Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геоморфология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
324.64 Кб
Скачать

ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОМОРФОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР САЛАСЫ

Геология — Жер туралы ғылым (грекше “гео” — жер, “логос” —ғылым). Жер планетасы ғарыш әлемінде белгілі бір

орнымен анықталатын, өзіндік физикалық және химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен сипатталатын, әр

уақытта дамып, өзгеріп отыратын күрделі дене.

Жерді зерттейтін ғылымдардың қатарына геологиямен қатар астрономия, физикалық география, геофизика,

геохимия жәве т. б. ғылым салаларын да жатқызуға болады. Олардың әрқайсысының өзіндік зерттеу әдістері мен

ғылыми мақсаттары бар. Олар- жерді әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастырады.

Астрономия — жерді ғарыш кеңістігінде кездесетін планеталардың бірі ретінде қарастыра отырьш, оның

жаратылысын, құрылымын және қозғалыс заңдылықтарын зерттейді.

Физикалык, география — жердің сыртқы пішіні мен жалпы мөлшерін, жер бедерінің басты элементтерін және

климат жағдайының ерекшеліктерін зерттейді.

Геофизика — жерді кұрайтын тау жыныстарының физикалық қасиетін және оның терең ішкі қабаттарында

тоқтаусыз жүріп жатқан физикалық процестердің ерекшеліктерін қарастырады.

Геохимия — жер қойнауында кездесетін әр түрлі химиялық элементтердің орналасу немесе таралу (бір жерге

жинақталып шоғырлануын немесе сейіліп орын ауыстыруын) заңдылықтарын зерттейді.

Геология — жер қыртысының құрамы мен құрылысын және оның терең қойнауында жүріп жатқан эндогендік

процестердің өзіндік ерекшеліктерін зерттей отырып,

жердің өткен тарихын қалпына келтіру (реконструкция) арқылы, оның даму заңдылықтарын анықтайды Қысқаша

айтқанда, геология жердің жаратылысын, құрылысын, құрамын және оның эволюциялық дамуын зерттейді.

Сонымен қатар, ол жер қойнауында кездесетін алуан түрлі пайдалы қазбалардың құралу және орналасу

заңдылықтарын да анықтайды. Бірақ, жердің ішкі терең қабаттарын зерттеу әдістерінің бүгінгі күн тұрғысынан

жеткіліксіздігі мен жетілмегендігін ескерсек, әзірше геология жердің ең жоғарғы (беткі) қабаттарын (жер қыртысын)

эерттеумен ғана шектеліп келеді деуге болады.

Геология қазіргі кезде дәл ғылымдар жетістіктеріне (физика, химия, математика) көбірек сүйенеді. Олардың

зерттеу әдістерін пайдаланады. Соның нәтижесінде соңғы кездері геофизика және геохимия ғыльшдары ерекше

дамып келеді. Ал жердің жаратылысын түсіндіруде және оның ғарыш кеңістігіндегі алатын орнын анықтауда

геология ғылымы астрономия және космология ғылымдарына сүйенеді. Соңғы жылдары басқа планеталарды

жермен салыстыра отырып жүргізілген ғарыштық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде салыстырмалы

планетология атты ғылым саласы қалыптасып келеді.

География мен геология ғылымдарының арасындағы тығыз қарым-қатынас ерте кезден-ақ белгілі. Әсіресе,

эндогендік (жерастылық) және экзогендік (жерүстілік) процестердің нәтижесінде пайда болатын бедер пішіндері

соның дәлелі. Жер бетінің бедерін зерттейтін ғылым— геоморфология геология мен географияның екеуіне де

бірдей ортақ.

Қазіргі кезде геологияныд өзі көптеген ғылыми пәндер салаларына жіктеледі. Жер қыртысының құрамын

зерттейтін ғылыми пәндер — минерало.гия, петрография, литология болып саналады.

Минералогия (ескі латын тілінде “минера”—руда) — минералдардың (химиялық табиғи қосындылардың) саны мен

сапасын, жаратылысын (генезисш), құрамы мен құрылысын және физикалық-химиялық қасиеттерін зерттейді.

Петрография иемесе петрология (грекше “петрос”— жартас) — тау жыныстарының құрамы меи құрылысын және

олардың пайда болу (генезис) жолдарын анықтайды.

Литология (прекше “литос” — тас) — шөгінді тау жыныстарының құралу және өзгеру заңдылықтарын

зерттейді. Жер бетінде және жердің ішкі қабаттарында жүріп жататын әр түрлі геологиялық әрекеттерді қозғалыс

тұрғысынан зерттейтін ғылым — динамикалык, геология деп аталады. Динамикалық геология жеке ғылым

тармақтарына (геотектоника, оейомология, вулканология) ажыратылады.

