
- •1.Қылмыстық құқықтың түсінігін беріңіз?
- •2.Қылмыстық заңның түсінігін беріңіз?
- •3.Қылмыстың түсінігін беріңіз?
- •4.Қылмыстық жауаптылықтың түсінігін беріңіз?
- •5.Қылмыс құрамының элементтерін ескере отырып, оның түсінігін беріңіз.
- •6.Қылмыс объектісінің түсінігін ашыңыз.
- •7.Қылмыстың объективтік жағының түсінігін беріңіз.
- •8.Қылмыс субъектісінің түсінігін ашыңыз.
- •17.Келесідей жаза түрлерінің мазмұнын ашыңыз: қоғамдық жұмыстар тарту және түзеу жұмыстары?
- •18.Келесідей жаза түрлерінің мазмұнын ашыңыз: бас бостандығынан айыру және өлім жазасы?
- •19.Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігін беріңіз?
- •20.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігін беріңіз?
- •21.Жәй адам өлтіру қылмыс құрамын саралаңыз?
- •22.Абайсызда кісі өлтіру қылмыс құрамын саралыңыз?
- •23.Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыс құрамын саралаңыз?
- •24.Азаптау қылмыс құрамын саралаңыз?
- •35. Тонау қылмыс құрамын саралаңыз.
- •36.Қарақшылық қылмыс құрамын саралаңыз.
- •36.Қарақшылық қылмыс құрамын саралаңыз.
36.Қарақшылық қылмыс құрамын саралаңыз.
Қарақшылық –талан-таражға салудың ең қауіпті түрі болып табылады.Қылмыстық заңда бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау деп анықталған. Қарақшылықтың қауіптілігі бөтеннің меншігіне қол сұғумен бірге , осы қол сұғудың өте қауіпті тәсілі-шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқанда болып табылады. Қылмыстың осы түрінің қоғамға қауіптілігінің көтеріңкі жағдайы оның екі бірдей объектісі –меншікке және адамның өмірі мен денсаулығына бір мезетте қылмысты қол сұғуы арқылы сипатталады.Қарақшылықтың объективтік жағы адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау арқылы белгіленеді. Осыған орай қарақшылық екі әрекет объективтік жағы арқылы бірі шабуыл екіншісі күш көрсету арқылы жүзеге асырылады.
37. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату қылмыс құрамын саралаңыз.
38.Рейдерлік қылмыс құрамын саралаңыз.
39.Өкілеттіктерді теріс пайдалану қылмыс құрамын саралаңыз.
40.Коммерциялық сатып алу қылмыс құрамын саралаңыз.
35. Тонау қылмыс құрамын саралаңыз.
Ұрлыққа , алаяқтыққа , сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуге қарағанда тонау талан-таражға жататын қылмыс нысандарының қауіпті түрі болып табылады. Қылмыстық Кодекстің 178-бабында *тонау, яғни бөтен мүлікті ашық талан-таражға салу деп * көрсетілген.
Тонаудың тікелей объектісі болып бөтеннің мүлкіне қол сұғу болып табылады. Сонымен тонау көп объектілі қылмысқа жатады. Сондықтан да оның қосымша тікелей объектісі болып адамның денсаулығы,бостандығы жатады. Тонау объективтік жағынан белсенді әрекет күйінде бөтеннің мүлкін ашықтан ашық талан-таражға салу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да тонаудың объективтік жағының ерекшелігі –қылмыстың істелу тәсіліне , кінәлінің бөтеннің мүлкін ашықтан-ашық талан-таражға салуымен ерекшеленеді. Тонаудың жиі кездесетін түрі бөтеннің мүлкін жәбірленушінің көзінше оған күш қолдану ниетінсіз тартып алып қашу болып табылады. Тонау бөтеннің мүлкіне иелік етумен бірге оған өзінің қалауынша толық билік жүргізу мүмкіндігін алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бөтеннің мүлкін ашықтан ашық иеленуге бағытталған, бірақ толық іске аспаған әрекет тонауға оқталғандық деп танылады.Тонаудың субъектісі болып – жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы 16ға толған есі дұрыс адам және бірнеше рет пен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша 14жасқа толған адам саналады. Субъективтік жағынан тонау тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады.Материалдық құрамға жатады. Сонымен қоса тонаудың ауырлататын түріне 1. а) жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы; б) бiрнеше рет; в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; г) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiру жатады. Ал аса ауыр түріне iрi мөлшерде жасалған тонау жатады.