
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері туралы қазақша реферат
- •2. Тауардың қасиеттері
- •Тауарлар мен қызметтер нарығы:
- •Қаржы нарығы: капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар, несие нарықтары, құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.Б.), валюта, ақша нарықтары.
- •Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:
- •Филлипс қисығы.
- •Экономикалық цикл
- •Жұмыс күші ұсынысының кері қисығы[өңдеу]
- •Түркияда жұмыссыздық көрсеткіштері Түркия Статистика мекемесі деректеріне қарағанда жұмыссыздық көрсеткіші 0,9 пайыз ұпай артты.
- •Несиенің түрлері келесідей жіктеледі:
Тауарлар мен қызметтер нарығы:
тұтыну тауарларының нарығы – азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының нарығы; қызметтер нарығы; тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттар нарығы.
Өндіріс факторының нарығы: жылжымайтын мүліктер нарығы, еңбек құрылымдарының нарығы, шикізат пен материалдар нарығы, қуат ресурстарының нарығы, пайдалы қазбалар нарығы.
Қаржы нарығы: капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар, несие нарықтары, құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.Б.), валюта, ақша нарықтары.
Интелектуалды өнімдер нарығы - иновацияландыру, ойлап табудағы информациялық қызметтердің, әдебиет және еңбектерінің нарықтары. Жұмыс күші нарығы – бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмыс күші миграция жасап отырады. Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкі ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.
Нарықтық инфрақұрылым – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нарықтағы қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер жүйесі. Оның құрамы:
ұйымдық база – биржа, жабдықтау-өткізу, делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар, т.б.;
материалдық база – көлік құралдары, қойма, ыдыс шаруашылығы, ақпараттық жүйелер, т.б.;
несие-есеп айырысу базасы – банктер, басқа да несие-қаржы мекемелері.
№38 Сұраныс және ұсыныс теорияларының негіздері
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс – ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды. Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тік осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (D).
Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.
Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.
Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S).
№39 Индикативтік жоспар.
Индикативті жоспарлау – бұл нарық экономикасының қызметіне ықпал етудің негізгі әдістері, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізу құралы. Ол мемлекет шараларының ықпалынсыз қиын тиетін, экономикалық өмірдің көптеген мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Индикативті жоспарлау парпметрлердің (индикаторлардың) жүйесін қалыптастыру үдерісін көрсетеді. Бұл серпін, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналымы, тауарлар рыногы және бағала қағаздар, баға қозғалысы, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі және т.б. тәрізді көрсеткіштер болуы мүмкін.
Индикативтік жоспарлау нарық экономикасының жағдайы мен мемлекеттік реттеу әдістерінің бүкіл әлемде кең тарауы үшін ең қолайлы болып табылады.
Индикативтік жоспарлау – экономикны дамытудың стратегиялық құралы Директивтік жоспарлаудан бас тартып, нарықтық қатынастарға өту халық шаруашылығының бүкіл механизмінің әрекеттерін үйлестірудің жаңа нысандарын талап етеді. Мұнда мемлекеттік экономиканы басқарудағы шаралар, жеке бизнеспен, қожалық етуші субъектілермен өзара қарым-қатынас демократиялық принциптер негізінде индикативтік, ұсыным түріндегі жоспарлау арқылы құрылады. Индикативтік жоспарлау үрдісінде мемлекет бүкіл халықтың, ұлттың және елдің барлық аймақтарының сұранысын ескере отырып, экономикалық даму туралы әр түрлі бағдарламалар, жоспарлар жасайды. Онда шаруашылықтың ресурстармен толық қамтылған негізгі бағыттары мен көрсеткіштері нақтылы анықталады және солар арқылы барлық кәсіпкерлердің мүдделерін ескере отырып, олардың қоғамның стратегиялық даму жоспарларын орындауға ынталылығын арттыру көзделеді.
Индикативтік жоспарды қалыптастыру кері байланыс принципімен жүзеге асады: - үкімет экономикалық саясаттың бас стратегиясы мен негізгі бағыттарын жасайды, макроэкономикалық көрсеткіштер түрінде индикаторлар құрамын нақтылайды, олар келешекте субъектілердің шаруашылық әрекеттерін дамытуда есепке алынады; өз кезегінде шаруашылық субъектілерінің талап-тілектері мен көрсеткіштері республиканың (облыс, аудан) әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарын жасауда ескеріледі. Индикативтік жоспарлар жүйесіне стратегиялық (ұзақ мерзімді), тактикалық (орта мерзімді) және ағымдық (бір жылға дейінгі) жоспарлар кіреді. Қазақстан Республикасында индикативтік жоспар алғаш рет экономиканы тұрақтандыру, дағдарысқа қарсы жедел шаралар қолдану мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету Бағдарламасына сәйкес жасалды (1994–1996 жж.). Бұған дейінгі қолданылып келген директивтік жоспарлаудан индикативтік жоспарлаудың басты ерекшелігі – оның нұсқау беруші, бағыттаушы сипатында . Орта мерзімді (5 жылға дейінгі) индикативтік жоспарлар Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары тұжырымдамасына сәйкес жасалады. Онда мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі тактикалық мақсаттары мен бағыттары және оларға жетуде мемлекеттің ықпал ету жолдары көрсетіледі. Сонымен бірге мемлекеттің, кәсіпорындардың және халықтың жоспарланған мерзімге шамамен бөлінетін ресурс мүмкіндіктері анықталады. Иңдикативтік жоспарлау — жалпы экономикалық дамуды алдын ала болжау яғни сол үшін тікелей бағыттарды анықтау деген сөз. Олар шаруашылық субъектілері үшін бұрынғы социализм кезіндегідей директивті (міндетті) емес. Онда мемлекет тарапынан шағын (азғантай) ғана міндетті тапсырмалар көрсетіледі және олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін экономикалық механизм белгіленеді. Бұл механизмге арнайы жасалтан заңдар жүйесі мен экономикалық реттеуші тетіктер (рычаги) жатады. Оның құрамына бюджет, қаржы-қаражат, салық, кеден, несие, баға мен табыс, сыртқы экономикалық саясат, орталықтандырылған мемлекеттік инвестициялар, мемлекеттік тапсырыс жүйесі және т. б. кіреді.
