр, москва, карель, осташков, сартан мұз басулары және скандинавия, жаңа жер,
солтүстік орал, канада және т. б. мұзбасу орталықтары болған (VI. 10-сурет).
Мұздықтар — жер бетіндегі кішігірім шағын мұздардың жиынтығы. Олар қатты күйдегі атмосфералық (қар мен
бұршақ) жауын-шашынның жалпы мөлшері, оның еріген және ауаға буланған үлесінен артық болған жағдайда, тау
беткейлерінің қарлы жиегінен жоғары орналасқан бөлігінде пайда болады. Жер шарындағы бүкіл мұздықтардың
жалпы көлемі 30 млн. км3, ал олардың ауданы — 16,3 млн. км2, яғни жалпы құрлық ауданының 11 %-і.
Таулық муздықтар — биік тауларда қалыптасып, тау шыңдарын, шатқалдарды, кең ойықтар мен түрлі
ойдымдарды қамтиды (VI. 11-сурет). Қөбінесе олар мұзды өзен түрінде тау аңғарын бойлай созылып жатады.
Мұндай аңғарлардың өзіндік пішіні науа (астау} тәрізді болады. Олар трогтар деп аталады Мысалы
Қавказда, Памирде, Оралда және т. б. тауларда. Тау мұздықтары тәулігіне 0,1 м-ден 7 м-ге дейінгі жылдамдықпен
қозғала алады. Ең жорарғы жылдамдық, Памир тауының Аю мұздығында (1963 ж.) белгілі болды. Оның шамасы
тәулігіне 50 м-ге дейін жетті.
Материктік мұздықтар —- аралдарды немесе кочтиненттерді толық жауып жатады. Мұндай мұздықтар. Мұздықтанудың таралу схемалары (А. И. Москвитик* бойынша). Мұздықтанудық жиектері:
Ок — окалық; Д — днепрлік; М — москвалық; Қ — калининдік; О — осташковтық.
Гренландияда, Шпицбергенде, Антарктидада және т. б. аймақтарда кездеседі (VI. 13-сурет).
Олардың қалыңдығы мыңдаған метрге жетеді. Мысалы, Антарктидада мұз қабатының қалыңдығы 4200 м-ге
жетеді. Гренландия мұздарының мұхитқа қарай қозғалу жылдамдығы тәулігіне 4—37 м-ге жетеді. Мұхит
жағалауына жеткенде мұз жарылып бөлшектенеді. Соның нәтижесінде пайда болған айсбергтер жел мен судың
ағынымен ашық мұхитқа қарай ығып,
біртіндеп ери бастайды.
. Тау мұздықтарыныц құрылыс схемасы.
Аралық мұздықтар төбесі жайпақ тауларда қалыптасады (VI. 14-сур.). Олар бөлшектенбей, тұтас бір мас-са
турінде шоғырлана келе құз-шатқалдарды бойлай сүйірлене тарайды. Осы тектес мұздықтар Скандинавия
түбегінде байқалады. Жердің геологиялық даму тарихында мұндай мұздықтар ТМД-ның Европалық бөлігінде де
талай рет (бес рет) болғандығы анықталды. Материктік мұздықтардың қозғалысы Скандинавия түбегі жағынан
басталған.
VI. 12-сурет. Трогтың схемалық профилі.
Қазіргі уақытта мұздар жер бетінің 11%-ін алып жатыр. Олардың ішінде полярлық аймақтардың үлесіне — 98,5%,
ал қалған 1,5%-і биік таулы өлкелердің үлесіне тиеді. Сонымен, мұздықтардың атқаратын геологиялық қызметі
тау жыныс-тарын бұзу және үгілу заттарын жаңа орындарға тасымалдап, қолайлы бір орындарға жинақтау болып
саналады.
Аралық түрдегі мұздықтардыд құрылыс схемасы.
Мұздықтардың бұзушылық әрекеті, әсіресе олар қозғалған кезде орасан зор. Бұл әрекеттердің нәтижесінде алып
ойықтар, қазан-шұңқырлар мен апандар, айғыз-айғыз жолақтар, ойма шұңқырлар пайда болады. Қалыңдығы 100
м-дей мұз қабаты жылжығанда, оның та-банына түсетін қысым мөлшері әрбір текше метрге 92 т-дай болады екен.
