
- •1.Қылмыстық құқықтың түсінігін беріңіз?
- •2.Қылмыстық заңның түсінігін беріңіз?
- •3.Қылмыстың түсінігін беріңіз?
- •4.Қылмыстық жауаптылықтың түсінігін беріңіз?
- •5.Қылмыс құрамының элементтерін ескере отырып, оның түсінігін беріңіз.
- •6.Қылмыс объектісінің түсінігін ашыңыз.
- •7.Қылмыстың объективтік жағының түсінігін беріңіз.
- •8.Қылмыс субъектісінің түсінігін ашыңыз.
- •17.Келесідей жаза түрлерінің мазмұнын ашыңыз: қоғамдық жұмыстар тарту және түзеу жұмыстары?
- •18.Келесідей жаза түрлерінің мазмұнын ашыңыз: бас бостандығынан айыру және өлім жазасы?
- •19.Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігін беріңіз?
- •20.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігін беріңіз?
- •21.Жәй адам өлтіру қылмыс құрамын саралаңыз?
- •22.Абайсызда кісі өлтіру қылмыс құрамын саралыңыз?
- •23.Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыс құрамын саралаңыз?
- •24.Азаптау қылмыс құрамын саралаңыз?
- •35. Тонау қылмыс құрамын саралаңыз.
- •36.Қарақшылық қылмыс құрамын саралаңыз.
- •36.Қарақшылық қылмыс құрамын саралаңыз.
6.Қылмыс объектісінің түсінігін ашыңыз.
Объект құрамының міндетті элементтерінің бірі болып табылады. Сондықтан объектіміз заңмен қарастырылған қылмыс ретінде қоғамдық қауіпті әрекет белгілі бір объектіге қол сұғады. Қылмыстық қол сұғу кезінде осы объектіге мәнді зиян-залал келтіреді. Объектіні дұрыс анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және құқытық табиғатын, жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктің шегі мен үлгілерін түсінуге көмектеседі.
Қылмыстың объектісін белгілеу қылмыстың құрамының бір-бірімен ұқсастығын ажыратуға, қылмыстық әрекеттің қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қылмыс объектісінің белгісі бойынша заң шығарушы қылмыстық-құқықтық нормаларды жүйелендіреді және кодификацияландырады.
Көптеген теоретик ғалымдардың ойы бойынша қылмыс объектісі болып қоғамдық қатынастар шығады. Қоғамдық қатынастар – жалпы қатынастардың жан-жақты, күрделі түрлерінің бірі. Қатынастар әдістемеде «барлық құбылыстардың қатынасқа түсу кезеңі», — деп түсіндіріледі[6].
Қоғамдық қатынастардың ерекше сипаты, онда әлеуметтік жол ретінде адамның танылуы. Қоғамдық қатынастардың өзі сипаты бойынша да, құрылымы бойынша да өте күрделі құбылыс болып табылады. Бірақ қоғамдық қатынастардың басты элементтері болып: қоғам, мемлекет және олардың бекітулері, құрылулар және олардың өкілдері, адамдардың бірлестіктері мен ұжымдары, жеке бөлек тұлғалар, материалдық әлемнің пәндерімен әртүрлі үлгіде көрінетін қоғамдық қатынастардың арасындағы байланыстар табылады.
Барлық қоғамдық қатынастар ылмыстық заңмен қорғала бермейді. Тек қана заң шығарушының көзқарасымен қарағандағы ең құнды деген қоғамдық қатынастарға ғана қорғалады және олардың шеңбері әрқашанда қозғалыста болады. Бұл шеңбер бірқатар жағдайларға байланысты өзгереді (ерекше тарихи шарттар, нақты жағдайлар, уақыт, қоғамға қарсы әрекет не әрекетсіздіктің қауіптілік дәрежесі т.с.с.).
