
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері туралы қазақша реферат
- •2. Тауардың қасиеттері
- •Тауарлар мен қызметтер нарығы:
- •Қаржы нарығы: капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар, несие нарықтары, құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.Б.), валюта, ақша нарықтары.
- •Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:
- •Филлипс қисығы.
- •Экономикалық цикл
- •Жұмыс күші ұсынысының кері қисығы[өңдеу]
- •Түркияда жұмыссыздық көрсеткіштері Түркия Статистика мекемесі деректеріне қарағанда жұмыссыздық көрсеткіші 0,9 пайыз ұпай артты.
- •Несиенің түрлері келесідей жіктеледі:
Экономикалық цикл
Құлдыраудан кейінгі фаза – тоқырау. Бұл уақытта өндірістің құлдырауы, ал онымен бірге бағаның төмендеуі тоқтайды. Бірте-бірте тауар запастары азаяды. Аз ғана сұраныс салдарынан еркін ақша капиталының массасы ұлғаяды, ал банктік пайыз ставкасы төмендейді. Тоқырау кезеңінде тауарлар ұсынысы сұраныстан оза алмайды, сондықтан олардың арасында тепе-теңдік қалыптасады (тауар шығымының тоқтауы сұраныс деңгейіне дейін олардың ұсынысын азайтады). Сол уақытта дағдарыстан шығудың табиғи жағдайлары қалыптасады. Өндіріс құралдарына бағаның төмендеуі және несиенің арзандауы капиталдың қорлануын, жаңа техникалық негізде кеңейтілген ұдайы өндірістің қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Келесі фаза – жандану – дағдарыс алдындағы деңгейге дейін өндірістің кеңеюін білдіреді. Тауар қорларының мөлшері нарықты үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде белгіленеді. Тұтынушылық сұраныстың жандануымен туған бағаның азғана өсуі байқалады. Жұмыссыздық мөлшері қысқарады. Ақша капиталына сұраныс өседі және процент ставкасы ұлғаяды.
Келесі фаза - өрлеу. Бұл кезеңде өнім шығару көлемі дағдарыс алдындағы деңгейден асып түседі. Осымен байланысты жұмыссыздық қысқарады. Сұраныстың кеңеюімен тауарларға баға өседі. Өндірістің табыстылығы артады. Несие құралдарына сұраныс ұлғаяды және сәйкесінше банк пайызының нормасы өседі.
Қазіргі экономистер циклдың себептерін үш жағдаймен байланыстырады:
1. Сыртқы факторлар: халық санының өзгеруі, инновациялар, соғыс және басқа саяси жағдайлар. Халықтың өсуі өндіріс өсуіне, жұмысбастылық деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Технологияның өзгеруі іскерлік белсенділікті шақырады, инвестициялауға ынталандырады. Саяси жағдай іскерлік белсенділікке әртүрлі әсер етеді.
2. Ішкі факторлар: тұтыну, инвестициялау және үкімет саясаты. Тұтыну әсері: фирма тұтынушыны барлық тауарлармен қамтығысы келеді, нәтижесінде тұтыну шығындары өседі, жаңа жұмысшылар жалданады. Сондықтан өндіріс көлемі, жұмысбастылық пен сату көлемі өсіп, экономика өрлеу фазасына өтеді. Тұтыну шығыны қысқарғанда керісінше жағдай пайда болады және құлдырау кезеңі басталады. Инвестицияның әсері: негізгі қорға салынған салым жаңа жұмыс орнын ашады, тұтынушының сатып алу қабілетін жоғарылатады – бұл экономикалық өсуге мүмкіндік туғызады. Инвестициялау деңгейі төмендегенде экономикалық жағдай нашарлай түседі. Үкіметтің ықпалы фискалдық және монетарлық саясатпен жүзеге асырылады.