Осындай қысым күшінің әсерінен бұзылып бөлшектенген тау жыныстары мұз массасымен бірге, оньщ ішінде
қалып қояды. Қалық мұз массалары жылжып, қозғалған кезде оньщ арасындағы тау жыныстарының үшкір қырлы
кесек бөлшектері тегістеліп, жұмырланып және жылтырланып өзіндік бедер пішіндері калыптасады.
Мұздықтардың бұзушылық әрекеті “экзарация” (латынша “экзарацио” жырту деген мағынада) деп аталады.
Экзарациялық әрекеттің нәтижесінде кар, трог, қой-маңдай тас, бұйра толқын қүз жартастар түріндегі бедер
пішіндері пайда болады.
Беткейлері тікшіл болып келген шағын қазаншұңқырлар карлар деп аталады (VI. 15-сурет); жайпақ беткейлі
жақтары мұздықтың бастамасын, ал тікшіл беткейлі жақтары оның қозғалу бағытын көрсететін оқшау жартастар
“қоймандайтас” деп аталады (VI. 16-сурет). Олардың беттерінде байқалатын айғыз-айғыз сызаттар мұздықтың
жылжып қозғалуы кезінде туатын үйкеліс күштеріне байланысты деп түсіндіріледі. Бедердің ой-шұңқырларымен
кезектесе алмасып кездесетін қоймаң-
91
VI. І5-сурет. Карр мұздықтарының кұрылыс схемасы.
дайлы жартастар бұйра толқын құз-жартастар түрінде байқалады.
Шатқалдар арқылы немесе басқа бір еңіс жазықтық бойымен жылжып-қозғалу кезінде мұздықтар жол-жөнекей тау
жыныстарының үгінді-сынық бөлшектерін өздерімен бірге ілестіре отырып, ең соңында мұз массасымен
араластыра қатайтып тоңазытады. Ал мұздықтардың еріп-жібуі кезінде, оның құрамындағы аралас кесек
жыныстар босап қалады да, шөгінді қабаттар түрінде жиналады. Олар мореналық шөгінділер деп аталады.
Беткі мореналар — аңғардың беткейлерімен тасымал-данған тау жыныстарының кесек бөлшектерінен
(сынықтарынан) тұрады. Мұздық бетіне құлап түскен тау жыныстарының сынықтары мұздықпен бірге көшіп-қонып
жүреді. Кейінірек, қар мен фирн қабаттары жинала келе мұздық бетін жамыла көмкеріп, жауып қалады да, бір
кездегі беткі мореналар мұздықтың орта шенінде, ал кейде түбіне қарай орналасады. Осындай жолмен ішкі
немесе түпкі мореналар пайда болады.
Мұздық толығымен еріп біткен жағдайда оның құрамындағы мореналардың барлық түрлері бір жерге жиналып
қалады. Олар шеткі және негізгі мореналар болып бөлінеді.
Шеткі мореналар мұздық тілінің аяқталған шетінде оның тез еріп таусылуы нәтижесінде құралады. Олар биіктігі
ондаран, жүздеген метр келетін төбелі қырқаларды қалыптастырады.
Негізгі мореналар жекеленген мұздықтардың жылдам еріп, таусылуы кезінде құралады. Негізгі мореналар
жиналған аймақтағы бедер пішіндері төбелі және жазықты болып келуі мүмкін. Олардық құрамы сыдырынды тас,
шақпа тас, құм, құмайт, саздак, және құмды саздан тұрады.
Негізгі мореналарды қүрайтын кесек бөлшекті жыныстардың әр тектілігі, іріктелмегендігі және қабат-қабат болып
жиналмайтындығы олардың өзіндік ерекшеліктері болып саналады. Мұздық еруінен пайда болған су мореналық
және т. б. шөгінділерді шаяды. бсындай
жолмен шайылған шөгінділер тасымалдана келе салмағына қарай іріктеліп мұздық шөгінділер қалыптасады.
Мұздык, шөгінділер қазіргі немесе көне дәуірлердегі құрлықтық мұздықтардьщ негізінде түзілген шөгінділер болып
саналады.
