Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Троян.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
665.6 Кб
Скачать

Емтихан билеті № 20

  1. Құю фронтын техникалық қамтамасыз ету бойынша іс шаралар?

Кемшіліктермен күресу үшін мұнайөнімдерін қыздыру мен төгудің неғұрлым пайдалы әдісін енгізу қажет, ондай әдіске циркуляционды қыздыру және герметикалық төгу әдісі жатады. Цистерналардағы тұтқыр сұйықтықтарды циркуляционды қыздыру принципі жаңа принцип болып есептелмейді. Жалпысоюздық жылутехникалық институт оны цистернадан мазутты төгу үшін қолдануды ұсынған. Сол кезде бірқатар айтарлықтай кемшіліктері бар циркуляционды қыздырудың үш схемасы жасалған: 1. Қыздырылатын сұйықтың массасына ыстық ағынды беру, сұйықтың төменгі қабаттарын (әсіресе цистернаның жақтауларындағы) қыздыруды қамтамасыз ететіндей жасалмаған; 2. Тасымалданбалы қыздырғышты қолдану қажеттілігі қондырғының қолданысын қиындатады; 3. Өздігінен сору қабілеті жоқ насосты қолдану, соған байланысты насосты зарядтау үшін эжектор мен дренажды резервуарды қолдану қондырғының сенімділігін төмендетеді және оның қолданылуын айтарлықтай қиындатады. ВНИИСПТ мұнай институтында жасалған циркуляционды қыздыру мен герметизацияланған төгу УРС-2 қондырғысының жоғарыда көрсетілгендей кемшіліктері жоқ. Қондырғы схемасы 9-суретте келтірілген. Қондырғы келесілерден тұрады: ыстық мұнайөнімін цистернаға беруге арналған УР-5 үлгідегі гидромониторлы құрылғы 1, гидромониторлы құрылғыны берілісі 39,5 м3/ сағ болатын МВН-10 үлгідегі бұрандалы насоспен 7 қосатын құбыр 2, гидромониторлы құрылғыны көтеру мен батыруға арналған лебедкасы бар 3 кран-укосину, иілгіш шланг 4, төменгі төгу қондырғысы 5, қуаты 25 кВт электроқозғалтқыш 6, жылуалмастырғыштан насосқа өнімөткізгіш 8, жылуалмастырғыш 10, бұрандалар 9, 10.

  1. Жүктердің габаритсіздігінің жіктелуі

Габаритсіздік тиелген жүктің габарит шегінен шығуына байланысты: жоғарғы, бүйір және төменгі габаритсіздік болып бөлінеді. Төменгі габаритсіздікке жүк тиеу габаритінен Габаритсіз болып жылжымалы құрамға тиелген, жүктеу габаритіне сәйкес келмейтін жүк болып саналады. Габаритсіздік жүктің әлдеқандай бөлігі габариттік шектің бір жағына шығып тұрғанда бір жақты бола алады және жүктің бөліктері екі жағынан да шыққанда екіжақты бола алады. Екіжақты габаритсіздік симметриялық және симметриялық емес бола алады. Габаритсіздік 1230мм дейін биіктікке, рельс басының жоғарғы бөлігінің деңгейінен шектен шыққан жағдайлар жатады. Бүйір габаритсіздікке жүк тиеу габаритінен 1230-4000мм биіктікке дейін рельс басының жоғарғы бөлігінің деңгейінен шектен шыққан жағдайлар жатады. Жоғарғы габаритсіздікке жүк тиеу габаритінен 4000-нан 5300мм биіктікке дейін рельс басының жоғарғы бөлігінің деңгейінен шектен шыққан жағдайлар жатады. Жүк тиеудің габаритсіздігі тиелген жүктің габарит шегінен шығуына байланысты бес дәрежеге бөлінеді: 0, I, II, III және IV. Сонымен қоса бүйір габаритсіздігі барлық бес дәрежеге ие, жоғарғы габаритсіздік үш 0, II, III дәрежеге ие, төменгі габаритсіздіктің жәрежелері жоқ. Габаритсіздік дәрежелерінің көрінісі 4-суретте көрсетілген. Жүк габаритсіздіктерінің дәрежесі жүктердің тасымалдау нұсқаулығының қосымшасында келтірілген габаритсіз және теміржолдарға жүктелген транспортерлер тасымалдануы кесте бойынша анықталады. Бұл кестеде рельс басынан санағанда жүктің биіктігіне байланысты және жолдың өсінің ауытқуына байланысты габарит көрінісінің барлық бес габаритсіздік дәрежесі келтірілген. Жылжымалы құрамға жүк тиеу кезінде габаритсіздік көрінісінің IV және III дәрежесінің биіктігі 3600мм көп рельс басының жоғарғы бөлігінің деңгейінен шек шыққанда және тасымалдау габаритінің биіктігі 5300мм көп болған кезде жүктер жоғарғы габаритсіздікке жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]