3. Ішкі және сыртқы факторлардың синтезі. Авторлардың пікірінше сыртқы факторлар циклды қозғаушы, ал ішкі факторлар фазалық ауытқуларға алып келеді.
Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары:
Ақша несие саясаты
Фискалдық саясат
Жалақы мен тарифтер саясаты
Мемлекеттік инвестициялар саясаты.
№74 Инфляцияның мәні, себептері, түрлері, әлеуметтік-экономикалық салдары.
Инфляция қағаз ақшаның құнсыздануынан болатын әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады.
Инфляцияға ықпал етуші факторлар мыналар:
Мемлекет секторының өсуі және мемлекеттің экономикаға араласуы. Бұл мемлекеттік шығындар мен табыстардың теңсіздігіне алып келеді, ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығын туғызады. Бұл жағдайда Орталық банк тапшылықты банкнот эмиссиясымен, ал коммерциялық банктер несиені кеңейтумен, яғни депозиттік-чектік эмиссиямен өтей алады. Нәтижесінде ақша санының өсуімен олардың құнсыздануы орын алады.
Бір жағынан трансұлттық корпорациялар ретінде жеке биліктік ірі институттардың пайда болуы, екінші жағынан кәсіпорындардың пайда болуы. Қандай да монополист бағаның жоғарғы дәрежесін ұстап тұруға мүмкіндік беретін тапшылықтың болуын қалайды. Кәсіподақтар да өздерінің мүшелерін қолдау мақсатында осындай саясатты жүргізеді. Бұл баға мен жалақының өсуіне алып келеді.
Тауар тапшылығы сұраныстың ұсыныстан алшақтануына алып келеді және осының негізінде бағаның өсуі.
Жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтығы
Ұлттық экономиканың ашықтығының өсуі және әлемдік шаруашылық байланыстардың кеңеюі "импортталған инфляцияның" қауіптілігін тудырады.
Қағаз ақшалардың эмиссиясына бақылаудың болмауы. Бұл нарықта тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының пайда болуына алып келеді. Нәтижесінде тауарларға баға өсіп, инфляциялық процестерге негіз пайда болады.
Экономиканың рационалдық емес құрылымы. Инфляцияның пайда болуы ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Инфляцияның сыртқы себептеріне сыртқы саудадан түсетін түсімдердің қысқаруы, төлем және сыртқы сауда балансының теріс сальдосы жатады. Ішкі себептеріне халықшаруашылық құрылымдарының деформациясы және шаруашылық механизмнің кемшіліктері жатады.
Шетелде нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі.
Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.
Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады.
Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді:
Сұраныс инфляциясы – ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады. Қолда ақша көп мөлшерде, ал тауардың көлемі өте аз деп сипаттауға болады. Сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы – ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.
Құрылымдық инфляция – ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі.
Болжау арқылы инфляция бөлінеді:
Күткен инфляция – ол болжамдалынған инфляция.
Күтпеген инфляция – ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттен күрт өсіп кетуі.
Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:
Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі. Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді.
Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.
Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі. баға мен жалқының арасы алшақтап бай адамдардың да тұрмыс жағдайы қиындай бастайды.
Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары:
Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.
Инфляцияның жоғары қорқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.
Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.
Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.
Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.
Елімізде инфляция деңгейі (2013 жылғы қантар 2012 жылғы қантарға) – 6,6% құрады.
№75 Жұмыссыздық: түрлері, себептері.
Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған.
Қоғамдағы жұмыс жасындағы халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс күші болып табылады. Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.
Жұмыссыздықтың негізгі түрлері:
Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.
Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.
Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
Циклдық жұмыссыздық - өндіріс деңгейінің құлдырауынан немесе жиынтық сұраныстың жалпы төмендеуіне байланысты кез-келген мамандық бойынша жұмыс таба алмаудан орын алатын жаппай жұмыссыздықтың аса ауыр түрі.