Мұздық шөгінділер мореналық, сулық-мұздық болып бөлінеді. Мореналық шөгінділер қалың мұз массасы
ерігеннен кейін, оның құрамьшдағы кесек бөлшекті жыныстардың шоғырланып бір жерге жиналуына байланысты
тұзіледі. Олар дөңбек тас, қоймаңдай тас, бал-шық, саздақ, құмдақ секілді борпылдақ жыныстардан тұрады. Бұл
шөгінділер шеткі мореналық белестер мен жағалық мореналар, төбелер мен төбешіктер түріндегі жиналған
аккумуляциялық бедер пішіндерін кұрайды.
Сулық-мұздық шөгінділер мұздықтардың ішінде немесе оның шеткі жақтарындағы ойықтарда мореналық
шөгінділердің еріген сулары есесінен іркіліп қайт,а жиылуына байланысты түзіледі. Сулы-мұздық шөгінділер:
мұздық-өзендік (флювиогляциалдық), көлдік-мұздық (лимногляциалдық) түрлерге ажыратылады. Ағын сулар
әсерінен жиылатын флювиогляциалдық шөгінділер құмдардың, қиыршық тастардың, малта тастардың қиғаш
немесе көлбеу орналасқан қабаттарынан тұрады. Мұздықтың өз ішінде немесе мұздыққа таяу орналасқан
көлдерде жиылатын лимногляциалдық шөгінділер таспа саздардан құралады. Флювиогляциалдық шөгінділерден
төмендегі бедер түрлері қалыптасады:
Оз — бұрынғы мұздықтардың қозғалған бағытына қарай созылып жатқан қазіргі бел-қырқалар. Ұзындығы 30—40
км, ені бірнеше метрден 2—3 км-ге, биіктігі ондаған метрге жетеді. Құм, қиыршық, қойтас, малта тастан түзіледі.
Друмлиндер — ұзынша, созыла біткен төбелер мен төбешіктер. Ішкі ядросы түп жыныстардан немесе құмдардан
түзіледі. Биіктігі 45 м-ге, үзындығы жүздеген метрден 2,5 км-ге дейін, кейде одан да артық болады, ені 150—400 м.
Зандр — мұздықтардың шеті мен етек жағындағы мореналық материалдың (жібіген тоң шайылып) қайта шөккен
қалдықтары. Олар құмбаскан кеңістік құрайды.
Кам — бүрыс пішінді келген биіктігі 10—20 м-лік төбелер. Олар әр түрлі қүмдардан, қиыршық тастардан, малта
тастардан, таспалы балшықтан, койтастардан түзілген. Бір-бірімен өте күрделі түрде ұштасып жататын мұздық шөгінділер мұздық кешендер мен формациялар құрайды.
Көбінесе антропоген жүйесіне тән болып келетін мұздық шөгінділер қазіргі полярлық және қоңыржай белдеулік
зор аймақтарды алып жатыр. Докембрий, ордовик және жоғарғы палеозойлық шөгінділер арасынан тығыздалып
цементтелген, кейде метаморфизм әрекеттеріне ұшыраған мүздық шөгінділер табылады. Қаратаудың
метаморфизм әрекеттеріне ұшыраған жыныстар қимасынан “тиллиттер” деп аталатын мұздық шөгінділерінің
қабаттары кездесіп қалады. Қазақстан жерінде Солтүстік Тянь-Шань таулы аймақтарында (мысалы, Іле Алатауы),
Алтай тауларында қазіргі мұздықтармен байланысты мұздық шөгінділер кездеседі.
Мұздық шөгінділер құрамында қорымды (шашыранды) кендер кездесуі мүмкін.
Жер асты суларының геологиялық әрекеті
Жер асты сулары қатты, сұйық және газ күйінде жер бетінен төмен литосфера қабатында, тау жыныстарымен
бірге кездеседі. Олар өзен, көл, теңіз және мұхит суларымен бірге Жер шарыньщ гидросфера қабатын құрап,
жалпы су айналымына қатысады. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша, жер асты сулары жер беті сулары мен тікелей
байланысты. Гидросфера қабатын құрайтын алғашқы мұхит сулары литосфера қабатын құрайтьщ алғашқы
магмалық тау жыныстарын шайьщ ерітеді. Соньщ нәтижесінде пайда болған тұнба шөгінділер мұхит түбіне
қабатталып жиналып тығыздала келе, ең соңында цементтеліп шөгінді тау жыныстарына айналады. Алғашқы
шөгінді тұнбалардьщ құрамындағы сулар (90%-ке дейін), кейінірек шөгінді тау жыныстарының құрамында
сақталып, жинала береді. Осындай жолмен жер асты суларының негізгі құрамы калыптасады. Бұл процесс осы
уақытқа дейін тоқтаусыз жүріп жатыр деуге болады.
