
- •І. Науқастың шағымы
- •II. Ауру тарихы (anamnesis morbi)
- •Ііі. Өмір тарихы (anamnesis vitae)
- •IvНауқастың қазіргі кездегі объективтіжағдайы. (status praesens objectives)
- •V. Жергілікті статус (status localis)
- •VI. Қосымша зерттеу әдісі.
- •VII Клиникалық диагноз.
- •VIII. Емдеу жоспары:
- •Іх Күнделік
- •Х. Операцияның сипаттамасы
- •Хі Аурудың сипаттамасы
- •Хіі. Эпикриз.
«Астана Медицина университеті»АҚ
Жалпы хирургия кафедрасы
Ауру тарихы:
Науқастың аты жөні: Ахметов Сагындық Сабырұлы
Клиникалық диагнозы: Оң жақ үлкен жіліншіктің
жабық өспелі сынығы. Жұмсақ тіннің қабынуы.
Куратор – студент 319топ 3курс
Жалпы медицина
Бектаева Айсулу
Құжаттық бөлім
Науқастың аты - жөні, тегі: Ахметов Сагындық Сабырұлы
Жынысы: Ер
Жасы : 21.08.1959ж
Жұмыс орны, кәсібі, лауазымы: Жұмыссыз
Отбасылық жағдайы: Үйленген.
Түскен күні мен уақыты: 12.11.2013
Жолданған ұйымның диагнозы: Оң жақ үлкен жіліншіктің жабық өспелі сынығы. Жұмсақ тіннің қабынуы.
Түскен кездегі диагноз:
Клиникалық диагнозы:
А. Негізгі: : Оң жақ үлкен жіліншіктің жабық өспелі сынығы. Жұмсақ тіннің қабынуы.
Операцияның аты: Миграциялы бұранданы алып тастау, ошақтың санациясы
Операция уақыты: 19.11.2013ж. 8.30-9.00сағ
Операциядан кейінгі асқыну: Жоқ
І. Науқастың шағымы
Науқас оң жақ сирағының ұзақ сыздап ауыратындығына ,қимыл қозғалысының бұзылғандығына, оң жақ аяғының ісігендігіне, жалпы әлсіздікке шағымданды.
А) ОЖЖ және психикасы: Көңіл күйі нашар, ұйқысы қашқан, басы ауырмайды, тітіркендіргіштігі жоғары, жылымайды.
Б) Сезім мүшелері: Иіс сезуі, көруі, естуі қалыпты.
В) Тыныс алу мүшесі: Ентікпесі жоқ, көкірек тұсында ауру сезімі жоқ, жөтелмейді, қақырығы жоқ.
Г) Қан айналу жүйесі: физикалық күш түссе ентігу пайда болады, оң аяғы ісіген, жүрек тұсында ауру сезімі жоқ
Д ) Асқорту жүйесі: Тәбеті қалыпты, жұтуы жақсы, қыжылы жоқ, жүрегі айнымайды, құспайды, іш аймағында ауырсыну сезімі жоқ
Е) Зәршығару жүйесі: зәр шығару жиілігі қалыпты, зәрдің көлемі қалыпты.
II. Ауру тарихы (anamnesis morbi)
20.09.13ж. науқас сатыдан құлап жарақат алған. науқас Травматология және Ортопедия ғылыми зерттеу институтында 20.09.13ж. 30.09.13ж уақыт аралығында емделген. OS: оң жақ үлкен жіліншігінің және кіші жіліншігінің жылжымалы сынығына операция жасалған. Науқастың айтуы бойынша үйіне келген соң бірнеше аптадан соң аяғы қатты сыздап , қақсап ауырған, аяғын баса алмай қалған, жарақаттан ірің бөлінгеннен кейін ТО ҒЗИ қаралған, жолдама бойынша №2 АӨБ хирургия бөлімшесіне госпитализацияланған.