Толық жұмысбастылық – бұл жұмыс күшінің жалпы санында 5,5% және 6,5% мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың үлесін сақтап тұру, яғни бұл жағдай тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын алады. Бұл көрсеткіштер әр елде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ толық жұмысбастылықты жұмыс күшінің 100% жұмыс істеуі деп айтуға болмайды. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады.
Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады. Монетарлық теорияны жақтаушылар жұмыссыздықтың себебі мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде деп түсіндіреді.
№76 Оукен заңы.
Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.
Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциалдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім.
Батыс экономикалық теориясында және тәжірибесінде жұмыс күшін ығыстыру нәтижесіндегі тауар мен қызметтің әлеуетті шығындарын есептеу Оукен заңы негізінде жүзеге асырылады. Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі өзгерісін жалпы ұлттық өнімнің (Ж¥Ө) өзгерісімен байланыстырады .
Y-Y’/Y’=B*(u-u’)
мұнда:Ү — өндірістің нақты көлемі,
Ү» — ЖҮӨ әлеуетті көлемі,
и — жұмыссыздықтың нақты деңгейі
u’- жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
B- ЖҮӨ циклдік жұмыссыздықтың динамикасына сезімталдық эмпиристік коэффициенті. Егер жұмыссыз-дықтың нақты деңгейі табиғи түрдегіден 1%-ға жоғары болса, онда өндірістің нақты көлемі әлеуетті түрдің өлшеміне тең болады. Р = 2,5%
Бұл өсім 2,5 пен 3% әртүрлі экономистер жұмысындағы өзгерістер.
Финляндияда қарт адамдар бір мезгілде зейнетақының 3 түрін алады: кәрілігіне — мемлекеттен, жұмыс орнынан -фирмадан және мемлекеттен берілетін зейнетақы қорынан, оны құруға зейнеткердің өзі қатысады.
Швецияда әлеуметтік сақтандырудың тіптен бірегей құрылымы бар. Зейнетақы алатын адамдар жарналар үлесінің небәрі 1 %-ын құрайды, ал қалған 99 пайызы былайша көрінеді: мемлекеттен — 27%, жергілікті өкімет органдарынан — 31%, кәсіпкерлік фирмалардан — 41% алады.
№77 Мемлекеттік инвестициялар саясаты.
Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестициялық саясат – инвестициялардың неғұрлым басым бағыттарын айқындайтын шаралар жүйесі; өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда немесе басқа да түбегейлі нәтиже алу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектінің (кәсіпорынның, фирманың, компанияның, т.б.), аймақтың, елдің ішінде де, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де қаражат (инвестиция) салудың көлемін, құрылымы мен бағытын белгілейтін шаруашылық шешімдерінің жүйесі.
Инвестициялық бағдарламаларға сәйкес инвестициялық саясат мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару;
салық жеңілдіктерін беру; демеуқаражат, жәрдемқаражат, бюджеттік несие түрінде қаржылай көмек беру;
тиісті несие саясатын, баға белгіленімін;
амортизациялық саясат жүргізу;
нормалар мен стандарттардың қолданылуына, сондай-ақ, міндетті түрде сертификаттау ережесінің орындалуына бақылау жасау.
Инвестициялық саясат. Он жылдықта әлеуметтік – экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік мен жұмыссыздық проблемасын шешуді міндетімізге алған.
Экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрлеудің барынша жоғары қарқынына жету басты міндет ретінде алға қойылып отыр.
Мұның өзі инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормасының артуына тікелей байланысты.
Экономикалық өсімнің жоғары қарқынын тұрақты ұстап тұру үшін біздің таяудағы 4-5 жылдың ішінде негізгі капиталдың ІЖӨ -ге қатысты жалпы жинақталу көлемін 28 пайыз деңгейіне дейін жеткізуіміз керек. Соның ішінде мемлекеттік инвестициялардың ІЖӨ жөнінде 2-ден 4 пайызға дейінгі өсіміне жету шарт.
