Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Троян.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
665.6 Кб
Скачать

Емтихан билеті № 12

  1. Тасымалданатын жүктердің ұсынылатын таңбалаулары?

Жүктерді таңбалау. Бұл үлгіқалып көлікті қораптағы жүктерді сақтаудағы, тиеу-түсіру жұмыстары мен барлық көлік түрлерінде тасымалдаудағы таңбалау ережесін көрсетеді. Бұл қауіпті, тез бұзылатын және ерекше гигиеналық немесе карантин жағдайын талап ететін жүгі бар қораптарды таңбалауда, сондай-ақ жарнамалық сипаттағы таңбалауда таратылмайды. Таңбалау өзгеше мәтіннен және қажет жағдайда ескерту белгілерінен тұруы керек. Өзгеше мәтін негізгі және қосымша жазудан тұрады. Негізгі жазу – бұл қабылдаушы мен белгіленген орынның атауы.

Қосымша жазуға мыналар жатады:

- ұзындығы, ені және биіктігі (егер 1м-ден асса);

- жөнелтушінің аты;

- жөнелту орны;

- әрбір жүк орнының реттік нөмірі мен жүк орнының саны (бөлшек арқылы);

- жөнелту белгілері – оралған өнімнің шартты белгіленуі бөлшектің алымына реттік нөмірден алдын ала жазылады.

Ескерту белгілері жүкке дұрыс көңіл бөлу арқылы көрсетілуі керек:

а) «байқа, морт сынғыш!»; б) «ілгішпен көтермеу керек»; в) «жоғары домалатып жылжытпау керек»; г) «қыздырынудан қорқады»; д) «асау орны»; е) «ылғалдылықтан қорқады»; ж) «ауырлық орталығы»; з) «саңылаусыз қорап»; и) «сәулеленуден қорқады».

Жабық жылжымалы құрамда жүкті тасымалдау кезінде қорапты таңбалау үшін қағаздан, картоннан немесе фанерден жасалынған таңба қағаз қолданылады. Жүкті көп сақтау жағдайында қорапқа таңба қоюға болады.

  1. Теміржол габариттерінің сипаттамасы мен өлшемдерін келтіріңіз

Теміржол бойындағы барлық құрылыстар мен құрылымдар жылжымалы құрамның еркін, қауіпсіз, жоғары жылдамдықта қозғалуына мүмкіндік беретін арақашықтықта салынуы керек. Нақты орындалатын тұрақты габариттердің қабылдануы теміржол қозғалысының қауіпсіздігін, кедергісіз поездардың қозғалуын және адам өмірінің қауіпсіздігіне кепілдік береді. Теміржолда габариттердің үш түрі қабылданған (құрылысқа жақындау, жылжымалы құрам габариті және тиеу габариті). Габариттер түрлеріҚұрылыстардың жолға жақындау габариты деп ішкі аумағына жылжымалы құрамнан басқа жол бойындағы құрылыстар мен құрылғылардың ешбір бөлігі енбейтін көлденең шектік өлшемін айтады. Станцияларда (С) габариті тоқтау пункттерінде де қолданылады. Жолдың қисық бөлігінде құрылыстар мен жол өстері арасындағы арақашықтық жолдың түзу бөлігінде жылжымалы құрам барынша қауіпсіз және максималды жылдамдықпен қозғала алатындай ара – қашықтық алынады (13.1-13.2-сурет). Жылжымалы құрам габариты деп жүк тиелгенде немесе бос жылжымалы құрам түзу жолда тұрғанда ішкі аумағынан шықпайтын көлденең шектік өлшемін айтады. Жүк тиеу габариті деп (13.3-сурет), жолдың шекті көлденең перпендикуляр өстерінің кескінін атайды, оған тиелген жылжымалы құрам сыртқа шықпай кіруі тиіс, жылжымалы құрам тік горизонтальді жолда және ұзына бойына орналасқанда, олардың өстері жылжытылады. Жүктердің қарапайым платформаларда және транспортерлерде тасымалдануының жіберілетін биіктігі рельс бастарынан жылжымалы құрамдарының едендеріне дейін қашықтықты қосады. (С) құрылыс габаритінің көріністерінің және (1-Т) жылжымалы құрам габаритінің арасында жарты бөлігі жылжымалы құрамның қозғалуы үшін арналған, жолдың жеке элементтерінің нормалардан ауытқуларынан туған, сонымен қатар, бүйір жақ тербелістерімен және рессорлы ілмектерде жылжымалы құрамның бұрылу бөлігі бар. Қалғаны – қызмет көрсетушілер мен жолаушылар қауіпсіздігі үшін, сонымен қата, габаритті емес жүктерді тасымалдау үшін.

Габариттер Теміржол бойындағы барлық құрылыстар мен құрылымдар жылжымалы құрамның еркін, қауіпсіз, жоғары жылдамдықта қозғалуына мүмкіндік беретін арақашықтықта салынуы керек. Нақты орындалатын тұрақты габариттердің қабылдануы теміржол қозғалысының қауіпсіздігін, кедергісіз поездардың қозғалуын және адам өмірінің қауіпсіздігіне кепілдік береді. Теміржолда габариттердің үш түрі қабылданған (құрылысқа жақындау, жылжымалы құрам габариті және тиеу габариті). Жылжымалы құрам өлшемдерін, теміржол бойындағы құрылыстар мен құрылымдарды стандарттау үшін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол бойында құрылыстардың шеткі нүктесі көрсетіледі. МЕСТ (9238-73) қарастырады: құрылыстардың жолға жақындау габариты (С), жылжымалы құрам габариты, жолдың барлық желісі бойынша (1-Т), қайта құрылған жол учаскелерінде (Т), сондай –ақ ,1520мм колеясында сияқты 1435 мм колеяда да (0-Т, 01-Т,02-Т,03-Т).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]