Жер асты сулары инфильтрациялық (жерге сіңу) жолмен атмосфералық сулардың есебінен де көбейіп отырады.
Мысалы, атмосфералық жаңбыр суларының құмға сіңіп, жоқ болатынын инфильтрациялық процес-тің бір көрінісі
деуге болады. Кейде инфильтрациялық және седиментациялық сулар аралас кездеседі. Сонын, нәтижесінде
тұщы және ащы (тұзды) сулар құралады. Әдетте, жер қыртысының жоғарғы қабаттарында әрі тұщы, әрі жас сулар
(атмосфералық), тереңірек — минералды немесе ескі сулар, ал ең төменгі қабаттарда — ащы немесе тұзды сулар түзіледі.
Атмосфералық тұщы сулар төмен караи сарқылып, жер қыртысынық жоғарғы қабаттарына жиналады, ал терең
қабаттарда ескі теңіз сулары (қалдық сулар) сақталады. Тұзды сулар, кейбір болжамдар бойынша, мантия
қабатынан жоғары көтеріліп пайда болады, ал басқа бір гипотеза бойынша, тұщы сулар тұзды қабаттар арқылы
ағып өткенде жолай оларды ерітіп, өзіне қосып алып тұзды суға айналады.
Жер асты сулары химиялық кұрамына қарай сілтілі, жұмсак,, қатты және қышқыл сулар болып ажыратылады. Ал
минералды сулар — көмірқышқылды, күкіртті сутекті, радиоактивті және ыстық сулар болып бөлінеді.
Көмірқышқылды сулар — жас вулкандық аудандарда және тектоникалық жарықтар мен жарықшақтар бойында
көбірек кездеседі. Мысалы, Қавказдың атақты минералды суларын (Қисловодск, Пятигорск, Баржоми) атап өтуге
болады.
Күкіртті-сутекті сулар шөгінді тау жыныстарымен бірге хлорлы-натрийлі, хлорлы-сульфатты және сульфатты сулар
түрінде кездеседі. Радиоактивті сулар радонды және радийлі болып кездеседі. Олар курорттарда емдеу
мақсатында, яғни шипа су ретінде қолданылады. Ыстық (термалды) сулар жылы (20—37°С), ыстық (37— 42°С)
және өте ыстық (42°С) болып ажыратылады.
Соңғы жылдары әр түрлі мақсатта пайдаланылатын судың көлемі жылдан жылға арта түсуде. Сондықтан жер
асты суларының маңызы қазіргі кезде өте зор. Олар бір жағынан жұмсалып жатса, екінші жағынан жер беті сулары
және ювенилді сулар есесінен әрі жаңарып, әрі ТОЛЫРЫП отырады.
“Ювенилді сулар” австриялық геолог Э. Зюсстың гипотезасы бойынша, алғашкы магманың құрамындағы су
буынан пайда болған. Олар жер бетінде су айналымына әлі қатыспаған жердегі терең мантия қабатынан жоғары
қарай жаңадан ғана көтеріліп келе жатқан жас сулар деп саналады. Ал жер бетіне жақын орналасқан, планеталық
күрделі су айналымына қатысатын барлық суларды “вадоз сулары” деп атайды. Планетамыздың жалпы су
балансында ювенилді сулардың алатын орны ерекше.
Жер асты сулары өзен аңғарларында, жыраларда бедердің еңіс жағына қарай бағытта жер бетіне бұлақ
Бұлақ суларының турлері:
а) төмен құламалы ақпа бұлақ, б) жоғары шапшып атқылай аратын атпа бұлақ
көздері түрінде шығып жатады (VI. 19-сурет). Осындай жерлерді жер асты суының ағысы (дренаж) деп атайды.