2003 жылы мемлекеттік бюджеттің асыра орындалатыны, сөйтіп көкейге қонымды маңызды деңгейге — бір триллион теңгеге жақындайтыны қазірдің өзінде білініп отыр.
Сондықтан, 2003 жылдың ішінде–ақ бюджетті нақтылай түсу қажет, ал экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс істейтін мемлекеттік ірі кәсіпорындар акцияларының пакеттерін сатудан алынған жоспардан тыс түсімдерді Ұлттық қорға жіберу керек.
Осыған орай мен Үкіметке 2003 жылдың бюджетін Парламентте нақтылаған кезде артылған қаражатты жинақтауға, сондай-ақ әлеуметтік дамуға бағыттауды тапсырамын.
Мемлекеттік инвестициялар . Индустриалық- инновациялық даму бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз ететін қаржы институттарын құру мен капиталдандыру мақсатында :
- Даму банкінің жарғылық капиталын ұлғайтуда және оның кредиттік жадығатын молықтыруға – 12 миллиард теңге;
- құрылатын Қазақстан инвестициялыққорының жарғылық капиталына – 23 миллиард теңге ;
- құрылатын Инновациялық қорға – 36 миллиард теңге;
- Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация құру үшін -7.7 миллиард теңге жіберуді ұсынамын.
Жеке инвестициялар .Біздің экономикамыздағы жеке сектордың рөлі барған сайын арта беруге тиіс. Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтау жүйесінің жиынтық капиталы 300 миллиард теңгеге жуықтап отыр. Банк жүйесіндегі депозиттер 600 миллиард теңгеден асып түсті.
Банктердің жиынтық меншік капиталы бір жылдың ішінде үштің біріне ұлғайып, миллиард доллардан асып түсті, ал экономикаға берілген кредиттер соңғы үш жылда 4.5 есе көбейді.
Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУЫ
Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.
Нарықтық қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жүйесiнде бәсекеге қабiлеттiлiк шешушi экономикалық категориялардың бiрi болып есептеледi. Бәсекелестiк қатынастарды дамытпай ұлттық экономикамыз серпiндi даму жүйесiне айналуы екiталай. Соңғы жылдары көптеген кәсiпорындар сапалы және оңтайлы бағада өнiм өндiру қажеттiлiгiн сезiндi. Бұл дегенiмiз жалпы өндiрiс шығындарын азайта өнiм сапасын, өнiмнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн жоғарылату. Нарықты экономика талабы бойынша өндiрiс тиiмдiлiгiн барынша арттыру кәсiпорындардың өмiрлiк ұстанатын қағидаларының бiрi. Осы жағдай кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру, жалпы тиiмдiлiктi жоғарлату әдiстерiнiң басты бағыттарын анықтау өте маңызды.
Кез-келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар үшiн белгiлi бiр кезеңге қаржылық нәтижесiн көрсететiн шығыстар мен табыстар арақатынастарын есепке алып, олардың есептi жылдағы нәтижелерiн бағалап, талдап тұжырым жасау өзектi мәселе болып табылады. Инвестициялық тартымдылықты арттыру жолдары барлық уақытта да маңызды болған және алдағы кезеңдерде бола беретiнi анық. Мемлекетiмiздiң өсiп-дамуының тағдыры қазiргi жас буын мамандарының қолында десек артық болмайды, яғни олар келешекте ұлттық экономикамыздағы кәсiпорындардың инвестициялық тартымдылығын қандай әдiстермен шешедi және қандай іс-шаралар кешенін қолданатыны өзекті мәселе.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвестициялардың нақты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндiрiстердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақсаруынан танылады.Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.
Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес инвестициялар – бұл ақша қаражаттары, арнаулы банктік ақша қаржылары, жарна, акция және басқа да құнды қағаздар; технологиялар, машиналар, құрал – жабдықтар; лицензиялар, соның ішінде, тауарлық белгіге беретін; несиелер; кез келген мүлік немесе мүліктік құқық, кәсіпкерлік немесе өзге де іс – әрекет түрлерінен табыс табу және әлеуметтік оң нәтижеге қол жеткізу мақсатында жұмсалатын зияткерлік құндылық.
Әйгiлi “Экономикстiң” авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- “өндiрiс шығындары және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту”, яғни өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы.
Ал В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi салымдар” және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды деп атап өткен.
Нарықтық экономикада инвестиция ұғымында инвестициялық іс – әрекеттің екі жағы ұштасады: ресурстар шығыны және нәтиже. Инвестициялар нәтиже алу мақсатымен жүзеге асырылады, егер ол мұндай нәтиже бермейтін болса, онда ол керексіз болып табылады.
Сонымен қатар, инвестициялардың өзіне тән ортақ сипаттарын айтып өтуге болады: олар әдетте, ұзақ мерзімді сипатқа ие (бұл – нақты инвестицияларға қатысты; қысқа мерзімді инвестициялар қаржы шеңберінде өте тиімді құнды қағаздар арқылы жүзеге асырылады); инвестициялық іс – әрекет және қабылданған инвестиция жасау шешімдері кәсіпкерлік қызметтің барлық тараптарына және аймақтағы әлеуметтік – экономикалық ахуалға кешенді түрде ықпал етеді.
Сол себепті, қабылданатын инвестициялық шешімдер техникалық, ақпараттық және ұйымдастыру жағынан негізделген болуы қажет. «Инвестиция ұғымын түсіну» деген сөздің мәні осында. Батыстың экономика ғылыми инвестициялар теориясын микро және макроэкономикалық тұрғыдан қарағанда ғылымдардың негізі деп қарастырылады. Микроэкономикалық тұрғыдан алғанда, инвестициялар теориясында кәсіпкерлерге оңтайлы инвестициялық саясат құрудың ғылыми негізделген нақты әдістерін ұсына отырып, кәсіпорын деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдау үдерісі инвестициялық теориясының негізі болып табылады. Макроэкономикалық тұрғыдан (теорияның негізін қалаушы Д. Кейнс) инвестиция проблемасы мемлекеттің инвестициялық, табыстар мен жұмыспен қамту саясаты тұрғысынан қаралады.
Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық параметрдің төмендегі факторларымен тежеліп отыр.
Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы).
Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.
Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар түріндегі төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.
Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық жағдайының қажетті деңгейде болмауы себебінен инвестициялаудың жоғары тәукелділіктерін компенсациялайды.
Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.
Бесіншіден – жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.
Алтыншы – тиісті әдістердің болмауы негізгі капиталдың теңбе-теңсіз қайта бағалануына әкеліп соқты.
Бүгінде, халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан әлемнің шет елдік инвестициялар үшін ең тартымды 20 елдің қатарына кіреді. Тікелей шет елдік инвестицияларды тарту Индексінің рейтингі бойынша Қазақстан Республикасы 2008 жылы 141 елдің арасынан 23-ші орынды иеленді. Дүние жүзілік «Doing Business» Банкіның рейтингі бойынша Қазақстан 2009 жылдың ішінде жоғары қарай он орынға көтерілді.
Алдағы жылдары экономиканың басым секторларына отандық және тiкелей шетелдiк инвестициялардың ағынын ынталандыру, мемлекеттiк инвестицияларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн ұтымды ету және арттыру саясаты мен iшкi жинақ ақшаны жұмылдыру жалғасатын болады.
Елдiң инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялық климатты жақсарту үшiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiнде жұмыс жалғасатын болады.