Индивигаттық жоспарлаудың негізгі мақсаттары:
-Ішкі және әлемдік (дүниежүзілік) нарық конъюнктурасы, инвестиция не басқа шаралардың қожалық етуші субъектілердің экономикалық тетігіне әсер етуі, бюджеттік ассигаованиенің мемлекет ұсынған бағттары туралы ақпарат жүйесін қалыптастыру;
-мемлекеттік (ұлттық) бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштеріді нарық субъектілеріне ұсыну. Бұл көрсеткіштер субъектілерге өз шаруашылық әрекеттерін іске асырғанда қажет болуы мүмкін;
-тауар өндірушілерді жаңа техника мен технологияны дамыту, басқа да ғылыми-техникалық прогресс табыстарын пайдалану мәсслелеріне бейімдеу (бағдар беру) Индикативті жоспарлау келесідей сипатталады: 1) Индикативті жоспарлау нарықтың экономика субъектілері болып өз өнімдеріне, түсімдеріне өздері қожа еркі меншік иелері есептеледі деген ұғымға негізделінеді. 2) Жоспарлары құжаттар көрсеткіштері нұсқаушылық бағыт берушілік сипатта 3) Жоспарлық көрсеткіштерді қосымша келесім шарттармен толықтырусу мүмкіндігінің болуы. Индикативті жоспарлау мақсаттары: 1) Ұлттық мемлекеттің экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету, дағдарысты құбылыстардың алдын алу, экономикалық қауыпсіздігін қамтамасыз ету. 2) Әлемдік және ішкі нарық коньюктураларын бюджеттік қаржыларды мемлекеттің пайдалану, бағыттары турасында шаруашылық субъектілеріне мәліметтер жүйесін қалыптастыру. 3) Нарық субъектілеріне оларды қызықтыратын және мемлекеттік ұлттық бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштер жүйесін құру. 4) Тауар өндіруді жаңа техника технология және озық тәжірибелерді пайдалануға бағыттау.
№40 Тепе-теңдік жағдайында болатын нарыққа анықтама.
Нарықтық тепе- теңдік – берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы үшін тепе- теңдік баға және тепе-теңдік көлем қажет.
Тепе- теңдік баға – сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын теңестіретін ортақ баға. Тепе-теңдік көлем – сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесінде сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін теңестіретін ортақ сату және сатып алу көлемі.
Нарықтық тепе- теңдік кезінде экономикалық субъектілер өз мақсаттарына жетеді, сатып алушылар да, сатушылар да ұтады, яғни тұтынушыларөзтолық қанағаттандырады, ал фирмалар пайдасын мейлінше арттырады. Алайда, нарық әрдайым өзінің тепе- теңдік жағдайынан ауытқып отырады, бұл қазіргі тәжірибеде нарықтық тепе- теңдіктің әрқашанда орындала бермейтіндігін білдіредә. Нарықтық тепе- теңдіктің ауытқуының екі түрі орын алады:
1.Артықшылық – нарықтық баға тепе- теңдік бағадан жоғары болғанда ұсыныс көлемінің сұраныс көлемінен артып кетуі.
2.Тапшылық - нарықтық баға тепе- теңдік бағадан төмен болғанда сұраныс көлемінің ұсыныс көлемінен артып кетуі.
№41 Нарық механизмінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Артықшылығы: өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу; шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану; шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі; әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.
Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.
Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.
Кемшіліктері: нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді; қоғамда теңсіздікті туғызады; тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды; нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.
№42 Бизнес түсінігі, түрлері.
Бизнес – бұл барлық шаруашылық иелерін қамтитын және олардың іс-әрекеттерін бір арнаға біріктіретін жүйе. Бизнес субъектілері:
Кәсіпкерлер, яғни өзінің тәуекелі және экономикалық және құқықтық жауапкершілігі есебінен бастамашыл әрекетін жүзеге асыратын тұлғалар;
Өнімнің жеке және ұжымдық тұтынушылары;
Жалдану арқылы қызмет істейтін жұмысшылар;
Мемлекеттік құрылымдар, яғни олар келісім-шарттардың қатысушысы болған уақытта (мемлекеттік тапсырыстардың берілуі, бағалардың анықталуы және т.б.)
І. Кәсіпкерлік бизнес.
Кәсіпкердің іскерлік мүддесі – табыс алу – өндіріс арқылы және өнімді сату арқылы жүзеге асады. Оның негізін өндіріс құралдарына деген жеке меншік құрайды.
Кәсіпкерлік бизнесі негізгі 3 компонеттен тұрады:
Өнімді шығару;
Коммерция(сауда);
Сауда делдалдығы.
ІІ. Тұтынушылық бизнес.
Тұтынушы нарықтық экономикада кәсіпкерлермен арадағы мәмілелерде бәсең тарап ретінде қарастырылмайды. Олар іскерлік қатынастың тең құқықты қатысушылары болып табылады. Тұтынушының іскерлік мүддесі (тауарға қол жеткізу) пайдалылықты көбейту қағидасы бойынша тұтынушының контрагентті өзі іздеуі негізінде жүзеге асады.
Еңбек бизнесі.
Жалдамалы жұмысшылардың іскерлік мүддесі – табыс алу – кәсіпкерлік фирмадағы жұмыс арқылы жүзеге асады. Жалдамалы жұмысшылар үшін кәсіпорынмен арадағы мәміледе пайда – олардың қызметтік міндеттемелерін орындау нәтижесінде алынған жеке табыс болып саналады. Екі тарап та келісім-шарт жасай отырып, жұмысшылар да, кәсіпкерлер де өзіндік таңдау жасайды және белгілі бір экономикалық тәуекелге барып, өздерінің мүдделерін алға тарта отырып, бір-біріне әсер етудің әр түрлі әдістерін қолданады (кәсіпкерлердің кәсіподақ комитеттерімен келісім-шарт жасауы, штрейкбрехерлерді шақыру). Еңбек бизнесінің негізі жұмысшы күшіне деген жеке меншік болып табылады.
Мемлекеттік бизнес.
Мемлекеттің іскерлік мүддесінің негізін мемлекетке, оның азаматтарына пайда әкелуге қабілетті жалпы мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалардың жүзеге асырылуына деген қажеттілік құрайды (негізінен, ғылым және капитал сыйымды). Мемлекеттік бизнестің негізін құрал-жабдықтарға, өндіріске, ақпаратқа, интеллектуалдық еңбек өніміне, бағалы қағаздарға, ақша ресурстарына деген мемлекеттік меншік құрайды.
