
- •Қоғамдық өндірістің құрылымы
- •Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері туралы қазақша реферат
- •2. Тауардың қасиеттері
- •Тауарлар мен қызметтер нарығы:
- •Қаржы нарығы: капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар, несие нарықтары, құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.Б.), валюта, ақша нарықтары.
- •Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттары:
- •Филлипс қисығы.
- •Экономикалық цикл
- •Жұмыс күші ұсынысының кері қисығы[өңдеу]
- •Түркияда жұмыссыздық көрсеткіштері Түркия Статистика мекемесі деректеріне қарағанда жұмыссыздық көрсеткіші 0,9 пайыз ұпай артты.
- •Несиенің түрлері келесідей жіктеледі:
2. Тауардың қасиеттері
Тауарлы өндірісте шешуші категория тауар болып табылады. Оның мәнін әркім әр түрлі түсінеді.
Маркстік теорияда тауар сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұдан шығатыны:
- тауар тек адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын зат болып табылады.
- тауар еңбек жұмсалған зат, мысалы ормандағы жидектер оларды теруші үшін тауар емес, бірақ оларды теруге еңбек жұмсалғаннан кейін тауар бола алады.
- тауар сатуға арналған
Австриялық экономикалық мектебінде (оның көрнекті өкілі К.Менгер ) тауар айырбас үшін өндірілген ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады.
Экономикалық игіліктерге К.Менгер экономикалық қызмет нысаны немесе нәтижесі болып табылатын және қажеттіліктермен салыстырғанда шектеулі мөлшерде алуға болатындарды жатқызады. Бұл екі анықтамалардың ұқсастығы сонда, екеуінде де тауар еңбек нәтижесі ретінде қарастырылады. Айырмашылығы екінші анықтама игілікке деген қажеттілік пен осы игіліктің қол жетерлігі ара қатынасын ескереді, ол біріншісінде ескерілмейді. Әр түрлі көзқарастардың болуына қарамастан, барлық мектептер еңбек арқылы өндірілген пайдалы өнімдер де, еңбек жұмсалған табиғат сыйларымен әр түрлі қызметтердің де тауар бола алатынын мойындайды.
Қызметтің ерекшелігі сонда, оның заттай формасы болмағанмен, пайдалы мәні бар, адам іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Тауарлар материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін.
Тауардың екі қасиеті бар:
- қандай да бір адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті, мән-мазмұн ерекшелігі;
- басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.
Тауар қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндірушінің өзін ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшін ғана қызықтырады.
Тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа тауарларға айырбасталу алу қасиеті айырбас құны деп аталады. Айырбас негізінде не жатыр және бір басқа тауарға айырбасталуының сандық пропорциясын не анықтайды деген сұрақты алғаш Аристотель қойды. Кейіннен әр түрлі экономистер оған түрлі жауап берді.
Еңбек –құн теориясының жақтаушылар пікірлерінше айырбасталынатын тауарлардың құнын анықтайтын еңбек шығындары түріндегі ортақ негіздері болады. Шекті пайдалылық теориясын қолдаушылар пікірінше, айырбас негізінде пайдалылық жатыр. Шығындарконцепциясының өкілдері құнды шығындарға теңестіреді.
К.Маркс өзінің ғылыми зерттеуін тауарды талдаудан бастайды, себебі ол тауар өндірісінің қарапайым түрі болып табылады. Ол экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуді осыдан бастауы кездейсоқ емес. Тауар тым ерте де пайда болды және ол кез-келген экономикалық жүйенің экономикалық клеткасы болып табылады. «Тауар» категориясына дейін тарихта «игілік» ұғымы болған, ол заттардың адамзаттың белгілі қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігін көрсетеді.
Экономикалық әдебиеттерде «игілік» категориясы әртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, ағылшын экономисі, Кембридж мектебін құрушы А.Маршалл (1842-1924 ж.ж) «Саяси экономика принцептері» кітабында игілікті адамның барлық көңілі ауған заттарын түсінген, және ол адамның қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Игіліктің бұл анықтамасы толық емес, себебі ол затпен ұсақ-түйекпн ғана шектеледі. Игілік қоғамдық ұдайы өндіріспен байланыстырылатын болса сирек кездесетін болып есептелінеді. Адамнығ сұранымын қанағаттандыру үшін көп уақыт жұмсалса, шектелілік дәрежесі тым жоғары болады.
Игілік экономикалық және экономикалық емес болып екіге бөлінеді. Экоомикалық игіліктер, индивидумдардың әртүрлі игіліктерге сұранымдармен салыстырғанда, әрқашанда шектеулі болған. Алғашқы рет <<экономикалық игіліктер >> ұғымын ғылыми айналымға итальян экономисі А. Пезенти (1910-1973 ж.ж) ендірді. Табиғатта белгілі игіліктер (ауа, жер, жарық, климат) бар және оларды адамдар күш-қайратын жұмсамай-ақ, қолдануына болады. Осы игіліктерді экономикалық емес игіліктер деп атайды.
