
- •Емтихан билеті № 1
- •Тасымалдауға жүктерді қабылдау қалай жүзеге асырылады?
- •Сеппелі жүкті тасымалдаудың орташа арақашықтығын анықтау?
- •Жүкқағаз (накладная) деген не?
- •Емтихан билеті № 2
- •Жылжымалы құрамға тиеу қалай жүзеге асырылады?
- •Халықаралық тасымалдарды ұйымдастыру?
- •Жолжазба (дорожная ведомость) деген не?
- •Емтихан билеті № 3
- •Жүріс жолында орындалатын оталардың тізімін ата. Жүктерді жеткізу мерзімдері.
- •Жүктің платформада орналасу сызбасы?
- •Жолжазба түбіртегінің (корешок дорожной ведомости) тағайындалуы?
- •Емтихан билеті № 4
- •Тағайындалу стансасында орындалатын оталарды ата?
- •Жүкке әсер ететін инерция күштерінің анықтамасы?
- •Жүк квитанциясының тағайындалуы?
- •Емтихан билеті № 5
- •Жүктерді түсіру және сақтау мерзімдері. Жүктің салмағын тексеру тәртібі.
- •Ашық жылжымалы құрамда жүкті орналастыру және бекіту әдісі?
- •Вагон парағы деген не, оны толтыру тәртібі?
- •Емтихан билеті № 6
- •Стансалық есепті жүргізудің негізгі ережелері. Стансаның құжаттар айналымы?
- •Тартымдардағы бойлық және көлденең бағыттағы жүктемені анықтау?
- •Натур парағын кім және не үшін құрастырады?
- •Емтихан билеті № 7
- •Жүктерді тасымаладудың құжаттық рәсімделуі?
- •Бұрыштарды анықтау сызбасын келтіру ; ; ?
- •Коммерциялық ақау (брак) деген не?
- •Емтихан билеті № 8
- •Тауарлық белгілердің түрлері мен негізгі функциялары?
- •Көлденең бағыттағы платформа тұрақтылығын анықтау?
- •Жолаушылар тасымалының тарифтер анализі.
- •Емтихан билеті № 9
- •Бейнелік тауарлық белгілерді қолдану және жасалу ерекшеліктері?
- •Бойлық бағыттағы платформаның тұрақтылығын анықтау?
- •Емтихан билеті № 10
- •Жүкті тасымалдауға жинау және дайындау?
- •Бойлық бағытта платформада жүкті бекіту кезінде үйкелу күштері қалай анықталады?
- •Жолаушылар пойызының экономикалық тиімділігін есеептеу?
- •Емтихан билеті № 11
- •Жүктің таңбалауына қойылатын талаптар?
- •Көлденең бағытта платформада жүкті бекіту кезінде үйкелу күштері қалай анықталады?
- •Темір жолдар қаулысының құрылу тарихы
- •Емтихан билеті № 12
- •Тасымалданатын жүктердің ұсынылатын таңбалаулары?
- •Теміржол габариттерінің сипаттамасы мен өлшемдерін келтіріңіз
- •Жүктерді, жолаушыларды, багажды және поштаны тасымалдау ережелері.
- •Емтихан билеті № 13
- •Маршрут түрлері
- •Цилиндрлік жүктерді ашық жылжымалы құрамда бекіту ерекшеліктері
- •Жауапкершілік жағдайлары мен формалары
- •Емтихан билеті № 14
- •Маршруттың жеке түрлерін пайдалану шарттары
- •Доңғалақ жүрісінде жүктерді орналастыру және бекіту ерекшелігі, симметриялық жүктеме.
- •Тасымалдау жоспарын орындамау үшін жауапкершілік
- •Емтихан билеті № 15
- •Тарифтердің түрлері мен формалары және оларды құру әдістемесі?
- •Доңғалақ жүрісінде жүктерді орналастыру және бекіту ерекшелігі, симметриялық жүктеме. Смотреть ---- 14 -/ - 2.. Симметриялы емес
- •Жүктің жоғалуы, бүлінуі және зақымдануы үшін жауапкершілік?
- •Емтихан билеті № 16
- •Тарифтік басшылықтардың мазмұнын келтіріңіз?
- •Жылжымалы құрам габариті дегеніміз не?
- •Жүкті, багажды және поштаны мезгілінде жеткізбегені үшін жауапкершілік
- •Емтихан билеті № 17
- •Мұнай өнімдерінің жалпы мәліметтері жөнінде айтыңыз?
- •Құрылыстың жақындау габариті дегеніміз не?
- •Жылжымалы құрамның жүккөтерімділігін тиімсіз пайдаланған үшін жауапкершілік.
- •Емтихан билеті № 18
- •Мұнай өнімдерінің қасиеті?
- •Тиеу габариті дегеніміз не және оның мағынасы?
- •Жылжымалы құрамның жүккөтерімділігін тиімді пайдаланған үшін жауапкершілік.
- •Емтихан билеті № 19
- •Мұнай өнімдерін қыздыру және құю қондырғысы?
- •Жылжымалы құрамға жүкті тиеу қалай орындалады?
- •Жылжымалы құрамды бүлдірген үшін жауапкершілік
- •Емтихан билеті № 20
- •Құю фронтын техникалық қамтамасыз ету бойынша іс шаралар?
- •Жүктердің габаритсіздігінің жіктелуі
- •3 Тарифтік топ және позиция деген не
- •Емтихан билеті № 21
- •Тасымалданатын жүктің сақталу мағынасы?
