
- •1.Қылмыстық құқықтың түсінігін беріңіз?
- •2.Қылмыстық заңның түсінігін беріңіз?
- •3.Қылмыстың түсінігін беріңіз?
- •4.Қылмыстық жауаптылықтың түсінігін беріңіз?
- •5.Қылмыс құрамының элементтерін ескере отырып, оның түсінігін беріңіз.
- •6.Қылмыс объектісінің түсінігін ашыңыз.
- •7.Қылмыстың объективтік жағының түсінігін беріңіз.
- •8.Қылмыс субъектісінің түсінігін ашыңыз.
- •17.Келесідей жаза түрлерінің мазмұнын ашыңыз: қоғамдық жұмыстар тарту және түзеу жұмыстары?
- •18.Келесідей жаза түрлерінің мазмұнын ашыңыз: бас бостандығынан айыру және өлім жазасы?
- •19.Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігін беріңіз?
- •20.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігін беріңіз?
- •21.Жәй адам өлтіру қылмыс құрамын саралаңыз?
- •22.Абайсызда кісі өлтіру қылмыс құрамын саралыңыз?
- •23.Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыс құрамын саралаңыз?
- •24.Азаптау қылмыс құрамын саралаңыз?
- •35. Тонау қылмыс құрамын саралаңыз.
- •36.Қарақшылық қылмыс құрамын саралаңыз.
- •36.Қарақшылық қылмыс құрамын саралаңыз.
22.Абайсызда кісі өлтіру қылмыс құрамын саралыңыз?
101-бап. Абайсызда кiсi өлтiру
1. Абайсызда кiсi өлтiру - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Абайсызда екi немесе одан көп адамды өлтiру - бес жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толған жеке тұлға болып табылады, ал ҚК-тің 97-102-баптарында көрсетілген жағдайларда адам өлтірудің субьектісі 16 жасқа толған адамдар болып табылады.
Қылмыстың субъективтік жағы – абайсызда жасалған қылмыс
Обьектісі – адам өмірі
Қылмыс құрамының объективтік жағы- абайсызда адам өлтіру
23.Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыс құрамын саралаңыз?
103-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру
1. Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру - үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Нақ сол әрекет: а) екi немесе одан да көп адамға қатысты; б) адамның қызметтiк жұмысын немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты; в) кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi, сонымен бiрдей адамды ұрлауға немесе кепiлге алуға ұштасқан адамға қатысты; г) аса қатыгездiкпен; д) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса; е) жалдау бойынша; ж) бұзақылық ниетпен; з) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық тұрғысында; и) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тінiн пайдалану мақсатында; к) бірнеше рет жасалса; л) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса - төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан әрекеттер - бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Денсаулыққа қарсы қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объетивтік жағы, субъект, субъективтік жағы.
Қылмыс субъектісі — жасы 14-ке толған, есі дұрыс адам.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама ниетпен сипатталады. Кінәлі өзінің заңға қайшы әрекетінің салдарынан басқа адамның денсаулырына ауыр зиян келтіретіндігін ұғынады, қоғамға қауіпті зардаптыңболуы мүмкін екендігін немесе қалайда болатындығын алдын ала біледі және соны тілейді (тікелей ниет) немесе оған саналы түрде жол береді не немқұрайды қарайды (жанама ниет).
Қылмыс құрамының объективтік жағы қоғамға қауіпті іс-әрекетпен (әрекетпен немесе әрекетсіздікпен); зардаптармен — денсаулыққа ұзақ уақыт бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетінің кеміңце үштен бірін айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтірумен; қылмыстық іс- әрекет пен оның зардаптарының арасындагы себептік байланыспен сипатталады.
Обьектісі – адамның өмірі ,денсаулығы, ар намысы....