Геотектоника (грекше “тектоника” — құрылымдық архитектура) — жер қыртысының құрылымдық элементтерін

және оның деформацкялық қозғалыс зандылықтарын қарастыр,ады. Тау жыныстарының орналасу

заңдылықтарын және олардың жатыс пішіндері мен құрылымдық элементтерін зерттейтін геотектониканың бір

бөлімі — құрылымдық геология деп аталады.

Сейсмология (грекше “сейсмос” — сілкіну) — жер сілкінудің қандай себептерден болатындығын зерттейтін ғылым.

Вулканология — вулкандық құрылымдар мен вулкандық атқылау кезінде пайда болған тау жыныстарын зерттеу

арқылы магмалық әрекеттердің даму заңдылықтарын анықтайтын ғылым.

Жердін, даму тарихын тарихи геология және құрлықтағы теңіздің өзгеруін палеогеография ғылымдары зерттейді.

Тарихи геология — жер қыртысының жалпы даму кезеңдерін зерттейтін ғылым.

Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының қабат-қабат болып орналасу тәртібін немесе реттілігін және олардың

құралу уақытын анықтайтын тарихи геологияның бір бөлімі — стратиграфия (лат. “стратум” — қабат) деп

аталады.

Стратиграфиялық зерттеу жұмыстары палеонтологиямен (грекше “палеос” — ескі, “онтос” — өмір, тіршілік) тығыз

байланыста жүргізіледі. Палеонтология — ескі органикалық қалдықтардың (фауна, флора) сақталған түрлерін

зерттей отырып, олардың өмір сүрген дәуірлерін анықтайды. Соған сәйкес тау жыныстарының салыстырмалы

пайда болу уақыты айқындалады.

Палеогеография — өткен геологиялық дәуірлерде болған жер бетінін. физикалық-географиялық өзгеру

жағдайларын зерттейді.

Жердің жеке аймақтарының даму жолдарын және олардың геологиялық кұрылым ерекшеліктерін зерттейтін

геологияның үлкен бір бөлімі — аймактың геология деп аталады.

Практикалық мақсатта қолданылатын ілімдердің ішінде пайдалы қазбалар туралы ілімнің гидрогеология және

инженөрлік геология ғылымдарының маңызы өте зор.

Пайдалы қазбалар туралы ілім — әр түрлі (рудалы, рудасыз) кен орындарының жаратылысын (генезис), орналасу

заңдылықтарын, өзіндік формаларын, өндірістік қажеттілігін зерттейді.

Гидрогеология — жер асты суларының пайда болуын, химиялық кұрамын және олардың динамикалық

қозғалысын, ал инженерлік геология — әр түрлі құрылыс объектілерін салу барысында жер қыртысының жоғарғы

қабаттарының кұрылымдық ерекшеліктерін (катты-жұмсақтығын, сейсмикалық орнықтылығын) зерттейтіи ғылым.

Методикалық және әкономикалық геология ғылымдары қатарында: геологиялық картаға түсіру, барлау-іздеу

жұмыстарын жүргізу, рудалық, шахталық және өндірістік геология салаларын атап өтуге болады.

Геолюгиялық картаға түсіру бағыты — геологиялык. карталар жасау әдістерін жетілдіру және оларды іс жүзінде

пайдалану жолдарын қарастырады. Атап айтқанда, белгілі бір аймақтарда кездесетін тау жыныстарының жатыс

пішіндерін, геологиялық құрылысын, құрамын және пайдалы қазбаларын жан-жақты зерттеу арқылы, көзделген

масштаб бойынша геологиялық карта жасау жұмыстарымен айналысады.

Барлау-іздеу жұмыстарынын негізгі мақсаты ашылған кен орнының жаратылысын, геологиялық орналасу

жағдайын толығырақ зерттеу, сонымен қатар пайдалы қазбалардың қорын анықтап, толығымен игеру мақсатында

оның экономикалық тиімділігін арттырудың жолдарын қарастыру. Ең соңғы мақсат — кен орнын пайдалануға

(эксплуатацияға) беру болып саналады.

Рудалық, шахталық және кәсіпкерлік геология салаларында (руда, көмір, мұнай мен газ өндіретін) геологиялық

міндеттерді атқаратын қызмет орындары ұйымдастырылады.

