Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
karzhy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
59.26 Кб
Скачать
  1. Валюталық бақылау: мақсаты мен міндеттері

1. Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.

2. Валюталық реттеудің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртiбiн белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;

3) валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.

  1. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың субъектілері мен объектілері

  2. Валюталық реттеу органдары, өкілеттіліктері

1. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актiлер шығарады.

Валюталық реттеу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелері жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісiлуге тиіс.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі органы ретiнде:

1) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын талаптарды;

2) резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн, соның iшiнде валюталық реттеу режимдерiн:

РҚАО-ның ескертпесі!

2) тармақшаның екінші абзацы Заңның 34-б. сәйкес 2006.12.31 дейін қолданылады.

лицензиялауды;

тiркеудi;

хабардар етудi;

3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларына мониторингтi (валюталық мониторингтi) жүзеге асыру тәртiбiн;

4) уәкілеттi мемлекеттік органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшін мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алу және есептілік нысандарын белгілейдi.

Жүзеге асырылу тәртібі осы Заңда белгiленбеген валюталық операциялар шектеусiз жүргізіледi.

  1. Валюталық реттеу әдістері

  2. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың түсінігі мен түрлері

.Қажылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі ретінде есептелінеді, сондай-ақ экономикалық категория ретінде де қаржыларға бақылау функциясы тән болады. Осы бақылау функциясы мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру , бөлу және пайдалануын ұйымдастыру процестерінің заңды негізде және мақсатқа сәйкес жүргізілуіне қадағалауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.Қаржылық бақылаудың мына келесідей міндеттері болады: қаржылық қызметтің барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттің ақша қаржаттарының орынды және тиімді түрде пайдалануын қамтамасыз ету; кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерінің орындалуын тексеру; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық операцияларының тиімді және белгілі мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеру; мемлекеттік емес шаруашылық субьекетілерінің ақшалай операцияларының заңды негізде жүзеге асырылуын тексеру; қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық тәртіп бұзушылықтың алдын алу және жою. Қаржылық бақылау мақсаты:

1) Қаржылық заңды бұзу фактілерін анықтау және қаржылық қызмет қатысушыларының өз міндеттерін дұрыс орындау фактілерін анықтау.

1) Кінәлілерді анықтау және оларды жауапкершілікке тарту .

2) Қаржылық тәртіп бұзуды жою, яғни мемлекеттің қаржылық мүдделерін қорғау болып табылады және қаржылық қызмет қатысушылары өз міндеттерін толық қатаң сақтау.

2. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің маңызды бағыты және ол келесі элементтерден тұрады:Бақылау объектісі, Бақылау субъектісі, Бақылау пәні, Бақылау мақсаты

Бақылауды жүзеге асыру тәсілдері .Бұл элементтердің мазмұнын келесі сұрақтар бойынша шешуге болады.Кім тексереді?Кімді тексереді?Нені тексереді?Не үшін тексереді?Қалай тексеріледі?Қаржылық бақылау субъектілері тиісті өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес органдар мемлекеттің тапсырмасы бойынша жұмыс істейді.

Қаржылық бақылау объектілері мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, мемлкеттік емес заңды тұлғалар және жеке азаматтар.Бақылау пәні бұл бақылау объектісінің өз міндеттерін орындау кезіндегі іс - әрекеттері болып табылады. Ол бақылау обьектісімен анықталады. Қаржылық бақылау қатысушылары екіге бөлінеді:

Басқару субьектісі және басқару обьектісі . Қаржылық бақылаудың негізгі обьектісі бұл шартты жүргізуші субьектілер және олар қаржылық бақылау сферасы қаржылық қызмет сферасымен байланысты .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]