- •Түрі мен дәрежесі бойынша жүктердің габаритсіздік жіктелімін келтіру
- •Тарифтік белдеулер дегеніміз не?
- •Емтихан билеті № 22
- •Тасымалдау кезіндегі себілмелі жүктердің сапалы кемуінің себептері мен анықталуы?
- •Есептік габаритсіздік деген не?
- •Жүк жөнелтілімдерінің жіктелімін атаңыз
- •Емтихан билеті № 23
- •Жүктің табиғи кему нормаларын анықтау
- •Ұзын өлшемді жүктің шеңберлі қисыққа жазылу сызбасын келтіру даптерде
- •Минималды салмақтық норманың тағайындалуы
- •Емтихан билеті № 24
- •Қорғаныс пленкасын енгізу қондырғысы
- •Бірлік платформадағы есептік габаритсіздікті анықтау
- •Етснг дегеніміз не?
- •Емтихан билеті № 25
- •Бірлік платформадағы есептік габаритсіздікті анықтау
- •Коммерциялық акт дегеніміз не?
- •Емтихан билеті № 26
- •Жылжымалы құрамның тұрғаны үшін айыппұлдарды тағайындау әдістемесі?
- •Габаритсіз жүктерді тасымалдау кезінде тасымал төлемін анықтау.
- •Сақталмаған жүктер сараптамасы.
- •Емтихан билеті № 27
- •Жылжымалы құрамның тұрғаны үшін айыппұлдарды есептеу
- •Габаритсіз жүктерді ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қазақстан Республикасындағы халықаралық көлік дәліздері дегеніміз не?
Емтихан билеті № 1
Тасымалдауға жүктерді қабылдау қалай жүзеге асырылады?
Жүк және коммерциялық жұмыстың технологиясы келесі операцияларды орындауды талап етеді: жүктермен (тасымалдауға қабылдау, өлшеу, сақтау, тиеу, түсіру, сұрыптау және тапсыру); құжаттармен; жүк пойыздарымен (коммерциялық байқау); жүк қабылдаушы мен жүк жөнелтушінің ақпараты бойынша (жақындау, келу, вагондарды тиеу-түсіру шебіне беру және жинау туралы); кәсіпорындар мен порттардың кірме жолдарына қызмет ету; көлік қызметі мен жүкті тасымалдау үшін есептеулері бойынша. Жүк және коммерциялық операцияларды орындау технологиясы жүк бекетінде жұмыстың технологиялық барысында өңделеді. Жүк бекетінде жұмыстың технологиялық барысы дегеніміз – өндірістік кәсіпорындардың кірме жолдары, теміржол Заңдары мен жүктерді тасымалдау Ережелерінің талаптарын қатаң сақтаған жағдайда еңбек әдістерін нәтижелі қолдану, бекеттің техникалық құралдардың рационалды қолдануға негізделген ұйымның жүйесі. Техникалық құралдардың өңдеу қабілетін тиімді қолдану, құжаттар мен жүктерді өз уақытында өңдеу, контейнерлер мен вагондардың айналымын тездету, еңбектің максималды өнімділігі, теміржол көлігінің қызметтерімен қолданатын кәсіпорындарды, ұйымдарды және бөлек азаматтарды жоғары қызмет ету мәдениеттілігі - технологиялық барыстың үйлесімді белгісі болып табылады. Жүк және коммерциялық операциялардың өндірістік-технологиялық циклі жүктерді жөнелту бекеттерінде, жүру жолында және келу бекетінде орындалады. Жүк және коммерциялық операциялардың өндірістік-технологиялық цикліне: қабылдау, тиеу, жүктерді жөнелту операциялары, жүру жолы, келуі, жүктерді түсіру және беру жатады. Жүктерді қабылдау, тиеу және жөнелтуді ұйымдастыру. Жүкті қабылдап жөнелтумен байланысты жүк және коммерциялық операциялар бекетте жүк жөнелтушімен, тауар кеңсесінің және тасымалдау құжаттарын өңдеумен айналысатын технологиялық орталықтың, сондай-ақ, жүк ауласының және механикаландырылған дистанцияның жұмыскерлерімен орындалады. Бұл операцияларға: жүк жөнелтушімен жүк пен құжаттарды дайындау, жүкті тасымалдауға келісім-шарт жасау, тауар кеңсесінде құжатты тексеру және белгі қою, тасымалдау құжаттарын дайындау, жылжымалы құрамды дайындау, тиеуге вагондарды беру, жүкті тасымалдауға қабылдау, теміржол көлігімен жүктің салмағын анықтау, жүк ауласына жүктерді түсіру, жүкті тасымалдау үшін есептеулерді анықтау жатады. Жүкті тасымалдауға дайындау. Жүкті тасымалдау үшін келесідей дайындықты қамсыздандыру қажет: тасымалдаудың сақтандырылуы мен қауіпсіздігі, жылжымалы құрамды рационалды пайдалану, жүк операцияларын тездетуді орындау. Жүкті тасымалдауға дайындау үшін келесідей кешенді шаралар орындалу қажет: өнімді сапалық жағдайға келтіру, көлік пакеттерінде үлкейтілген жүк орындарының тиісті орамасы, жүктердің таңбалауы, жүк жөнелтушінің жүкті өлшеуі, тиісті бақылау және қадағалау органдарымен жүктерді қарау (нан немесе карантин инспекциясымен, санитарлық-мал дәрігерлік қадағалаумен).