Ал жалпы геология дегеніміз, ғылыми бағыт емес, оқулық курс болып саналады. Жалпы геология курсының негізі

— динамикалық геология болғанымен, бүл курста геологияның басқа салаларының да басты-басты ұғымдары

мен түсініктері қысқаша баяндалады. Жалпы геология курсында жер және жер қыртысы жөніндегі

6

ғылыми мәліметтер бір-бірімен тығыз байланысты түрде қарастырылады.

Соның нәтижесінде жер және жер қыртысы туралы жалпы ұғым алғашқы курстан бастап қалыптасады.

Жалпы геология курсында алғашқы қалыптасқан білім, студенттер үшін кейінгі курстарда оқылатын геологияның

басқа салаларын дұрыс түсінудің негізі болып қаланады.

2. Геологияның даму тарихы туралы

Геология ерте кезден-ақ белгілі болды. Адамдар біздің эрамызға дейін де металл қорытып, минералдық суларды

пайдалана білген. Табиғи құбылыстардын, кейбір сырлары туралы сол кездің өзінде-ақ дұрыс тұжырымдар

жасалынған. Орта ғасырларда Шығыс ғалым-дарьщын. арасында прогрессивтік бағыттағы көзқарас қалыптаса

бастайды. Мысалы, Абу Рейхан аль-Бируни (973—1048), Абу Али Ибн Сина (Авицена, 980—1037), Мухаммед

Насирэддин (Туси, 1201—1274) сол кездіц өзінде-ақ, жер уақыт өткен сайын өзгеріп, дамып отырады деп түсінген.

Авицена (“Аурудан айықтыру кітабында”): “Қазіргі құрлық бір кездерде теңіз түбі болған, ал теңіз түбі бұрын

құрлық болған, олардың дәлелі ретінде шөгінді тау жыныстарын мысалға келтіруге болады” — деп, жазады. Аль-

Бирунидің “Асыл тастарды анықтаушы мәліметтер жинағы” атты кітабында 100-ден аса минералдардың

физикалық қасиеттері сипатталады. Бұл енбек орта ғасырларда “минералогиялық сөздік” ретінде

пайдаланылады.

Қайта өрлеу заманында геология жылдам қарқынмен дами бастайды. Бірак, алғашқы ірі ғылыми тұжырымдар

XVIII ғасырдың екінші жартысында ғана жасалынды. Сондықтан болар, геологияның ғылым ретінде қалыптасуы

XVIII ғасырдың екінші жартысы деп есептелінеді.

Россияда геологиялық білімнің негізін калаған М. В. Ломоносов (1711 —1765), ал Батыс Европада — Д. Геттон

(1726—1797) мен Вернер (1750—1817) болды.

М. В. Ломоносов алғаш рет жер бетінің бедер пішіндерінің қалыптасу жолдарын (ішкі және сыртқы күштердің

өзара әрекеттесуі негізінде) өзінше түсіндірді; жер қыртысының қалыңдығын есептеп шығарды; көптеген

минералдар мен тау жыныстарының пайда болу жол

дарын қарастырды; актуализм принципінің негізін қалады; “Жер қабаттары туралы” еңбегінде (1759) эволюциялық

геологияның негізін анықтады. Кейінірек, • М. В. Ломоносовтың алғашқы ойлары ағылшын ғалымы Ч. Лайельдің

еңбектерімен жалғасып, одан әрі дамытылды.

Геологиялық алғашқы идеялардың одан әрі дамуына “Нептунистер” (А. Г. Вернер) мен “Плутонистер” (Д. Геттон)

арасындағы улкен айтыс зор әсерін тигізеді.

Нептунистер тобы барлық геологиялық процестер судың қатысуымен ғана журеді, ал тау жыныстарының барлық

түрлері сулы ортада пайда болады деп санаса, ал плутонистер барлық жыныстар жердің ішкі терең қабатында

ғана болатын ыстық энергия көзімен тікелей байланысты деп есептейді. Екі топтың арасындағы ғылыми талас

плутонистердің жеңісімен аяқталды деуге болады.

Кейінірек (XVIII—XIX р. ғ. аралығында) эволюционистер мен катастрофистердің (Ж. Кювье, Л. Бух, Эли де Бомон)

арасындағы пікір таласының нәтижесінде тарихи геология мен динамикалық геология негіздері қалыптасты.

