
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері туралы қазақша реферат
- •2. Тауардың қасиеттері
- •Тауарлар мен қызметтер нарығы:
- •Қаржы нарығы: капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар, несие нарықтары, құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.Б.), валюта, ақша нарықтары.
- •Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:
- •Филлипс қисығы.
- •Экономикалық цикл
- •Жұмыс күші ұсынысының кері қисығы[өңдеу]
- •Түркияда жұмыссыздық көрсеткіштері Түркия Статистика мекемесі деректеріне қарағанда жұмыссыздық көрсеткіші 0,9 пайыз ұпай артты.
- •Несиенің түрлері келесідей жіктеледі:
Филлипс қисығы.
Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды.1958 жылы ағылшын экономисі О.Филлипс осы ықпалды өлшем көрсететін сұраным инфляция үлгісін (моделін) жасап ұсынған екен. 1861 – 1856 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып, Филлипс еңбекақы кесімдері мен жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты (функцияны) анықтаған. Филлипстің анықтауынша Англияда жұмыссыздықтың 2,5 – 3% -тен артық өсуі бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен еңбекақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша айтқанда, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру арқылы қысқартуға болады. Филлипс есептеулерінің теориялық негізін Р.Липси есімді экономист жасаған екен. Кейіннен американ экономистері Р.Солоу және П.Саиуэльсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген. Олар Филлипс моделінде еңбекақы кесімін (ставкасын) тауар бағаларының өсу қарқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшір,ең алдымен, жұмыспен қамту,экономиканың өсуі, бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауға қолданылады. Х сызығында жұмыссыздық деңгейі (% - пен), Ү сызығында – тауар бағаларының өсу қарқыны (%-пен) көрсетіледі. Филлипс қисығы осы көрсеткіштердің арақатынасын белгілейді. Егер қалыптасып отырған жұмыссыздық, мысалы, U-1 ( Р 1 – инфляция деңгейіндегі) өте жоғары деп саналса, онда бұл жұмыссыздық деңгейін қысқарту үшін өндірістің өсуіне қосымша жағдай жасалады, ЖҰӨ - нің өсуі жалпы сұраным өскен жағдайда тауар бағалары да өседі, ал нарық бағаларының деңгейі өскенде ұсыным, өндіріс қарқыны өседі, түптеп келгенде, ЖҰӨ өседі. Ұлттық өндірістің өсуі өндіріс факторларына, оның ішінде еңбекке қосымша сұранымды қалыптастырады, жұмыссыздық қысқарады. Айталық жұмыссыздықтың үлес салмағы U 2 –ге дейін қысқарған болсын, онда инфляция қарқыны Р 2-ге дейін көтеріледі. Бұл экономиканың ( қызуын ) арттырып, дағдарыс жағдайын қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан Үкімет енді басқаша саясат жүргізуге мәжбүр болады. Инфляцияны тежеу мақсатында бюджет шығындарын қысқартады, «қымбат» ақша – несие саясатын іске қосады. Осы шаралардың нәтижесінде бағалардың өсу қақыны Р 3 деңгейіне дейін түседі делік, ал жұмыссыздық сәл өседі, оның деңгейі U 3 –ке жетеді. Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филлипс қисығын қысқа мерзімдік экономика жағдайында қолдануға болады, ал ұзақ мерзімде ( 5-10 жыл) жұмыссыздық пен инфляция қатарласа өседі. Ұзақ мерзімде Филлипс заңдылығы сақталмайды және оны белгілі бір жағдайлармен түсінуге болады. Осы жағдайлар арасында сұранымды ынталандыру саясатының орны ерекше. Мәселе мынада: Үкіметті жұмыссыздықты қысқарту мақсатында жүргізген іс - әрекеттері қысқа мерзімдік, уақытша ғана нәтиже береді екен. Айталық, номиналды еңбекақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы артады. Сонда Филлипс қисығы концепциясына сәйкес инфляцияның өсуі жұмыссыздықты қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі осы инфляцияның өсуіне байланысты жүреді. Бірақ уақыт өткен сайын инфляцияның өсу саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірпқ сонымен бірге өндіріс өсуі қысқарыды. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады. Екінші әдістеме жаңа классикалық бағыттар экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша – несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясаты Үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банкі жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы ( процент) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс – шаралар жүргізілуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай болып келеді, инфляция жағдайларын ( бюджет тапшылығы, монопология, қағаз ақша т. б.) толық жою мүмкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен – өзі және алдын – ала белгілі. Сондықтан көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған. Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс – шаралар саясатын қолдану қажет. Бұл саясат жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады.
Инфляция (Р) мен жұмыссыздық (Q) арасындағы байланысты Филипс қисығынан көруге болады.