Орналасуына қарай жер асты сулары: 1) шөгінді тау жыныстарының (құм, малта тас, т. б.) кеуек-қуыстарында
кездескен жағдайда кеуек-қуыс сулары (VI. 20-сурет); 2) кристалданған немесе цементтелген тау жыныстары-ның
(гранит, құмтас т. б.) жарықтары мен жарықшақтарында кездескенде жарықшақ сулары; 3) оңай
Тереңдік жағдайларына қарай олар үстіңгі қалқыма су, грунт суы және артезиан сулары деп бөлінеді.
Қалқыма су кішігірім ойыстарда, құмшағылдар арасында атмосфералық жаңбыр мен қар немесе тасыған өзен
суларының топырақ қабатына сіңуі нәтижесінде уақытша пайда болған және жер бетіне ең жақын орналасқан
сулар болып саналады
Бұл сулардың тұрақты болу-болмауына ауа-райының өзгерістері үлкен әсерін тигізеді. Шөл далаларда, құмайт
жазықтарда немесе тақырларда құрғақшылық болғанда олар құррап, кеуіп қалады, ал жауын-шашын мол болып,
өзен қатты тасығанда және қыста қар қа-лың болып жауғанда, қалқыма сулар қайтадан пайда болады.
Грунтты топырақ суларыньщ қоры қалқыма суға қарағанда тұрақты болып келеді. Олар жер бетіне жақын
орналасқан жер асты суларынан (кеуек-қуысты, жарық, карст сулары) құралады. Бұл суларды “құдық суы” деп те
атайды. Мұндай сулар жер бетінен 1—
5 м-ден 50
70 м-ге дейінгі тереңдікте кездеседі. Қейде олар өзен, көл, теңіз маңына жақын жерлерде, сайлар мен тау-
төбелерде және қырат бөктерлерінде бұлақ көздері түрінде жер бетіне өздігімен еркін шығып та жатады. Грунтты
топырақ сулары жер бетіне өте жақын орналасқан жағдайларда, олардың деңгейі ауа райының өзгешеліктеріне
сәйкес жиі өзгеріп отырады.
Артезиан сулары — терең қабаттарда кездесетін шөгінді жыныстар арасында қалыптасқан жер асты сулары. Олар су өткізбейтін жьшыстар арасында жатқандықтан арыны күшті болып, бұрғыланған скважиналар
арқылы жер бетіне атқылап шығьщ жатады.
Жер асты сулары барлық елдерде қалалар мен өндіріс орындарын және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз
етудің негізгі қоры болып отыр.
Жер асты сулары тоқтаусыз қозғалыс үстінде болады. Олар жолында кездескен әр түрлі тау жыныстарымен
химиялық реакцияларға араласып, сулы қосындылар құрайды (гидратация), карбонаттанады, қышқылды
тотықтар және сілтілік ерітінділер түзеді. Мұндай ерітінділер бір орыннан екінші орынға тасымалданып (орын
ауыстырып) жаңадан шөгінді қосындылар пайда болады. Осындай процестердін, нәтижесінде карст-суф-
фозиялық құбылыстар жиі байқалады.
Жер асты суларының геологиялық әрекеттеріне байланысты құрамында тұзы мол сазды жыныстардьщ ері-
Мұндай әрекеттер суффозиялық (латын тілінде “суффозио” — қазу деген мағынада) процестер деп аталады.
Суффозиялық ойыстар онша терең болмайды. Олар орманды дала, шөл, шөлейтті аймақтарда жиі кездеседі.
Құрамы гипс немесе карбонатты цементпен цементтелген тау жыныстарында (кұмтастар, конгломераттар және т
б.) цемент ролін атқарушы материалдар (жер беті және жер асты суларының бірлескен әрекеттері нәтижесінде)
сумен шайылып ерітінді турінде ағып кетеді де кұмтастың және т. б. жыныстардың жекеленген ұсақ бөлшектері
механикалық жолмен орын ауыстырады. Осындай әрекеттердің нәтижесінде жер бетінде кар, 1 қазан-шұңқыр,
табиғи құдық және т. б., ал жер астында үңгірлер мен апандар, жарықтар мен жарылыстар пайда болады
Үңгірдерде сталактиттер мен сталагмиттер түзіледі Қарстық апан-шұңқырлар суға толып
карстық көлдер пайда болады.
