
- •Мемлекеттің қаржы қызметінің ұғымы, мақсаттары мен міндеттері
- •Мемлекеттің қаржы жүйесі және оның құрылымы
- •Мемлекеттің қаржы қызметін жүзеге асырудың әдістері мен нысандары
- •Мемлекеттің қаржы қызметінің қағидалары
- •Материалдық және экономикалық мағынадағы қаржы жүйесінің түсініктері
- •Мемлекеттік қаржылардың негізгі қағидалары мен функциялары
- •Материалдық қаржылық қатынастар олардың белгілері
- •Мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру әдістерінің түрлері
- •Мемлекеттің ақша қорларын бөлумен байланысты әдістердің түрлері
- •Мемлекеттің ақша қорларын пайдалануды ұйымдастырумен байланысты әдістер
- •Мемлекеттің қаржы қызметінің құқықтық нысандары
- •Қр және шетелдердің қаржы құқығының түсінігі мен пәні
- •Қр және шетелдердің қаржы құқығы пәнінің жүйесі, қайнар көздері
- •Қаржылық қатынастар түрлері мен ерекшеліктері
- •Қаржы құқығында қолданылатын құқықтық реттеу әдістерінің түсінігі мен түрлері
- •Қаржылық-құқықтық нормалардың түсінігі мен белгілері
- •Қаржылық - құқықтық нормалардың ерекшеліктері мен түрлері
- •Қаржылық - құқықтық институттардың түсінігі
- •Ақшаның ұғымы және функциялары
- •Биметаллизм және монометаллизм, олардың түрлері
- •Қр және шетелдердің ақша жүйесі: түсінігі мен элементтері
- •«Резидент» және «резидент емес» түсініктерінің мазмұны мен валюталық операциялары
- •Валюталық бақылау: мақсаты мен міндеттері
- •Мемлекеттік қаржылық бақылаудың субъектілері мен объектілері
- •Валюталық реттеу органдары, өкілеттіліктері
- •Валюталық реттеу әдістері
- •Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түсінігі мен түрлері
- •Бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын актілер және олардың түрлері
- •Қаржылық бақылаудың жіктелуі
- •Қаржылық бақылаудың қағидалары мен түрлері
Қаржылық-құқықтық нормалардың түсінігі мен белгілері
Қаржылық құқықтық нормалардың келесідей нормалардан тұрады: гипотеза, диспозиция, санкциялар. Гипотеза нақты норманың қолданылуы қажет жағдайын сипаттайды. Диспозиция әрекет тәртібін сипаттайды. Санкция қаржылық-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік болып табылады. Мемлекеттік органдар билік органдары арқылы орындалуы міндетті өкімдер мен бұйрықтар береді. Бірақ мемлекеттік органдар қаржылық құқықтық қатынастарға тең заңды негізде ғана қатысуға міндетті. Қаржылық қатынастырдың барлық құқықтары мен міндеттері мемлекеттің қорғауында болады. Қаржылық міндеттемелер көп жағдайда ерікті түрде азаматтар мен қызметкерлердің міндеттеушілік әдіс арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық міндеттемелерді орындамайтын щаруашылық органдар мен азаматтарға қаржылық санкциялар қолданылады. Мұндай санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы жатады.
Қаржылық - құқықтық нормалардың ерекшеліктері мен түрлері
Қаржы-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкілеттілік болып бөлінеді.
Қаржылық міндеттемелерді орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға мәжбүрлеу өдісі қолданылады: бюджетке уақытында түспеген төлемдерді даусыз өндіріп алу және қаржы санкциялары.
Санкциялар қаржы-құқықтық нормаларды бүзушыларға қолданылатын жауапкершілік шараларды білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және оларда ақша қорлары мен қаражаттары арқылы нормаларды бүзушыларға мәжбурлеуші ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға өсімдер, айыпп±лдар, тұрақсыздық айыбы (төлемі), қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы, несиелендірудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық ж±мсағаны үшін жоғарылатылған тарифтер және т.б. жатады.
Қаржылық - құқықтық институттардың түсінігі
Ақшаның ұғымы және функциялары
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. Карл Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».
Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындай үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр.
Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.
Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
жалпыға тікелей айырбасталу;
айырбас құнының дербес формасы;
еңбектің сыртқы заттық өлшемі;Ақша мынандай функцияларды орындайды:
• Құн өлшемі;
• Айналым құралы;
• Төлем құралы;
• Жинақтау құралы;
• Әлемдік ақша.
Ол құн өлшемі ретінде мінсіз болып табылатындықтан, тауар құнын бағалауға мүмкіндік береді. Айналым құралы ретіндегі ақша функциясы сатып алушы мен сатушының арасындағы өзара қарым-қатынасты тікелей орнататын нақты ақшаның ролін орындайды. Бұл функциялардағы ақша осы заманғы нарықтық қатынастарды қалыптастырады,сонымен қатар тікелей айырбас құны ретінде алға шығады. Қор жинау құралы ретіндегі ақша функциясы тарихи тұрғыда алғашқы пайда болғандардың біріне жатса да,ол төлем құралы ретінде ақша пайда болғаннан кейін ғана даму жолына түсті. Уақытша бос ақша қаражаты жинақ ақшаға айналады, содан кейін қор жинақтауға түрленеді. Мұның соңғысы өз кезегінде ел экономикасының дамуына аса қажетті инвестициялардың негізгі көздері болып табылады. Әлемдік ақша ретіндегі ақша сыртқы экономикалық қатынасқа қызмет етеді. Алғашқы кезде,ол алтын түрінде қолданылды. Қазіргі заман жағдайында әлемдік ақша ретінде бірқатар мемлекеттердің тұрақты валюталары немесе әлемдік несие ақшалар алға шыға алады. Бұл сапада олар жоғарыда аталған барлық төрт функцияны атқара береді,яғни ақшаның осы функциялары біріктіруші болып табылады.
Ақша функцияларына қарай ақша нарығының негізгі функциясын былайша анықтауға болады:
• Төлем функциясы – операцияларды жүзеге асыру процесінде оған қатысушылардың арасындағы әр түрлі есеп айырысуларды жүргізуге ықпал ететін нарық;
• Коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету – ақшалай міндеттемемен, яғни вексельмен рәсімделетін төлемнің мерзімін ұзарту, шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық тұрғыдан несиеленуіне мүмкіндік береді;
• Есеп функциясы және т.б.