№43 Бизнес жүйесіндегі маркетинг.
Маркетинг – бұл өндірістік шешімдер нарықтың талаптарын, олардың болжамын және басқаруды арнайы зерттеу негізінде қабылданатын кәсіпкердің жұмысын ұйымдастырудың жүйесі.
Кәсіпорынның нарықтық талаптарға бағынуы – маркетингтің мәні, яғни өндіріс пен айналым арасында жасанды тікелей байланыс орнату.
Маркетинг екі негізгі қызметті атқарады:
Өндірістің қалыптасып отырған және алдағы уақыттағы қажеттіліктерге бағытталуы;
Сұраныстың қалыптасуы және ынталандырылуы.
Маркетингтің басты формуласы – «өндіріліп жатқанды сату емес, не сатып алынып жатса – соны өндіру». Әдетте жиі қолданыла бермейтін басқа нұсқасы да бар: «егер өндірілген тауар, тіпті жарамсыз болса да – оны міндетті түрде сату керек».
Маркетингтің қағидалары:
Шаруашылық шешімдерді қабылдау кезіндегі қажеттіліктердің, қоғамдық сұраныстың жағдайы мен динамикасының және нарықтық конъюнктураның мұқият есебі;
Нарық талаптарына, қоғамдық сұраныстың құрылымына өндірістің максималды бейімделуіне жағдайлардың жасалуы;
Барлық қолжетімді құралдардың көмегімен, соның ішінде жарнама арқылы нарыққа, сатып алушыларға әсер ету.
Тәжірибеде маркетинг қағидалары іс-әрекеттердің 3 кезеңіне біріктіріледі:
Фирмалық өнім өндірісінің ассортименттік бағдарламасының жасалуы.
Белгіленген өндірістік бағдарламаның мұқият орындалуы.
Өнім өткізу нарығын жаулап алу жоспарының жүзеге асырылуы.
Маркетинг жүйесі келесі бағыттарды қамтиды:
Тұтынушыны зерттеу.
Бұл талдау шеңберінде кәсіпорын нарығындағы тұтынушылық артық берушіліктің құрылымы анықталады, яғни адамдардың талғамы мен үйреншікті әрекеттері, олардың өнім мен қызметтің белгілі бір немесе басқа түрлеріне реакциялары анықталады.
Басшылық кәсіпорын өнімін сатып ала алатын адамдардың кім екендігін, олардың сатып алуды әдетте қайда және қалай жүзеге асыратынын нақты білуі керек. Мақсат – шаруашылық стратегиялардағы неғұрлым әлсіз тұстарды анықтау.
Нарықта тұтынушылардың мінез-құлық мотивтерін зерттеу.
Бұл жерде жауап табуға тура келетін басты сұрақ – неліктен? Неліктен тұтынушылар өнімнің сол ғана түрін сатып алуға тырысады, неліктен олар бір ғана өнімді ұнатып, басқа өнімдерді ұнатпайды?
Бұл болашақта тұтынушылардың белгілі бір топтарының іс-әркеттерін болжауға мүмкіндік береді, соған сәйкес, кәсіпорын басшылығына өнім жасап шығару көлемін арттыруына мүмкіндік береді.
№44 Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім): «Кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады». Кәсіпкерлік – табыс алу мақсатында жаңалықты, тәуекелді, ойлап табуды қолданатын шаруашылық әрекет. Кең мағынада – бұл алдын-алушылық, бастамашылық, экономика саласындағы белсенділік. Тар мағынада – бұл меншік иесінің немесе шаруашылық субъектісінің экономикалық әрекеті.
Кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты және өндіріс факторы. Шаруашылық әрекет ретіндегі кәсіпкерліктен кәсіпкерлік қабілет түсінігін ажырату қажет. Соңғысы игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында өндіріс факторларының барлығын біріктіретін адами капиталдың ерекше түрі. Адам ресурсының бұл әр түрлілігінің ерекшелігі өндіріс процесі барысында коммерциялық негізде өндіріліп жатқан өнімнің, технологиялардың жаңа түрлерін жасай алуына, тәуекелдің белгілі бір деңгейінде және зиян шегу мүмкіндігі шегінде бизнесті ұйымдастырудың нысандарының жаңа түрлерін шығаруға байланысты. Кәсіпкерлік қызмет өзінің масштабы бойынша және нәтижелері бойынша жоғары білікті еңбек шығындарына теңестіріледі.
Кәсіпкерлік қарастырады:
Шаруашылық субъектілерінің экономикалық және құқықтық дербестігін;
Шаруашылық иелерінің шаруашылық қызмет түрін таңдаудағы және экономикалық қатынастардағы агенттерді таңдаудағы еркіндікті;
Меншіктің түрлі нысандарының болуын тануды, соның ішінде жеке меншікті;
Ол келесі белгілермен сипатталады:
Шаруашылық қызметті және оның әдістерін таңдаудағы еркіндік, тек жеке дербестік емес, сонымен қатар новаторлық;
Қабылданған шешімдерге, оның салдарына және осыған байланысты тәуекелге жауапкершілік;
Экономикалық және моральдық табыстарға жетуге бағытталу.
Кәсіпкерлік ерекше функцияны – экономиканың қалыптасуын және дамуын қамтамасыз етуді, оның тұрақты жаңаруын, иннновациялық ортаның құрылуын атқарады.
Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары әр түрлі. Барлығынан бұрын, меншік сипатына байланысты мемлекеттік және жеке кәсіпкерлікті бөліп көрсетуге болады.
Мемлекеттік кәсіпкерлікте өндірісті ұйымдастырушы және құрылтайшы ретінде мемлекет немесе муниципалитет болады. Әдетте, мемлекеттік кәсіпкерлік қызмет экономиканың жеке капиталды тартпайтын сфераларын қамтиды. Бұған себеп әр түрлі болуы мүмкін: алғашқы капитал салымдарының шектен тыс көптігі. Мемлекет бұл шығындарды қоғамның қажеттіліктерін неғұрлым толық және тиімді қамтамасыз ету мақсатында және ғылыми-техникалық прогрестің неғұрлым тиімді түрлерін іздеуде алға жылжуын қамтамасыз ету үшін толтырады.