Басым өндiрiстердiң инвестициялық тартымдылығын арттыру шеңберiнде мемлекет iске асыратын одан арғы шаралар мыналарға:
- миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге;
- кәсiпорындарды тiркеудiң жеңiлдетiлген жүйесiн енгiзуге;
- қызмет түрлерiн лицензиялаудың транспаренттiк жүйесiн құруға;
- қаржы есептiлiгiнiң халықаралық стандарттарына кәсiпорындардың өтуiн жылдамдатуға (ISО-9000, ISО-14000);
- Ұлттық инновациялық жүйенiң экономикалық дамуын басқарудың жаңа жүйесiн дамыту жөнiнде жұмыстың жалғасуына;
- мемлекеттiк даму институттарының жұмысын үйлестiрудi күшейту жөнiндегi iс-әрекеттi, олардың қызметiнiң ашықтығын арттыруды жандандыруға;
- инвестицияларға жәрдемдесу және шетелдегi инвестициялық сауда өкiлеттiктерiнiң желiсiмен бiрге экспорттың жылжуы жөнiндегi мамандандырылған құрылымын құру;
- отандық бизнестiң, әсiресе экспорттаушылардың мүддесiн ескере отырып, iрi халықаралық жобаларды синдицирленген қаржыландыруда қазақстанның қатысуын қамтамасыз ету бөлiгiнде халықаралық қаржы институттарымен бiрге жұмысты жандандыру;
Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерiнiң тұсаукесерi және шетелдiк, оның iшiнде трансұлттық компанияларды iздеу жөнiнде жұмыстарды жалғастыруға бағытталады.
№78 «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы.
Елбасының тікелей тапсырмасымен қазіргі уақытта елімізде еңбек нарығын реттеудің және жұмыссыздықты жоюдың жаңа бағыттары қалыптасып іске асырылу үстінде. Жаңа қабылданған «Жұмыспен қамту-2020» Мемлекеттік бағдарламасы және елді индустрияландыру картасы аясында 370 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы үш бағытты қамтиды:
1. Кәсіптік оқытудан кейін жұмысқа орналастыруды қолға алу.
2. Жеке ісін бастаушыға ең алдымен ауылда ұйымдастыруға жәрдемдесу;
3. Тұратын жерінде жұмыс, не бизнес жасауға мүмкіндік болмаған жағдайда осы бағдарлама бойынша дамыған өңірге баруға мүмкіндік беру.
Сондай-ақ, осы бағдарлама аясына «Дипломмен - ауылға» бағдарламасын да кіріктіріп оны сәтті түрде жүзеге асыру назардан тыс қалмайтын болады.
Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі (2012 жылғы 4 тоқсан) – 5,3 % құрады
№79 Жұмыс күші. Жұмыссыздық көрсеткіштері.
Жұмыс күші жұмыспен қамтылған азаматтардан және жұмыссыздардан құралады.
Жұмыс күші – 1) дүние жүзінің көптеген елдерінің статистикалық көрсеткіштерінде қолданылатын ұғым. Экономикалық белсенді тұрғындар санын, яғни елдегі еңбекке жарамсыз адамдарды қоспағанда, 16 жастан бастап зейнетке шығу жасына дейінгі аралықтағы жұмысқа қабілетті (жұмыс істеп жүрген және жұмыссыз) тұрғындардың жалпы санын білдіреді. Елдегі Жұмыс күші жалпы Жұмыс күші және азаматтық Жұмыс күші болып бөлінеді. Жалпы Жұмыс күші – елдегі еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Азаматтық Жұмыс күші – елдегі әскери қызмет атқарып жүрген азаматтарды қоспағандағы еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Қазақстанда еңбекке қабілетті 16 жастан 63 жасқа дейінгі ер адамдар, 16 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер елдегі Жұмыс күші көрсеткішін құрайды. Олардың жалпы саны 8,531 млн. адам (2000); 2) белгілі бір адамның еңбекке қабілеттілігі, яғни оның бойындағы қоғамдық пайдалы өндіріске қажетті физикалық және ақыл-ой қабілеттерінің (білігі, дағдысы, тәжірибесі) жиынтығы.[1]