Экономикалық игіліктердің ерекше түріне тауар жатады. Күнделікті өмірде біз «тауар» сөзін қолданамыз, оның мағынасына аса мән бермейміз және бұл ұғымы тым ерте дүниеде пайда болған. Ол көшпелі түрік тайпаларынан алынған және сөзбе-сөз алатын болсақ «мүлік», «жақсылық» мағынасын білдіреді.
Ал экономикалық теорияда «тауар» сөзі ерекше мәнге ие болады. Адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім тауар сөзіне ие бола алады. Ол өзінің ғана емес, басқа адамның тұтынуына арналған, яғни айырбас үшін немесе сатып алу-сатуға бағытталған. Қоғамдық өндірістің қазіргі құрылымы мен нарықтық қатынастарды ескере отырып, материалдық өнім ғана тауар емес, сондай-ақ материалдық емес сипаттағы қызмет көрсетуде тауар бола алады.
Тауар, оның қасиеттері және функционалдық формалары. Адамзат қоғамы өндіріс-еңбек әрекеттерін, еңбек бөлінісі, мамандану, кооперация және айырбас арқылы ұйымдастырудың негізінде, өзінің материалдық, рухани жағдайының жақсартуында жақсы жетістіктерге ие болды.
Экономиканы ұйымдастырудың элементарлық формасында — шаруашылықта — байлықтың табиғи формасының көрінісі натуралдық өнім тұрінде болады. Бұл өнімге, біріншіден, тұтыну бағалылығы, екіншіден, еңбек нәтижесі деген қасиеттер тән болады. Заттың пайдалылығы, оның өзіне тән белгілі физикалық, немесе, басқа да қасиетерінің арқасында адамдардың белгілі бір қажеттерін қамтамасыз ететін қабілеті, өнімнің тұтыну бағалылығын құрайды.
Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратын жаңа ерекше қасиеттерге ие болады. Бұл өнімнің бағалылығы өндіріс үшін емес, басқа адамдар үшін болады — басқаша айтсақ, бұл өнім қоғамдық қасиетке ие болады.
Қоғамдық тұтыну бағалылығының өлшемі болу қызметін сұраныстың келемі атқарады. Өнімнің өндірісі ұсыныс көлемін белгілейді. Егер ұсыныс сұранысты қанағаттандырған болса, онда заттарға қоғамдық тұтыну бағалылығы тән болғаны. Кез келген зат тауар бола алама? Жоқ, тек адамның еңбек жұмсап жасаған заты тауар болады. Мысалы, өзендегі балық оны ұстап алғаннан соң тауар бола алады. Өйткені оны ұстауға еңбек жұмсалады.
Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына жетімсіз жағдай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны эквиваленттік тұрде өтелуі қажет. Басқа адамның қажеттігін қанағаттандыру үшін жасалған сыйлық тауар болмайды. Енді тауарға анықтама берейік. Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген және айырбасқа арналған заттар, немесе қызметтер. Заттар өзінен өзі тауар бола алмайды. Тауар болу үшін олар адамдар арасындағы айырбастың объектіне айналуға тиіс. Сондықтан тауар адамдар арасындағы еңбек өнімінің айырбасы арқылы білінетін қатынастарды көрсетеді. Тауармен алмасудың формалары сан алуан болуы мүмкін, бірак барлық жағдайда осы айырбастың әрекетінің нәтижесінде бір зат өтіп орнына екінші зат келуі қажет. Осыдан шығатын тұжырым: айырбас процесінде әр тауар нарықта айырбас құнына ие болады. Яғни белгілі сәйкестікте басқа пайдалы затқа айырбастала алатындық қабілетке ие болады.
Осындай тендік, айырбас сәйкестігі нарық практикасында күн сайын шексіз көп рет қайталанып, болып отырады. Әдетте, адамдар заттар неге бір-бірімен салыстырылады деп, әрбір нақты салыстыру теңдігінің негізінде не жатады деп ойланбайды. Алэкономикалық теориядағы айырбас сәйкестігін, айырбас құнын қандай себептер белгілейді деген сұрақ Аристотелден бастап осы күнге дейін ой толқытады.
№36 Нарықтың мәні,қызметтері және элементтері.
Нарықтық қатынастардың мәнін анықтау кезінде «нарық» ұғымының екі жақты мағынасы бар екендігін негізге алу қажет. Біріншіден, жеке мағынасында нарық (market ) – айырбас, айналым саласында жүзеге асатын өткізуді бiлдiредi. Екiншiден, нарық – бұл адамдардың арасындағы өндiрiс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерiн қамтитын қатынастардың экономикалық жүйесi.
Нарық – меншіктің әр түрлі формасын, тауар-ақша қатынастары мен қаржы-несие жүйесін қолдануға негізделген экономиканың қызмет етуінің күрделі механизмі ретінде көрініс табады.
