Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

8.Қылмыс субъектісінің түсінігін ашыңыз.

Қылмыс субъектісі. Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, тек қылмыстық заңға сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар ғана субъект болады. Олардың қатарында қылмыстық заңмен бекітілген жас мөлшері мен есі дұрыстық жатады. Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген. Ол тізім мынадай құрамнан тұрады: а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру не денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрау; ә) мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері: ұрлық, тонау, қарақшыық, қорқытып алушылық, автокөлік немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мән – жайлар; б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі: терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, қаруды, оқ – дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән – жайлардағы бұзақылық, тағылық, өлгендердің мәйіттерін жіне олар жерленген жерді қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру және т.б. Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал 14 жасқа дейінгі жас балалар қ қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің (не әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігі мен нақты сипатын сезінген және әрекеттеріне басшылық етпеген адам есі дұрыс деп танылады. Қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы жүйке ауруы, жүйкесінің уақытша бұзылуы, ақылының кемдігі немесе өзге жүйке дертіне ұшырауы салдарынан өзінің іс - әрекетінің (не әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Есі дұрыс емес адам қылмыс субъектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.   Көптеген ғасырлар бойы ақы – есі дұрыс емес қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтын. Ақыл – есі дұрыс емес адамға қатысты өлім жазасын қоданбаудағы алғашқы жағдай Дэниел Мак – Нагтеннің жағдайы деуге болады, ол 1843 жылы Ұлыбритания премьер – министірінің хатшысын атып өлтірген. «Мак – нагтен заңы» дұрыс емес қылмыскерді сотқа емес, психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы етті.

17.Келесідей жаза түрлерінің мазмұнын ашыңыз: қоғамдық жұмыстар тарту және түзеу жұмыстары?

42-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту

      1. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлері жергілікті атқарушы органдардың немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілерімен белгіленеді.       2. Қоғамдық жұмыстар алпыс сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiн белгiленедi және күнiне төрт сағаттан аспайтын, егер сотталғанның тұрақты жұмыс орны болмаса немесе оқумен айналыспаса - күніне сегіз сағатқа дейінгі, бірақ аптасына 40 сағаттан көп емес уақытта өтеледi. Қоғамдық жұмыстардан әдейi жалтарған жағдайда олар осы Кодекстiң тиiсiнше 45, 48-баптарында көзделген мерзiмдер шегiнде бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды өтеген уақытын есептеген кезде, бас бостандығын шектеудің немесе бас бостандығынан айырудың бiр күнi қоғамдық жұмыстардың төрт сағатына есептеледi.       3. Әскери қызметшiлерге, елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге, жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.       43-бап. Түзеу жұмыстары

   1. Түзеу жұмыстары екi айдан екi жылға дейiн мерзiмге белгiленедi және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледi.       2. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкiмiмен белгiленген мөлшерде, бес проценттен жиырма процентке дейiнгi шекте мемлекеттiң кiрiсiне ұстап қалу жүргiзiледi.       3. Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында өндiрiстен қол үзiп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптың санкциясымен айыппұл түрiнде жаза көзделмеген болса, бiр ай түзеу жұмысы үшiн заңмен белгiленген бiр айлық есептi көрсеткiшке тең айыппұл сомасының есебiнен сот түзеу жұмыстарының орнына айыппұл тағайындауы мүмкiн. Егер аталған мән-жайлар жазаны өтеу кезiнде пайда болса, сот түзеу жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.       4. Түзеу жұмыстарына сотталған адам жазасын өтеуден әдейi жалтарған жағдайда сот түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзiмiн нақ сол мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрiнде жазалауға ауыстыра алады.