Қылмыстық заңда қылмыстық қол сұғушылықтан қорғанатын маңызды қоғамдық қатынастар шеңбері қамтыған. Сондай-ақ Қазақ ССР-ң қылмыстық кодексінің 7-бабының мазмұнында да қоғамдық қатынастардың қатары айқын көрсетіген, яғни онда «қылмыс деп қоғамдық құрылысқа, саяси және экономикалық жүйеге, меншікке, жеке тұлғаға, жеке тұлғаның саяси, еңбектік, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына, сонымен бірге қоғамдағы құқықтық тәртіпке қарсы қоғамдық қауіпті әрекет не әрекетсіздік» — делінген. Осы айтылған маңызды қоғамдық қатынастарды қорғау қылмыстық заңның міндеті деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында былай деп бекітілген: «Осы кодекстің міндеттері: адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін, меншігін қорғау, ұйымдардың құқығын және заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қоршаған ортаның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты және Қазақстан Республикасының территориясының бүтіндігін қорғау, заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің мүддесін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмысты ескерту». Осы норма мазмұнынан қылмысқа қол сұғушылықтан қорғалатын объектілердің ауқымының кең екенін байқадық. Әрине, болашақта қылмыстық кодексте қылмыстық құқықтың объектілері туралы өз алдына бөлек норма шығарса жақсы болар еді. Мысалы: жеке тұлғаларды қорғау, ұжымдық, қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық мүдделерді қорғау туралы.
Қылмыс объектісін қылмыстық құқықтық реттеу объектісінен ажырата білу керек. Қылмыстық құқық басқа құқық салалары секілді ең алдымен құқықтық реттеу объектісі арқылы өз алдына сала болып танылады. Құқықтық реттеу объектісіне мемлекет атынан қызмет ететін өкілетті органдар мен есі дұрыс белгілі жасқа толған азамат арасындағы қылмыспен жазаланатын әрекет пайда болатын қоғамдық қатынастар жатады[7].
Қылмыс объектісі болып әртүрлі қоғамдық және мемлекеттік құрылыстарда, адамдардың өндірістік, қоғамдық, ішкі және өмірлік процесінде құрылатын қоғамдық қатынастар табылады.
Қылмыс объектісінің жалпы түсінігінің сипаты қылмыс объектісінің жіктеу мәселесіне келіп тіреледі, яғни қылмыс объектісінің түрлеріне тоқталайық.
Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыс объектісін үш түріге жіктеген: жалпы, топтық және тікелей.
Жалпы объектіге қылмыстық заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы жатады. Қылмыстың жалпы объектісі қылмыстың әлеуметтік мазмұнын және оның қоғамғажәне мемлекетке деген қоғамдық қауіптілігін сипаттайды.
Топтық объект бұл бір немесе барлық қылмысқа емес, тек қылмыстар тобына тән объект. Топтық объект қылмыстар тобы қол сұғатын біртекті қоғамдық қатынастар. Мысалы, топтық объектіге мыналар жатады: ұрлық, тонау, қарақшылық, яғни меншікке қарсы қылмыстар; тұлғаның өміріне, денсаулығына бостандығына, ар-намысы мен абыройына қарсы қылмыстар, яғни жеке тұлғаға қарсы қымыстар тобы болып табылады. Бұл топтық объект қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің тарауларында орын алған.
Тікелей объект бұл бөлек бір қылмыстың нақты қоғамдық қатынасқа бағытталуы. Тікелей объект қылмысты саралап, жазасын анықтағанда, бір қылмыстан екінші қылмысты ажыратқанда үлкен маңызға ие.
Қылмыстың тікелей объектісінде нақты қоғамдық қатынастың сипаты ретінде мүддені алсақ қателесеміз.
Мүдде қоғамдық қатынас, бірақ оның нақты көрінуі, яғни субъектілердің арақатынасы және мүддесі болмаса, қоғамдық қатынаста жоқ. Қоғамдық қатынастар қоғамдағы адамдар арасындағы көп түрлі байланыстар жиынтығы. Бұл байланыстар материалды (өндірістік), адамгершілікті, құқықтық және басқа да қатынастар болып келеді. Ол қатынастар әлеуметтік топтар немесе белгілі бір адамдардың мүддесін бейнелейді. Мүдденің тұлғасы ғана емес, сонымен бірге өз объектісі — әлеуметтік құнды игілігі де бар[8].
Қылмыстық құқық теориясында объектісінің негізгі, толықтырушы және факультативті деп үшке бөледі.
Негізгі объектісі – бұл қылмыстық норманың қорғау үшін қалыптыстырылған объектісі. Бұндай объект қылмыстық кодексінің ерекше бөлімдегі норманың орнын анықтау үшін қажетті критерий болып табылады.
Толықтырушы объект – бұл негізгі объектіге қарсы бағытталған қылмысты жасау жолында залалға ұшыраған объект. Мысалы, толықтырушы объект – нақты тұлғаның денсаулығы.
Қылмыстың факультативті объектісі – бұл бір қылмыс мүмкін қатынастар. Мысалы, бұзақылық негізінде тұлғаның мүддесіне зиян келеді. Бірақ негізгі объект қоғамдық тәртіп болып табылады.