Нарықтың мәні оның қызметтерінен толық көрініс табады.
Нарықтың қызметтері:
Тауарлы өндірістегі өзін-өзі реттеу қызметі
Тауарға деген сұраныс өскен кезде өндірушілер өздерінің өндіріс масштабтарын кеңейтеді және бағаларды көтереді. Реттеу тауарлар мен қызметтерді сату-сатып алу арқылы жүзеге асады.
Ынталандыру қызметі
Шығындарды қысқарту және жаңашылдықты енгізу арқылы өндірушілерді қажетті тауарларды айтарлықтай аз шығын жұмсай отырып, жоғары пайдаға қол жеткізуге итермелейді. Бағалардың төмендеуі кезінде өндірушілер өндірісті қысқартады, сол уақытта жаңа техника, технологияны енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары арқылы шығынды қысқарту мүмкіндіктерін іздей бастайды.
Өнім өндіру шығындарын есепке алу қызметі
Нарықта жеке еңбек шығындарын орташа қоғамдық шығындармен салыстыру жүзеге асады. Салыстыру барысында сондай-ақ тауарлар сапасы да ескеріледі.
Шаруашылық өмірді демократизациялау қызметі
Нарықтық тетіктер арқылы тиімді өндірісті дамыту және тиімсіздерін жою іске асып отырады. Осының арқасында тауар өндірушілердің саралануы қамтамасыз етіледі.
Реттеушілік қызметі
Нарық сұраныс пен ұсынысты кеңейту немесе қысқарту арқылы шаруашылық жүйесіндегі негізгі сәйкестіктерді белгілейді. Нарықтың көмегімен экономикадағы, өндірістегі және айырбастағы негізгі микро және макро пропорциялар белгіленеді.
Өндірілген өнім мен еңбек шығынының қоғамдық маңыздылығын белгілеу қызметі
Алайда бұл қызмет тапшылықсыз өндіріс жағдайларында (сатып алушы таңдауы бар кезде, өндірісте монополиялық жағдай болмаған кезде, бірнеше өндірушінің және олардың арасында жарыстың болуы кезінде) жүзеге асады.
Нарықтық экономиканың қызмет етуі нарықтық жүйені қалыптастыратын оның белгілі бір элементтерінің болуын түсіндіреді.
нарықтың негізгі элементтері:
Нарықтың ең бірінші және маңызды элементтеріне өндірушілер мен тұтынушылар жатады. Олар қоғамдық еңбек бөлінісі барысында, біреуі тауар өндіріп жатқан кезде, ал екіншісі тұтынған кезде қалыптасады. Тұтыну жеке және өндірушілік деп бөлінеді. Жеке тұтыну кезінде тауарлар өндіріс саласынан шығып, тұрғындардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.
Өндірушілік тұтыну өндіріс үрдісінің жалғасы ретінде тауар басқа өндурішілермен қайта өңделуге пайдаланған кезде көрініс табады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы байланыс қызмет нәтижесінің айырбасы ретінде белгіленеді. Нарықтық шаруашылықта ол тұрақтылықпен ерекшеленеді, мамандандыру негізінде қалыптасады және көтерме нарықтық келісім формасында туындайды.
Нарықтық экономиканың екінші элементіне өндірістік бірліктерді корпоративтік басқару негізінде жеке және аралас меншік түрлерімен қамтамасыз етілген экономикалық оқшаулану жатады.
Нарықтық экономиканың үшінші маңызды элементі – баға. Ол айрықша зерттеуді талап етеді. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз.
Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.
Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің аумағын баға анықтайды. Бұл аумақтың шегі трансакциялық шығындармен, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындарымен анықталады.
Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең үнемді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.
Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайда нормасының, пайыздың және т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.
Сондай-ақ нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.
№37 Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы.
Құрылымы жағынан нарықты мынадый түрлерге бөлуге болады:
Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:
игіліктер мен қызметтер нарығы;
өндіріс құралдарының нарығы;
ғылыми-техникалық құралдар нарығы;
құнды қағаздар нарығы;
жұмыс күші нарығы.
Нарықтарды тауарлы топтар бойынша:
өндірістік қызметке бағытталатын тауарлар нарығы;
халық тұтынатын тауарлар нарығы;
шикізат пен материалдар нарығы.
Кеңістік белгілері бойынша: аймақтар ішіндегі; аймақтар аралық; республикалық; республика аралық; халықаралық (әлемдік) нарықтар.
Бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша: монополиялық; олигополиялық; сала аралық нарықтар.
Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай: көтерме сауда нарығы; бөлшек сауда нарығы; ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарығы.
Экономикада заңдылықты сақтау бойынша: заңды, ресми нарықтар, заңды емес, «қара» нарықтар.
Нарықтың құрылымдық түрлеріне байланысты келесі түрлерін ажыратады: