
- •3.Қазақстандағы Ұжымдастыру. 30ж.Ашаршылық
- •3 Билет
- •4 Билет
- •8 Билет
- •2. С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақстарының қозғалысы: себептері, кезеңдері, сабағы.
- •10Билет
- •2. Бөкей хандығының құрылуы. Жәңгір хан және оның қызметі.
- •11 Билет
- •12Билет
- •13 Билет
- •14Билет
- •15Билет
- •16Билет
- •17Билет
- •18Билет
- •19Билет
- •20Билет
- •21Билет
- •22Билет
- •23Билет
- •24Билет
- •25Билет
- •26Билет
- •2. XIX ғ. Екінші жартысындағы қазақтардың азаттық қозғалыстары (1869-1870 жж.)
- •27Билет
- •28Билет
- •29Билет
- •30Билет
25Билет
1. ЖЭС • 1921 жылғы наурыз – жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды ( партияның X съезі)
ЖЭС-тің белгілері: - Азық- түлік салығы.- Сауда еркіндігі.- Жерді және ұсқ кәсіпорындарды жалға беру.- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. ЖЭС-тің мәні- салғыртта салықпен ауыстыру.
• 1921 жылғы наурыз-сәуір - өлкеде салғарт салықпен ауыстырылды.Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды.
• 1921 жылғы маусым – Орынбордағы өткізілген 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС- ке көшу туралы айтылды. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тотаритарлық, авторитарлық башылыққа көшу басталды.
ә) 1921-1922 жылдардағы ашаршылық. Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді.
1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны 1/3 бөлігін қамтыды.
• 1921 жылғы қараша – 1млн.508 мың адам; • 1922 жылғы науырыз – 2 млн.303200 адам.
Жер-су реформасы.Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдықсаясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.• 1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды.Нәтижесінде: - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды. - Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.• 1921 жыл –Жетісуда жер реформасы жүргізілді. - Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. - 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.1921-1922 ж.ж аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асырудағы қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушылар кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады. • 1921 жыл – «Қосшы одағы» құрылды
Жетекшілері: А.Асылбеков, Ә.Жангельдин, С.Меңдешев, С.Сейфулин,А.Розыбақиев т.б.1921 жылғы наурызда «Қосшы одағы ны» 17 мыңнан астам мүшесі болды. Міндеттері: - Еңбек артельдерін құру. - Кедейлерге жер беру.- Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру. 1921-1922 жылғы дүргізілген жер реформасының маңызы: • Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рол атқарады. • Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді. • Қазақ аулындағы патриархаттық феодалдық негізді әлсіретті. • Ұлттық келісімінің орнығуына жағдай жасады.
2. Шоқан Уәлиханов (1835—1865) — қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шын аты — Мұхаммед Қанафия. Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін», дейді.Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, шығыстанушы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен,Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыстың жағрафиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!»ээ деп жазды. Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді. Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған
3. Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп.Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндірісінде, атом құралдарын жасап сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық өзгерістердің пайда болуына әсер етуде, Семей аумағында қазір 700 мың га радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен бірге, табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен келетін немесе жасанды жолмен-флюорография, теледидар экраны, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан т.с.с. туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді.1989 жылы ақпан айында алғашқы антиядролық қозғалыс құрылды. Олжас Сүлейменов басқарған бұл қозғалыс әлемді ұйқысынан оятып, адамдардың бейбіт өмір сүру құқығын талап етуіне жол ашты. Халықты дүние жүзінде аузынан от шашқан тажалды бітеу үшін көтерген "Невада-Семей" козғалысын бүгінде білмейтін адам жоқ. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда Қазақстандағы экологиялық жағдайдың ушығып тұрған ошақтары Арал мен Балқаш. Бұл көлдер тек қана Қазақстан емес әлем халқын алаңдатып отыр. Аралды құтқару мәселесіне тек эколог ғалымдар ғана емес, елім дейтін барша азаматтар атсалысуда. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың назарында әрқашан экологиялық проблемалар тұр. Осындай ағалар арқасында «Ароал-Балқаш» қоры құрылды. Дүние жүзіндегі ең беделді ұйымдардың бірі.