Кейде тау беткейлерінде, оны кұрайтын сазды жыныстардың ауыр массалары салмақ күшіне қарай жылжып
ығысады немесе ойысу-сырғу әрекеттері байкалады. Бас-
. Сталактит (а) пен сталагмиттіқ (б) көлденен, қимасы
каша айтқанда, сщщлмалар пайда болады (VI. 25-сурет). Олар сырғанау бетін құрайтын жазықтық пен
горизонталь жазықтық аралығындағы бұрыштың шамасына қарай жайпақ (5°-қа дейін), көлбеу (5°— 10°), тік (15°
—45°), аса тік (45°-тан артық) болып ажыратылады.
Сырғымалар (сырғанау бетінің тереңдігіне қарай) беткі (~1 м-дей), тайыз (5 м-ге дейін), терең (20 м-ге дейін) және
өте терен, (20 м-ден астам) болып бөлінеді.
Әдетте, нөсер жаңбырдан кейін тау жыныстарының физикалық күйжағдайлары өзгеріп (меншікті салмағы,
ылғалдығы және қозғалысқа араласу мүмкіндігінің артуы және т. б. қасиеттерінің өзгеруі), тау беткейіндегі тепе-
теңдік бұзылған жағдайларда байқалады.
Жер асты сулары коршаған ортаның бір бөлігі ретінде басқа табиғат компоненттерімен тығыз байланысты.
Мысалы, жер асты суларын есепсіз көп пайдалану жер бетінің төмен шөгіп жоғарыда айтылғандай карсты-
суффозиялық процестердің кушті дамүына әкеліп соғады.
Жер бетінің төмен шөгуі мұнай мен газ қабаттарын игеру кезінде де байқалады. Бұл проблема, қазіргі кезде
халықаралық проблемалардың біріне айналып отыр, 1969 жылы Жапонияда (Токио қаласында) осы проблемаға
арналған алғашқы симпозиум, ал 1976 жылы екінші симпозиум Америкада (Анахайм қаласы) болып өтті. Біздің
елімізде жер асты суларын ретсіз пайдаланудын,
.әсерінен жер бетінің төмен шөгіп майысуы Эстония жерінде (Таллин қаласы), ал Америкада Техас, Аризона,
Невада, Қалифорния штаттарында жиі байқалады. Мысалы, Қалифорния штатында жер бетінің төмен шөккен
аудандарының жалпы мөлшері ~ 16 мың м2-қа жетеді.
Мехико қаласында жер бетінің төмен шөгу тереңдігі 8,5 м-ге дейін жетті. Соған байланысты көпірлер, су
құбырлары істен шығып, биік үйлердің іргелері қисая бастады.
Жапонияда жер асты сулары, басқа елдермен салыстырғанда көбірек пайдаланылады. Сондықтан болар, бұл
елде жер бетінің төмен шөгу процестері жиі байқалады. Мысалы, Токио қаласында 1900—1975 жылдар
аралығында жер бетінід төмен шөгуі ~4,75 м-ге жетті." Бұл тәрізді жағдайлар Италия, Таиланд, Нидерланды жер-
лерінде де белгілі. Осы мәселелерге байланысты гидро-геологтардың негізгі міндеті — жер бетінін, төмен шөгу
процестерін алдын ала болжай біліп, жер асты суларын тиімді пайдаланудың жолдарын көрсете білу.
Жер асты сулары жер қыртысында кездесетін химиялық элементтердің орын ауыстырып тасымалдануында
немесе миграциялық процестердін барысында ең маңызды роль атқарады. Жер асты суларының құрамында
ерітінді түрінде кездесетін әр түрлі химиялық элементтердің мөлшерін сан жағынан анықтай білу және олардың
құралу заңдылықтарын дұрыс түсіне білу геохимиялық және гидрохимиялық зерттеу жүмыстарының маңызды
көрсеткіші болып саналады. Бұл бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары әр түрлі кен орындарынын, қалыптасу
және олардың орналасу заңдылықтарын түсіне білуге көмектеседі.
Жер асты суларын ең бағалы қазба байлық ретінде тиімді пайдаланып, таза сақтай білу бәріміздің азаматтық
борышымыз.
таралған.
(мусковит, кейде биотит) өте ірі кристалдарынан тұратын, өзіндік (пегматиттік) ерекше құрылы-мымен