Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2rub_kont_FARM_S_OTVETAMII_docx-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
92.61 Кб
Скачать
  1. Маңыздылығы жағынан бірінші орында тұрған ластаушылар. Өндірістік ауылшаруашлық, тұрмыстық және атмосфералық (жауын-шашын) ағынды сулардың сипаттамасы.

Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар. Улы химикаттар және т.б.(азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер,итұрмыстық қалдық, мұнай және мұнай өнімдері). Олардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспорттарымен ластану үлесі де жоғары.

Өндірістік, ауыл шаруашылық, тұрмыстық және атмосфералық жауын-шашын ағынды сулардыңсипаттамасы. Өндірістік шайынды сулар-негізгі ластаушылар, биоорганикалық қоспалар көздері:содалық, күкірт қышқылдық зауыттар, полиметалдық кеңдердің байыту фабрикалары, металлургиялық зауыттар, полиметалдық кеңдердің байыту фабрикалары, металлургиялық зауыттар, шахталар, кең орындары және химиялық зауыттар. Органикалық қоспалар: мұнай өндеуші және мұнай имиялық зауыттардың органикалық синтез, синтетикалық каучук және пластмасса өндіріс органдарының, коксхимиялық зауыттардың, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өніріс орындарының жуынды сулары(онда мұнай өнімдері, нафтендік қышқылдар, аммиак-альдегидтер, кетонар,фенолдар, спирттер, синтетикалық шайырлар, күкіртті сутегі және б.). Аса күшті ластағыштар- мұнай және мұнай өнімдері, мұнай майлары, мұнайдың жеңіл фракциялары, мұнайдың орташа фракциялары.

Ауыл шаруашылық сулар- минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемінің, өсімдіктерді зиянкестерден және арамшөптерден қорғау құралары тез өсуіне, химиялық заттардың жаңбыр суымен жуылып су қоймаларына және жер асты суларына құйылуына әкеледі. Пестицидтермер және минералдық тыңайтқыштармен өнделген ауыл шаруашылық жер бетінен жуылып ағылған сулар құрайды. Оларға мал шаруашылық және құс шаруашылық комплекстерінің жуынды сулары да жатады.

Тұрмыстық сулар- мұнда органикалық ластану төмен, бірақ жоғары бактериалдық ластану мен гельминттер жұмыртқасының жоғары мөлшерде болуы.Қалалық жуынды сулар құрамында азот, фосфор, кадмий, жуушы заттар болады.

Жауын-шашын ағынды сулар-атмосфералық жауын-шашын түсуінен пайда болады. Олар жуындық және мұздық болып 2-ге бөлінеді. Жауындыққа- егін суару, жуу сулары жатады. Елді мекендерде нөсерлік ағындар негізінен инертті заттар-саз, құм, көмір шаны болады.Осы сулардың құрамында әртүрлі токсикалық заттар кездеседі, ең қауіптілері-ауыр металдариондарыинсектицидтері мен пестицидтері құрамына кіретін хлорорганикалық препараттар болады.

  1. Токсикалық заттардың суаттарда, су өсімдіктерде, су түбіндегі тұнбаларда, су фаунасында жинақталу дәрежесі және осыған байланысты тірі ағзалар үшін пайда болатын осымен байланыс-ты қауіптілік. Гидросфераның ластануның экологиялық салдары және судың тартылуы. Түрлі суды қолдану түрлеріне судың ластану әсерлері.

Гидросфераның ластануының экологиялық салдары және судың тартылуы.

Судың ластануы әртүрлі ауруларға алып келеді.(тырысқақ, іш сүзгі, дизентерия аурулары, колиэнтриттер, гастроэнтриттер, вирустық гепатит, энтеровирустық инфекция ). Себебі ластанған су құрамында ауру қоздырғыштарының саны көп жоғары болады. Ластанған судғы химиялық биогенді заттар мен органикалық қосылыстардың мөлшері қажетті мөлшерден асқан жағдайда ол адам ағзасына залал келтіреді.

Судың тартылуы- антропагендік немесе табиғи әсерден судың көлемінің азаюы. Себептері: судың дұрыс қолданылмауы, сырапталуы.Су көздерінің салаларынан келетің су мөлшерінің кемуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]