XIX ғ. екінші жартысында жүргізілген геологиялық картаға түсіру жұмыстарының нәтижесінде жеке аудандар мен

аймақтарды, тіпті бүкіл континентті қамтитын геологиялық ірі тұжырымдар мен қорытьшдылар жасауға мүмкіндік

туа бастайды. Жер қыртысының қозғалмалы (геосинклинальдық) және тұрақты аймақтары (платформалық)

айқындалып, оларды жан-жақты зерттеу жұмыстарының нәтижесінде геосинклинальдық-платформалық ілім

негіздері қалыптаса бастады.

Бұл ілім дами келе геологияның “Геотектоника” атты саласы пайда болады (Дж. Холл. Дж. Дэна, А. П. Карпинский,

Э. Зюсс және т. б.).

1875 ж. геологтардың халыкаралық ұйымы — Геологиялық конгресс ұйымдастырылды. Бұл ұйымның кезектегі

сессия мәжілістерінде жеке елдердің геологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқыланып, жалпыға

бірдей шешімдер қабылданылды. Мысалы, алғашқы конгресс мәжілісінде геологиялық карталардың мазмұны мен

шартты белгілерін бір тәртіпке келтіру (унификация), тау жыныстарының номенклатурасын бекіту,

стратиграфиялық бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары және т. б. геологиялық терминология мәселелері

карастырылды. Сонымен қатар, жеке елдерде де ұлттық гео-

логиялық ұйымдар қүрыла бастады. Ресейде Геологиялық. комитет 1882 ж. құрылып, алғашқы геологиялық

картаға түсіру жұмыстары жүргізіле бастады. Жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде, бұрынғы ТМД

территориясының түпкір-түпкірінен көптеген жаңа кен орындары ашылды.

Геологиялық барлау-іздеу жұмыстарының қарқынды түрде дамуы, геолог мамандарын көптеп дайындауды қажет

етті. Соған байланысты арнаулы геологиялық жоғары оқу орындары немесе бұрынғы жоғары оқу орындары

жанынан геологиялық факультеттер ашылып, сонымен бірге көптеген геологиялық ғылыми-зерттеу институттары

құрылды. Атақты ғылым қайраткерлері — А. Д. Архангельский, Н. В. Белов, А. Г. Бетехтин, Ю. А. Билибин, В. И.

Вернадский, А. П. Виноградов, И. М. Губкин, А. П. Карпинский, Ф. Ю. Левинсон-Лессинг, В. А. Обручев, Қ. И.

Сатпаев, С. С. Смирнов, Н. М. Стра-хов, М. М. Тетяев, А. Е. Ферсман, Н. С. Шатский және т. б. мыңдаған геология

мамандарыньщ жемісті еңбектерінің нәтижесінде халықшаруашылырынын. барлық саласы минералдық шикізат

қорымен түгелдей қамтамасыз етілді.

XX ғасырдын, екінші жартысынан бастап әр елде мұхиттарды (геологиялық-геофизикалық әдістер арқылы)

зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде дүниежүзілік мұхиторталық тау-

жоталар жүйесі айқындалып, сонымен бірге олар-мен байланысты жер қыртысынын, мұхиттық тегі

құрылатындыры және литосферанын, кейбір блоктары көлде-нен. бағытта жылжып, орын ауыстыратындығы

анықталды. Қазіргі кезде, ТМД территориясы түгелдей дерлік (1:200000 масштабта) картаға түсірілді, ал 1:50000'

масштабта — 30%-ке жетті.

Ғарыш кеңістігін игеру (жер серіктері мен ғарыш кемелері және орбиталық станциялар арқылы) мақсатында

жүргізілген зерттеу жұмыстарьшың нәтижесінде, жерді ғарыштан зерттеу мүмкіндігі ашылып, соңғы кезде жерді

зерттейтін рылымдардьщ қатарында — Ғарыштық геология бағыты қалыптасты. Сонымен қатар, Күн жүйесіне

кіретін басқа планеталарға қарай (Ай, Марс, Шолпан және т. б.) жіберілген ғарыштық аппараттар арқылы алынған

ғылыми мәліметтерді (бедері, химиялық құрамы, физикалық касиеттері және т. б.) жердін, химиялык құрамы және

физикалық қасиеттерімен са-лыстыра отырып зерттеу негізінде салыстырмалы пла-

нетология атты ғылым бағыты қалыптаса бастады. Ғарыштық геология және салыстырмалы планетология

ғылымдарының келешегі өте зор.

Жер планетасының ашылмаған байлығы, шешілмеген жұмбақсыры әлі де мол. Бұл проблемаларды шешу, жаңа

кен орындарын ашу — XXI ғасырдың жас мамандарына жүктеледі.