Мемлекеттік кәсіпкерліктің тиімділігі жеке кәсіпкерліктен төмен (авансталған капиталға жатқызылған алынған табыстар шамасы бойынша салыстырғанда). Бұл бәсекелестіктің жеткілікті деңгейде жойқын болмауымен түсіндіріледі: шығындарын жаба отырып, мемлекет оған көмектеседі. Мемлекеттік кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлікке қарағанда аз мөлшерде өзінің шаруашылық әрекетінде, баға қалыптастыруда еркін және өзінің өнімін өзіндік құны бойынша өндіруге жиі мәжбүр болады.
Сондықтан экономикада мемлекеттік сектордың түсіндірулерсіз көбеюі экономикалық өсім қарқынының төмендеу қаупімен қолайсыздыққа ұшыратады. Бұл жағдайды тарих әр түрлі елдерде талай дәлелдеген. (Англияда, Индияда, Бирмада, Египетте және т.б. ). Осымен қатар, мемлекеттік және жеке сектордың арасындағы қолайлы тепе-теңдікті біржолата анықтау мүмкін емес.
Жеке кәсіпкерліктің нысандары әр түрлі:
Капитал иесі бір адам болып табылатын жеке фирмалар;
Бірнеше адамның капиталын біріктіретін пайға негізделген серіктестік;
Әркімнің пайы бағалы қағаздар арқылы бекітілетін акционерлік қоғамдар (корпорациялар).
Бұларды кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысанына жатқызады. Ұйымдық-құқықтық нысанының тағы да бір ерекше түрі кооперативтер болып табылады. Олар көптеген дамыған елдерде фирма ретінде қолданылмай, қызметі тек табыс алуға ғана емес, сонымен бірге олар өздерінің шаруашылық қызметінде кооператив мүшелеріне көмектесуге бағытталған қоғам, бірлестік болып есептеледі. (мысалы, кредиттік, өнім өткізу, тұрғын үй, тұтынушылық кооперативтері). Негізінен, мұндай кооперативтер уақытша ғана болады және өздерінің қызметін атқарып болғаннан кейін жұмысы тоқтайды немесе кәсіпкерліктің басқа түрлеріне айналады (серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік).
Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың әрқайсысы кәсіпкерлік қызмет нысанын таңдауда есепке алуға қажетті өзіндік артықшылықтар мен кемшіліктерге ие. Қазіргі экономикада жетекші рөлге қызметі негізінен ұлттық нарықтарға да әлемдік нарықтарға да есептелген акционерлік қоғамдар ие. Акционерлік компаниялар жаппай өндіріспен немесе сауда саласында, қаржы және басқа сфераларда қызмет көрсетумен, яғни неғұрлым нақты деңгейде қоғамдастырылған өндірістік күштердің осы салаларымен және қоғам өмірінің осы сфераларымен байланысты.
№45 ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі.
Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөл ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды.
Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда.
Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
- тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;
- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
- қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
- еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
- меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
- ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
- жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;
- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;
Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы).
Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.
Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімінің болмауы.
Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.
Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал – жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.
№46 Негізгі және айнымалы капитал.
Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.
Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.
Негізгі капитал - бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.
Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.
№47 Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы шағын және орта кәсіакерліктің орны мен рөлі.
Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі бағалауға келмейтіндей жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөл ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін арттыратын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін талдайды.
Қазақстан үшін шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда.
Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
- тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;
- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
- қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
- еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;
- меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;
- ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
- жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;
- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;
Осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.
№48 Фирманың толық анықтамасы.
Фирма-бұл пайданы максималдау мақсатында өндіріс шығындарын төмендету қағидасы тұрғысынан өз қызметін жүзеге асыратын өндірістік бірлік.
Фирма (итал. firma — қойылған қол) — пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы. "Фирма" термині көбінесе кез келген компанияны атау үшін пайдаланылады. Термин қызмет түрлерін айқындайтын терминдермен тіркесте қолданылады, мысалы, делдалдық фирма, риэлторлық фирма, өндірістік фирма, консалтингілік фирма, аудиторлық фирма, т. б.
№49 Өндіріс шығындарының түсінігі,түрлері
«Шығындар» – олар тек залалдар ғана емес, нарықта құнды формаға айналған ресурс заладарын білідіреді. Шығындар – иеленілген өндіріс факторлері үшін төлем. Шығындар ұсыныс көлеміне әсер ететін негізгі фактор. Сондықтан, өнімнің қандай көлемін өндіру керектігін анықтағау үшін фирма шығындарын талдауы керек.
Шығындарды зерттеу оның мәні мен түрлерін анықтап білу, өндіріс шығындарын азайту және пайданы көбейту, кәсіпорынның жалпы, орташа, шекті табыстарын есептеу тәсілдеріне көмектеседі.
Өндірістік шығындар жайлы концепциялар
Шығындар туралы сан түрлі тұжырымдар мен концепциялар бар, оларды зерттеумен саяси экономиканың классиктері де айналысқан. Абсолюттік шығындар туралы түсінікті енгізген А. Смит болды, ал салыстырмалы шығындар туралы түсінікті Д. Рикардо енгізген. «Шығындар» деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.
Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратының көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне (тұрақты және өзгермелі капитал) жұмсалған шығындардың сомасы болады. К. Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын-ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай өлу – еңбек шығындарына және капитал шығындарына – бұл капиталисттік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің бастапқы принціптерінің біреуі болып табылады.
Австриялық теоретик Ф. Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың нақты өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты, шығындарды барынша төмендету (минимизация) теоиялары пайда болды.
Өндірістік шығындардың түрлері Өндіріс шығындарын топқа және типке бөліп қарастыруға болады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорындық болып бөлінеді. Қоғамдық шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және заттүрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындарына кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал – жабдықтары мен жалақы шығындары жатады, және өндіріс шығындары өз алдына айқын және айқын емес болып бөлінеді.
Айқын шығындар деп- өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Мысалға жалақы төлеуді, көлік шығындарын, коммуналдық төлемдерді жатқызуға болады.
Айқын емес шығындар-өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығының) атайды және өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда пайда ала алатын немесе «айырылып қалған мүмкіндіктерінің» (алынбай қалған пайдасының) ақшалай төлемі. Мысалға ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Айырылып қалған мүмкіндіктерді есепке алу – нарықтық экономиканың маңызды ерекшелігі.
Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындарды ғана емес, сонымен бірге өз ресурстарын аса қолайлы кәсіпкерлік салаға жұмсап, одан алуға болатын табысты да қамтиды.Барлық экономикалық шығындар екі үлкен топқа бөлінеді: тұрақты және айнымалы.
Тұрақты шығындар– осы мерзімде өндіріс пен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міндеттемелеріне сәйкес төлемдер, үй-жайды жалға беру, әкімшілік шығындар, жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар, т.б.
Айнымалы шығындарға өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Бұған жұмыскерлердің еңбекақысы, шикізатқа, қуатқа, көлік шығындарына жұмсалған шағындар және т.б. жатады. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындардың өтелуі тиіс, ал айнымалы шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып басқара алады.
Кәсіпорынның жалпы шығындары деп (total costs) ТС – оның тұрақты және айнымалы шығындарының сомасы түсініледі. Жалпы шығындарды келесі формуламен табамыз
Тұрақты шығындар шарттық қарым-қатынастар (мысалы, лизинг шарты, жолдау шарты, арендалық шарт және т.б.) нәтижесінде пайда бола алады. Шығындарды мән жағынан тұрақты және өзгермелі деп бөлуден пайда жоқ. Шығындардың Батыстағы классификациясында олардың тәртібінің (тұрақты немесе өзгермелі) сипаты шешім қабылданған ситуациядан тәуелді деп тұжырымдалды.
Орташа шығындар -бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар
Шекті шығындар – бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.
№50 Коуздың трансакциондық шығындар теориясы
Коуз теориясы – жаңа институционалды экономикалық теорияның жағдайы. Оған сәйкес трансакциондық шығындардың нөлдік мәнінде нарық кез-келген сыртқы эффекттерді жеңе алады.
«Трансакционды шығындар» термині ертерек Коуздың «Фирма табиғаты» еңбегінде енгізілген болатын. Бұл – келісімге келгенде пайда болатын, яғни ақпаратты жинау мен өңдеуге, кездесулерді өткізуге және шешім қабылдауға контракттың орындалуын бақылау және заңды қорғауына кететін шығындар.
Коуз теориясы меншік құқықтарының экономикалық мағынасын ашады. Коуздың ойынша меншік құқықтары неғұрлым нақты анықталса, соғұрлым көбірек сыртқы шығындар ішкі шығындарға айналады.
Трансакционды шығындар теориясы жаңа институционалды теорияның құрамдас бөлігі болып табылады және кәсіпорынды ұйымдастыру теориясы болып табылады, оның зерттеу объектісі болып ұйымдастыру формасы ретіндегі көпжақты келісім.
Трансакциондық шығындар теориясының міндеті – анықталған институционалды шектегі белгілі бір экономикалық операцияларының тиімділік мәселелерін түсіндіру, яғни нәтижелі жоспарлауындағы және экономикалық мақсаттарды жүзеге асырудағы әр түрлі ұйымдастыру формаларының қабілеттілігі болып табылады. Бұл теория негізінде экономикалық контексттегі кез-келген іс-әрекет бірінші ретте шығындармен байланысты болады деген топшылама жатыр.
Трансакционды шығындар теориясы үйымдастыру формаларын ерекшелей отырып «идеалды нарық» алғышартарына қарама-қайшы келеді.Ол кәсіпорында мен нарықтың өзара қарым-қатынасын(бірлескен) түсіндіреді. Осылайша ол ұйымдастыру формасы мен ынтымақтастық түрін таңадуға көмектеседі. Басқа жағынан операциялық шығындарды нақтылауда қиындықтар бар, бұл нақты шешімдер шығаруға кедергі болуы мүмкін.
№51 Фирманың табысы мен оның түрлері
Фирманың басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз - сатқан өнімнен түскен түсім. Жалпы түсім нарықтағы тауардың бағасына және өткізілетін өнімнің көлеміне тәуелді болып табылады.
Шығындарға сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:
1)Жалпы
табыс-тауар
бағасы мен өнім көлемінің көбейтіндісі
(TR-жалпы табыс, P- тауар бағасы, Q- өнім көлемі)
2)Орташа табыс –өнімнің бір бірлігін сатудан түскен түсім және ол жалпы табыстың өнім қатынасы ретінде анықталады
AR=TR/Q. (AR-орташа табыс)
3)Шекті
табыс
– өнімнің келесі бір бірлігін сатудан
түскен қосымша түсім және ол жалпы табыс
өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне
қатынасы ретінде анықталады
(MR- Шекті табыс)
№52 Жерді экономикалық бағалау және нарықтық баға
Жерді экономикалық бағалау-жер кадастры жүйесінде экономикалық, өндірісе қолданылатын жердің құндылығын, табиғи және экономикалық жағдайларын есептеудегі экономикалық көрсеткіш көмегімен топырақтың әр-түрлілігімен өндірістік қабілеттілігін анықтаумен мінезделеді. Жалпы айтқанда жерді экономикалық бағалау –экономикалық көрсеткіштер бойынша экономикалық құнарлықты салыстырсалы бағалау болып табылады. Экономикалық бағалау мәліметтері келесі есептерді шешуге қажет:
Жерді пайдаланушылардың, жеке меншік иесінің, жалға алушының меншігіндегі жерлердің шаруашылық іс-әрекетін бағалауға;
Жер учаскесін бөлуге және беруге;
Жердің нормалық бағасын, жер салығын, жердің жалға беру бағасын бекітуге;
Мемлекеттік меншіктегі жер қорларын жеке және мемлекеттік меншікке беруге қажет.
Экономикалық бағалаудың ең басты мақсаты-көп жақтылы есептеу негізінде ауыл шаруашылығындағы әр-бір шаруашылық жерлерінің өнімділігін және оларды пайдаланудағы экономикалық тиімділігін және жер учаскенің әр-түрлілігін пайдаланудағы қоғамдық еңбекті анықтау болып табылады.
Республикада ауыл шаруашылық жерлерін бағалау келесі мақсаттарға сәйкес жүргізіледі:
Нысаналы мақсатты ескере отырып, жер учаскелерін пайдалану тиімділігін анықтау;
Жер учсаскесін кепілдікке беру арқылы несие алу;
Салық салу, жерді жалға алу төлемдерін анықтау;
Мемлекеттік мүдделер үшін жер учаскелерін алып қою кезінде;
Жер учаскелерінің жемесе жерді пайдалану құқығын сату кезінде оның бағасын білу.
