Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
история болезни.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
38.66 Кб
Скачать

Хіі. Эпикриз.

Науқас оң жақ тізесінің ұзақ сыздап ауыратындығына ,қимыл қозғалысының бұзылғандығына, оң жақ аяғының ісігендігіне, жалпы әлсіздікке шағымданды. 20.09.13ж. науқас сатыдан құлап жарақат алған. науқас Травматология және Ортопедия ғылыми зерттеу институтында 20.09.13ж. 30.09.13ж уақыт аралығында емделген. OS: оң жақ үлкен жіліншігінің және кіші жіліншігінің жылжымалы сынығына операция жасалған. Науқастың айтуы бойынша үйіне келген соң бірнеше аптадан соң аяғы қатты сыздап , қақсап ауырған, жарақаттан ірің бөлінгеннен кейін ТО ҒЗИ қаралған, жолдама бойынша №2 АӨБ хирургия бөлімшесіне госпитализацияланған.

Науқастың жалпы жағдайы қанағаттандырарлық,санасы анық, төсектегі қалпы мәжбүрлі, түр әлпеті қалыпты, дене бітімі нормостеник, салмағы62 кг бойы 1.66см, тамақтануы әлсіз. Сүйектер. Оң жақ аяғында деформация, ісіну, пальпацияда аурусезімі бар.Оң аяғы сол аяғынан қысқалау, асқаңдап жүреді.

Буындар: Оң жақаяғының буынының қимыл қозғалысы шектеулі, пассивті, жергілікті температурасы жоғары. Рентгенологиялық әдіс: суретте орташа қаттылықта және контрастта оң аяқтың сирақ сүйегінің көлеңкелері анықталады. оң жақ сирағының төменгі үшінші үлкен жіліншік және жоғарғы үшінші кіші жіліншік сүйегінің қиғаш сынуы . Алдын ала DS: төменгі винттың миграциясы, жұмсақ тіннің қабынуы.

Консервативті және оперативті ем қолданылды. Миграциялы бұранданы алып тастау, ошақтың санациясы оперативті ем жүргізілді. Консервативті ем ауруды азауту үшын науқасқа аналгин 2.0+ димидрол 2.0вм перпараты берілді. Ары қарай емді жалғастыруға диклофенак 3.0 вм , кетотоп 2.0 мв, Пентоксифиллин 5.0+физ р-р тағайындалды. Толық жазылуы үшін комплексті ем қажет, емдік физкультура жасау,массаж, физиотерапиялық ем қолдану, остеопароздың фармакотепрапиясы, буындардың активті және пассивті қозғалысы жасау қажет.

14.11.2013

Тағайындалды:

  1. Палаталық режим

  2. кетотоп 2.0 мв

  3. Sol.Diclofenac 3.0 вм тері ішіне 75мг 2рет күніне

  4. аналгин 2.0+ димидрол 2.0вм

  5. Пентоксифиллин 5.0+физ растворр

  6. Хлор гексидин ерітіндісімен перевязка

23.11.2013

Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Аяғын қозғалтқанда ауырады

Объективті: Терісінің түсі қара қызыл. Пульс минутына 80 рет, ырғағы ырғақты. Артериялық қысым 120/80 мм.сын.бағ.t -36,6°C

Жергілікті: оң жақ сирағынды дәкелі повязка бар. Ісіну әлі қайтпаған. оң жақ сирағыны айналасындағы тері аздап көгерген.Жара сутегі асқын тотығымен өңделген. Левомиколь мазьмен повязка жасалған.

Операцияның аты: Миграциялы бұранданы алып тастау, ошақтың санациясы Операция уақыты: 19.11.2013ж. 8.30-9.00сағ. Жансыздандыру СМА . операция протоколы №656. Хирург Карымсаков У.К Асистент Оразбаев А. Анастезиологс Касенов А.Г. медбике Гүлнұр. Үлкен жіліншіктің диафизының сынығы тікелей немесе тікелей емес жарақаттың нәтижесінде болады. Егер сүйек аралық мембрана зақымдалмаса, онда ұзындығы бойынша сүйек бөліктерінің жылжуы болмайды. Көлемі бойынша жылжу болуы мүмкін. Науқасты зақымданған аймақтың ауруына және ісінуіне шағымданады. Сирақ деформацияланған. Аяқты қозғалта алмайды. Диагнозды растау үшін екі проекцияда рентген ография жасалады. Зақымданған аймақты жансыздандырады. Сүйек бөлігінің жылжуында лонгетті гипспен репозиция жасалады. Жұмсақ тіннің интерпозициясында операция жасалады.