Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1bilet (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.6 Mб
Скачать

20Билет

1. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары. Мұхаммед Хайдар Дулати "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегінде былай деп көрсетеді: "Сол заманда Әбілхайыр хан қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп тұрған еді. Ол Жошы ұрпағы сұлтандарға көп жайсыздық туғызып, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып, Шу өзені өңіріндегі "Қозыбасыны" тапсырған еді. Ол аймақ Моғолстанның батыс шеті. Олар бұл аймақта бейбіт өмір кешті. Әбілхайыр қайтыс болған соң, Өзбек ұлысы өзара тартысып, араларында көп келіспеушілік туды. Біразы Керей хан мен Жәнібек ханның маңына жиналған еді. Саны екі жүз мыңға жетеді. Олар өзбек-қазақ деп аталатын". 1465—1466 жыядары Қазақ хандығының құрылған мезгілі. Ал оның ту көтерген жері — Жетісудың батыс бөлігі, үйсін, дулат, қаңлы тайпаларының дәстүрлі атамекені. Қазақ хандығының нығаюыӘбілхайыр ханның өлімі, Өзбек ұлысындағы терең дағдарыс Жәнібек пен Керейге Сырдарияның орта ағысы өңіріне, Түркістанға қайта оралып, ендігі уақытта бұл аймақты жаңа мемлекеттің орталығына айналдыру үшін күрес жүргізуіне мүмкіндік береді. 1470 жылдан бастап Сыр өңірінде қазақ жасақтары көріне бастайды.Осы кезден бастап Шығыс Қыпшақ даласының далалы аудандары мен Сыр бойының орта сағасындағы қалалы орталықтарды өзіне қарату үшін әрекет ету XV ғасырдың 70—80-жылдары, алдымен, Жәнібек пен Керей хандардың, содан соң олардың мұрагері Бұрындық ханның негізгі қызмет арқауына айналады. Бұл жігерлі де мақсатты әрекет XV ғасырдың соңы және XVI ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ хандарының қызметінде өз жалғасын тапты. Қазақ билеушілерінің Түркістан мен оның төңірегіндегі қалалық орталықтар үшін мұндай табанды күрес жүргізуінің өз себептері бар-тын.Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден дәстүрлі экономикалық, саяси және рухани орталық міндетін аткарып келді. Қазақ хандары мен көшпелі өзбектер ханы Мұхаммед Шайбани арасындағы Сыр бойындағы қалалар үшін күрес XV ғасырдың 80—90-жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас барысына Әмір Темір мұрагерлері мен Моғол хандары да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханның бұл соғысты XV ғасырдың соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ. Шайбанилықтар тынымсыз күрестен соң Әмір Темір мұрагерлерін ығыстырып, Отырар, Йасы Арқұқ және Үзгентті алды..Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін, Қаратаудың Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік беткейін, Сырдың төменгі ағысын, Арал жағалауын иемденді. XVI ғасырдың бас кезінде Мәуереннахрды Әмір Темір мұрагерлерінен тартып алған Мұхаммед Шайбани ханмен күрес жаңа қарқын алды. Тура осы мезгілде, Шығыс Түркістанды билеген моғол хандары бірнеше мәрте қазақ хандарынан Жетісуды тартып алу әрекетін жасап көрді. Мәуереннахр билеушісінің 1503—1510 жылдары қазақ жеріне жасаған жорықтары ол қалағандай нәтиже берген жоқ. 1510 жылдың соңында Мұхаммед Шайбани хан Иран шахымен болған шайқаста қаза табады.1511 жылы хандық тақтан кеткен Бұрындық ханның орнына келген Қасым хан осы сәтті пайдаланып, 1513 жылы Сайрамды өзіне қаратып, Ташкентті алуға әрекет жасады. Сонымен, бұл тарихи кезең Сыр өңірі қалаларының қазақтарға біржола өтуімен аяқталады.

2. Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ. Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды. Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының ұлттық сана-сезімін өсірді..Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу жолында күресті. Олар қазақ мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды, өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұмтылды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев, О. Әлжанов, т.б. танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, халықтың құкықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті. Олар өз үлгі өнегесімен қазақтың болашақ қоғам қайраткерлері М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, сияқты көптеген жас ұрпақты тәрбиелеп өсірді.Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларын Қырым татарларының «Тәржіман», Еділ бойы татарларының «Шора», «Уақыт» және «Жұлдыз» сияқты басылымдарында жариялады. Онда патша үкіметі әкімшілігінің қазақтардың ежелгі заманнан бергі ата қонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтардың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті.

3. ҚИЫНШЫЛЫҚТАР егемендігіміз­дің алғашқы жылдарында, аз болған жоқ. Ең үлкен қиыншылықтар халықтың тұрмысы мен көңіл-күйіне тікелей қатынасы бар экономика сала­сын­да туды. нарық жолына түстік. Экономиканы ырықтандыруға, қоғамдық мүлікті жекешелендіруге, колхоздар мен совхоздарды та­ратуға кірістік.. бұрынғы қалыптас­қан шаруашылық жүйесінің күл-талқаны шық­ты, аз ғана уақыттың ішінде ұлттық өнімнің 40 па­йызына дейін жоғалттық. Ауылда да, қала­да да ха­лық тұрмысы күрт төмендеді, елде жұмыс­сыздық етек жайды. Әрбір заттың бағасы он-жүз еселеп өсті. Өз ішімізде, басқа да елдермен қалыптасқан экономи­калық байланыс үзілді, көптеген кәсіп­орындар жұмысын тоқтатуға немесе жартылай жұмыс істеуге мәжбүр болды.Экономика саласындағы реформалардың ал­ғаш­қы жылдардағы көрінісі осылай болды. Қазір жағдай мүлдем басқаша, бірақ егемен еліміздің бастапқы кезеңде басынан өткізген осындай қиыншылықтарын айтуымыз, естен шығар­ма­уы­мыз керек., тек тәуелсіздігіміздің өзін жан-жақ­ты – саяси, рухани және экономикалық тұрақ­тан­дыру үшін, шет елдер тәжірибесіне сүйен­сек, жарты ғасырға жуық уақыт керек екен..ЖЕНУ ЖОЛДАРЫ Алдымен, Қазақстан халықаралық қауым­дас­тыққа өзінің бейбітсүйгіш ел екенін, басқа елдермен ашық, әрі өзара тиімді саяси, эконо­микалық қатынастарға дайын екендігін, өз елінде ұлтара­лық келісім мен ішкі ұлттық бірлігін сақтай білетіндігін, демократиялық даму жолы­ның туын берік ұс­таған, әлем қорындағы парасат пен құнд­ы­лық­тар­ды жоғары бағалап қана қоймай, оларды дамытуға атсалысатын ел екендігін көрсете білді.. Семейдегі атом полигонын жабу, өз қолын­дағы ядролық қару-жарақтан бас тарту, Америкаға, Батыс Еуропаға, Қытай Халық Республикасына, басқа да елдерге достық қа­рым-қатынас орнату үшін жасалған сәтті сапарлар, әлемде әрі беделді, әрі дамыған үлкен елдермен ұзақ нысананы көз­де­ген стратегиялық әріп­тестікті жасау, көр­шілеріміз­бен дау-дамайсыз, сабырлы да өзара түсіністікпен жүргізілген шекара туралы нәти­желі келіссөздер, тағы да басқа көптеген Қазақстанның әлем өркение­тінің жолымен жүре бастаған ел екеніне көзі жеткен мемлекеттер, қар­жылық қорлар, транс­ұлттық компаниялар бізге молынан инвестиция құя бастады. Жалпы, тәуел­сіздік жылдары елімізге 120 млрд. доллардан астам инвестиция келген екен, ТМД елдерінде бұл ең жоғары көрсеткіш. Қазақстанның сындарлы сыртқы сая­саты ел ішіндегі экономи­ка­лық реформалардың тоқта­май жүруінің шешуші факторларының бірі болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]