
- •1.Қазақстан тарихы ғылым және пән ретінде (пәннің мақсаты, деректемесі).
- •2. Қазақстандағы палеолит кезеңінің зерттелуі. Тас дәуіріндегі еңбек құралдарының және шаруашылықтың эволюциясы.
- •9. Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті
- •10. Сақтар туралы жазбаша деректер.
- •11Үйсіндер және қаңлылар тайпалық одақтары.
- •14. Ғұндардың әскери ұйымы және соғыс өнері.
- •16. Ғұндардың материалдық және рухани мәдениеті.
- •17 Ұлы Түрік қағанаты
- •18. Түрік қағанатының саяси құрылысы мен әлеуметтік-этникалық құрылымы және экономикасы.
- •20. Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.Б.).
- •21. Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы (603-704 жж.).
- •22. Батыс Түрік қағанатының әкімшілік - қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •24. Қарлұқ мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •25. Оғыз және қимақ мемлекеттері.
- •26. Қарахан мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •31.Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.
- •32. Ұлы Қазақстандағы ортағасырлық қалалар және олардың экономикалық- әлеуметтік өміріндегі ролі.
- •33.Ұлы жібек жолы және сауданың қалалық мәдениеттің дамуы
- •36. Таниршилдик Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы.
- •38. Қазақстан территориясындағы Монғол ұлыстары: Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы.
- •42.Көшпелі өзбек мемлекеті: территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.
- •44.Қазақ хандығының территориясының кеңеюі және мемлекет ретінде орнығуы: Бұрындық, Қасым хандар.
- •50. Қазақтардың XVI-XVIII ғғ. Материалдық және рухани мәдениеті (үй тұрмысы және халықтың салттары, астрологиялық таным түсінігі).
- •52. Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан. Қазақ жүздерінің ресей бодандығын қабылдаудың алғы шарттары
- •54.Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі. Аңрақай шайқасы.
- •59.1836-1838 Жж. Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған Кіші жүздегі қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі
- •64. Хiх ғ. Аяғы мен хх ғ. Басындағы патша өкіметінің Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару саясаты: мақсаты, негізгі кезеңдері
- •65. Хiх ғ.Қазақстан өнеркәсібінің пайда болуы және дамуы.
- •68.Қазақстанда ресейлік қамалдардың салынуы: мақсаты, мәні, маңызы.
- •69.Патша өкіметінің аграрлық реформасы (хiх ғ.). Столыппиннің аграрлық реформасы
- •70. Xiх ғ. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
- •71. Xiх ғ. Бірінші жартысы хх ғ. Бас. Ағарту ісі.
- •74. Ш. Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
- •76. Ы. Алтынсарин - педагаг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы.
- •79. Хх ғасырдың басындағы қазақ ерзімді басылымдар (дала улаяты, Айкап, Абай, Қазақ және т.Б.)
- •80. I дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •82. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
- •83.Aлаш автономиясы жане алаш орда укимети
- •85. Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. Жер-су реформасы (1921-1925жж.).
- •86. Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ акср құрамына бірігуі (1920-1925жж.).
- •87. Хх ғ. 20-30 ж. Қазақстандағы мәдени жаңарулар.
- •91.Ужымдастыруга карсы багытталган шаруалар котерилистери
- •94.Крлаг,алжир Казакстандагы Сталиндик террордын белгиси.Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.
- •97. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
- •98. Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынас. Жекелеген халықтарды Қазақстанға депортациялау.
- •99.Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Мәдени шығармашылық өзгерістер.
- •100. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.
- •101. Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және хх ғ. Соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.
- •102 Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
- •103. Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер
- •114. Хх ғ. Қазақстан Астанасын көшірудің тарихы мен болашағы
- •115. 1993 Жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.
- •116. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қазіргі қоғамның дамуындағы рөлі
- •117.Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты
- •118.Ұлттық құрамы Дін
- •120 Қазақстан 2030
- •123 Ұлттық бір лік туралы Доктрина
- •125.Н.Ә.НазарбаевҚазақстанРеспубликасының Президенті – ұлткөшбасшысы
- •126. Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.2001 жылғы «болашақты бірге құрайық !»Қазақстан халқына үндеуі
68.Қазақстанда ресейлік қамалдардың салынуы: мақсаты, мәні, маңызы.
Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714-1720ж Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызған болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков, Өскемен.
Патша үкіметінің мақсаты: қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.
Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне казак-орыс қоныстанушыларына таратып беру саясатын ашық жүргізу бастады.
1735ж – Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды.
1743ж Орск қалашығын Орынбор деп атады.
18ғ 50-60 ж – патша үкіметі Қазақ елін тәуелді ету мақсатында әр қилы шараларды жүзеге асыруға кірісті. Ресей билеушілерінің көздеген мақсаты:
1)Шырайлы, сулы мол жерлерден қазақтарды ығыстыру; 2)Жерсіз казак-орыстарды осы аймақтарға орналастыру.
Петербург билеушілерінің арнайы нұсқаулары жарияланды:
1742ж-Жайық өзені бойында қазақтарға мал жаюға тыйым салды.
1756ж 2 кыркүйек - Жайық жағасына жақын жерлерге қазақтарға мал жаюға алғаш рет ресми шек қойылды.
1757ж 24 желтоқсан-Кіші жүз ханы Нұралыға Жайықтан мал айдап өтуге қазақтарға тыйым салынғандығы жөнінде шешім тапсырылды.
Ертіс пен Жайық жағаларына мал жаю үшін қазақ феодалдарының орыс әкімшілігіне аманат тапсыруы міндеттелді.
1757-1758жылдар –Орынбор өлкесін басқарған П.И.Рычков пен Л.И.Тевкелев 1756жылғы үкімет шешімін ресми түрде іске асырудың орынсыз екенін түсінді. Сондықтан аманат алу арқылы қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне рұқсат берді. Орынбор губернаторы А.Г.Давыдов тұсында қысым қайта күшейді. Ертістің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді бекініс коменданттары иеленіп алды. бекіністерден алғашында 10 шақырым, кейін 50шақырым жерге дейін қазақтардың мал жаюына тыйым салынды.
1760ж-Ертіс өңіріне Ресейдің әр түпкірінен жерсіз шарулар, қылмыскерлер, Дон казактары әкеліп қоныстандырылды.
1799ж 21 қараша –император І Павел жарлығымен Орта жүз қазақтарына(45000 отбасы) Ертістің оң жағасына мал жаюға, қайтадан қоныстануға рұқсат етілді.
Бұл шаралар патша үкіметінің Қазақстанды «аграрлық жаулап алуының» бастамасы болды.
69.Патша өкіметінің аграрлық реформасы (хiх ғ.). Столыппиннің аграрлық реформасы
ХХ ғасыр басында өлкенің жағдайына теріс әсер еткен факторлардың бірі - аграрлық саясат болды. Қоныс аудару қозғалысы жанданды. Қазақстанның территориясы бірнеше қоныс аудару аймақтарына (Торғай, Орал, Семей, Сырдария, Жетісу) бөлінді. "Қоныс аудару қорын" құру үшін құрылған Қоныс аудару мекемелері "артық" жерлер іздестіруге кірісті. Әрбір қазақ отбасы 15 десятина үлес жер алып, қалған жер Мемлекеттік меншік министрлігі қарамағына берілуі тиіс болды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауы, әсіресе, "Столыпин реформасы" кезінде күшейді.1906 жылы Ресей премьер-министрі болып тағайындалған П.А.Столыпин деревняда аграрлық буржуазия - кулак жасауға кірісті. Оның реформасы бойынша шаруаларға өз үлестерімен қауымнан шығып, хутор құруларына еркіндік берілді. Столыпин бұл мәселені шешуге астық егуге қолайлы өңір - қазақ даласын пайдаланды. Ресейден қоныс аударушы шаруалардың Қазақстанда кулак шаруашылықтарын құруына түрлі жеңілдіктер жасалынды. Хутор үшін 45 десятина қолайлы жер, және 15 десятина егін салатын жер бөлінді. Жер бөлуші ұйымдарға жергілікті кедейлерді орындарынан көшіріп, шаруа-кулактарды қоныстандыруға рұқсат берілді.Қоныс аудару қозғалысының нәтижесінде 1895-1905 жылдары далалық облыстарға 294 296 адам, ал 1906-1910 жылдары 770 мыңнан астам келімсектер келді. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер, 1906-1912 жылдары 17 млн. десятинадан астам, ал 1917 жылы барлығы 45 млн. десятина жер тартып алынды. "Столыпиннің аграрлық саясаты" қазақтарды жерінен айырумен қоса, олардың өлкеде үлес санының азаюына да бастама болды.