Ііі. Өмір тарихы (anamnesis vitae)
Боткин және туберкулез ауруымен ауырмайды. Науқаста балалық шағынан бастап ешқандай аурумен ауырмаған, ешқандай жарақат алмаған және операциялық араласулар болмаған. Әлеуметтік – тұрмыс жағдайы: тұрғын үйі бар, тамақ ішуі жақсы. Физиологиялық және ақыл есінің дамуы қалыпты, Үйленген. Зиянды әдеттері: темекі шегеді, кейде алкоголь ішеді, наркотик қабылдамайды, кофе және шайды көп ішпейді. Тұқым қуалаушылығы: ата- анасында және туысқандарында тұқым қуалайтын аурулар жоқ.
IvНауқастың қазіргі кездегі объективтіжағдайы. (status praesens objectives)
Науқастың жалпы жағдайы қанағаттандырарлық,санасы анық, төсектегі қалпы мәжбүрлі, түр әлпеті қалыпты, дене бітімі нормостеник, салмағы62 кг бойы 1.66см, тамақтануы әлсіз. Ылғалдылығы, температурасы қалыпты
Терісі: түсі қара қоңыр, азырақ ылғалды, терісі таза, бөртпе,ойық жара, пигменитация , тыртық, қабыршықтары жоқ. Терісі эластикалы,тершең емес, шашы түспеген, тырнағы сынбаған, дөңгелек формалы, бұлыңғыр қызыл түсті.
Тері асты шелмайының дамуы қалыпты, ісік тек жарақаттанған аймақта байқалады.
Шырышты қабат: түсі қалыпты, пигментация, эрозия, бөртпесі жоқ.
Лимфа бездерін қарау: екі жақты салыстыра отырып пальпациялағанда құлақ маңы , жақ асты , бұғана үсті, иек асты лимфа түйінің көлемі, тығыздығы қалыпты . Тыртық жоқ
Бұлшықет қалыпты дамыған,пальпацияда тонусы қалыпты, жергілікті гипертрофия,атрофиясы анықталмайды.
Сүйектері. Кеуде клеткасында, омыртқасында деформация жоқ. Оң жақ аяғында , ісіну, пальпацияда ауру сезімі бар. Оң аяғы сол аяғынан қысқалау, ақсаңдап жүреді.
Буындар: Оң жақаяғының буынының қимыл қозғалысы шектеулі, пассивті, жергілікті температурасы жоғары. Иығын, шынтағын, білегін, бел жамбас буынынында конфинурация қалыпты , тер жамылғысы өзгермеген.
Тыныс алу жүйесі: ешқандай шағымы жоқ. Кеуде қуысы қалыпты, деформация жоқ, симметриялы, жауырынның орналасуы қалыпты, қабырға аралығы терең тыныс алғандағы жағдайы қалыпты. Кеуде клеткасының оң және сол жақ бөлігі симмертиялы. Ісіну жоқ. Кеуде клеткасының екі бөлігіде тыныс алуға бірдей қатысады. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатыспайды. Пальпацияда ісіну, ауру сезімі байқалады. Тері астына ауа жиналмаған. Тыныс алутүрі: құрсақтық , тыныс алу ырғағы ырғақты, тыныс алу жиілігі 19 рет. Дауыс дірілі кеуде клеткасына бірдей тараған, Өкпенің перкуссиясысалыстырмалы таралған, перкуторлы дыбыс қалыпты.Топографиялық аускультацияда өкпе шекарасы: алдынан бұғана үсті ойығынан 3-4см жоғары, артынан VIII мойын омыртқасы. Төменгі шекарасы барлық сызық бойынша қалыпты. Өкпе экскурсиясы 3 сызықбойынша қалыпты . Салыстырмалы аускультацияда везикулярлы тыныс естіледі, қосымша дыбыстар жоқ.
