Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Троян.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
665.6 Кб
Скачать
  1. Түрі мен дәрежесі бойынша жүктердің габаритсіздік жіктелімін келтіру

Габаритсіз жүктерді жіберушінің әрбір тасымалға орналастыру схемасы қосылған жалпы жоспары бойынша жөнелтіліп отырады. Бұрын-соңды тасымалданбаған габаритсіз жүктерді немесе құрылғыларды тасымалдамастан бұрын “ҚТЖ” ҰК АҚ жол басқармасымен тасымалдаудың тәсілдері мен мүмкіндіктерін шешіп алу қажет. “ҚТЖ” ҰК АҚ жол басқармасының алдын ала келісімін алғаннан кейін жөнелтуші белгіленген тиеу сызбалары мен тұрақтылық есептеулерін жіберуші станцияның жол басқармасына беруі керек. Оларды жол басқармасы жүк және вагон шаруашылығы бөлімімен біріге отырып қарастырады. Қарастырылып, бекітілген сызбалардың бір нұсқасын “ҚТЖ” ҰК АҚ қозғалыс басқармасына жібереді. Сызбаларды қарастырған кезде габаритсізділікті қаншалықты төмендетуге болатындығы қарастырылады: сыртқы қорабын өзгерту, кейбір сыртқа шығып тұрған құрылғыларын жеке тасымалдау; жүкті дұрыс орналастыру арқылы (көлденең, тік немесе белгілі бір бұрышқа бұрылатын күйде); бекіту тәсілін өзгерту арқылы; габаритсіздікті төмендетуге мүмкіндік беретін жылжымалы құрам таңдау арқылы. Ерекше жағдайларда платформа еденінің төсемін жартылай ала тұруға болады. Габаритсіз жүкті жөнелтуші тиеу айынан 20 күн бұрын гибаритсіз жүктер бөліміне, жол қозғалысы бөліміне және тиеу станциясына жүкті тиеу күні, келісілген сызба нөмірі, жылжымалы құрам, бағытталған станция мен қабылдап алушының аты көрсетілген сұраным жіберілуі тиіс. III және IV дәрежелі бүйірлі габаритсіздіктегі және жоғарғы габаритсіздіктегі жүктерді тиеп тік тасымалдарда тасымалдауға қозғалыс басқармасы, ал жергілікті тасымалдарда қозғалыс басқармасы бекіткен сызбамен тиеліп, тасымалданады. I, II жоғарғы III дәрежелі габаритсіздік платформалар мен жартылай вагондарда жол қозғалысы бөлімінің сызбалары арқылы тиеліп, тасымалданады. Тасымалдау кезінде жүктің орнын бақылап отыру үшін, тиелгеннен кейін оның шекарасын өшіріліп қалмайтын бояумен белгілеп қояды. Егер жүк платформадан шығып тұрса бақылау сызықтарын жүктің өзіне белгілейді. Осы сызықтар арқылы жүктің жылжып- жылжымағандығын анықтауға болады. Габаритсіз жүктерде дәл осындай бояумен “Жүк ... дәрежелі габаритсіз” деп жазылады. Жүк қағаздарында жүктің габаритсіз екені көрсетіліп, оның дәрежесі жазылады. Тиеудің және бекітудің дұрыстығын арнайы бекітілген комиссия тексереді. Комиссия тиеудің және бекітудің схемаларға сәйкестігін тексереді. Акттің бір данасы жеткізілетін станцияға дейін құраммен бірге жіберіледі. Тиеудің және бекітудің дұрыстығын тексеретін комиссия құрамына: класқа жатпайтын, I және II кластағы станцияларда – станция бастығы немесе оның орынбасары, жол аралығының өкілдері және техникалық бақылау пунктінің басқарушысы немесе вагон мастері; басқа станциялардың барлығында - станцияның жол бөлімдерінің басқарушысының орынбасары, коммерциялық ревизор (ревизорды және басқа да білікті мамандарды өз орындарына жол бөлімінің басқарушысының бұйрығымен бекітеді), станция бастығы, жол дистанциясының өкілдері және вагон шаруашылығының және вагон депосының өкілдері. Жүктерді бақылау комиссиясының шешімін, III және IV дәрежелі және жоғарғы габаритсіздігі болған жағдайда, телеграмма арқылы комиссия төрағасының қолын қойып, габаритсіз жүктерді тасымалдаушы басқармаға және жол басқармасына жіберіледі, ал I,II дәрежелі және жоғарғы III дәрежелі габаритсіздікте тек тиеу жол қозғалысы бөліміне жібереді. Габаритсіз жүктерді жөнелту: 0 дәреже – станцияның тиеу жұмыстарының басқарушысы, жүріп өтетін жол бөлімдеріне телеграмма жіберу арқыл; I, II және жоғарғы III дәрежелі – жолдың жөнелту бөлімінің бастығының шешімімен, ол жол бөлімдеріне телеграмма жібереді; ІII және IV дәрежелі жергілікті тасымалдарда – қозғалыс бөлімінің бастығының шешімімен; III және IV дәрежелі тікелей қатынастарда және жоғарғы габаритсіздікте қозғалыс басқармасының шешімімен, барлық жүретін жол бөлімдеріне телеграмма жіберіледі. IV дәрежелі және жоғарғы габаритсіздікте, кейбір ерекше жағдайларда кіші габаритсіздікте, жүктің есептік нобайы фактіліктен асып кеткенде, поез құрамына бақылау рамасын қосады (13.5-сурет). Бақылау рамасын жабық вагонда, жартылай вагонда және көлденең тік жазықтықта тежеу жүйесі бар платформаларда орнатады. Бақылау рамасы бар вагонды тежеу жазықтығымен құрамның соңына локомотивтен кейін тіркейді, бірақ габаритсіз жүк тиелген вагонға дейін 20 осьтен кем емес қашықтық болуы тиіс. Егер габаритсіз жүгі бар вагон бақылау рамасынсыз қозғалса ол поездың басы мен соңынан 4 осьтен кем емес қашықтықта тұруы тиіс, 0 дәрежелі габаритсіз жүк поездға жабусыз тиеле береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]