Жерді экономикалық бағалау 2-ге бөлінеді
1.Жалпы бағалау-жалпы ауылшаруашылық дақылдары бойынша бағаланады;
2.Жеке бағалау-жеке ауыспалы егістіктер бойынша бағаланады.
Бағалау көрсеткіштері: өнім құндылығы (ӨҚ), шығын қайтарымы (ШҚ), дифференциалдық табыс (ДТ)
Жерді бағалау бойынша жүргізілетін жұмыстар:
дайындық жұмыстары, бастапқы ақпаратты жинау, өңдеу;
топырақтарды бонитеттеу;
жерлерді жалпы және жеке экономикалық бағалау;
жерді бағалау мағлұматтарын қарау;
жерді бағалау материалдарын жасап шығару, беру;
Жерді бағалау кезеңдері: 1кезең-Бастапқы құжаттарды жүйелі түрде жұмысқа дайындау. 2 кезең-Жер бағалаудағы аудандау. 3 кезең- Топырақты агроөндірістік топтастыру. 4 кезең- Өнімділік бойынша бағалау шкаласын құру. 5 кезең-Жер бағалау жұмыстарын жүргізу. 6 кезең-Жер бағалаудағы құжаттарды дайындау және беру.
№53 Макроэкономиканың зерттеу пәні және негізгі макроэкономикалық мәселелер.
Макроэкономика – ұлттық өндіріс көлемінің жалпы деңгейі, жұмыссыздық пен инфляция сияқты іргелі мәселелерді зерттейтін ғылым; экономикалық жүйені біртұтастылық ретінде қарастыратын, әрі ел экономикасының даму факторлары мен нәтижелерін жалпылама түрде зерттейтін экономикалық теорияның маңызды бір саласы.
«Макроэкономика» терминін алғаш рет 1933 жылы норвегиялық экономист, Нобель сыйлығының иегері Рагнар Фриш (яғни, осы ұғымның алғашқы авторы) қолданды.
Қазіргі уақытта, макроэкономика ғылымының дамуына елеулі үлесті посткейнстік мектептің өкілдері (Дж.В. Робинсон, Н. Калдор, П. Страфф), шведтік, чикаголық мектептің ғалымдары, жаңа классикалық макроэкономика-лық бағыттың өкілдері (Р. Лукас, Р. Барро, Т. Сарджент, П. Ромер) және де «жа-ңа кейнсшілдер» мектебі (Дж. Акерлоф, О. Бланчард, Н.Г. Менкью, Д. Ромер, Д. Уэйл) қосып келеді.
Көптеген экономистер макроэкономиканың зерттеу пәнін негізгі төрт макроэкономикалық мәселемен байланыстырады. Олар сол өзіне берілген негізгі анықтамасынан шығады: жұмысбастылық, инфляция, экономикалық өсу және төлем балансы. Макроэкономиканың зерттеу пәні – негізгі макроэконо-микалық мәселелер төңірегіндегі ұлттық экономиканың жалпы біртұтас жүйе ретіндегі әрекет ету заңдылықтары. Алайда, макроэкономика осы төрт мәселемен ғана шектеліп қоймайды, оған тән басқа да мәселелер бар.
Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:
ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;
инфляция мен инфляция қарсы саясат;
экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;
экономикалық дамудың циклдары;
ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.
№54 Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (ҰЕЖ) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлемдік тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданылып келеді. ҰЕЖ мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.
Ұлттық есеп-шоттар жүйесі жиынтық өнімнің (өндіріс көлемінің) үш негізгі көрсеткішін: жалпы ұлттық өнімді (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ), таза ұлттық өнімді (ТҰӨ) және де жиынтық табыстың үш негізгі көрсеткішін: ұлттық табысты (ҰТ), жеке табысты (ЖТ), қолда бар табысты (ҚБТ) қамтиды.
ЖҰӨ – бұл кез-келген азаматтардың өз елі ішінде және басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.
ЖҰӨ – ді есептеу үшін мынадай әдістер қолданылады:
Шығындар бойынша (соңғы пайдалану әдісі);
Табыстар бойынша (бөлу әдісі);
Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің шығындары қосылады. ЖҰӨ = C + I + G + Xn мұндағы, С – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына жұмсайтын шығындары (тамақ, киім-кешек, тұрғын үй төлемдері, демалыс шығындары, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға кететін шығындар, т.б.). Мұнда үй салуға немесе сатып алуға жұмсалатын шығындар есептелмейді. Олар инвестициялық шығындарға кіреді. I – фирмалардың инвестициялық шығындары (машиналар, станоктар, шикізат, құрылысқа кететін шығындар, т.б.). G – мемлекеттік шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы (мектеп, аурухана, жол құрылысы, мемлекеттік аппарат пен әскерді ұстауға кететін шығындар, т.б.). Мұнда трансферттік төлемдер кірмейді. Xn – бұл таза экспорт деп аталады, яғни сыртқы сауда байланысының сальдосы, немесе экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық.
Табыстар бойынша ЖҰӨ‑ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің табыстары қосылады. ЖҰӨ = W (C+S) + R + r + T + A мұндағы, W – бұл тұтынуға (С) және жинақтауға (S) кететін халықтың жалақы түріндегі табыстары. R – рента және арендалық төлемақылар түріндегі табыстар. r – жинақтаудан түсетін пайыз. T – кәсіпкерлік қызметке салынатын салық, олар фирмалардан алынып мемлекетке түседі. A – амортизация, фирма табысынан алынып пайдаланылған өндіріс құрал-жабдықтарын алуға жұмсалады да қайтадан қайтарылады.
Ұлттық есеп-шоттар жүйесіндегі барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық әрекеттердің бір жыл ішіндегі және сол жылдың бағаларымен (ағымдық бағалармен) есепке алынған нәтижелерін сипатайды және сондықтанда бұл көрсеткіштер атаулы мәнге ие болып табылады.
ЖҰӨ көрсеткішіне баға үлкен әсер етеді. Сондықтан ЖҰӨ-ді номиналды (атаулы) және нақты деп бөлеміз.
Номиналды (атаулы) ЖҰӨ – бұл сол жылғы ағымдағы бағалармен есептелген ЖҰӨ көлемі.
Нақты ЖҰӨ – бұл бағалардың өзгерісін есепке алатын және базистік бағалармен есептелетін ЖҰӨ көлемі.
ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ
ЖІӨ – бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлттық сипатына қарамастан бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі: ТҰӨ = ЖҰӨ – А мұндағы А – амортизациялық жарнаның сомасы.ТҰӨ – ЖҰӨ-нің халық тұтынуына кететін бөлігін көрсетеді.
ҰТ – елдің барлық тұрғындарының жиынтық табыстары, ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының (еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қабілет) барлық иелерінің тапқан табыстары: жалақы, пайыз, рента және пайда. ҰТ = ТҰӨ – жанама салықтар
Жеке табыс (ЖТ) халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады. ЖТ = ҰТ – С+Т мұндағы С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі; Т - трансферттік төлемдер.
Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс. ҚҚТ = жеке табыс – мұраға салық – мүлік салығы – табыс салығы.
Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.
Жиынтық сұраныс (АD) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі.
Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.
Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.
Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі
Нарықтық құрырылымы
Өнімділік
Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі
Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.
№55 Макроэкономикалық тепе-теңдік.
Экономикалық теорияда негізінен, макроэкономикалық тепе-теңдік үлгілеріне классикалық және кейнстік көзқарастар қалыптасқан.Алдымен классикалық макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісін талдауды қарастырамыз.
Классикалық үлгі француз экономисі Жан-Батист Сэйдің (1762-1832) заңымен тығыз байланысты және осы тұжырымға сәйкес құрылады.Сэй заңы бойынша, толық жұмысбастылық жағдайында жасалған өнімді сатып алатыншығындар мен оны сататын табыстар әрқашанда бір-біріне тең болады.Өндірілген қнімдердің құны автоматтарды түрде табыстарды қамтамасыз етіп отырады, яғни ұсыныс сұранысты тудырады.Бұл жерде алынған табыстар бірден шығынғы айналып отырады, олардың белгілі бір бөлігі жинақталмайды, түгелімен жұмсалып отырады деген болжамдар айтылады.
Кейнстік үлгідегі макроэкономикалық тепе-теңдік үлгісі классикалық үлгіге мүлдем қарама-қарсы болып табылады. Кейнс өзінің теориясында Сэй заңын қатты сынға алды жіне ол экономикаға мемлекеттің араласуын жақтады. Оның айтуынша, бір жылда өндірілген жиынтық өнім толығымен сатылмауы және сатып алынбауы мүмкін, яғни табыстар мен шығындар бір-біріне тең болмайды.Осы кезде кейбір адамдар жұмыссыз қалады және өндіріс қысқарады, ал соның салдарынан экономикада дағдарыс орын алады.Экономикалық дағдарыс жағдайында жиынтық ұсынысты емес, керісінше жиынтық сұранысты ынталандыру қажет, олай болса сұраныс ұсынысты тудырады.
№56 Жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім.
Ұлттық есеп-шоттар жүйесі жиынтық өнімнің (өндіріс көлемінің) үш негізгі көрсеткішін: жалпы ұлттық өнімді (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ), таза ұлттық өнімді (ТҰӨ) және де жиынтық табыстың үш негізгі көрсеткішін: ұлттық табысты (ҰТ), жеке табысты (ЖТ), қолда бар табысты (ҚБТ) қамтиды.
ЖҰӨ – бұл кез-келген азаматтардың өз елі ішінде және басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.
ЖҰӨ – ді есептеу үшін мынадай әдістер қолданылады:
Шығындар бойынша (соңғы пайдалану әдісі);
Табыстар бойынша (бөлу әдісі);
Шығындар бойынша ЖҰӨ-ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің шығындары қосылады. ЖҰӨ = C + I + G + Xn мұндағы, С – үй шаруашылықтарының тұтыну тауарларына жұмсайтын шығындары (тамақ, киім-кешек, тұрғын үй төлемдері, демалыс шығындары, ұзақ пайдаланылатын тауарларды сатып алуға кететін шығындар, т.б.). Мұнда үй салуға немесе сатып алуға жұмсалатын шығындар есептелмейді. Олар инвестициялық шығындарға кіреді. I – фирмалардың инвестициялық шығындары (машиналар, станоктар, шикізат, құрылысқа кететін шығындар, т.б.). G – мемлекеттік шығындар, яғни тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы (мектеп, аурухана, жол құрылысы, мемлекеттік аппарат пен әскерді ұстауға кететін шығындар, т.б.). Мұнда трансферттік төлемдер кірмейді. Xn – бұл таза экспорт деп аталады, яғни сыртқы сауда байланысының сальдосы, немесе экспорт пен импорт арасындағы айырмашылық.
Табыстар бойынша ЖҰӨ‑ді есептегенде барлық экономикалық агенттердің табыстары қосылады. ЖҰӨ = W (C+S) + R + r + T + A мұндағы, W – бұл тұтынуға (С) және жинақтауға (S) кететін халықтың жалақы түріндегі табыстары. R – рента және арендалық төлемақылар түріндегі табыстар. r – жинақтаудан түсетін пайыз. T – кәсіпкерлік қызметке салынатын салық, олар фирмалардан алынып мемлекетке түседі. A – амортизация, фирма табысынан алынып пайдаланылған өндіріс құрал-жабдықтарын алуға жұмсалады да қайтадан қайтарылады.
Ұлттық есеп-шоттар жүйесіндегі барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық әрекеттердің бір жыл ішіндегі және сол жылдың бағаларымен (ағымдық бағалармен) есепке алынған нәтижелерін сипатайды және сондықтанда бұл көрсеткіштер атаулы мәнге ие болып табылады.
ЖҰӨ көрсеткішіне баға үлкен әсер етеді. Сондықтан ЖҰӨ-ді номиналды (атаулы) және нақты деп бөлеміз.
Номиналды (атаулы) ЖҰӨ – бұл сол жылғы ағымдағы бағалармен есептелген ЖҰӨ көлемі.
Нақты ЖҰӨ – бұл бағалардың өзгерісін есепке алатын және базистік бағалармен есептелетін ЖҰӨ көлемі.
ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ
ЖІӨ – бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлттық сипатына қарамастан бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.
№57 Ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс.