Жүрек қантамыр жүйесі: Науқаста ешқандай шағым жоқ. Жүрек аймағын қарағанда ешқандай деформация жоқ. Жүрек түрткісі анықталмайды, жүрек бүкірі жоқ. Артерияны қарау , пальпация қалыпты Эпигастральды аймақта пульсация әлсіз. . Пульс минутына 80 рет, қантолуы толық, ырғағы ырғақты. Артериялық қысым 120/80 мм.сын.бағ. Венены қарау және пальпация: мойын, кеуде қуысы, құрсақ қабырғасының , аяқтарының веналары үлкеймеген. Жүрек аймағын қарау: жүрек бүкірі жоқ, жүрек үшы соққысы қалыпты, жоғарғы шекарасы қалыпты. Перкуссия: шала тұйық дыбыс, оң , сол жақ жоғарғы шекарасы қалыпты. Жүрек перкуссиясының тұйық дыбысы Жоғарғы шекарасы – ІІІ қабырға аралықта. Сол жағы- бұғана орта сызығынан 1см ішке. Оңжағы – 4 қабырға аралықта. Аускультация: жүрек және ірі тамыр тондары анық, ритмы:дұрыс, систолалық және диастолалық қалыпты шу естіледі. Патологиялық шу естілмейді.
Асқорту жүйесі: Тәбеті қалыпты. Дәм сезуі өзгермеген. Кедергісіз жұтынады. Ауызынан иіс шықпайды. Ауыз қуысы, ерін түсі құрғамаған, қалыпты. Ауыздың шырышты қабығы қалыпты, қызыл иегі қанталаған, тісінде кариес бар, тілі ылғалды. Миндалтдың көлемі қалыпты. Тілшігі нің көлемі қалыпты. Іштің формасы қалыпты. Эпигастралды бұрыш 90°.Ішінің формасы дөңгелекжәне симмертриялы, ісінбеген.Тыныс алу актіне қатыспайды. Құрсақ қабырғасының алдыңғы венасының үлкеюі байқалмайды. Беткейлік іштің пальпациясы:іші жұмсақ,бауыры , көкбауыры ауырмайды. Аускультацияда қалыпты дыбыс естіледі. Патологиялық шулар жоқ.
Қозғалмалы тоқ ішектің терең пальпациясы В.П Образцов және Н.Д. Стражеско бойынша: Сол мықын аймағында сигма тәрізді ішек пальпацияланады, жұмсақ қозғалмалы, эластикалық , ауырсынусыз. Оң мықын аймағында соқыр ішек пальпацияланады, жұмсақ, қозғалмалы, ауырсынусыз Кіндік аймағында тоқ ішек пальпацияланады, тығыз, қозғалмалы, ауырсынусыз.
Асқазан:асқазанның үлкен иіні түзу түрінде пальпацияланады, тегіс , кіндіктен 2см жоғары ауырсынусыз білікше.
Бауыр: бауыр қабырға доғасы бойынша пальпацияланады, ауырсынусыз. Консистенциясы жұмсақ, эластикалық Греков- Ортнер, Кера симптомдары оң, Мерфи, Мюссе- Георгиевский симптомы теріс.
Курлов бойынша бауырдың көлемі:
Оң кеуде клеткасы аймағысызығы бойынша -9см
Оң ортабұғана сызығы бойынша – 8см
Сол қабырға доғасы сызығыьбойынша – 7см
Ұйқы безі: ұйқыбезінде ісіктәрізді қалыптасулар жоқ. Чухриенко, Воскресенко, Мейо- Робсон симптомы теріс
Көкбауыр: Пальпацияда көкбауыр анықталмайды. Топографиялық перкуссияда көкбауыр IX-X қабырғада. Ұзындығы-6см. көлденең 4см
Зәр шығару жүйесі: Пальпацияда бүйрек формасы , көлемі, қозғалмалылығы қалыпты. Зәрдің түсі , иісі , зәр шығару уақыты қалыпты, ауырсыну сезімі жоқ. ХІІ қабырға симптомы екі жақтанда теріс. Бүйрек пальпацияланбайды. Олардың пальпациясы ауырсынусыз.
Жүйке жүйесі және иіс сезу жүйесі: есі қалыпты, қалыпты сөйлейді, қалтырау, салдану, парез сезімталдық бұзылысы жоқ. Жұтыну, қарашық мөлдір қабықтың рефлекстері өзгермеген. Сіңірлік рефлекстері қалыпты.Бас ауыруы, айналуы, естен тануы жоқ. Ұйқысы терең, бірқалыпты. Оянған соғ көңіл күйі жақсыү