Филипс қисығы
Филипс қисығында инфляция орнына бағаны қарастырып, оның жұмыссыздыкқа ықпалын көрсеткен. Бірақ бұл жерде бағаның орнына жалақыны алған дұрыс сияқты. Себебі, жалақы өссе жұмыссыздық азаяды немесе керісінше. Жалақы да инфляцияның пайда болуына ықпал етуші басты фактор. Қазір біздің елімізде Елбасының Жолдауында бюджет мекемелерінін жалақысын көтеру туралы сөз қозғалса болғаны, базардағы тауар бағасы бірден өседі. Бұл дегеніміз жабайы нарықтың көрініс алуын сипаттайды. Әрине базардағы саудагерлер өзінің өнімін сатып отырғандар емес олар алыпсатарлар, олар бағадағы айырмадан күн көрушілер. Оларға ешқандай бақылау жоқ. Сол себепті Қазақстандағы инфляцияға тежеу қою мүмкін болмай отыр.
Жоғарыда аталған инфляцияға ықпал ететін факторлар мен оның әлеуметтік және экономикалық салдарлары оған қарсы саясаттың болуын талап етеді.
Инфляциялық үдерістің жағдайларына байланысты ақша айналысын тұрақтандыру нысандарына: ақша реформасы мен антиинфляциялық саясат жатады.
Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды. 1958 жылы ағылшын экономисі Олбен Филлипс осы ықпалды өлшем көрсететін сұраным инфляция үлгісін (моделін) жасап ұсынған екен. 1861-1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып Филлипс еңбекақы кесмідері мен жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты ( функцияны ) анықтаған. Филлипстің анықтауынша, Англияда жұмыссыздықтың 2,5 – 3 % - тен артық өсуі бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен еңбекақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша айтқанда, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру қысқартуға болады. Филлипс есептеулерінің теориялық негізін Р. Липси есімді экономист жасаған екен. Кейінен Американ экономистері Р. Солоу және П. Саиуэльсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген. Олар Филлипс моделінде еңбекақы кесімін ( ставкасын ) тауар бағаларының өсу қарқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту, экономиканың өсуі, бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауға қолданылады. Х сызығында жұмыссыздық деңгейі ( % - пен ), Ү сызығында – товар бағаларының өсу қарқыны ( % - пен ) көрсетіледі. Филлипс қисығы осы көрсеткіштерінің арақатынасын белгілейді.
Филлипс қисығы
Бұл серияның кейіпкері — Жаңа Зеландиялық экономист Олбан Уильям Филлипс. Ол біраз тәжірибесі бар адам, тіпті кезінде қолтырауындарды да ұстаумен айналысқан. Филлипстың бақылауынша, егер де жұмыспен қамтамасыз ету төмен болса, жалақы жоғарылайды, сонымен қатар, өзіңізді артық балмұздақпен қуантып қоюыңызға да болады екен. Өйткені сұраныс көбейген сайын балмұздақ қымбаттайды және инфляция жоғарылайды. Ал егер барлық қызметкерлерді жұмыстан шығарып жіберсе, балмұздақты сатып алатын адам болмайды, сәйкесінше инфляция да жоғарыламайды. 70-ші жылдары инфляция жоғарылап, жұмыссыздық та көбейген сәтте Филлипстің теориясы дұрыс емес деп, өкімет наразылығын танытады. Сөйтіп бейшара оқымысты да, оның қисығы да, қолтырауыны да жұмыссыз қалады. Бірақ соңында жаңа зеландиялықтың гепотизасы дұрыс болып шығады.
№72 «Лоренц қисығы» нені көрсетеді?
(Доғалов Досмуханбетовтен кору керек)249 бет
№73 Экономика дамуының циклділігі.
Экономикалық цикл – бір құлдыраудың (дағдарыс) басынын екінші құлдырау басына дейінгі уақыт интервалын анықтайды. Циклдың классикалық нұсқасында бір-бірін жүйелі түрде ауыстырып отыратын 4 кезеңді бөлуге болады: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу.
Экономикалық циклдың ең бастапқы фазасы – құлдырау. Бұл жағдайда экономикалық өсудің деңгейі мен қарқынының төмендеуі жүреді, одан әрі өнім шығару тоқтайды. Мұндай құбылыс тауардың артық өндірісімен байланысты. Бұл уақытта сатылмаған өнімдердің қорлары бірден ұлғаяды. Артық тауарларды сата алмайтын өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының жаппай банкроттығы жүреді. Өндірістің тоқтауынан жұмыссыздық өседі, жалақы қысқарады. Қоғамда несиелік байланыстар мен бағалы қағаздар нарығы бұзылып, акция бағамы құлдырайды. Барлық кәсіпкерлер қарыздарды өтеу үшін ақшаға деген қажеттілікті қатаң сезінеді. Сондықтан банктік сауда пайызының нормасы өседі.