Микро және макроэкономикаға талдау жасауда тепе-теңдік әдісі қолданылады. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін зерттегенде нарықтағы барлық өзара байланысты анықтайды – тауарларды, еңбек, капитал макродеңгейдегі экономиканы зерттеуде көңіл бөлетін әрбір тауардың тепе-теңдігі емес, ұлттық нарық көлемінде тауар массасының бірігуін дана, тонна, не метр емес, жиынтық бағаның құндық өлшемі ретінде көрсетеді.
Ұлттық Табыс (ағылш. national income)- елдің халық шаруашылығында немесе материалдық өндіріс саласында белгілі бір кезең (әдетте бір жыл) бойына жаңадан жасалған күнніңмакроэкономикалық көрсеткіші, жалпы қоғамдық өнімнің оны өндіруге жұмсалған шығынды шегергеннен кейін қалатын бөліп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылаушы көрсеткіші.Заттай және құндық нысандары болады. Заттай нысаны — халықтың жеке қажеттіліктерін және өндіріс құралдығын қанағаттандыратын тұтыну заттары. Оның белгілі бір тұтыну заттары мен өндіріс құрал-жабдығының сақтық қорларын толықтыруға арналған. Ұлттық табыс елдің (саланың) бүкіл таза өнім көлемін көрсетеді. Онда материалдық өндіріс аясындағы сондай-ақ қызмет көрсету аясындағы өнімнің құны камтылған статистиканың әдіснамасы бойынша жалпы ішкі халық арасындағы сандық айырма тозымпұлдық аударым құнына тең. Ұлттық табыс өндірілген және тұтыну мен заңды пайдаланылатын ұлттық табыс түрлеріне бөлінеді.
Жиынтық сұраныс – бұл үй шаруашылықтарының, фирмалар мен үкіметтің әрбір берілген бағалар жағдайында алғаш алатын тауарлары мен қызметтерінің саны.Сонымен жиынтық сұраныстар тауар мен қызметтің жалпы көлеміне сұраныс, қалыптасқан баға бойынша есептелінетін жиынтық ұсыныс, бұл тауар мен қызметтің жалпы көлемінің мүмкіншілігіне қарай өндірілген және ұсынылған, қалыпатасқан баға деңгейімен анықталады: олар күнделікті өзгермейтін бағада кесте моделі түрінде бейнеленеді. Бағаның тұрақты өзгеруі оны зерттегенде қиындықтар жасайды. Сондықтан көлемін және динамикасын, жиынтық көлемін және динамикасын өлшегенде индексті пайдаланады. Тауарлы нарық тұрақты тепе-теңдікте болады, тек жиынтық сұранысқа жоспарланған сұранысты төмендетеді.
Жиынтық ұсыныс – нарықта ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы саны (бұл жылжымайтын ұлттық өнім).Бағалар деңгейі мен ұлттық өзгеріс көлемі арасындағы аз тәуелсіздікті көрсететін жиынтық ұсыныс моделі кескін түрінде көрсетілген.Қысқа мерзімде (әдетте 2-3 жыл) және ұзақмерзім кезеңінде макроэкономикада болатын басты байланыс номиналдық және нақты өзгеріс тәртібімен байланыстырылады.Қысқа мерзімде номиналдық деңгей (баға, номиналдық жалақы, пайыз мөлшері) нарық көлемінің өзгеруіне байланысты баяу өзгереді деп есептеледі. Ұзақ мерзім кезінде номиналдық деңгей қатты өзгереді, нақты деңгей өте баяу өзгереді, талдау жасау үшін тұрақты деп саналады.
№58 Ұдайы өндірістің экстенсивті және интенсивті типтері .Ұлттық байлық
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әpi сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс кұралдары мен тұтыну кұралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өcyi ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды eкi есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндipicтік қорлар eкi есе ұлғаюы қажет.
Сұранымньң қальпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз. Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорция өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күші және өндіріс қорларын дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтері белгілі арақатынаста немесе бipiн-бipi толықтыратын жағдайда. Қaзipгi жағдайда, ҒTP жағдайында, өндipicті интенсифтендіру негізіңде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өcyi, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтepілуi нeгiзiнде жүзеге асады.
Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады. Ұлттық байлық — бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:
негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;
айналмалы өндірістік қорлар;
материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;
айналым қоры;
тұрғындар мүлкі.
Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай — ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді.
Ұлттық байлық өзінің қолданылуы бойынша былай бөлінеді: а) өндіріс — құрал жабдығына (еңбек құрал — сайманы, шикізат, материал мен табиғи ресурстар және ә)тұтыну заттарына (тамақ, киім, тұрғын — жай және т.б.), ал өзінің туу тегіне қарай қорланған еңбек өніміне (еңбек құрал — сайманын, шикізат, материал мен тұтыну құрал — жабдығы қорларына) және табиғи ресурстарға (жер, су байлығы, орман және т.б.). Қоғам аса дамымаса, онда оның материалдық негізін табиғи байлықтар құрайды. Ал, қоғам тым дамыса, онда оның материалдық негізін адам еңбегімен жасалған байлық құрайды.
Ұлттық байлықтың ең маңызды элементіне өзінің құрамы мен жеке салмағы бойынша ұлттық мүлікті айтамыз, оның үлесіне ұлттық байлықтың жартысынан астамы тиесілі болады. Ол өз бойына халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес қорларын, оның резервті қорын, тұрғындардың өз басының мүлкін енгізеді.
№59 Мемлекеттің экономикалық қызметтері.
Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының тандап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға байланысты экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында көрінеді: 1)экономикалық дамудың қалыпты барысына мүмкіндік туғызатын құқықтық базаны анықтау; 2) монополиялық қызметті шектеу және бәсекені қорғау; 3) табыстар мен байлықты қайта бөлу; 4) экономиканы тұрақтандыру; 5) ресурстарды қайта болу.
Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде «қаржы» категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді. Рыноктық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық конъюнктураның ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылу және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды кіріктіреді.
№60 Экономиканы мемлекеттік реттеу.
Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегі институттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық силаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бірмемлекеттік саясатқа негізделеді. Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары айқындалады. бұл үшін жанама және аралық мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың баспалдақтары, мақсаттар "шежіресі" жасалады. Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу, бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау), жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы). Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджех тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер).
№61 Әлеуметтік қорғау жүйесі